Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру

Адамның денсаулығына потенциалды әсерін тигізетін химиялық технологияның кең түрде енгізілуі, химиялық қосылыстардың саны мен жалпы салмағының тез өсуі (қазіргі уақытта 5 млн-нан астам химиялық қосылыстар белгілі) туындаған жағдайларда аса жоғары қауіп туғызады.

Халық шаруашылығының химияландырылуының теріс салдарларын болдырмау мақсатында профилактикалық шаралар жүйесі жасалынды, олардың ішіндегі ең бастысы химиялық заттар мен олардың композицияларына токсикологиялық баға беру жатады, ол химиялық заттарды одан әрі өндіру және қолдану үшін алдын ала таңдап алудан, өндірістік ортадағы рұқсат етілген әсер деңгейін шектеуден (гигиеналық реглменттеу) тұрады. Біздің еліміздегі денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығы химиялық заттардың улылық және қауіптілік деңгейіне дер кезінде баға беруді болжамдайды (токсикометрия). Осы мақсаттарда ірі МСЭҚБ мекемелерінде эксперимантальды тексерулер жүргізу үшін барлық қажеттіліктері бар, токсикологиялық зертханалар ұйымдастырылады. МСЭҚБ-ның токсикологиялық зертханаларының міндеттеріне ең бастысы әсердің шамамен алынған қауіпсіз деңгейлерін негіздей отырып, химиялық қосылыстарға сараптамалы токсикологиялық баға беру жатады. Жұмыс аумағының ауасындағы химиялық қосылыстарды гигиеналық регламенттеудегі, теориялық және әдістемелік мәселелерді өңдеудегі негізгі жұмысты ғылыми - өндірістік бірлестіктердегі өкілеттілік зертханаларындағы гигиеналық саладағы ҒЗИ атқарады.

Токсикометрия улардың улылығы мен қауіптілігіне сандық баға беруге арналған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Мақсатына байланысты токсикометриялық зерттеулерді әртүрлі жүргізеді, дегенмен гигиеналық регламенттеу мәселелерін шешуге арналған әдістемелік тәсілдер, жүргізу шарттары мен нәтижелерге баға беру бірдей болып келеді. Осылайша, әдістемелік тағлымдарды білу дәрігер-гигиенисттің іс-әрекетіндегі міндетті шарты болып табылады.

Химиялық қосылыстардың токсикометриясы үлкен зерттеу көлемін қамтиды, олардың ішіндегі міндетті түрде жүргізілетіндеріне өлім себептерін анықтау, жинақталу (куммулятивті) қасиеттерін анықтау және сандық сипаттамалар беру, тері-тітркендіргіш, таңдамалы, сенсибилдеуші әсерін, жекелеген әсерлерін ескере отырып ағзаға созылмалы әсер етуін зерттеу жатады.

Токсикологиялық тұрғыдан бұрын зерттелінбеген химиялық қосылысты қолданатын жаңа технологияны зертханалық өңдеу кезінен бастап дер кезінде гигиеналық ұсыныстар беру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.

Сонымен байланысты, жаңа технологиялық үрдістерге баға беруде еңбек гигиенасы дәрігерінің алатын орны аса жауапты болып келеді. 12.1. кестеде технологиялық үрдісті өңдеу және оған токсикологиялық баға беру кезеңдері келтірілген.

Технологиялық үрдістің кезеңдеріне байланысты химиялық заттардың улылық қасиеттерін зерттеу, кәсіпорындарды, нормативті-техникалық құжаттарды (МЕСТ, ШСТ, ТШ, регламенттер) жасауға, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау және эксплуатациялауға, мемлекеттік санитарлық қадағалауды іске асыруға қажетті мәліметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Токсикометрияның негізгі көрсеткіштері, анықтау әдістері.

12.2. кестеде токсикометрияның негізгі көрсеткіштері келтірілген. Заттың улылығын жедел сынамаларда өлімге алып келетін әсерлерін зерттеуден бастайды. Заттардың ағзаға түсуі олармен дем алғанда (ингаляциялық жол), асқазанға енгізумен, теріге немесе шырышты қабаттарға енгізумен жүреді. Қосылыстардың салыстырмалы улылығын анықтау үшін құрсақ ішіне енгізеді. Жануарларға қойылған сынамаларда (салмағы 180-240 г болатын ақ егеуқұйрықтар, 18-29г салмақты ақ тышқандар) сынамалық жануарлардың стандарттық тобының 50% өлімін туғызатын концентрацияны (мөлшерді) анықтайды.

Орташа өлім туғызатын концентрация (CL50) – ингаляциялық әсер етуде сынамалық жануарлардың (тышқандар, егеуқұйрықтар) сәйкес 2 және 4 сағаттан кейін және де одан арғы 14-күндік бақылау кезінде 50% өліміне алып келетін концентрациясы.

Кесте 12.1. Технологиялық үрдісті өңдеу және оған токсикологиялық баға берудің кезеңдері ( И. В. Саноцкий бойынша)

Химиялық және технологиялық өңдеу кезеңдері

Токсикологиялық баға беру кезеңдері

Токсикологиялық зерттеулердің мазмұны

І. Технологиялық схеманың теория-лық жобасы

ІІ.Технологиялық схеманы зертха-налық өңдеу

ІІІ. Жартылай зауыттық қондырғы

ІV. Зауыттық өндірісті жобалау

V. Зауыттық өндіріс

1. Алдын ала токсикологиялық баға беру

2. Токсикология-лық сараптама

3. Токсикология-лық паспорттау

4. Толық токси-кологиялық баға беру

5. Қосымша ток-сикологиялық зерттеулер

6. Шынайы зерттеулер

Болжамды шикізаттың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдердің жанама заттардың улылығы туралы әдебиеттерді талдау.

Химиялық құрылымын, химиялық және физикалық қасиеттерін биологиялық әсермен, бірқатар қосылыстарда интерполяция және экстрополяциясымен белгілі салғастырымдарының негізінде токсикометрия көрсеткіштерін есептеу.

Жануарларға жедел және жеделдеу сынамалар қою. Технологиялық үлгілердің токсикологиялық сынақтары.

Жануарларға созылмалы сынамалар қою. Алыстатылған әсерлерін зерттеу. Жұмысшыларды тексеру

Зауыттық өндірісті жобалау үшін медициналық-техникалық талаптарды қалыптастыру

Әсер ету механизмдерін зерттеу, ерте және дифференциалды диагностикасы, эксперимантальды терапия және басқалар

Жұмысшылардың еңбек (тұрмыс) және денсаулық жағдайына баға беру

Орташа өлім туғызатын мөлшері (DL50) – асқазанға, құрсақ қуысына бір реттік енгізуде одан әрі 14-күндік бақылау кезінде сынамалық жануарлардың 50% өліміне алып келетін мөлшері.

Максимальды өткерілетін мөлшер (концентрация) (DL0- CL0) – сынамалы жануарлардың өліміне алып келмейтін зиянды заттың ең үлкен мөлшері.

Нақты өлім туғызатын мөлшер (концентрация) (DL100- CL100) – сынамалық жануарлардың 100 % өліміне алып келетін зиянды заттың ең аз мөлшері.

Жедел интегральды әсер ету табалдырығы (Limac.integr) –физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын, біртұтас ағза деңгейінде биологиялық көрсеткіштердің өзгерістеріне алып келетін минимальды концентрация (мөлшер).

Жедел таңдамалы әсер ету табалдырығы (Limac.sp) - физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын, ағзадағы жекелеген мүшелер мен жүйелердің биологиялық қызметтерінің өзгерістеріне алып келетін минимальды концентрация (мөлшер).

Жалпы улы созылмалы әсер ету табалдырығы (Limch. integr) - кем дегенде 4 ай бойына аптасына 5 рет 4 сағаттан әсер етуі кезінде физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын өзгерістердің немесе жасырын патологияның (уақытша орны толтырылатын) дамуына алып келетін минимальды концентрация (мөлшер).

Кесте 12.2. Токсикометрияның негізгі көрсеткіштері

Біріншілік (тәжірибелік)

Туындылы

Өлім туғызатын мөлшерлер немес концентрациялар:

CL50, СL100 ,CL0, DL50 және басқалары

Түр аралық сезімталдылық коэффициенттері (ТСК), ингаляциялық улану мүмкіншілігі коэффициенті (ИУМК)

Таңдамалы әсер ету (патогенетикалық әсер) табалдырығы (Limac. sp)

Кумуляция коэффициенті

Ссum

Созылмалы әсер ету табалдырығы

(Limch. integr)

Алыстатылған әсер табалдырығы

(Limch.sp)

Әсердің қауіпсіз деңгейлері ӘШҚД, ШРЕК, РШК және т.б.

Өлімге алып келетін әсер аумақтары

немесе

Жедел әсер ету аумағы

Арнайы әсер ету аумағы

.

Созылмалы әсер ету аумағы

.

Биологиялық әсер аумағы

.

Қор коэффициенті

Алыстатылған әсер ету табалдырығы (Limch.sp) – созылмалы әсере ету жағдайында физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын, ағзадағы жекелеген мүшелер мен жүйелердің биологиялық қызметтерінің өзгерістеріне алып келетін минимальды концентрация (мөлшер).

