
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
Топтары
|
Топшалары
|
Қорғаныстық белгілерінің шартты таңбалануы |
Механикалық әсерлерден
|
Үйкелуден
Шаншулармен кесілулерден Дірілден Мұрын бөлігіне 200 Дж энергиямен тоқ ұруынан Мұрын бөлігіне 100 Дж энергиямен тоқ ұруынан Мұрын бөлігіне 50 Дж энергиямен тоқ ұруынан Мұрын бөлігіне 25 Дж энергиямен тоқ ұруынан Мұрын бөлігіне 15 Дж энергиямен тоқ ұруынан Мұрын бөлігіне 5 Дж энергиямен тоқ ұруынан Сыртқы бөлігіне 3 Дж энергиямен тоқ ұруынан Алақанға 2 Дж энергиямен тоқ ұруынан Көтеретін бөлігіне 15 Дж энергиямен тоқ ұруынан Тоқпан жілік бөлігіне 1 Дж энергиямен тоқ ұруынан |
Ми
Мп Мв Мун200
Мун100
Мун50
Мун25
Мун 15
Мун 5
Мут3
Мул 2
Муп 15
Муб 1
|
Тайғанаудан
Жоғары температуралардан
Төменгі температуралардан
Радиоактивті заттардан
Электр тоғынан, электростатикалық зарядтардан, электрлік және электромагниттік өрістерден
Улы емес шаңнан
Улы заттардан
|
Майлы беткейлерден тайғанаудан Мұзды беткейлерден тайғанаудан
Сулы, лас және басқа да беткейлерден тайғанаудан
Климатқа байланысты жоғары температуралардан
Жылулық сәулеленуден
Ашық жалыннан
Ұшқындардан, балқыған металл шашырандыларынан, құймалардан
45°С жоғары қыздырылған беткейлермен жанасудан
-20°С дейінгі температуралардан
-30°С дейінгі температуралардан
-40°С температуралардан
Радиоактивтік ластанулардан
Кернеулігі 1000 В дейін электр тоғынан
Кернулігі 1000 В жоғары электр тоғынан
Электростатикалық зарядтар мен өрістерден
Электрлік өрістерден
Электромагниттік өрістерден
Әйнек талшық, асбест шаңдарынан
Жарылыс қауіпті шаңнан
Сұйық улы заттардан
Қатты улы заттардан - |
Сж Сл
См
Тк
Ти
То*
Тр
Тп
Тн20
Тн30
Тн40
Рз
Эн
Эв*
Эс
Эп
Эм
Пн
|
Сулардан және улы емес заттардың ерітінділерінен Қышқылдардың ерітінділерінен
Сілтілерден
Органикалық еріткіштерден, соның ішінде солардың негізіндегі лактармен бояулардан
Мұнайдан, мұнай өнімдерінен, майлардан
Жалпы өндірістік ластанулардан
Зиянды биологиялық факторлардан
Статикалық жүктемелерден (зорығудан) |
Концентрациясы 80% жоғары қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша) Концентрациясы 50%-дан 80%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша) Концентрациясы 20%-дан 50%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша) Концентрациясы 20%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша) Концентрациясы 20% жоғары сілтілерден (натрий гидрототығы бойынша)
Концентрациясы 20% -ға дейінгі сілтілерден (натрий гидрототығы бойынша)
-
Ароматты заттардан Ароматты емес заттардан
Шикі мұнайдан
Мұнай майлары мен ауыр фракцияларынан
Өсімдік және жануар тектес майлардан
-
Микроорганизмдерден
Жәндіктерден
- |
Пв
Яж
Ят В
Кк*
К80*
К5
О**
Оа*
Он*
Нс
Нм
Нж
З
Бм
Бн
У |
Судан және улы емес заттардың ерітінділерінен |
- |
В |
Қышқылдардың ерітінділерінен
|
Концентрациясы 80% жоғары қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша)
Концентрациясы 50%-дан 80%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша)
Концентрациясы 20%-дан 50%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша)
Концентрациясы 20%-ға дейінгі қышқылдардан (күкірт қышқылы бойынша) |
Кк*
К80
К50
К20 |
Сілтілерден
|
