Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері

2 Тарау

Еңбек үрдісін игерудің физиологиялық әдістері

2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары

Еңбек үрдісі барысында адамға химиялық, физикалық, биологиялық және психофизиологиялық өндірістік факторлар әсерін тигізуі мүмкін. “Еңбек жағдайын өндірістік ортаның қауіпті және зиянды факторларының көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша баға беру және жіктеудің гигиеналық критерийлеріне” (№104.001-2000 ҚР АДЗ) сәйкес соңғылары да өндірістік орта факторлары болып аталады.

Физиологиялық зерттеулердің негізгі мақсаты өндірістік үрдіс факторларына баға беру, атап айтқанда еңбектің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру. Бұдан басқа, олар еңбек үрдісі барысында жұмысшылар ағзасындағы мүшелермен жүйелердегі функционалдық ауытқуларды анықтау кезінде жұмыс күні бойындағы еңбекке қабілеттілік деңгейіне, зорығу дәрежесіне баға беруде, сонымен қатар еңбек тәртібі мен ауысым аралық демалыстың рационалдық режимдерін өңдеуде жүргізіледі.

Өндірістік алаңмен, цехпен танысқаннан кейін және технологиялық үрдіс туралы толық мәліметтер алынғаннан кейін физиологиялық тексерулер жүргізу үшін жұмысшылар таңдалынып алынады. Нақты мәліметтер алу үшін бұл топ сан жағынан жеткілікті болуы керек (10-12 адам). Таңдалынып алынғандар біртекті сынақ тобын құрауы тиіс – іс жүзінде дендері сау, берілген жұмыс орнында үш жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. Бұл топқа айлық демалыстан кейін айдан аз уақыт жұмыс істегендерді алмаған дұрыс.

Зерттеу 2 аптадан кем емес уақыт жүргізіледі. Егер жұмыстар ашық аспан астында жүргізілетін болса, онда зерттеуді жылына кем дегенде 2 рет – жылы және суық мерзімдерде жүргізу керек.

Жұмыс ауысымы бойына зерттеу жүргізу жиілігі еңбекке қабілеттілік кезеңдеріне (түзілу, тұрақты жоғары еңбекке қабілеттілік, шаршау) сәйкес келуі тиіс, яғни тексерілетін физиологиялық функцияларды бес реттен кем емес анықтау керек:

  1. жұмыс ауысымының алғашқы 10-30 минуты;

  2. 2-3 сағат жұмыс істегеннен кейін;

  3. түскі үзіліс алдында;

  4. одан 10-20 мин асқан соң;

  5. жұмыс күнінің аяқталуына 20-30 минут қалғанда.

Егер өндірістің жағдайларына қарай 5-реттілік зерттеу жүргізу мүмкін болмаса, онда ең болмаса алғашқы екі және соңғы тексерулермен шектелу керек.

Зертеуге арналған әдістемелерді дұрыс таңдау аса маңызды болып табылады. Егер зерттеу әдістемесі жұмысшыны еңбек үрдісінен үзумен байланысты болса, онда бір мезгілде 2-3 әдістеме қолдану керек, соның ішінде әрқайсысына жұмсалынатын уақыт 2-3 минуттан аспауы керек. Осылайша, жұмысшыны жұмысынан бір реттік айналыстыру 5-7 минут алады. Зерттеу шарттары бойынша бірнеше әдістемелерді қолдану керек болса, онда оларды күндермен кезектестіруге болады.

Ағзаның сол немесе басқа қызметтерін зерттеу әдістемелерін таңдауда белгілі бір талаптарды басшылыққа алу керек: әдістемелер жеткілікті түрде ақпаратты болуы керек, орындалуы қарапайым, зерттелуші жұмысының ең аз уақытын алуы керек.

Зерттеу жүргізер алдында жұмысшыларды міндетті түрде оларға алда тұрған бақылаулардың мақсаты мен маңызын түсіндіре отырып, тесттер бойынша таныстыру жұмыстарын немесе шынықтыру жүргізу керек.

Физиологиялық әдістер негізінен орталық жүйке жүйесін, жүрек-қан тамырлар, тыныс алу (сыртқы тыныс алу), жүйке-бұлшықет (қозғалыс аппаратының) жүйелерін, сонымен қатар анализаторларды (көру, есту, сипап сезу, иіс сезу) игеру үшін қолданылады.

Еңбек физиологиясында қолданылатын әдістемелер шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады:

  1. жалпы, кез-келген еңбек үрдісін зерттеуге қолдануға болады;

  2. арнайы, ағзаға белгілі бір еңбек түрлерінің әсер ету ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әрбір нақты жағдайларда физиологиялық зерттеулер бағдарламасын өңдеуде әдістемелерді (тесттерді) таңдау, олардың жұмысты орындауда жұмысшылардың ағзасында күтілетін ауытқуларға ең көп дәлдігімен анықталынады. Үштен кем емес функционалдық жүйелерді зерттеу қабылданған, мысалы орталық жүйке, жүрек-тамырлар және жүйке-бұлшықет немесе жүрек-тамыр, тыныс алу, анализаторлар қызметін зерттеу.

Көрсеткіштерге баға беру, олардың 100-ге баланып алынған (бұлшықет күші, шыдамдылық, есту-, көру-моторлы реакцияларының жасырын кезеңдері) алғашқы деңгейіне қатынасы бойынша пайызбен берілген салыстырмалы шамалармен немесе абсолютті шамаларымен (жүрек жиырылу жиілігі, артериалық қысым, энергошығындар) жүргізілуі мүмкін.

Физиологиялық зерттеулерді әлеуметтік зерттеулермен толықтырған дұрыс–жұмысшылар арасында олардың жұмысқа, қолданылып жүрген еңбек режиміне және ауысым аралық демалысқа көзқарастарын анықтау, сонымен қатар шаршау, зорығу, жұмыс мезгіліндегі көңіл күйі нашар болуына және т.с.с. шағымданғандарды анықтау мақсатымен сауалнама жүргізу.

Физиологиялық зерттеулердің міндетті құрамдасы болып еңбек үрдісінің ауысым бойындағы жұмыс операцияларының хронометражы табылады.

Зерттеу аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді көрсеткіштің орташа мәнін (М), орташа қатесін (m) және көрсеткіштер айырмашылығының дәлдігін (t) таба отырып статистикалық өңдеуге жатқызады.

Физиологиялық зерттеу соңында еңбек ауырлығын және кернеулігін, еңбекке қабілеттілік динамикасын анықтайды және еңбекті, зерттелінген кәсіптегі жұмысшылардың ауысым аралық демалысын қолайластыру бойынша сәйкес ұсыныстар қалыптастырады.

Ұсынылған еңбек және демалыс режимдерін енгізуге дейін және енгізгеннен кейін физиологиялық зерттеулердегі үзіліс ұзақтығы жеткілікті түрде ұзақ болуы керек – 3 айдан кем емес. Осы уақытта жұмысшыларды жаңа динамикалық стереотип қалыптасады, тек оны меңгергенде ғана физиологиялық және экономикалық нәтиже анықталуы мүмкін.