CL50, DL50 – орташа өлімге алып келетін концентрация (мөлшер) –орташа қателігі және сенімділік интервалдары бар статистикалық мән болып табылады. Сондықтан да әрбір топтағы жануарлардың саны 6 кем болмауы тиіс, екі жынысты және екі түрлі болуы керек. Енгізілетін заттың улылығы белгілі бір дәрежеде бірқатар факторларға тәуелді (енгізілетін заттың концентрациясымен көлемі, рН, қоршаған ортаның температурасы және т.б.) болады, сондықтан да қосылыстарды ағзаға әрбір енгізу тәсілінде белгілі бір шарттардың орындалуын қадағалау қажет.

Заттардың энтеральды жолмен түсуінде улылық дәрежесіне баға беру кезінде металл немесе пластмасса зондтарының көмегімен, көбінесе, тікелей асқазанға енгізеді. Қосылыстарды тамақтандырғаннан кейін 3 сағаттан соң енгізеді, енгізілетін көлем ақ тышқандар үшін 1 мл-ден, егеуқұйрықтар үшін – 5 мл-ден аспауы тиіс. Жануарларды тамақтандыруды затты енгізгеннен кейін 3 сағат өткен соң жүргізеді. Зерттелінетін қосылыстарды таза күйінде енгізеді, егер ол мүмкін болмаса, онда еріткіштерді қолданады. Жедел улылықтың қолданылатын еріткішке байланысты айтарлықтай өзгеретінін есте сақтау керек. Әдетте мұндай заттарды сулы ерітінділерде енгізеді, ал нашар еритін қосылыстарды - өсімдік майында, крахмал ерітіндісіндегі 1-2% суспензиялар түрінде енгізеді. Қолданылатын еріткішті міндетті түрде бақылау тобының жануарларына енгізеді.

Өндірістік жағдайда зиянды химиялық заттардың жоғары тыныс алу жолдары арқылы түсуі кәсіптік аурулардың (уланулардың) дамуында басты орынды алады. Зертханалық жағдайларда зертханалық жануарларға химиялық заттармен ингаляциялық әсер етудің екі тәсілі қолданылады – статикалық және динамикалық. Статикалық тәсілді тұйық кеңістіктегі (арнайы камералар немесе эксикаторлар) тұрақты концентрация туғызу кезінде ұшқыш заттардың улылық дәрежесіне шамамен алынған баға беру үшін қолданады. Экспозиция мерзімі тышқандар үшін – 2 сағат, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояны үшін – 4 сағат. Берілген тәсілдің негізгі кемшіліктеріне желдендірілмейтін кеңістікте көмірқышқыл газының тез жиналып қалуы, камерадағы коцентрацияны есептік деңгейде ұстап тұру қиыншылығы жатады. Динамикалық тәсіл затты камераға үздіксіз беріп тұруды қамтамасыз етеді, ол қосылыстың концентрациясын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін жағдай жасайды және қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді.

Өлім туғызу деңгейінде заттардың улылығымен қауіптілігіне баға беруге, түрлік және жыныстық сезімталдылығын анықтауға мүмкіншілік беретін токсикометрия көрсеткіштерін анықтаумен қатар жедел улылықтың келесі көрсеткіштері үлкен қолдануда маңызды болып келеді: интегральды (арнайы емес; Limac.integr ) және арнайы (Limac.sp) көрсеткіштері бойынша бір реттік түсудегі зиянды әсер ету табалдырықтары.

Интегральды көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша бір реттік әсер ету кезіндегі жедел әсер ету табалдырығын анықтауды бір концентрацияға (мөлшерге) кем дегенде 12 ұсақ зертханалық жануарларды қолдана отырып жүргізеді, ережеге сай, кем дегенде үш концентрация қолданылады. Экспериментальды жануарлардың функционалдық жағдайына баға беруді, уландырғаннан кейін 4 сағаттан кейін жүргізеді, ал содан кейін сынаманың 2-ші, 4-ші және 8-ші күндерінде жалғастырады. Бұл кезде зерттелетін көрсеткіштің максимальды ауытқу шамасын ескереді. Арнайы көрсеткіштердің үлкендігі бойынша зиянды әсер ету табалдырығын анықтау әдістемелік нұсқаулармен регламенттеледі. Заттардың көбею қызметіне тигізетін әсерін № 1744-77 «Гигиеналық нормалау мақсатында, өнеркәсіптік улардың көбею қызметіне әсер ету табалдырығын анықтау бойынша тәжірибелік зерттеу әдістері» әдістемелік ұсыныстарына сәйкес регламенттелінеді. Осыған ұқсас әдістемелік материалдарды жүрек-тамыр жүйесін, химиялық заттардың канцерогенді және тітіркендіргіш қасиеттерін зерттеу кезінде де қолданады.

Жедел сынамаларда алынған улылық көрсеткіштері (СL50, Limac.integr, Limac.sp) жедел және арнайы әсер ету аумақтарын (Limch.sp) есептеуге қол жеткізеді. Жедел әсер ету аумағы қаншалықты тар болса, жедел улану дамыту тұрғысынан заттың қауіптілігі соншалықты көп болады. Zac мәнін қосылысты улылық және қауіптілік дәрежесі бойынша белгілі бір класқа жатқызғанда (12.1.007-76 МЕСТ) және гигиеналық регламент негіздеу кезінде қор коэффициентін таңдауда ескереді.

Химиялық қосылыстардың потенциалды қауіптілігіне баға беру үшін ингаляциялық жолмен улану мүмкіндігінің коэффициентін (ИУМК) анықтайды - 20°С кезінде ауадағы заттың буларын қанықтыратын концентрацияның тышқандарға арналған заттың орташа өлім туғызатын концентрациясына қатынасы (2 – сағаттық экспозицияда және 2-апталық бақылау кезінде).

,

мұндағы С - 20°С кезінде максимальды қол жеткізілген концентрация; - 120 минут экспозиция кезінде ақ тышқандар үшін жартылай өлім туғызатын концентрация.

Осылайша, бөлме температурасындағы заттың қанықтыру концентрациясы қаншалықты жоғары және орташа өлім туғызатын концентрациясы қаншалықты төмен болса (ИУМК мәні үлкен), жедел улану мүмкіншілігі соншалықты ықтимал болады.

Өндірістік жағдайларда химиялық қосылыстардың ингаляциялық және энтеральды түсу жолдарымен қатар тері жабындылары арқылы – перкутантты түсу жолы да мүмкін болады. Тәжірибелік тұрғыда заттардың терілік-таңдамалы және жергілікті тітіркендіргіш әсерін анықтау да маңызды орын алады. Терілік-таңдамалы әсерге алдын ала баға беруді ұсақ зертханалық жануарларға құйрығын ⅔ ұзындықта зерттелетін ерітіндіге батыру жолымен жүргізеді. Экспозиция ақ тышқандар үшін – 2 сағат, ал егеуқұйрықтар үшін – 4 сағат. Улану белгілері болмаған жағдайда затты денесіне жабыстыруды 10 күн бойы жалғастырады, одан әрі бақылауды 3 апта жүргізеді. Таңдамалы әсер анықталған жағдайда улылық дәрежесіне мөлшерлік баға беруді іске асырады. Осы мақсатта жануарды арнайы станокқа бекітеді және алдын ала жүні қырқылған теріге белгілі бір мөлшерде зерттелетін қосылысты жағады. Алға қойылған міндеттерге байланысты терілік-таңдамалы әсерді зерттеу кезінде DL50 және табалдырық шамасы анықталуы мүмкін.

Теріге жабыстыру кезінде жергілікті тітіркендіргіш әсерді зерттеуді екі тәжірибелік жануарларға – ашық түсті үй қояндары мен теңіз шошқаларына жүргізеді. Жануарлардың саны 1 топта кем дегенде 10 түрден тұрады. Жабыстыру ауданы қояндар үшін - 7 х 9 см, теңіз шошқалары үшін – 5 х 5 см. Эксперимент жасауға 2 күн қалғанда омыртқаның екі жағынан жүнін мұқиат қырады, қырылған бөліктердің арасынан ені 2 см жүні қырылмаған жер қалдырады. Оң жақ бөлік жабыстыру үшін, ал сол жақ бөлік – бақылауға арналады. Экспозиция уақытында жануарды терісіндегі затты жаламауы үшін байлап қояды. Экспозиция уақыты 4 сағат. Зерттелетін зат теріге 20 мг/см² есебінен, ереже бойынша, таза күйінде енгізеді. Егер ол мүмкін болмаса, онда дистильденген суды немесе тері сұйықтығын қайталайтын модельді ерітіндіні қолданады. Эксперимент аяқталғаннан кейін қалған затты жылы сумен сабынмен жуып тастайды. Тері реакциясын экспозиция уақыты аяқталған соң, бір реттік аппликациядан кейін 1 және 15 сағат өткен соң тіркейді және симметриялы тері бөлігімен салыстыра отырып бағалайды. Терінің функционалдық бұзылыстары айқын әртүрлі дәрежедегі эритема, ісіну, жыртылу, жаралардың шығуымен және т.б. көрінуімен сипатталады. Заттың теріге тітіркендіргіш әсерінің айқындылығын 11 класстан тұратын (мысалы, 0 - әсердің болмауы, 10 – 5% әлсіз заттардың ерітінділері некроз тудырады) жіктеме бойынша анықтайды.