Сілтілердің балқындыларынан концентрациясы 20% жоғары сілтілерден (натрий гидрототығы бойынша)
Концентрациясы 20% -ға дейінгі сілтілерден (натрий гидрототығы бойынша) |
Щ50
Щ20 |
Органикалық еріткіштерден, соның ішінде солардың негізіндегі лактар мен бояулардан
|
-
Ароматты заттардан
Ароматты емес заттардан
|
О**
Оа*
Он* |
Мұнайдан, мұнай өнімдерінен, майлардан
|
Шикі мұнайдан
Мұнай майлары мен ауыр фракцияларынан
Өсімдік және жануар тектес майлардан
Қатты мұнай өнімдерінен
|
Не
Нм
Нж
Нт |
Жалпы өндірістік ластанудан |
- |
З |
Зиянды биологиялық факторлардан
|
Микроорганизмдерден
Жәндіктерден
|
Бм
Бн |
Статистикалық жүктемеден |
- |
У |
* тек полимерлі материалдардан жасалынған аяқ киімдер үшін
** тек теріден жасалынған аяқ киімдер үшін
Басты қорғау заттары. Дулығалар жұмысшылардың басын механикалық әсерлерден, судың, агрессивті заттардың, органикалық еріткіштердің әсерінен, тоқ әкелуші бөлшектерге байқаусызда жанасып кету салдарынан электр тоғымен зақымдалудан қорғайтын негізгі құралдардың бірі болып табылады. Бұдан басқа дулығаларды басқа ЖҚҚ бекіту үшін қолданады: шуға қарсы құралдарды, дәнекерлегіштердің қалқандарын, көз бен бетті қорғауға арналған мөлдір экрандарды. Таукен жұмысшыларының дулығаларына жеке жарықтандыру құралдары бекітіледі. Дулыға асты жылы қабаты бар дулығаларды жылдың суық мезгілдерінде қолдануға болады.
12.4.128-83 «ЕҚСЖ. Қорғаныстық каскалар. Жалпы техникалық талаптар мен сынау әдістері» МЕСТ-ның талаптарына сәйкес барлық дулығалар 50 Дж энергиямен ұрғанда соққыға сынбауы тиіс. Бұл кезде дулығадан бастың макетіне берілетін күш 5 кН аспауы тиіс.
Дулығаларды әртүрлі климаттық аудандарда қолданады, сондықтан да оларды даярлайтын материалдар, диапазоны пайдалану жағдайларына байланысты қалыптастырылатын әр түрлі температураларда тұрақты қасиеттерге ие болуы керек.
Дулыға астылық кеңістікті міндетті түрде алып келуші баулық пен касканың негізі арасындағы сақиналы тесік арқылы желдендіру керек; арнайы тесіктері болуы керек, олар қажеттілігене қарай жылжымалы қалқандармен жабылатындай болуы керек. Дулығаның ішкі бетін жылы сумен жуып тұру керек. Дулығаға айына 1 рет формальдегидтің 5% сулы ерітіндісімен, 3% хлорамин немесе 3% хлорлы әк ерітіндісімен санитарлық өңдеу жүргізу керек. Содан кейін жылы сумен шайып және 40°С жоғары емес температуралы бөлмеде кептіру керек.
Көздерді және бетті қорғау заттары. Қорғаныстық көзілдіріктер көзді келесі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан: қатты бөлшектерден, шаңнан, сұйықтықтар мен балқытылған металдардың шашырандыларынан, ойып жіберетін газдардан, соқырлық жарықтықты УК-, ИҚ-, радио- және лазерлі сәулелерден қорғайтын құралдар болып табылады.
Көзді қорғау саласындағы терминдер мен негізгі түсініктер 12.4.001-80 «ЕҚСЖ. Қорғаныстық көзілдіріктер. Терминдері мен анықтамалары» МЕСТ-мен анықталады. 12.4.013-85 «ЕҚСЖ. Қорғаныстық көзілдіріктер. Жалпы техникалық шарттар» МЕСТ-мен қорғаныстық көзілдіріктердің түрлерін, олардың таңбалануы мен аталуын, әйнектің түрін және қолданылуын анықтайды, демек берілген көзілдіріктің түрі қандай зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауды қамтамасыз ететіні туралы нұсқамасы болуы керек.
