Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру

14 ТАРАУ

ӨНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Өндірістік жарықтандыруға баға беру екі бағытта іске асырылады: өндірістік жарықтандыру жобаларына сараптама кезінде сақтық санитарлық қадағалау жүргізу жолымен және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың жарықтандырылуына баға беруге негізделген күнделікті санитарлық қадағалау жолымен.

Бұл кезде келесі нормативтік материалдар қолданылады: ҚНмЕ 2.04.05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру», МЕСТ 24940-96 «Ғимараттар мен құрылымдар. Жарықтаныруды өлшеу әдістері», МЕСТ 26824-86 «Ғимараттар мен құрылымдар. Жарықтықты өлшеу әдістері», «Дәл көру жұмыстары үшін олардың кернеулігін ескере отырып жарықтандыру деңгейлерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар» № 3863-85, РМ 01-58 «Жұмыс орындарының жарықтандыруларына баға беру» Әдістемелік нұсқау 2.2.4.706-981/ӘН, сонымен қатар салалық нормативтер.

14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру

Негізгі жарықтық түсініктер және өлшеу бірліктері. Оптикалық сәулелерге толқын ұзындығы 380-700 нМ болатын электромагниттік тербелістер жатады. Бұл сәулелер келесі түсініктермен және бірліктермен сипатталады.

Ж а р ы қ а ғ ы м ы - өзімен өндірілетін жарық сезіміне көзбен баға беретін сәуле энергиясының қуаттылығы; жарық ағымының өлшем бірлігі – люмен (лн).

Ж а р ы қ к ү ш і - жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – кандела (кд).

Ж а р ы қ т ы қ - адамның көзі тікелей жауап беретін негізгі жарықтық шама – сол немесе басқа беткейдің қасиеттеріне, оның шағылыстыру қабілеттілігіне тәуелді болатын жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – шаршы метрдегі кандела (кд/м²).

Ж а р ы қ т а н д ы р у – беткейге түскен жарық ағымының берілген беткейдің ауданына қатынасымен анықталынатын жарық ағымының беткейлік тығыздығы; өлшем бірлігі – люкс (лк).

Ш а ғ ы л ы с у к о э ф ф и ц и е н т і – денемен шағылысқан жарық ағымының осы денеге түсетін ағымға қатынасы. Бірлік үлестерімен немесе пайызбен беріледі.

Өлшеу әдістемесі. Жасанды жарықтандыру жағдайына сандық баға беру үшін негізгі жұмыс орындары мен қоршаған беткейлердің жарықтандыры-луына және жарықтығына құрал-жабдықтық тексерулер жүргізіледі.

Жарықтық жағдайды анықтау жарықтық қондырғының жарықтық техникалық жобаға сәйкестігін тексеру үшін немесе тексеру кезінде жұмыс орындарының жарықтандырылу жағдайларына бақылау жасау үшін іске асырылады. Бірінші жағдайда барлық күйіп кеткен шамдарды ауыстыру және жарықшамдарды тазалау керек. Екінші жағдайда фотометрлік тексерулерді жарықтандыру қондырғыларының сәйкес дайындығынсыз жүргізеді.

Жарықтандыруды анықтау үшін Ю-116, Ю-117 фотоэлектрлік люксметрлерін, «Аргус - 07» люксметр-пульсметрлерін және т.б. қолданады (14.1. кесте).

Кесте 14.1. Жарықтандыру жағдайларына баға беруге арналған өлшеу құралдары

Құралдың аталуы

Шектері және өлшем бірліктері

Қоректендірілуі

Салмағы, кг

«Аргус-01» люксметрі

Ю-116 люксметрі

Ю-117 люксметрі

«ТКА-04/3» люксметр-яркомері

«Аргус-02» яркомері

5 - 200 000 лк

5 – 100 000 лк

0,1 – 100 000 лк

10 – 200 000 лк

10 – 200 000 кд/м²

5 – 200 000кд/м²

Автономды

»

»

»

»

0,25

1,75

2,0

0,39

0,35

Люксметрлердің метрологиялық аттестациядан және тексеруден өткені туралы куәліктері болуы керек. Люксметрлермен жұмыс істеу кезінде келесі талаптардың сақталынуы тиіс:

  1. фотоэлементтің қабылдау табақшасы жұмыс беткейінде оның орналасу жазықтығында (көлденең, тік, еңкіш) орналастырылуы тиіс;

  2. фотоэлементке жабдықтардан және т.б. кездейсоқ көлеңкелер түспеуі керек.