Заттың көздің шырышты қабатына жергілікті әсер етуін конъюнктива қапшығына қосылыстың 1 тамшысын тамыза отырып баға береді. Қатты заттарды 50 мг мөлшерінде (бөлшектерінің дисперстілігі 10 мкм дейін) енгізеді. Одан әрі екі апта бойына көздің мүйізді қабаты мен шырышты қабатының мөлдірлігіне бақылау жасайды. Мүйізді қабаттың бұлыңғырлануының және шырышты қабаттың одан әрі қабақтың тыртықтық өзгерістерге алып келе отырып жедел қабынуының дамуы заттың бірден айқын тітіркендіргіш әсері туралы куәлік етеді.

Жеделдеу эксперимент жағдайында (1 ай бойына) улы заттың әсеріне аса сезімтал мүшелер мен жүйелерді анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізеді. Бұл созылмалы эксперименттер жүргізу кезінде енгізілетін концентрацияларды таңдауға барабар қадамдар жасауға қол жеткізеді.

Улы заттардың адам үшін қауіптілігі едәуір шамада олардың кумуляциялану қабілетімен анықталады, сондықтан да кумуляцияны меңгеру химиялық қосылыстарды гигиеналық регламенттеуде міндетті шарт болып табылады. Өнеркәсіптік токсикологиядағы ең кең таралған кумуляцияға баға беру әдістері, жеделдеу сынамада белгілі бір әсерлердің пайда болуына дейін алынған жануарлармен заттың орташаланған қосынды мөлшерін анықтауға және осы мөлшерді бір реттік орташа тиімді мөлшермен салыстыруға негізделген.

Қазіргі уақытта токсикологияда кумуляцияны зерттеудің бірнеше әдістері қабылданған. Ю.С. Каганмен ұсынылған әдістің көмегімен жануарларға күнділікті, анықталған DL50 белгілі бір үлесін құрайтын мөлшерде ( ) затты енгізеді. Берілген әдіс созылмалы улану даму қауіптілігін болжамдауға мүмкіндік береді. Сынама ашық схема бойынша 4 айға дейін созылады. «Субсозылмалы улану тесті» аса тез орындалады. Тестті 24 күн бойына жүргізеді. Бастапқыда бұрын қалыптастырылған DL50 –дің 0,1 құрайтын күнделікті мөлшерді алғашқы 4 күн бойына енгізеді. 5-ші тәулікте мөлшерді 1,5 есе жоғарылатады және тағы да 4 күн енгізеді және де ары қарай солай жүргізеді. Егер кумуляцияға баға беруді өлім туғызатын деңгейде жүргізген болса, онда кумуляция коэффициентінің мәнін келесі өрнек бойынша табады:

,

мұндағы DL50 (n) – n-реттік әсер ету кезіндегі орташа қосынды өлім туғызатын мөлшер; DL50 – бір реттік әсер ету кезіндегі орташа өлім туғызатын мөлшер. Кумуляция коэффициентінің 1 кем болуы заттың аса кумулятивті қисиетке ие екеніне, 1ден 3-ке дейінгі – айқын, 3-тен 5-ке дейін – орташа, 5 көп – кумуляцияға төмен қабілеттілігі туралы куәлік етеді.

Қосылыстардың кумулятивтілік белсенділігі және химиялық заттардың әсер етуі кезіндегі созылмалы улану дамығаны туралы толығырақ ақпарат ұзақ уақыттық эксперименттерді қою кезінде алынуы мүмкін. Созылмалы эксперименттің (5-айлық) мақсаты ағзаға зиянды заттың әсерінің сипатын зерттеу, табалдырық концентрацияларды (Limch.) анықтау болып табылады. Созылмалы әсер ету табалдырығы токсикометрияның, гигиеналық регламент (ШРЕК) негіздеуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар Limch. Қолдану созылмалы Zch және биологиялық (Zbiol) әсер аумақтарын есептеуге мүмкіндік береді. Zch аумағы қаншалықты кең болса, зат созылмалы улану даму тұрғысынан соншалықты қауіпті болады, Zbiol мәні қаншалықты үлкен болса, қосылыстың кумуляциялық қабілеті соншалықты айқын болады.

Созылмалы әсер етуді зерттеуді сынама тобындағы жануарлар санының сәйкес бақылау тобындағы бірдей жануарлар санымен жүргізеді. Сынамаларды ақ егеуқұйрықтарға жүргізеді, ал түр аралық айырмашылықтары айқын болатын болса – одан да сезімтал жануарларға жүргізеді. Қосылыстың әсер етуін күніне 4 сағаттан аптасына 5 рет 4 ай бойына іске асырады, 5-ші ай – қалпына келу кезеңі болап саналады. Ереже бойынша, үш концентрацияға табалдырықтық және әсерін тигізбейтін концентрацияларын анықтай отырып баға береді. Заттың әсер ету түріне байланысты функционалдық, биохимиялық, морфологиялық және басқа да көрсеткіштердің кешенін қолданады. Әрбір көрсеткішті кем дегенде 12 жануарда зерттейді.

Экспериментальды жануарлардың денсаулық жағдайына динамика бойынша баға береді: бірінші зерттеу – 2 аптадан кейін, одан әрі – ай сайын.

Улылық пен қауіптіліктің негізгі көрсеткіштерін алғаннан кейін қор коэффициентін негіздеуді жүргізу қажет, оның мәні удың әсер ету ерекшеліктеріне, Limch және т.б. анықтау кезіндегі көрсеткіштерінің адекваттылығына және сезімталдылығына байланысты болады.

Әдеттегі жағдайларда қор коэффициентін 3-тен 20-ға дейінгі аралықта қабылдайды. Қор коэффициенті келесі жағдайларда жоғарылайды:

  • Абсолютті улылықтың жоғарылауында;

  • ИУМК жоғарылауында;

  • Жедел әсер ету аумағының азаюында;

  • Кумулятивті қасиеттерінің жоғарылауында (Ссum, Zch, Zbiol);

  • Түрлік сезімталдылықтағы едәуір (3 еседен аса) айырмашылықтарында;

  • Айқын терілік-таңдамалы әсерінде.

Қор коэффициенті мен ШРЕК негіздегеннен кейін 12.1.1007-76 «Зиянды заттар. Жіктелуі және қауіпсіздіктің жалпы талаптары» МЕСТ сәйкес қауіптілік және улылық класстарын анықтайды. Қауіптілік классын, ең аз мәнді токсикометрия көрсеткіші бойынша анықтайды (12.3 кесте).

Кесте 12.3. Зиянды заттардың сипаттамалары үшін қолданылатын көрсеткіштерінің мәндеріне байланысты қауіптілік кластары

Қауіптілік көрсеткіштері

Қауіптілік кластары

Жұмыс аумағы арасындағы зиянды заттардың ШРЕК, мг/м³

Асқазанға енгізу кезіндегі орташа өлім туғызатын мөлшер, мг/кг

Теріге енгізу кезіндегі орташа өлім туғызатын мөлшер, мг/кг

Ауадағы орташа өлім туғызатын концентрация, мг/м³

ИУМК

Жедел әсер ету аумағы

Созылмалы әсер ету аумағы

0,1 кем

»15

»100

»500

300 көп

6,0 кем

10,0 көп

0,1-1,0

15-150

100-150

500-5000

300-30

6,0-18,0

10,0-5,0

1,1-10,0

151-5000

501-2500

5001-50 000

29-3

18,1-54,0

4,9-2,5

10,0 көп

»5000

»2500

»50 000

3 кем

54,0 көп

2,5 көп

Экспериментальды жануарлардың функционалдық жағдайына баға беру әдістері. Токсикологиялық зерттеу үрдісінде, ағзадағы өзгерістер жайында тұтастай (интегральды арнайы емес көрсеткіштердің көмегімен) және нақты қосылысқа немесе заттардың класына тән ағзадағы өзгерістердің ерекшеліктері (арнайы көрсеткіштердің көмегімен) жайында айтуға мүмкіндік беретін қазіргі кездегі дамытылған әдістерді қолдана отырып, жануарлардың денсаулық жағдайына жан жақты баға беруді жүргізеді.

Интегральды көрсеткіштерге дене салмағы, оттегін пайдалануы, бұлшықет жұмыс қабілеттілігі, мінез-құлық реакциялары, иммунологиялық реактивтілігі және т.б. жатады. Арнайы көрсеткіштердің мысалына нитроқосылыстардың әсер етуі кезіндегі шеткері қандағы метгемоглобинді анықтау, қорғасын буларымен улану кезіндегі порфирин алмасуының бұзылуы жатады.

Іс жүзінде бірде бір токсикологиялық эксперимент жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын зерттеуінсіз жүргізілмейді. Осы мақсатта, негізінде тағамдық, қорғаныстық, бағдарлы-ізденушілік рефлекстер жататын мінез-құлықты зерттеу әдістерінің үлкен жиынтығын қолданады. Мінез-құлықтың күрделі түрлерін зерттеудің әдістемелік негіздері болып, тұтастығының бұзылыстары мінез-құлық актісінің өзгерістеріне алып келетін функционалдық жүйе туралы ілім табылады. ОЖЖ функционалдық жағдайына баға беретін ең кең таралған әдістердің бірі жануарлардағы табалдырық асты импульстердің қосындылау қабілеттілігін (ТИҚ) анықтау болып табылады. Әдіс электродтарға бекітілген артқы аяқтардың буын аралық бұлшықеттерінің жиырылуын туғызатын электр тоғы кернеулігінің минимальды мәнін анықтаудан тұрады. Күрделі емес, бірақ жеткілікті түрде ақпаратты ОЖЖ интегральды көрсеткіші ретінде спонтанды-қозғалыс белсенділігін қолданады. Бұл көрсеткішті зерттеу үшін әртүрлі актографтар қолданылады, олар арнайы қорапшаға салынған жануарлардың қозғалғыш белсенділігін белгілі бір уақыт аралығында (1-10 мин) тіркеуге мүмкіндік береді. Қозғалу белсенділігін, тепе-теңдігін және эмоционалдық реактивтілігін анықтау үшін келесі әдістерді қолданады: ыдысқа салынған жануарлардың артқы аяғына 1 минутта тұруын санауға негізделген «шектелген кеңістікте тік қозғалу белсенділігін» анықтау әдісі; «ашық алаңқай» әдісі (інге кіру рефлексі): жануарды біркелкі орналастырылған 16 тесігі бар көлденең алаңқайдың ортасына жіберді және 3 минут бойына жай көзбен немесе автоматты тәртіппен тесік-індерге сығалау сандарын тіркейді. Аталғандармен бірге «айналып тұрған конус», «ашық алаң» әдістері де кең қолданылады.

