
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
Көру анализаторын зерттеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады: көрінгіштік, көру өткірлігі, көру-моторлы реакцияның жасырын кезеңі, көру анализаторының өткізу қабілеттілігі және басқалары.
К ө р і н г і ш т і к т і а н ы қ т а у. Көрінгіштікпен көздің нақты сезімталдылығы, оның әзер білінетін жарықтық айырмашылықтарын ажырата білу қабілеті анықталады, ол нысан мен реңнің жарықтық деңгейлерінде ең минимальды ажыратумен, яғни көздің берілген мөлшердегі нысанды берілген реңнен ажыратып қабылдауға қабілеттілігімен сипатталады.
Көргіштікті анықтау әр түрлі құралдардың көмегімен жүргізіледі: Дашкевич жүйесінің поляризациялы бинокулярлы өлшегіші, тест-нысандарды қолданумен жүретін монокулярлы өлшегіштер (М-53А). Нәтижелерді салыстырмалы мәндермен – котраст бойынша табалдырықтар санымен береді.
К ө р у ө т к і р л і г і н а н ы қ т а у клиникалық тәжірибеде қабылданған әдістеме бойынша жүргізіледі.
К ө р у – м о т о р л ы р е а к ц и я н ы ң ж а с ы р ы н к е з е ң і н ө л ш е у әдістемесін - 6 тараудан қараймыз.
К ө р у а н а л и з а т о р ы н ы ң ө т к і з у қ а б і л е т т і л і г і н а н ы қ т а у. Көру анализаторының өткізу қабілеттілігі көру өткірлігін, контрасты сезімталдылықты және көріп қабылдау жылдамдығын ескеретін интегральды көрсеткіш болып табылады, ол уақыт бірлігінде көзбен қабылданатын «пайдалы» ақпараттардың максимальды санымен анықталады. Ақпараттардың өлшем бірлігі бит болып табылады.
Көру анализаторының өткізу қабілеттілігіне баға беру үшін соңғы кездерде Лондольт сақиналы кестесі кең қолдану табуда. Бұл кестелердің айтарлықтай артықшылығы барлық сақиналарының қабылдау сипаты бойынша біртектілігі, яғни олардың барлығы бірдей ақпараттарды береді. Кесте 256 сақинадан тұрады, оның әрқайсысы мүмкін болатын 8 бағытта үзілген болады. Кестені 4 әртүрлі бағдарда қолдануға болады. Бағдарлануына байланысты сол немесе басқа үзіндісі бар сақиналар саны әртүрлі болады (кесте 14.12.).
Кесте 14.12. Кестенің бағдарлануына байланысты белгілі бір тұрақты үзіндісі бар сақиналардың саны
Кестенің бағдарлануы |
Сақиналардағы үзінділердің бағыты (сағат тілімен) |
|||
12 |
15 |
18 |
21 |
|
І ІІ ІІІ ІV |
42 35 30 24 |
35 30 24 42 |
30 24 42 35 |
24 42 35 30 |
Өлшеу кезінде сыналушы адам кестені сол немес басқа бір бағдарындағы үзінділері белгілі бір бағыттағы сақиналарды санауға тапсырма алады. Барлық кестені қарап шығу кезіндегі тапсырмаларды орындау ұзақтығын секундомермен тіркеп отырады.
Көру анализаторының өткізу қабілеттілігін жіберіліп қойған сақиналардың санымен есептейді және көру анализаторының өткізу қабілеттілігін келесі өрнек бойынша анықтайды:
,
мұндағы n – жіберілген сақиналардың саны; Т – кестені қарауға кеткен уақыт, с; S – көру анализаторының өткізу қабілеттілігі, бит/с.
Көру анализаторының өткізу қабілеттілігін анықтау орындалатын жұмыстың жұмысшы ағзасына тигізетін әсеріне баға беруде қолданылуы мүмкін.
Әрбір зерттеу сынама жағдайында бейімделуден басталуы тиіс; содан кейін тыныштық жағдайында көру анализаторының өткізу қабілеттілігін анықтайды.
Жұмыстан кейін жүргізілетін зерттеулерді қатаң түрде жұмысқа дейін жүргізілетін зерттеулер сияқты іске асырады.
К ө р у д і ң ф у н к ц и о н а л д ы т ұ р а қ т ы л ы ғ ы н ы ң у а қ ы т ш а т а б а л д ы р ы ғ ы н ө л ш е у ( а д и с п о р о п и я ). Адиспоропияның уақытша табалдырығын анықтау үшін ахроматты немесе түрлі түсті тік шекаралы контрасты жартылай алаңқайлардан және алаңқай аралықтары 0,05 тең болатын контрасттан тұратын арнайы тест-нысандарды қолданады. Зерттелетін көрсеткіш тест-нысанды көзбен бекіту басынан оның жартылай алаңқайлармен қосылу әсерінің пайда болуына дейінгі уақытпен анықталады.
Зерттеулерге көру өткірлігі бірден кем емес, көру мүшесінің түзетпесі және патологиялық өзгерістері жоқ дені сау адамдар алынады.
Барлық анықтаулар жұмыс күні динамикасында тұрақты жарықтандыру жағдайлары бар бөлмелерде жүргізілуі керек.
Жарықтандырудың төмен деңгейлерінің қолайсыз әсерінің алдын алу үшін бұл фактордың әсеріне ұшырайтын адамдарды ҚР ДМ-нің №243 12.03.2004 ж. алдын ала (жұмысқа қабылданар алдында) және кезеңдік медициналық тексерулерден өткізіп тұру керек. Кезеңдік медициналық тексерулерді жылына 1 рет офтольмолог, невропатолог (видеотерминалдармен жұмыс істеу кезінде) жүргізеді.