Жарықтықты өлшеу, тікелей жарықтық бірліктерінің көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін «ТКА-04/3» люксметр-яркомердің, «Аргус-02» және т.б. яркомерлердің көмегімен тікелей әдіспен жүргізіледі. Бұдан басқа, беткейлердің орташа жарықтықтарын, жарықтандыру мен осы беткейлерден шағылысу коэффициенттерін (14.2.кесте) одан әрі келесі формула арқылы есептеу жолымен анықтаудың жанама өлшеу әдістері де қолданылады:

,

мұндағы L – беткейдің жарықтығы, кд/м²; E – беткейдің жарықтандырылуы, лк; ρ – беткейдің шағылысу коэффициенті; π – 3,14.

Кесте 14.2. Құрылыстық материалдардан шағылысу коэффициенті

Материалдардың аталуы

Шағылысу коэффициенті, %

Алюминий полирленген, тегіс

Болат полирленген, өңделмеген

Қаңылтыр ақ

Жез полирленген

Әйнек тегістелген:

опалды (қалыңдығы 2-3 мм)

сүтті (қалыңдығы 2-3 мм)

Қағаз ақ тегіс

ватман

жазу

Маталар ақ

батист

жібек

Сылақ (әксіз)

жаңа

түскен (шаңды бөлмелерде)

жақсы сақталынған

Силикатты кірпіш және бетон

Плитка ақ қыштан әйнектелген

Қызыл кірпіш

Ағаш

қарағай ашық

фанера

емен ашық

жаңғақ

Әк жаңа (әктелінген)

Ақ жабыстырғыш бояу

Қорғасынды белила

70 - 65, 65 – 55

70 – 60, 10 – 5

70 – 60

70 – 60

10

30

45

82 – 76

65 – 55

20 – 60

65 – 70

70 – 80

42

20 – 15

30 – 20

32

75

10 – 8

50

38

33

18

80

80-70

90 дейін

Беткейлердің жарықтығын шағылысу коэффициенті мен жарықтандыру деңгейін біле тұрып анықтауға болады (14.3. кесте).

Жұмыстық жарықтандырудан минимальды жарықтандыруды өлшеуге арналған бақылау нүктелерін бөлменің ортасында, жарықшамдардың астына, жарықшамдар аралығына және олардың қатарларының аралығына, қабырға бойына 0,15-0,25 1 қашықтықта орналастырады, бірақ 1 м кем емес, мұндағы 1 – жарықшамдар аралығындағы қашықтық.

Жасанды жарықтандыру деңгейін тәуліктің қараңғы бөлігінде өлшейді.

Үйлестірілген жарықтандыруда жарықтандыруды алдымен жалпы жарықтандыру шамдарынан, содан кейін оған іске қосылып тұрған жағдайда жергілікті жарықтандыру шамдарын қосады және жалпы жарықтандыру мен жергілікті жарықтандыру жарықшамдарының қосынды жарықтандырылуын анықтайды.

Өлшеу нәтижелерін сәйкес хаттамаға толтырады.

Кесте 14.3. Жұмыс беткейінің жарықтандырылу мен шағылысу коэффициентіне байланысты жарықтығы

Жарықтық, кд/м

Шағылысу коэффиценті, %

60

50

15

10

40

70

100

300

500

600

1500

50

150

300

400

1200

2000

2400

6000

65

150

400

600

1900

3000

3700

9500

200

850

1500

2000

6500

10 500

12 500

31 500

Т а б и ғ и ж а р ы қ т а н д ы р у ғ а баға беруде табиғи жарықтандыру коэффициентін (ТЖК) есептейді, ол бөлме ішіндегі жарықтандыру ғимараттың сыртындағы жарықтандырудан қанша есе аздығын көрсетеді.