Негізгі интегральды көрсеткіштердің бірі ретіндегі бұлшықет жұмыс қабілеттілігіне баға беру мақсатында үлкен тест жиынтықтарын қолданады: қадада ұстап тұру, третбанда жүгіру, жүзу, жүкті ұстап тұруы және т.б. Ұсақ зертханалық жануарларда бұлшықет жұмысының қабілеттілігін зерттеу үшін өте жиі третбанды қолданады. Осы құралдың көмегімен белгілі бір уақыт аралығында жүріп өткен қашықтықты дәл анықтауға болады.

Динамикалық жұмыс атқару кезіндегі бұлшықет жұмысы қабілеттілігін жануарлардың жүзу ұзақтығына баға бере отырып зерттейді, оны жануарларды суға салған уақыттан бастап ол суға бата бастаған уақытқа дейінгі аралықпен есептеледі. Берілген зерттеуді жүргізу кезінде белгілі бір шарттардың орындалуын қадағалау қажет: судың температурасы 38-39°С болуы керек, жануардың құйрығына оның дене салмағының 5% құрайтын қосымша жүк ілінген болуы керек.

Экспериментальды зерттеу әдістерін жүйелендіреді, статистикалық өңдеу жасайды.

Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарардың мөлшерін гигиеналық регламенттеу. Халық шаруашылығында қолданылатын барлық химиялық заттар міндетті түрде токсикологиялық баға беруге жатқызылады, оның толықтығы өндіріс көлеміне, жұмысшылар санына, заттың улылық және қауіптілік дәрежесіне байланысты болады. Осылайша, химиялық қосылыстарға токсико-гигиеналық баға беру сақтық санитарлық қадағалаудың маңызды кезеңі болып табылады. Ғылыми негізделген гигиеналық регламенттер – ШРЕК және ӘШҚД - ҚР ДМ-мен міндетті түрде бекітіледі және өнеркәсіптік нысандарды жобалауда және күнделікті санитарлық қадағалу үрдісінде кеңінен қолданылады. ШРЕК мемлекеттік стандарт боып табылады және МЕСТ-ке кіреді.

ШРЕК – барлық еңбек өтілі бойына күнделікті 8-сағаттық немесе басқа ұзақтықта, бірақ аптасына 41 сағаттан көп емес (демалыс күндерінен басқа) жұмыс істеу кезінде жұмыс істеу үрдісінде, осы не келер ұрпақтың өміріндегі алыстатылған мерзімдерінде, дамытылған зерттеу әдістерімен анықталынатын денсаулық жағдайындағы ауытқуларды немесе ауруларды туғызбайтын концентрация.

ӘШҚД ШРЕК-ға қарағанда уақытша норматив болып табылады, оны 2 жылдан кейін қайта қарастыру керек және тәжірибелік зерттеулердің аяқталуына қарай ШРЕК-мен ауыстыру керек.

Кең ауқымдарда іске асрылып келе жатқан жаңа заттар мен қосылыстарды өнеркәсіпке енгізу үшін синтезделуін бір жағынан, ал токсико-гигиеналық зерттеулердің жұмысының ауырлығын, ұзақтығы мен жоғары құндылығын екінші жағынан ескере отырып, зиянды заттардың жұмыс аумағының ауасындағы ШРЕК және ӘШҚД негіздеу бойынша зерттеулерді жүргізу критериилері және химиялық заттарды өндіру мен қолданудың әртүрлі кезеңдерінде анықталынатын токсикометрия көрсеткіштері жасалынды.

Осы критериилерге сәйкес келесі қосылыстарға ШРЕК қалыптастыру талап етілмейді:

  • Физико-химиялық қасиеттеріне байланысты жұмыс аумағының ауасына булар немесе аэрозольдер күйінде түсуі мүмкін болмайтын заттар;

  • Жұмыс аумағының ауасында қалыпты жағдайларда кездесетін және СL50 немесе DL50 шамалары бойынша, егер 1 жылдағы шығарылатын өнімнің мөлшері 1000 кг аспайтын болса және онымен қатынаста болатындардың саны 10 адамнан көп емес құраса 4-ші қауіптілік класына жатқызылатын сұйықтық булары. Көрсетілген нұсқа алыстатылған әсерлердің пайда болуы тұрғысынан потенциалды қауіпті химиялық қосылыстарға қолданылмайды.

ШРЕК-ы тез арада негізделуі тиіс қосылыстарға асқазан ішілік енгізуде DL50 шамасы бойынша 4-ші қауіптілік класына жатқызылатын – аз улы және аз қауіпті (МЕСТ 12.1.007-76) немесе егеуқұйрықтарға 10 мг/кг мөлшерінде құрсақ ішілік енгізуде олардың өлімін туғызбайтын, ұнтақ тәрізді қосылыстар жатқызылады. Мұндай жағдайларда одан әрі улылығын тексермей-ақ 10 мг/м³ ШРЕК қалыптастырылады (4-ші қауіптілік класы).

Толық көлемдегі токсико-гигиеналық зерттеуге тәжірибеге кең енгізілу болашағы бар химиялық қосылыстар, зерттелмеген немесе аз зерттелінген қосылыстардың кластарына жатқызылатын, алыстатылған және кайтымсыз әсерлердің дамуы тұрғысынан қауіпті заттар жатқызылады.

Химиялық заттардың гигиеналық регламенттелуін толық бағдарламамен жүргізуді бірнеше сатыда іске асырады.

  1. Токсикологиялық зерттеуді ғылыми зерттеу кезеңінде және зертханалық регламентті қалыптастыру кезінде жүргізеді. Сараптама бағдарламасы келесі тармақтардан тұрады: заттардың асқазан ішілік түсуі (DL50) кезіндегі жедел улылық көрсеткіштерін және қауіптілік класын анықтау; ингаляциялық әсер ету кезіндегі (СL50, СL100, СL0) қанықтырушы концентрацияның улылығына баға беру; кумуляция қабілеттілігін, теріге және шырышты қабаттарға терілік-таңдамалы және тітіркендіргіш әсерін тигізуін анықтау; жедел өлімге алып келетін уланудың клиникалық көріністерін сипаттау; жыныстық және түрлік айырмашылықтарын анықтау.

Канцерогенді немесе мутагенді аналогтары бар заттар үшін және заттардың жаңа кластарының өкілдері үшін экспресс-әдістерді қолдана отырып мутагенді белсенділігі зерттелуі тиіс. Потенциалды аллергендерде сенсибильдеуші қасиеттерін зерттеу керек.

  1. Есептеу әдістерін қолдана отырып ШРЕК-ның (ӘШҚД) гигиеналық регламенттерін қалыптастыруды сынамалық және технологиялық регламенттер мен техникалық шарттарды өңдеу кезінде жартылай өнеркәсіптік өндіріс кезеңінде іске асырады. Берілген сатыда жоғарыда аталып өткен токсикометрия көрсеткіштерімен қатар, басымырақ зақымдалынатын мүшелер мен жүйелер туралы, 12.1.007-76 МЕСТ бойынша қауіптілік кластары туралы мәліметтер алынуы тиіс.

ӘШҚД келесілерді есептеу жолымен қалыптастырады:

  • Заттардың токсикометрия көрсеткіштері бойынша;

  • Химиялық құрылысы, физико-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсер сипаты бойынша жақын қосылыстардың қатарында интер- және экстраполяция көмегімен.

Қазіргі уақытта шамамен 50 нақтылы есептеу әдістері [Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың әсер етуінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейін (ӘШҚД) қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар №4000-85] ұсынылған. Экспериментальды түрде негізделген ШРЕК мәндеріне ең жақын болып келетін ӘШҚД улылық көрсеткіштерін қолдана отырып есептеулер алуға мүмкіндік береді. Толығырақ анықтылыққа қол жеткізу үшін бірнеше деңгейлер бойынша есептеулер жүргізу ұсынылады. Бұл жағдайда ӘШҚД орташа мәнін есептеу үшін оның мәні, жекелеген деңгейлер бойынша есептелген ӘШҚД-нің орташа геометриялық логарифмі түрінде ұсынылады. Құрылысы әртүрлі болып келетін химиялық органикалық заттар үшін ӘШҚД мәнін есептеу ӘШҚД мәнінің көрсеткіштер жиынтығынан (токсикометрия көрсеткіштері, физико-химиялық қасиеттері) көптеген сызықтық емес тәуелділігінің сплайн-үлгілерінің көмегімен іске асрылуы мүмкін. Жедел улылық көрсеткіштерін (СL50, DL50, Limас), физико-химиялық көрсеткіштерін (балқу, қайнау температуралары, молекулярлы салмағы, диэлектрлік өтімділігі, сындыру және беткейлік керілу коэффициенттері) қолданады.