Бетке арналған қорғаныстық қалқандар тек қана көзді ғана емес, сонымен бірге бетті де қатты бөлшектерден, ұшқындардан, сұйықтықтар мен балқытылған металдардың шашырандыларынан, ойып жіберетін газдардан, соқырлық жарықтықты УК-, ИҚ-, радио- және лазерлі сәулелерден тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Тағайындалуы мен құрастырылымдық ерекшеліктеріне қарай қалқандарды 12. 4.023-84 «ЕҚСЖ. Бетке арналған қорғаныстық қалқандар. Жалпы техникалық талаптары және әдістері» МЕСТ-ы бойынша (13.7. кесте) түрлерге бөледі. Көзілдіріктер мен қалқандарға арналған жарықтықсүзгілерді 21-6-87 «Өндірісте көзді зиянды сәулелерден қорғауға арналған әйнек жарықсүзгілері. Техникалық шарттары.» ШСТ (12.4.080-79 МЕСТ) сәйкес таңдайды.
Есту мүшесін қорғау заттары. Шудан қорғайтын ЖҚҚ тек есту анализаторының ғана бұзылыстарының алдын алып қоймайды, сондай-ақ жүйке жүйесінің де бұзылыстарына жол бермейді. ЖҚҚ-дың шудан қорғау тиімділігі оларды жоғары жиілік аудандарында қолданғанда максимальды болып келеді. Шудан қорғайтын ЖҚҚ-ын жұмыс орнындағы шудың жиіліктік спектріне, шуды шектеу нормаларының талаптарына, сонымен қатар оларды берілген жұмыс операцияларымен климаттық жағдайларда қолдану ыңғайлылығына байланысты таңдайды. Егер жұмыс орнындағы шудың әлсіреуін есепке алғанда нормалар бойынша шуға қарсы қолданылатын құралдармен қамтамасыз етілетін шу спектрі ШРЕД аспайтын болса шуға қарсы құралдар дұрыс таңдалынған болып саналады.
Ұзақ уақыт шулы жағдайларда жұмыс істейтін адамдар үшін шуға қарсы құралдарға біртіндеп – 1-2 ай бойына бейімделу керек, ол ағзаның мүмкін болатын жағымсыз сезімдерінсіз жауап беруіне мүмкіндік береді.
Егер шуға қарсы құралдарды бүкіл ауысым бойына қолдану мүмкін болмаса, онда оларды кезеңді түрде қолданған жөн. Ол есту мүшесінің сезімталдылығын біртіндеп қалпына келтіруге және оның зорығуын төмендетуге мүмкіндік береді.
Кесте 13.7. Бетке арналған қорғаныстық қалқандардың түрлері (12.4.023-84 МЕСТ)
Түрі |
Қалқанның негізінің қолданылуы |
Таңбалануы |
Басқа бекітілетін қалқандар
Дулығаға бекітілетін қалқандар
Тұтқалы қалқандар
Басқа бекітілетін және тұтқалы әмбебап қалқандар |
Түссіз мөлдір соққыға шыдамды
Түссіз мөлдір химиялық шыдамды
Жарық сүзгіш
Торлы
Мөлдір емес
Түссіз мөлдір соққыға шыдамды
Түссіз мөлдір химиялық шыдамды
Жарық сүзгіш
Торлы
Мөлдір емес
Мөлдір емес
Жарық сүзгіш
Мөлдір емес |
НБТ
НБХ
НФ
НС
НН
КБТ
КБХ
КФ
КС
КН
РН
РФ
УН
|
Орташа қарқындылықты шудың үздіксіз әсер етуі жағдайында жұмысшылардың үнемі шуға қарсы қорғау құралдарын қолдануы үшін, оларды сәйкес қорғау заттарымен қамтамасыз ету жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да олардың түйсігіне жеке бас профилактикасының маңыздылығын жеткізу қажет, сонымен қатар оларды шудан қорғайтын ЖҚҚ оларға ұсынылған нұсқауларға сай дұрыс қолдануға үйрету керек, себебі білімсіздіктің салдарынан бұл нұсқаулардың сақталмауы шуға қарсы құралдың қолдану ыңғайлылығының және олардың тиімділігінің күрт төмендеуіне, ал содан соң одан бас тартуға әкеліп соғады.