ТЖК анықтау кезінде бір мезгілде бақылау нүктелерінде бөлме ішіндегі (Еіш) және көлденең кеңістікте ашық аспан күмбезі астында сыртқы жарықтандыруды (Е­сы) өлшейді (екі бақылаушы люксметр көмегімен). Бұл салыстырмалы шама пайызбен беріледі және келесі формула бойынша есептеледі:

,

мұндағы е – ТЖК мәні, %; Еіш – бөлме ішіндегі жарықтандыру, лк; Есы – ғимараттың сыртындағы жарықтандыру (көлденең жазықтықта тікелей күн сәулелерін экрандау жағдайында анықталынатын), лк.

Гигиеналық нормалау. Құрылыстық жарықтандырудың қолдануда бар нормалары (ҚНмЕ 2.04.05-2002) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық нысандарының табиғи, бірлестірілген және жасанды жарықтандырылуына қолданылады.

Т а б и ғ и ж а р ы қ т а н д ы р у – сыртқы қоршамалы құрылымдардың жарықтық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) бөлменің жарықтандырылуы. Бұл жарықтандырылудың келесі түрлері болады: а) жоғары – шатырдағы жарықтық ойықтар арқылы; б) бүйірлік – сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы; в) үйлестірілген – жарықтық ойықтар мен терезелер арқылы.

Б і р л е с т і р і л г е н ж а р ы қ т а н д ы р у – нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырылу жасанды жарықтандырылумен толықтырлатын жарықтандыру.

Табиғи және бірлестірілген жарықтандыруды нормалау көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Құрылыстық нормалар және ережелермен жоғары, жоғары және бүйірлік немесе бүйірлік жарықтандыруларға жеке-жеке нормалау қарастырылады. Бұл бүйірлік жарықтандыруды қолдану кезіндегі жарықтандырудың аса біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Жоғары немесе үйлестірілген жарықпен жарықтандырылуда жарықтандырыудың біркелкілігі жеткілікті болады.

Бүйірлік табиғи және бірлестірілген жарықтандыруда ТЖК минимальды мәні нормаланады, жоғарғы немесе үйлестірілген (жоғарғы және бүйірлік) жарықтандыруда – ТЖК–нің орташа мәні нормаланады. Нормалар бойынша ТЖК-нің мәнін таңдау атқарылатын жұмыстардың дәлдік дәрежесімен және табиғи жарықтандыру түрімен – жоғарғы, бүйірлік немесе үйлестірілген (ҚНмЕ 2.04.05-2002 тармақтар - табиғи жарықтандыру үшін, 6.3 тармақтар – бірлестірілген жарықтандыру үшін) анықталады.

Табиғи жарықтандыру нормативтерінде, сонымен қатар жарықтық ойықтардың әйнектері мен І – ІV разрядты жұмыстар орындалатын өндірістік бөлмелерге арналған күннен қорғайтын арнайы құрылымдардың кезеңді түрде тазаланып тұруы да қарастырылған.

Ж а с а н д ы ж а р ы қ т а н д ы р у - тек жасанды жарық көздері қолданылатын жарықтандыру болып табылады; ол жарықшамдар бөлменің жоғарғы аумағында біркелкі орналастырлатын (жалпы біркелкі жарықтандыру) немесе жабдықтардың орналастырылуына қарай қолданылатын (жалпы оқшауланған жарықтандыру) жалпы, жарық ағымын тікелей жұмыс орындарына шоғырландыратын – жергілікті және жалпы жарықтандыру мен жергілікті жарықтандыруды үйлестіретін – үйлестірілген болуы мүмкін.

Жұмыс бөлмесі мен жұмыс орындарындағы қажетті жарықтаныру шамасын, ажырату нысанының жұмысшының көзінен 0,5 м көп емес қашықтықта орналастырылған ажырату нысанының мөлшеріне байланысты қалыптастырылады. Бұл қашықтықтың жоғарылауы кезінде көру жұмысының разрядын 14.4 кесте бойынша, ажырату нысанының минимальды көлемінің осы нысаннан жұмысшының көзіне дейінгі қашықтыққа қатынасымен анықталынатын ажырату нысанының бұрыштық мөлшерін ескере отырып есептейді.