Мысал үшін төменде ӘШҚД (мг/м³) есептеуге арналған бірнеше теңдеулер келтірілген.

а. Жұмыс аумағының ауасында бу күйінде кездесетін органикалық заттар үшін:

ӘШҚД = 0,5 · lgLimac + 0,49 lgCL50 – 0,83

ӘШҚД = 0,49lgDL50 + 0,63 lgLimac – 2,29.

б. Жұмыс аумағының ауасында аэрозольдер немесе олардың булармен қоспасы күйінде кездесетін органикалық заттар үшін:

ӘШҚД = 0,63lgDL50 – 1,75 + f,

Мұндағы f – аса жоғары кумулятивті заттар үшін 1,194, жоғары кумулятивті заттар үшін – 0,811, орташа кумулятивті заттар үшін – 0,786 құрайтын мән.

в. Бейорганикалық газдар мен булар үшін:

ӘШҚД = 2,52 · CL50 (мг/л).

г. Оксидтер мен металлдардың басқа да аз еритін қосылыстарының аэрозольдері үшін:

ӘШҚД = 0,85 · lgDL50(мА/кг) – 3,0 + lgМ – lgN;

ӘШҚД = 0,664 · lgDL50 (мг/кг) - 1,59,

Мұндағы DL50 (мА/кг) ; М – молекулярлы салмақ; N – молекуладағы металл атомдарының саны.

д. Металлдардың ерігіш тұздары үшін:

ӘШҚД = 0,7 · lgLimac – 0,85;

ӘШҚД = 0,29 · lgDL50 + 0,48 · lgLimac - 1,24.

3. Толық токсикологиялық баға беруді өндірістерді жобалау және жартылай зауыттық сынамалар жүргізу кезеңінде жүргізеді. Берілген кезеңде жедел және жеделдеу улылық көрсеткіштерімен қатар, жалпы улылық, ал қажеттілік бойынша арнайы әсер табалдырығын анықтайды, қор коэффициентін негіздейді. ШРЕК негіздеуден басқа, улану патогенезін зерттейді, мүмкін болатын кәсіптік ауруларды дер кезінде анықтау және емдеу көрсеткіштерін өңдейді. Экспериментальды сынамалардан басқа өндірістегі еңбек жағдайына баға беру үшін, сондай-ақ мүмкіндігінше жұмысшылардың денсаулық жағдайына да баға беру үшін шынайы зерттеулер жүргізіледі.

4. ШРЕК-ның клинико-гигиеналық апробациясын (зауыттық өндіріс) заттарды кеңінен енгізгеннен кейін (5 жылдан астам уақытта) іске асырады. Алыстатылған әсер беретін (канцерогенді әсер, ағзаның қартаюының жылдамдауы және т.б.) заттардың ШРЕК-ын тексеруді, ШРЕК-ны тексеруді умен қатынас жасай бастаған кезінен бастап 10-20 жылдан кейін жүргізеді.

Қолданудағы ШРЕК-ға түзету енгізу қажеттілігі, жұмысшылардың немесе олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайында, зиянды заттың ШРЕК аспайтын, тұрақты концентрациясына қол жеткізуге қарамастан, ауытқулардың белгілері анықталған жағдайда, тері арқылы улану мүмкіндігі болмаған жағдайда туындайды. Жекелеген жағдайларда ШРЕК клинико-гигиеналық тексеру қажеттілігі эксперименттерде заттардың табалдырықтыққа немесе ШРЕК жақын деңгейлерінде улылық әсер көрсететіні туралы куәлік ететін жаңа фактілер алумен байланысты пайда болады.

Гигиеналық зерттеулер жүргізу барысында технологиялық үрдісті және қолданылатын жабдықтарды мұқиат тексереді, жұмыс аумағының ауасының жағдайына және жұмысшылардың зиянды заттармен қатынас жасау ұзақтығы мен жеке басты қорғау құралдарын қолдануын ескере отырып жанама өндірістік факторларға талдау жасайды, жұмысшылардың мамандығына физиолого-гигиеналық баға береді (жұмыс күнінің хронометражы, еңбектің ауырлық және кернеулік дәрежесі және т.б.).

Өндіріс жағдайында нақтылы зиянды заттың әсер етуімен байланыстыруға болатын жұмысшылардың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді анықтау мақсатында клинико-статистикалық зерттеулер жүргізеді: химиялық қосылыстардың әсеріне ұшыраған жұмысшылардың кәсіптік улану (ауру) жағдайларына талдау жасау; кезеңдік медициналық тексеру нәтижелеріне талдау жасау; уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалтумен жүретін аурушаңдықты және өлімшілдікті тереңдетіп зерттеу. Қажет болған жағдайларда емханалық немесе стационарлық жағдайларда жұмысшыларға арнайы мақсатты бағытталған медициналық тексерулер жүргізеді.

13 Тарау

ЖЕКЕ БАСТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ.

Жеке басты қорғау құралдарын (ЖҚҚ) қолдану жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Осы факторлардың әсер ету қарқындылығын төмендету туралы мәселелерді шешуде мүмкіндігінше жеке басты қорғау құралдарынан бұрын ұжымдық қорғау әдістерін әрдайым алға қою керек.

Тиіміділік дәрежесіне қарай ЖҚҚ-ы жұмысшыларды қорғауға бағытталған шаралардың ішінде 4-ші орында тұрады:

    1. технологиялық – зияндылықтардың түзілуін технологиялық үрдісті өзгерте отырып жою;

    2. техникалық – зияндылықтардың өндірістік ортаға бөлінуіне кедергі келтіретін шаралар (жабдықтарды герметизациялау, үрдістерді механизациялау және автоматизациялау және т.б.);

    3. санитарлы-техникалық – зиянды факторларды өндірістік ортадан алып тастау немесе олардың әсерін рұқсат етілген деңгейлерге дейін төмендету (желдендіру және басқалары).

Осылайша, күнделікті жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басты қорғауды жалпы қорғау заттарының кешенінде қосымша қорғау құралы ретінде қолданады.

Апаттық, жөндеу және басқа да кезеңдік жұмыстарда персоналдардың жеке басын қорғау заттарын, көпшілік жағдайларда жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін ұйымдастыру жүйесіндегі бірден бір негізгі шаралар ретінде қарастыру керек.

Кез-келген ЖҚҚ қолдану мақсатына зиянды өндірістік факторлардың ағзаға тигізетін зиянды әсерін рұқсат етілген деңгейлерге дейін төмендету немесе толығымен жою жатады. Бұл кездерде ЖҚҚ-ның ағзаның тіршілікке маңызды функционалды жүйелері мен еңбек үрдісіне теріс әсері ең төменгі шамаларға дейін келтірілуі тиіс. ЖҚҚ-ы техникалық эстетика және эргономика талаптарына сай болуы керек. Оларға қорғаныстық, физиолого-гигиеналық және эксплуатациялық көрсеткіштері бойынша баға берілуі тиіс.

Жеке басты қорғау құралдарын беру тәртібін реттейтін құжаттар:

  • Қазахстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңы;

  • ҚР-ның «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» заңы 04.12.2002ж №361-ІІ-ҚР.

  • ҚР-ның «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы 28.02.2004 ж №528;

Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын, сонымен бірге ерекше температуралық жағдайларда немесе ластанумен байланысты жұмыстарды атқаратын жұмысшыларға сертификатталған арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке басты қорғау құралдары Қазақстан Рекспубликасының Үкіметімен анықталған тәртібімен бекітілген нормаларға сәйкес тегін беріледі.

Ластанған ЖҚҚ ауа ортасының және жұмыс бөлмелерінің беткейлерінің ластануының екіншілік көзі болып табылады, сондықтан да осы қорғау заттарының материалдары мен құрастырылымдары бірнеше рет тиімді тазалаулардан өткізуге мүмкіндік беруі тиіс, әйтсе де ЖҚҚ бір реттік қолдану да мүмкін болады, мысалы ШБ-І («Лепесток») респираторлары.

Күнделікті бар жұмыс күні бойына (ауа мен беткейлердің ластануы рұқсат етілген деңгейлерден аспайтын бөлмелерде) қолданылатын ЖҚҚ-на қорғаныстық тиімділігіне қатысты аса жоғары талаптар қойылмайды. Оларға қойылатын негізгі талаптарға ағзаның қоршаған ортамен ең аз газ-, жылу- және ылғал алмасу қиындылығы және еңбекке қабілеттілікті ең аз төмендетуі жатады (20%-дан кем).

Жөндеу, апаттық немесе қысқа мерзімдік жұмыстарға, соның ішінде жұмысшылар кезеңді түрде болатын бөлмелерде жұмыс істеуге арналған ЖҚҚ ең бірінші кезекте жоғары қорғаныс тиімділігіне ие болуы керек. Бұл жағдайда жұмысшы ағзасының газ-, жылу- және ылғал алсмасуды қамтамасыз ету талаптары шектелген уақыттың бір бөлігінде (әдетте 2-4 сағат) еңбекке қабілеттіліктің жеткілікті деңгейін (бастапқыдан 20-30%-ға төмен емес) ұстап тұру қажеттілігімен анықталады.

Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер қолданылатын ЖҚҚ –на қатысты бақылаушы және кеңесші ретінде жұмыс істейді, сондықтан да ЖҚҚ-ның түр-түрлілігі мен тағайындалу мәселелері жағынан жеткілікті түрде білімді болуы керек және ЖҚҚ-ын дұрыс қолданғанда ғана жұмысшылар үшін максимальды қорғаныстық әсер қамтамасыз етілетінін жете түсіне білуі тиіс.

ЖҚҚ-ның түр -түрі әдетте анықтамалық каталогтарда ұсынылады: «Изотоп» бірлестігінің «Радиоактивті және бірқатар агрессивті заттармен жұмыс істеуде қолданылатын жеке басты қорғау құралдары»; каталог-анықтама «Өндірістерде жұмыс істейтіндердің жеке басты қорғау құралдары»; «Жұмысшылардың жеке басты қорғау құралдары бойынша анықтамасы» (ВЦНИИОТ); каталог-анықтама «Темір жол транспортында жұмыс істейтіндердің жеке басты қорғау құралдары»; каталог «Тыныс алу мүшелері мен теріні өнеркәсіптік жеке басты қорғау құралдары»; «Отандық жеке басты қорғау құралдарының каталогы» және т.б.

12.4.011-87 «ЕҚСЖ. Жұмысшыларды қорғау заттары. Жіктелуі» МЕСТ-на сай барлық ЖҚЗ-ын тағайындалуы бойынша келесі кластарға бөледі: оқшаулаушы костюмдер (пневмокостюмдер, су оқшаулағыш костюмдер, скафандрлар); тыныс алу мүшелерін қорғау заттары (противогаздар, респираторлар, пневмомаскалар); арнайы қорғау киімі (комбинезондар, жартылай комбинезондар, күртешелер, шалбарлар, костюмдер, шапандар, жартылай шапандар, шалғыштар, кеудешелер, жеңдер); аяқты қорғау заттары (етіктер, батфорттар, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер, галоштар, ботылар, бахилдер); қолды қорғау заттары (биалайлар, саусақты қолғаптар); басты қорғау заттары (каскалар, дулығалар, дулыға асты киімдер, құлақшындар, береттер, қалпақтар); бетті қорғау заттары (қорғаныс маскалары және қалқандар); көзді қорғау заттары (қорғаныстық көзілдіріктер); есту мүшесін қорғау заттары (шуға қарсы дулығалар, құлақшалар, тығындар); биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғау заттары (қорғаныстық белбеулер, диэлектрлі кілемшелер, қолдық қармауыштар мен манипулятолар, тізеліктер, иықтықтар); қорғаныстық дерматологиялық заттар (жуғыш пасталары, кремдер, мазьдар); кешенді қорғау заттары.

Оқшаулағыш костюмдер қажетті еңбекке қабілеттілікті сақтау жағдайында қоршаған ортаның зиянды және қауіпті әсерінен максимальды қорғанысты қамтамасыз етеді. Оларды демонтаж кезінде және жоғары улы заттармен ластанған жабдықтардық жөндеуде, желдендіру қондырғыларын тексергенде, апаттық жұмыстарды орындауда, бұйымдарды тұйық және жартылай тұйық кеңістіктерде 150-400°С дейін қыздыра отырып дәнекерлеу кезінде, төгіліп қалған улы заттарды тазалауда, шахталардағы құтқару жұмыстарында, өрт сөндіру кезінде және т.б. қолданады.

12.4.064-84 «ЕҚСЖ. Оқшаулағыш костюмдер. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері» МЕСТ-да өнеркәсіптік мақсаттағы қолдануда бар және жаңадан шығарылған костюмдерге қойылатын бірегей жалпы талаптар қалыптастырылған, олардың негізіне әдеттегі өндірістік операцияларды және қысымы қалыпты атмосфералық қысымнан іс жүзінде өзгешеленбейтін ортада бірқатар апаттық жұмыстарды орындауға қабілетті оқшаулағыш костюмді киген адамның психофизиологиялық мүмкіншіліктері қаланған (МЕСТ скафандрлар мен су оқшаулағыш костюмдерге қолданылмайды).

Стандарт бойынша қарастырылатын оқшаулағыш костюмдер адамды тыныс алу ауасымен қамтамасыз ету жүйесіне байланысты шлангілі (Ш) және автономиялы (А) болып жіктелінеді.

Шлангілі оқшаулағыш костюмдерге тыныс алуға және костюм астылық кеңістікті желдендіруге арналған ауа стационарлы пневможелілер немесе жылжымалы ауа үрлегіштер арқылы келеді. Ауаның берілуі автономиялы оқшаулағыш костюмдер, негізінен апаттық және бірқатар жөндеу жұмыстарына арналады. Оларда адамның тыныс алуы үшін ауа костюмнің құрамына кіретін, ауа немесе оттегі қоры бар баллоннан беріледі; арнайы құрылымдарда сәйкес қайта қалпына келтіргеннен кейін адамның тыныстап шығарған ауасын да қолдануға болады.

Оқшаулағыш герметикалы костюмді киюді шектейтін негізгі факторға ағзаның ысып кетуі жатады, сондықтанда 12.4.064-84 МЕСТ-ке адамның жылу мөлшері бойынша шектеулер енгізілген – 31 ккал/кг көп емес (130 · 10³ Дж/кг). Ол дулығаастылық кеңістікте 6-сағаттық жұмыс істеуі кезінде адамның тіршілік ету нәтижесінде түзілетін аммиак, алифатты көмірсутектер, көміртегі тотықтары және басқалар сияқты зиянды заттардың мөлшерін шектейді.

Сонымен қатар тыныс алатын ауадағы көміртегі қос тотығы (2% кем емес) мен оттегінің (19% кем емес және 41% көп емес) мөлшері де регламенттелінеді. Костюм жанбайтын материалдан жасалынған жағдайында, оқшаулағыш костюммен жұмыс істеу ұзақтығы 4 сағаттан көп емес болған жағдайда, оттегінің мөлшерін 95%-ға дейін жоғарылатуға рұқсат етіледі.

Шлангілі оқшаулағыш костюмге киінген адамның максимальды еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін МЕСТ-мен, тыныс алу үшін және дулыға асты кеңістікті желдендіру үшін қажетті ауа мөлшері 250л/мин аз емес (0,0042м³/с), соның ішінде тыныс алу аумағында 150 л/мин (0,0025м³/с) кем емес қалыптастырылған.

МЕСТ оқшаулағыш костюмдердің тыныс алуға кедергі келтіруін, олардың салмағын, сөйлеу жиіліктерінің ауданында дыбыстарды өшіруді шектеу дәрежесін, сонымен қатар олардың құрастырылымдық сәнделуін (көру аймағының ауданы, материалдарына қойылатын жалпы талаптар және т.б.) шектейді.

ТМ –нің ЖҚҚ-ы тыныс алатын ауаны зиянды ҚР ДМ-мен қалыптастырылған ШРЕК-дан аспайтын мөлшерге дейін тазалауды қамтамасыз етуі керек.

Тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ. Тыныс мүшелерінің ЖҚҚ-ын қолдану «Тыныс алу мүшелерін жеке басты қорғау құралдарын қолдануды таңдау бойынша әдістемелік ұсыныстармен» (Л., 1982) регламенттеледі.

Әсер ету қағидасы бойынша ТМ ЖҚҚ келесі типтерге бөледі: а) сүзгілі - бос оттегінің ауадағы мөлшері жеткілікті (18% кем емес) және зиянды заттардың мөлшері шектеулі болған жағдайда қорғауды қамтамасыз етеді; б) оқшаулағыш – оттегінің мөлшері жеткіліксіз және зиянды затардың мөлшері шектеулі емес болған жағдайда қорғауды қамтамасыз етеді.

Сүзгілі ТМ ЖҚҚ тағайындалуы бойынша үш түрге бөлінеді: 1) шаңға қарсы – аэрозольдерден қорғау үшін; 2) газға қарсы – бугазтәрізді зиянды заттардан қорғау үшін; 3) газшаңқорғаныстық – ауада бір мезгілде болатын бугазтәрізді зиянды затардан және аэрозольдерден қорғау үшін.

Оқшаулағыш ТМ ЖҚҚ жұмыс істеу қағидасына қарай екі түрге бөледі: 1) шлангілі – тыныс алу үшін жарамды ауаны таза аумақтан (ауаны өзіндік сору құралдары және мәжбүрлі түрде беретін құралдар) беруді қамтамасыз етеді; 2) автономиялы – ауамен қамтамасыз етудің жеке дара көздері арқылы тыныстық қоспаларды беруді қамтамасыз етеді (химиялық реакциялар кезінде алынатын оттегін қолданатын құралдар).

ТМ ЖҚҚ сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылды:

  • Қорғаныс коэффиценті, яғни берілген ТМ ЖҚҚ қамтамасыз етілетін зиянды заттың концентрациясының төмендеу жиілігі;

  • Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы тұрақты ауалық ағымға бастапқы қарсылық көрсетуі;

  • Көру аймағының шектелуі;

  • Үздіксіз жұмыс істеу кезіндегі және зиянды заттардың (газға қарсы және газдышаңдықорғаныстық ТМ ЖҚҚ үшін) орташа концентрацияларында сүзгілі элементтердің қорғаныстық әсер мерзімі.

Ауадағы зиянды заттардың мөлшері салмақтық концентрация бірліктері мен көлемдік үлестермен берілуі мүмкін. Бугазтәрізді зиянды заттардың салмақтық концентрациясын (мг/л) көлемдік үлестерге қайта есептеу келесі өрнек бойынша жүргізіледі:

,

мұндағы p – көлемдік үлес,%; с – салмақтық концентрация, мг/л; 2,24 – қайта есептеу коэффициенті; М – зиянды қоспаның молекулярлы салмағы.