12.1.029-80 «ЕҚСЖ. Шудан қорғау құралдары мен әдістері. Жіктелуі» МЕСТ-на сай шуға қарсы құралдар құрастырылымдық атқарылуларына сәйкес шуға қарсы құлақшалар (құлақ қалқанын сыртынан қорғайды), тығындар (есту өзегін бітейді), дулығалар, каскалар (бастың бір бөлігін және құлақ қалқанын жабады) және шуға қарсы костюмдер (адамның денесін, басын немесе басының бір бөлігін қорғауды қамтамасыз етеді) болып бөлінеді.
Шуға қарсы қолданылатын құралдарға қойылатын негізгі талаптар 12.4.051-78 «ЕҚСЖ. Есту мүшесін жеке қорғану құралдары. Жалпы техникалық шарттары» МЕСТ-мен анықталынған. Шудан қорғау тиімділігіне, салмағы мен құлақ маңы ауданын басу күшіне қарай шуға қарсы құралдарды үш топқа бөледі: А, Б және В.
Қорғаныстық дерматологиялық құралдар – ол шығу тегі табиғи және жасанды болып келетін әр түрлі өнімдерден тұратын жұмсақ консистенциялы дисперсті жүйе. Олар өндірісте, жұмысшылар еңбек жағдайы бойынша биалайлар мен қолғаптарды қолдана алмайтын жағдайларда, теріні қорғау үшін қолданылады.
Пасталар, мазьдар және кремдер келесі талаптарға сай болуы керек: теріні тітіркендірмеуі керек, оны қолайсыз өндірістік факторлардың әсерінен тиімді түрде қорғау керек, теріге жеңіл жағылуы және физиологиялық қызметтерді бұзбауы керек, теріде жұмыс ауысымы бойына сақталуы керек, сабынды сумен немесе басқа да жуғыш заттармен тез кетірілуі тиіс.Тек кәсіпорын шығаратын дермотологиялық қорғау заттарын пайдалану керек.
Пасталар мен мазьдарды жұмыс ауысымы бойына екі рет (жұмыс басталар алдында және түскі үзілістен кейін) құрғақ теріге жұқа қабатпен жағады. 12 минуттан соң мөлдір қабық түзілгеннен кейін жұмысқа кірісе беруге болады.
Мазьдар мен пасталарды қолдану кезінде бір затты ұзақ уақыт (1 айдан аса) қолдануға болмайтынын білген дұрыс.
Қорғаныстық дерматологиялық құралдарды – қалай қорғаныстық-профилактикалық болса, солай жуғыш заттарды да қолдануда – оларды қолданғаннан кейін теріге күтім қажет болады. Бұл майсыздандыратын және тітіркендіргіш химиялық заттармен ұзақ уақыт жанасу кезінде аса маңызды болып табылады. Жұмыстан кейін теріге қоректендіретін және теріні қалпына келтіретін кремдерді: «Велюр», «Детский», «Восторг» жағу керек.
Тағайындалуы және физико-химиялық қасиеттері бойынша қорғаныстық мазьдар, пасталар, кремдер 3 топқа бөлінеді: гидрофобты заттар, қолдың терісін судан, ерітінділерден, қышқылдардан, сілтілерден, тұздардан, су-және содалымайлы эмульсиялардан және басқа да химиялық заттардан қорғайды (олардың құрамында суда езілмейтін және ерімейтін заттар болады); гидрофильді – сусыз органикалық еріткіштерден, мұнай өнімдерінен, майлардан, лактардан, бояулардан, смоладан жұмысшылардың терісін қорғайтын заттар (олар суда тез еритін және езілетін заттардан тұрады); қол терісін тазалағыштар, өндірістік ластануларды кетіруге арналған.