Көру жұмыстары дәлдік дәрежесі бойынша 8 разрядтарға бөлінеді. Бірінші бес разрядтар реңнен шағылысу коэффициентіне және ажырату нысанының реңмен контрастына қарай разрядаралық топшаларға бөлінген.

Рең – ажырату нысаны қарастырылатын беткей, - шағылысу коэффициенті 0,4 тең және одан көп болғанда ашық болып есептеледі, орташа – шағылысу коэффициенті 0,2 – 0,4, қараңғы – шағылысу коэффициенті 0,2 аз болғанда.

Ажырату нысанының реңмен (К) қарама-қарсылығы (контрасты) К мәні 0,5 көп болса үлкен болып есептеледі, К мәні 0,2 – 0,5 болса - орташа, К мәні 0,2 кем болса - кіші.

Кесте 14.4. Ажырату нысанынан жұмысшының көзіне дейінгі қашықтық 0,5 м көп болған кездегі жұмыс разрядын анықтау

Көру жұмысының разряды

қатынасының шектері

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

0,3 · 10 кем

0,3 · 10 - 0,6 · 10

0,3 · 10 жоғары 1 · 10 дейін

1 · 10 жоғары 2 · 10 дейін

2 · 10 жоғары 10 · 10 дейін

10 · 10 жоғары

Нысан мен реңнің арасындағы контрасты есептеуді реңнің шағылысу коэффициентіне (В­р) бөлінген нысанның шағылысу коэффициенті (Во) мен рең (Вр) арасындағы айырмашылықты анықтаумен жүргізеді.

р > Bo кезде )

немесе

о > Bр кезде )

Өндірістік бөлмелердегі жұмыстық беткейлердің жарықтандыру нормалары 14.5 кестеде келтірілген.

Технико-экономикалық түсініктер бойынша жасанды жарықтандыру кезінде жалпы және үйлестірілген жарықтандыру үшін әр түрлі жарықтандыру деңгейлері қабылданған.

Жекелеген жағдайларда жұмыстың сипатына, қолданылатын жарықтандыру көздеріне қарай бағана бойынша жарықтандыру деңгейінің қалай жоғарылауы қарастырылса, солай төмендеуі де қарастырылады.

Жарықтандыру бағанасы келесі сатылардан тұрады: 0,2; 0,3; 0,5; 1; 2; 3; 5; 7; 10; 20; 30; 50; 75; 100; 150; 200; 300; 400; 500; 600; 750; 1000; 1250; 1500; 2000; 2500; 3000; 3500; 4000; 4500; 5000.

Мысалы, егер көру жұмысы үздіксіз жұмыс ауысымының жартысынан көп уақытында орындалса және жұмысшылар тұрақты болатын табиғи жарықсыз өндірістік бөлмелердің жалпы жарықтандыру жүйесінде жарақаттану қауіптілігі жоғары болса жарықтандыру нормаларын жарықтандыру бағанасы бойынша бір сатыға жоғарылатуға болады (анығырақ ҚНмЕ 11-4-79 4.5, 4,6 тармақтарын қараймыз).

Кесте 14.5. Өндірістік бөлмелердің жарықтандырылуының нормаландырылған мәндері

Көру жұмысының сипаттамасы

Ажы-рату ны-саны-ның ең кіші мөлше-рі, мм

Кө-

ру жұ-мы-сы-ның раз-ря-

ды

Көру жұ-

мы-

сы-

ның

раз-

ряд-

тық

топ-

ша-сы

Ажырату нысаны-

ның рең-

мен кон-трасты

Реңнің сипат-тама-

сы

Жасанды жарықтандыру

Жарықтандыру, лк

Нормаланатын мәндердің бірлестірілуі: соқырлық көрсеткіші мен пульсация коэффициен-тінің