ТМ ЖҚҚ таңдау кезінде, олардың құрастырылымдық ерекшеліктерін, қорғаныстық және эксплуатациялық қасиеттерін, ықшам климатты, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы мен мөлшерін, өндірістік операциялардың арнайылығы мен еңбек ауырлығын ескеру керек (13.1-13.3 кестелер).

Қарқынды физикалық жүктемелермен, ыңғайсыз дене қалыптарында ауыр жүктерді көтеру және тасымалдаумен байланысты жұмыстарды орындауда және басқа да жағдайларда респиратордың бетке жанасу герметикалылығының бұзылу қауіпі төнгенде, бет бөліктері бар резиналы жартылай маскалар, бетперделер (маскалар) немесе дулыға-бетперделер түріндегі ТМ ЖҚҚ қолдану керек.

Кесте 13.1. Ауаның әртүрлі температураларында қолданылатын респираторлар

Зиянды зат

Қоршаған ортаның температурасы

қалыпты

жоғары

төмен

Аэрозольдер

Органикалық заттардың булары

Қышқыл газдар

Сынап булары

Аммиактың және күкіртсутектің булары олардың жеке-жеке және бірлескен мөлшерінде

Аэрозолдері бір мезгілде болатын органикалық заттардың булары

Аэрозольдері бір мезгілде болатын қышқыл газдар

Аэрозольдері бір мезгілде болатын сынап булары

Аэрозольдері бір мезгілде болатын аммиак пен күкіртсутектің булары жеке-жеке немесе қоспада

«Кама», «Лепесток-200, 200М», «У-2К», «Лола», «Форт-ПЗ», «Уралец-П», «Щит-П», «РП-К»

А патронды «РПГ-67»,

В патронды «РПГ-67»,

Г патронды «РПГ-67», «Лепесток-Г»

КД патронды «РПГ-67», «ЛУР-ГП» (аммиак)

А патронды «РУ-60-М», «РУ—92 СН» «Нечерноземье», «Уралец - А», «У-2ГП-А», «Кама-А»

В патронды «РУ-60 - М», «Снежок-КУ»

Г патронды «РУ-60-М», «Лепесток - Г»

КД патронды «РУ-60-М»

«Лепесток-200», «Лепесток-40», «Астра-2», «Ф-62-Ш», «РП-КМ»,

«ЛУР-ГП»

«РГ-92 СН»

«РУ-92 СН»

«РУ-92 - СН»

«Астра-2С»

«РГ-92 СН»

Шағын көлемді тұйық немесе жартылай тұйық бөлмелерде (цистерналар, құдықтар және т.б.) тек шлангілі аппараттарды қолданған дұрыс.

ТМ ЖҚҚ қолдану кезінде еңбек тәртібін есте сақтау керек. Қазіргі кезде қолданылатын барлық ТМ ЖҚҚ жұмысқа кедергі келтіреді (көп немесе аз дәрежеде), ыңғайсыздықтар туғызады, сондықтанда ТМ ЖҚҚ-н қолдануда еңбек ауырлығын №104.001-2000 ҚР АДЗ Басшылықтың 4.11 кестесінде келтірілгендерге қарағанда

Кесте 13.2. ТМ сүзгілі ЖҚҚ-ның сипаттамалары

Респиратор

Зиянды заттар (шаң)

Концентра-ция, мг/м³

Қорғаныстық әсер уақыты

Салмағы, г

Жұмыс темпера-турасы, °С

Тыныс алу ға келтіретін кедергісі, Па

Қақпақшала рының болуы

Сүзгінің ауысуы

т/а

т/ш

Аэрозольдерге қарсы респираторлар

«Кама»

Силикатты, металлургиялық, тау-кен, көмір, тоқыма, темекі шаңдары, дусттар, тыңайтқыштар, жасанды жуғыш заттары

> 200 емес

1-7 ауысым

20

0-28

> 35 емес

-

-

-

«Лепесток-200», 200М

Сондай

> 100 емес

1 – 6 ауысым

15

0 – 28

> 40 емес

«У – 2К»

Өсімдік, жануар, минеральды аэрозольдер

> 200 емес

1 – 30 ауысым

60

0 – 28

>58 емес

1

1

КЖ – 1м «Лола»

> 10 ШРЕК емес

1 – 10 ауысым

15

0 – 28

> 10 емес

«ФОРТ - ПЗ»

Силикатты, цементті, көмір, егеулік, пигментті, мата, темекі, қауырсын, ағаш аэрозольдері

> 200 емес (10 – 15 ШРЕК)

1 – 3 ауысым

20

0 – 28

> 35 емес

«РПФ - 1»

Өсімдік, жануар, минеральды, металл аэрозолдері

>200 емес

1 – 3 ауысым

20

0 – 28

> 39,2 емес

«РФП – 3»

Сондай

> 200 емес

1 – 3 ауысым

0 – 28

> 30 емес

«Лепесток - 200»

Сондай

> 200 емес

1 – 6 ауысым

18

0 – 50

> 34,3 емес

«Лепесток - 40»

Өсімдік, жануар, минеральды, жасанды жуғыш заттардың аэрозольдері

>200 емес

1 –6 ауысым

18

0 – 50

> 35 емес

«Уралец - П»

Сондай

> 100 емес

1 – 7 ауысым

35

0 – 28

> 39 емес

«Щит - П», «Щит – ПК – 3»

Цемент, көмір, темекі, ұн, ағаш аэрозольдері

> 100 емес

1 – 7 ауысым

20

0 – 28

> 22 емес

1

«Астра-2», «Астра-2с»

Шаң, түтін, жоғары, орташа және қатқыл дисперсті тұман

Шаң –200-400; м. тұман >15 емес

Ауыр жұмыс кезінде 4 сағ, жеңіл жұмыста 8 сағ.

230

Жоғары t° кезінде, тө мен t° кезінде

> 40 емес

2

1

2

«Ф-62-Ш»

Көмір, силикат, металлургиялық аэрозольдер, дусттар, ұнтақ тәрізді тыңайтқыштар

200 – 400

Ауыр жұмыста 2 сағ, жеңіл жұмыста – 3 сағ

250

Жоғары t° кезінде

Тыныс алғанда – 35, тыныс шығарғанда – 60

1

1

1

«РП-К», «РП-КМ»

Шаң, жоғары, орта және қатаң дисперсті

> 100 емес

Ауыр жұмыста 2 сағ, жеңіл жұмыста – 3 сағ.

95

Жоғары t° кезінде

Тыныс алғанда – 44, тыныс шығарғанда –27

1

1

Сыртқы және ішкі

«РПА»

Өнеркәсіптік шаң

> 500 емес

5 – 30 ауысым

250

0 – 28

> 35 емес

-

1

2

«РП – 91ш»

Көмір, силикатты, металлургиялық аэрозольдер, дусттар, тоқыма, темекі шаңы

> 500 емес

5 – 30 ауысым

200

0 – 28

Тыныс алғанда –29, тыныс шығарғанда - 65

-

1

2+ сөйлесу құрылымы

Газға қарсы респираторлар

«Лепесток - Г»

Сынап булары

40 ШРЕК

6 – 8 сағ

16

0 – 28

> 60 емес

«Лепесток– А-пан»

Гексохлорбутадиен, молекулярлы иод, темір пентокабонилі

10–40ШРЕК

6 – 8 сағ

16

0 – 28

> 50 емес

«Лепесток – В-пан»

HF, күкірт ангидриді, хлор

15-40 ШРЕК

6 – 8 сағ

20

0 – 28

> 50 емес

«РПГ»

А, В, КД, Г патрондары

20-50 ШРЕК

Патронның мөр таңбасына сәйкес келеді

300

0 – 28

> 58 емес

1

2+ сөйлесу құрылымы

«РПГ – 67» патрондары:

А

Органикалық газдар мен булар (бензол)

1,0

60 мин

300

0 – 28

> 89 емес

-

1

2

В

Қышқыл газдар мен булар (SO2, HCl)

2

50 мин

Г

Сынап булары

0,01

20 сағ

КД

Аммиак пен күкірт гидридінің қоспасы

2 және 2

30 мин

«РГ-92 СН»

Күкірт қосылыстары, хлор- және фтороргани- калық заттар

20–50 ШРЕК

45 мин

350

-45 – 50

> 90 емес

-

1

2

Әмбебап респираторлар

«Кама - А»

Бензин, керосин, бензол, толуол, шаң

5 – 10 ШРЕК

6 – 8 сағ

30

0 – 28

> 60 емес

-

-

-

«ЛУР-ГП»

Бензол, керосин, толуол, бензин, аэрозольдер

2 – 20 ШРЕК

3 – 5 ауысым

50

Кең диапазонды

> 60 емес

1

1

-

«Снежок - ГП»

Газдар мен аэрозольдер

шаң 15 ШРЕК

> 100 емес

5 ауысымға дейін

75

0 – 28

> 30 емес

-

1

2

«РУ-60М» патрондары:

А

Органикалық газдар мен булар (бензол), шаң, түтін, тұман

1,0

35 мин

340

Кең диапазонды

> 80 емес

-

1

2

В

Қышқыл газдар мен булар (SO2, HCl), шаң, түтін, тұман

2

32 мин

Г

Сынап булары, шаң, түтін, тұман

0,01

15 сағ

КД

Аммиак пен күкір гидридінің қоспасы, шаң, түтін, тұман

2 және 2

20 мин

«РУ-92 СН»