Жасанды жарықтандыру ТЖК, 1н, %

Бірлестірілген жа-рықтандыру ТЖК, 1н, %

Үйлестіріл-ген жарық-тандыруда,

Жал-пы жа-рық-тан-ды-руда

Жоғар-ғы неме-се үйлес-тірілген жарық-тан-дыруда

Бүйір-лік жа-рық-тан-дыру-

да

Жоғар-ғы не-месе үй-лестіріл-ген жа-рықтан-дыруда

Үйлесті-рілген жарық-танды-руда

бар-лығы

соның ішінде жалпы-дан

Р

Кп,

%

Аса жоғары дәлдікті

Өте жоғары дәлдікті

Жоғары дәлдікті

Орташа дәлдікті

Аз дәлдікті

Қатқыл (өте аз

дәлдікті)

Жарқырайтын материалдармен және бұйым-дармен ыстық цехтарда жұмыс істеу

Өндірістік үрдістің барысына бақылау жасау:

Тұрақты

кезеңдік,

адамдар бөлмелерде тұрақты болуы кезінде

кезеңдік, адамдар бөлмелерде кезеңді түрде болуында

Инженерлік құрылымдарға жалпы бақылау жасау

0,15 кем

0,15-тен 0,3-ке дейін

0,3-тен 0,5-ке дейін

0,5 жоғары 1,0 дейін

1 жоғ-ары

5 дейін

5 аса

0,5 аса

-

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VІІ

VІІІ

а

б

в

г

а

б

в

г

а

б

в

г

а

б

в

г

а

б

в

г

-

-

а

б

в

г

Кіші

Кіші

Орташа

Кіші

Орташа

Үлкен

Орташа

Үлкен

Үлкен

Кіші

Кіші

Орташа

Кіші

Орташа

Үлкен

Орташа

Үлкен

Үлкен

Кіші

Кіші

Орташа

Кіші

Орташа

Үлкен

Орташа

Үлкен

Үлкен

Кіші

Кіші

Орташа

Кіші

Орташа

Үлкен

Орташа

Үлкен

Кіші

Кіші

Орташа

Кіші

Орташа

Үлкен

Орташа

Үлкен

Үлкен

Реңнің си-паттамасыжәне ны-санмен реңнің контрастына тәуел-сіз

Сондай

Реңнің си-паттамасыжәне ны-санмен реңнің контрастына тәуел-сіз

Сондай

Қаралау

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Ашық

Ашық

Орташа

Қаралау

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Ашық

Ашық

Орташа

Қаралау

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Ашық

Ашық

Орташа

Қаралау

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Орташа

Қаралау

Ашық

Орташа

Қаралау

Ашық

Ашық

Орташа

Реңнің си-паттамасыжәне ны-санмен реңнің контрастына тәуел-сіз

Сондай

Реңнің си-паттамасыжәне ны-санмен реңнің контрастына тәуел-сіз

Сондай

5000

4000

3500

2500

2000

1500

1250

4000

3000

2500

2000

1500

1000

750

2000

1000

750

750

600

400

750

500

400

-

-

-

400

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

500

400

400

200

200

200

400

300

300

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

-

-

-

200

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1250

1000

750

600

400

300

-

750

600

500

400

300

200

500

300

200

300

200

200

300

200

200

200

300

200

200

200

200

200

75

50

20

20

20

10

20

10

20

10

20

20

10

20

10

20

10

40

40

20

40

20

40

40

40

40

40

40

40

40

40

40

40

40

-

-

-

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

15

15

15

15

15

15

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

-

-

-

-

4

3

3

3

3,0

1,0

0,7

0,3

-

1,5

1,0

1

1,0

1,0

0,3

0,2

0,1

6

4,2

3

2,4

1,8

1,8

1,8

1,8

0,7

0,5

0,2

2

1,5

1,2

0,9

0,6

0,6

0,6

0,6

0,2

0,2

0,1

Жалпы жарықтандыру жарықшамдарының көз шағылыстыратын әсерін шектеу үшін көз шағылыстыру көрсеткіші Р нормаланады – жарық беретін қондырғының көз шағылыстыратын әсеріне баға беру критерийі келесі формуламен анықталады:

P = (S - 1) 1000 ,

Мұндағы S – көз шағылыстыратын коэффициент, тең болады ( - жарықтың жарқырайтын көздерін экрандау кезінде бақылау нысанының көрінуі; - көру аймағында жарқырайтын жарық көздерінің болуында бақылау нысанының көрінуі). Көз шағылыстыру (Р) көрсеткішін шамамен есептеу үшін келесі өрнекті қолдану керек:

,

мұндағы, - 14.6 кестемен анықталады (h, м – жұмыстық беткейлер үстінен іліну биіктігі); Кл – жарық көздерінің спектральды құрамын және жарықтығын анықтайтын коэффициент, 14.7 кесте бойынша анықталады; Кр – төбенің, қабырғалар мен еденнің шағылыстыру қасиеттерінің әсерін ескеретін коэффициент, 14.8 кестемен анықталады; Р – жұмыстық беткейлердің шағылысу коэффициенті (14.2 кестені қараймыз).

Кесте 14.6. ЛБ-40 (ЛБЦТ 40) люминисцентті шамдарынан тұратын жарықшамдардың тізбегімен орындалған жарық беру қондырғыларына арналған көз шағылыстыру көрсеткішінің мәндері

Жарықшамның тобы және қысқаша сипаттамасы

Һ, м

Жарықшамдар қатары арасындағы салыстырмалы қашықтықтардағы көз шағылыстыру көрсеткішінің мәндері

0,8

1,0

1,2

1,6

2 Топ (диффузды шағылыс-тырғышты, торсыз,

В = 7 n = 15)

5 Топ (қиылыспалы шашыратқышты)

6 Топ (ЛБР типті шамдармен, шағылыстырғышсыз және торсыз)

7 Топ (ЛБР типті шамдармен, торлы шағылыстырғышсыз)

2,4

2,7

4,8

8,8

1,7

2,4

4,8

3,4

4,8

8,8

3,4

4,8

8,8

38

32

28

20

28

22

15

55

49

37

50

43

32

38

34

30

20

28

24

16

57

50

38

54

46

34

40

36

31

21

30

25

17

58

51

39

57

47

35

43

38

32

22

34

28

20

61

54

41

60

50

47

Кесте 14.7. Кл коэффициентінің мәндері

ИС түрі

Кл мәні

ИС түрі

Кл мәні

ДРЛ (6)

ДРИ

ДнаТ

ЛН

1,08

1,46

1,10

1,222

ЛД

ЛДЦ

ЛХБ

ЛТБ

ЛЕ

1,12

1,08

1,11

0,91

0,94

Кесте 14.8. Кр коэффициентінің мәні

Үйдің төбесінің, қабырғаларының, еденінің шағылыстыру коэффициенті

Кр мәні

0,7

0,7

0,5

0,3

0

0,5

0,5

0,3

0,3

0

0,3

0,1

0,1

0,1

0

0,80

0,85

0,90

0,95

1,00

Жалпы жарықтандыру жарықшамдарының көз шағылыстыру көрсеткіші 14.9. кестеде көрсетілген мәндерден аспауы керек. Ол ұзындығы еден үстінен жарықшамдарды ілетін екі есе биіктігігінен аз бөлмелерге шектелінбейді.

Жарық беруші қондырғылардың көз шағылыстыратын әсеріне алдын ала баға беруді көзбен қарау арқылы жүргізеді. Жарық беру қондырғыларын орналастыру талаптарының айқын бұзылу (жұмысшылардың көру аймағында шағылыстырғыштармен, сүттес әйнектен істелінген шашыратқыштармен, көлеңкелегіштермен жабылмаған жарық көздерінің болуы) фактілері анықталғанда, жұмысшылар аса жоғары жарықтыққа шағымданғанда, нормативті мәндерден жоғарылаған көз шағылыстыру көрсеткішінің мәндері анықталуы тиіс.

Газоразрядты шамдар үшін жарықтандырудың жыпылықтауын шектеуге арналған талаптар енгізілген. Бұл кезде жарықтандырудың жыпылықтау коэффициентін есептейді Кж (%) – ауыспалы тоқпен қоректендіру кезінде газоразрядты шамдардың жарық ағымдарының уақыт бойынша өзгеруі нәтижесінде жарықтандыру тербелістерінің салыстырмалы тереңдігіне баға беру көсеткіші, келесі формуламен көрсетіледі:

,

мұндағы және - жарықтандырудың тербелу кезеңдеріндегі сәйкес максимальды және минимальды мәндері, лк; - осы кезеңдегі жарықтандырудың орташа мәндері, лк.

Қазіргі кезде қолданылудағы құжаттармен (ҚНмЕ 23-05-95) өндірістік бөлмелердегі көру анализаторларымен берілген жұмысты берілген көлемде орындау мүмкін болмайтын жарықтандырудың минимальды деңгейі анықталады.

Жоғары өнімділікті кез келген көру жұмыстарын тиімді атқару жарықтықтың минимальды қажетті деңгейлерін емес (П-4-79 ҚНмЕ сияқты), керісінше тиімді деңгейлерін тудыруды талап ететіні анықталды. Жарықтықтың мұндай деңгейлеріне 600 кд/м² жарықтық деңгейі жатады. Қатаң көру жұмыстарында бұл мән төмендетілуі мүмкін (электр энергиясын үнемдеу мақсатында).

Кесте 14.9. Дәл атқарылатын жұмыстарға арналған жарықтандыру мен жарықтықтардың ұсынылатын деңгейлері

Ажырату нысанының мөлшері, бұр.мин

Жұмыс ауысымы мерзіміндегі дәл атқарылатын жұмыс уақыты, %

Жарық-тандыру, лк

Жұмыстық беткейлердің жарықтығы, кд/м²

Жақын жатқан беткейлердің минимальды рұқсат етілген жарықтығы,

кд/м²

1,5 аз

1,5 – 3

3 – 5

60 жоғары

60-30

30 аз

60 жоғары

60-30

30 аз

60 жоғары

60-30

30 аз

3000

2000

1500

1000

750

500

300 – 500

150 – 200

75 – 100

150

75

50

бұрыштық минуттардағы ажырату нысанының мөлшерін 14.10 кесте бойынша немесе келесі формуламен анықтауға болады:

,

мұндағы - мөлшер, бұр·мин; - нысанның мөлшері, мм; - нысанна көзге дейінгі қашықтық, мм.

Жарықтық жағдайды анықтау кезінде, нормалау ажырату нысанының мөлшерін, оның көзге дейінгі қашықтығын және көру жұмысының уақытын ескере отырып іске асырылатын болса, онда көру жұмысының кернеулік дәрежесі мен дәлдігі де ескеріледі (14.9 кесте).

Кесте 14.10. Нысанның бұрыштық мөлшерінің мәндері

Нысанның бұрыштық мөлшері , бұр.мин

Нысаннан көзге дейінгі қашықтықтағы нысанның мөлшері, мм

350

500

750

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

4,5

5,0

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

0,05

0,10

0,15

0,20

0,25

0,30

0,35

0,40

0,45

0,50,

0,60

0,70

0,80

0,90

1,00

0,071

0,143

0,215

0,285

0,355

0,430

0,500

0,570

0,640

0,715

0,855

1,00

1,14

1,29

1,43

0,107

0,214

0,320

0,430

0,535

0,640

0,750

0,860

0,965

1,07

1,29

1,50

1,72

1,93

2,14

Еңбек жағдайына «жарықтық орта» факторы бойынша баға беру. Жарықтандыру көрсеткіштерінің өлшенген мәндерін нормативтік мәндермен салыстыру нәтижелері бойынша әрбір көрсеткіш бойынша еңбек жағдайының кластары (14.11 кесте) қалыптастырылды, атап айтқанда: табиғи жарықтандыру, ТЖК, %; жасанды жарықтандыру: жарықтық, лк; көз шағылыстыру көрсеткіші – Р, сал.бірл., жарықтандырудың жыпылықтау коэффициенті, ЖК, %; шағылыса жарқырау (оның болуында).

Бөлмеде табиғи жарықтандыру болмаған жағдайда еңбек жағдайын осы көрсеткіш бойынша 3.2. классқа жатқызады.

«Шағылыса жарқырау» көрсеткіші субьективті түрде анықталады. Шағылыса жарқыраудың көз шағылыстырар әсері болғанда, көрінгіштігі нашарлағанда берілген көрсеткіш бйынша еңбек жағдайын 3.1. класқа жатқызады.

«Жарықтық» көрсеткіші нормативтік құжаттарда оны шектеу туралы нұсқаулар болған жағдайда анықталады (өтімді жарықта заттың сапасына бақылау жасау кезінде жарықтықты шектеу және т.б.). табиғи және жасанды жарықтандырудың жекелеген көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластарын игергеннен кейін, ең үлкен зияндылық дәрежесі бар көрсеткішті таңдау жолымен «жасанды жарықтандыру» факторына ақырғы баға беру жүргізіледі.

Кесте 14.11. Өндірістік бөлмелердің жарықтық орта көрсеткіштеріне байланысты еңбек жағдайының кластары

Фактор, көрсеткіш

Еңбек жағдайының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды-3

1-ші дәрежелі

2-ші дәрежелі

3-ші дә-режелі

4-ші дә-режелі

2

3.1

3.2

3.3

3.4

Табиғи жарықтандыру:

Табиғи жарық коэффициенті (ТЖК, %)

Жасанды жарықтандыру:

Жұмыстық беткейлердің жарықтандыруы (Е, лк) келесі көру жұмыстарының разрядтары үшін:

І – ІV, VІІ

V, VІ, VІІІ – XІV

Көз шағылыстыру көрсеткіші (Р, сал.бірл.)

Шағылыстыра жарқырау

Жыпылықтау коэффициенті (Кж, %)

Жарықтық (L, кд/м²)

Жарықтықтың біркелкі емес таралуы (С, сал.бірл.)

0,6

Eн

Ен

Рн

болмайды

Кжн

Lн

Сн

0,1-0,6

0,5 Ен­­­ <Eн

<Eн

н

болады

жн

>Lн

>Cн

<0,1

<0,5Eн

Өндірістік жарықтандыруды гигиеналық тексеру. Әрбір тексеруді көру жұмыстарын орындаумен байланысты өндірістік үрдістің ерекшеліктерін ескере отырып іске асырады: дәлдігін, күрделілігін, кернеулігін. Ол ең бірінші кезекте нақты өндірістік бөлменің жарықтандырылуына қойылатын талаптардың сипаты мен деңгейін қамтамасыз етеді.

Өндірістік жарықтандыруды зерттегенде және баға бергенде келесі мәселелер қамтылуы тиіс.

  1. Орындалатын көру жұмысының сипаттамасы:

    1. ажырату нысанының ең кіші мөлшері;

    2. реңнің ажырату нысанымен контрасты және реңнің шағылысу коэффициенті

  2. Табиғи жарықтандыру:

    1. жарықтандыру түрі (бүйірлік, жоғарғы, үйлескен);

    2. қабырғалардың, төбенің, еденнің, жабдықтардың боялуы;

    3. ТЖК анықтау және баға беру;

    4. Терезе әйнектерінің тазалану кезеңділігі.

  3. Жасанды жарықтандыру:

    1. жарық көздері;

    2. жарықтандыру жүйесі;

    3. жалпы және жергілікті жарықтандыру жарықшамдарының түсі;

    4. жалпы жарықтандыру жарықшамдарының орналастырылуы, олардың арасындағы қашықтық, жұмыстық беткейлерден іліну биіктігі;

    5. жарықтықты, жыпылықтау коэффициентін, көз шағылыстыру көрсеткішін анықтау және баға беру;

    6. жарық беру қондырғыларының күйі, жарықшамдарды тазалау кезеңділігі.

  4. «Жарықтық орта» факторы бойынша еңбек жағдайының кластары:

    1. табиғи жарықтандыру;

    2. жасанды жарықтандыру;

а) жарықтық;

б) көз шағылыстыру көрсеткіші;

в) шағылыстыра жарқырау;

г) жыпылықтау коэффициенті.

5. Қорытынды. Сауықтыру шаралары.