Газдар мен аэрозольдер

20-50 ШРЕК

> 15 мин емес бензол бойынша, > 30 емес SO2 бойынша

350

40 – 55

> 95 емес

-

1

2

«Стрела»

Фторлы қосылыстардың аэрозольдері, қышқыл газдар

10 ШРЕК

3 ауысым

15

0 – 28

> 30 емес

-

-

-

«Нечерноземье»

Өнеркәсіптік және тұрмыстық шаң, органикалық заттардың булары

10 ШРЕК

5 сағ

12

0 – 28

> 50 емес

-

-

-

«Уралец»

10 ШРЕК

5 – 7 ауысым

35

0 – 28

> 58 емес

-

-

-

А

Органикалық заттардың булары (бензол, керосин, хлор- және фосфорорганикалық улытыңайтқыш- тар), шаң

1,0

15 мин

Г

Сынап булары, органикалық сынап, органикалық улы тыңайтқыштар, шаң

0,001

5 сағ

КД

Аммиак пен күкірт гидридінің қоспасы, шаң

0,1

30 мин

К

Аммиак, этилен тотығы, шаң

0,1

40 мин

В

Газды дәнекерлеудегі қышқыл газдар

0,1

20 мин

«У-2ГП» А, Г, КД, К

Сондай

10 ШРЕК

5 – 30 ауысым

60

0 – 28

> 58 емес

1

1

-

Кесте 13.3. ТМ оқшаулағыш ЖҚҚ таңдау бойынша берілген ұсыныстар

Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың топтары

ШРЕК-дан жоғарылауы кезіндегі ТМ оқшаулағыш ЖҚҚ-ның ұсынылатын маркалары

Ескертулер

10 есеге дейін

10-нан 100 есеге дейін

100 еседен аса

Бөлшектерінің диаметрі 2 мкм аспайтын жоғары және орташа дисперсті аэрозольдер (минеральды және органикалық заттардың түтіндері мен тұмандары, конденсация аэрозольдері, дәнекерлеу түтіндері, радиоактивті және микробты аэрозольдер

-

-

Шлангілі тыныс аппараттары

Бөлшектерінің диаметрі 2 мкм асатын қатаң дисперсті аэрозольдер (материалдарды өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты жұмыстар, сонымен қатар пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары)

-

-

сондай

Тек шағын көлемді тұйық кеңістіктерде

Ауа ылғалдылығымен әсерлесуге қабілетті және содан соң теріні тітіркендіргіш заттарды түзетін, кез келген дисперстіліктегі аэрозольдер

-

дулыға-маскалы противогаз, кез келген маркалы сүзгілі коробка

Дулығалы-маскалы немесе дулығалы шлангілі тыныс аппараттары

Органикалық заттардың булары

А маркалы МКП өнеркәсіптік

Күшті әсер етуші және жоғары улы заттардан

противогаз

басқалары

А маркалы БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары

0,5 % көл.көп емес мөлшер кезінде

Аэрозольдердің бір мезгілде болуы кезіндегі органикалық заттардың булары

А маркалы сүзгілі МКПФ өнеркәсіптік противогазы

0,5 % көл.көп емес мөлшер кезінде

А маркалы сүзгілі БК өнеркәсіптік противогазы

Қышқыл газдар

В маркалы МКП өнер Кәсіптік противогазы

В маркалы өнеркәсіптік противогаз

0,5% көл. көп емес мөлшер кезінде

Аэрозольдермен бір мезгілде болатын қышқыл

газдар

В маркалы сүзгілі МКПФ өнеркәсіптік противогазы

В маркалы сүзгілі БК өнеркәсіптік противогазы

0,5% көл. көп емес мөлшер кезінде

Шлангілі тыныс аппараттары

Сынап булары

-

Г маркалы МКП өнеркәсіптік

Г маркалы

противогазы

өнеркәсіптік противогаз

Шлангілі тыныс аппараты

Аэрозольдермен бір мезгілде болатын сынап

булары

Г маркалы МКПФ өнеркәсіптік противогазы

Г маркалы сүзгілі БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тынс аппараты

Мышьякты және фосфорлы сутек булары

Е маркалы БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары

0,2% көл. көп емес мөлшер кезінде

Аэрозольдері бір мезгілде болатын мышьяк және фосфорлы сутек булары

Е маркілі сүзгілі БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары

0,2%көл. көп емес мөлшер кезінде

Көміртегі тотығы (ысты газ)

СО маркілі БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары кезінде

0,5% көл. көп емес мөлшер

Аммиак немесе күкіртсутек булары олардың жеке немесе бірге болуында

КД маркілі МКП өнеркәсіптік противогазы

КД маркілі БК өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары

0,5% көл. көп емес мөлшер кезінде

Аммиак және күкіртсутектің булары, жеке-жеке немесе аэрозольдері бір мезгілде болатын қосасында

КД маркілі МКПФ сүзгілі өнеркәсіптік противогазы

КД маркілі БК сүзгілі өнеркәсіптік противогазы

Шлангілі тыныс аппараттары

0,5% көл. көп - емес мөлшер кезінде

Газдар мен булардың қоспасы – қышқыл газдар, мышьякты және фосфорлы сутек, аммиак, күкіртсутек, көміртегі тотығы

М маркілі БК өнеркәсіптік противогазы

СО және зиян заттардың буларының қосындылық мөлшерінде 50 ШРЕК к өп емес

Шлангілі тыныс аппараттары

Газдар мен булардың, қышқыл газдардың органикалық заттарының мышьякты және фосфорлы сутектің аэрозольдері бір мезгілдеболатын қоспалары

БКФ маркілі өнеркәсіптік противогаз

Зиянды газдар мен булардың жиынтық мөлшері 0,2% көл аспайтын кезде

Шлангілі тыныс аппараттары

бір класқа жоғары етіп жіктеу керек (жеңіл физикалық жүктемені орташа ауырлықты физикалық жүктеме ретінде бағалайды, орташа ауырлықты физикалық жүктемені

1-ші дәрежелі ауыр жұмыс ретінде, 1-ші дәрежелі ауыр жұмысты – 2-ші дәрежелі ауыр жұмыс ретінде бағалайды). ТМ ЖҚҚ ауысым бойына үздіксіз қолдану кезінде, жұмыс уақытында, еңбек технологиясы мен ұйымдастырылуында қарастырылғандардан тыс, қосымша үзілістер енгізілуі мүмкін. Үзілістер кезінде барлық жұмысшылар ластанған аумақтардан шығу және ТМ ЖҚҚ шешу мүмкіншіліктеріне ие болуы керек.

13.4 кестеде еңбек ауырлығы мен ТМ ЖҚҚ-мен тыныс алуға келтірілетін кедергілерге байланысты еңбек тәртібі келтірілген.

Кесте 13.4. ТМ ЖҚҚ қолдану кезінде ұсынылатын физикалық жұмыс тәртіптері

Физикалық жұмыстың ауырлығы

(12.1.005-88 МЕСТ бойынша )

Тыныс алуға келтірілетін кедергі кезінде ТМ ЖҚҚ-мен жұмыс ауысымының әрбір сағатында болу ұзақтығы, мин

100 Па дейін

100 Па аса

Жеңіл

Орташа ауырлықты

Ауыр

45

30

15

30

15

әрбір жарты сағат сайын 3-5

ТМ ЖҚҚ пайдалана отырып жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс ауысымының тек бір бөлігін ғана құрайтын болғандықтан қалған уақытты толығымен немесе бөлшекті түрде жеңілдеу жұмыспен немесе атмосферасы ластанбаған, ТМ ЖҚҚ қодануды талап етпейтін жұмыстармен айналысу керек.

ТМ ЖҚҚ қолдануды талап ететін жағдайларда орындалатын еңбек жағдайымен айналысу кезінде жұмыс істеу ұзақтығы нақты өндірістік жағдайлармен еңбек кернеулігіне тәуелді болады. Бұл кезде әрбір 1,5-2 сағат сайын дем алу үшін ұзақтығы 10-15 мин қосымша үзілістерді қарастыруға болады.

Қорғау заттарына дағдылану үшін алғашқы аптада ТМ ЖҚҚ-да болу ұзақтығын кестеде көрсетілген ұзақтықтарға қарағанда азайту керек.

Егер технология ерекшеліктеріне байланысты ауаның ластануына қауіптенуге негіз болатын болса, онда әкімшілік (ОМСЭҚ көмегімен), аэрозольдер, газдармен булардың барлық бөлмелердегі және кәсіпорынның (бірлестіктің) барлық ауданындағы ШРЕК жоғарылауын анықтау үшін, барлық жұмыс орындары үшін, тіпті стационарлы жұмыс орыны жоқ жұмысшылардың (жөндеу-орнату мамандығының жұмысшылары, ИТЖ және т.б.) жұмыс аумақтарымен қоса ауа ортасының жағдайына зерттеу жүргізуді ұйымдастыруға міндетті. Тексеру кезінде сондай-ақ әдетте ШРЕК жоғарылауы байқалмайтын, бірақ өндірістік апаттық жағдайларда ауаның қатты ластануының айтарлықтай қауіпі бар жұмыс орындары немесе аумақтары (бөлімдер, цехтар) анықталуы тиіс.

Мұндай жұмыс орындары мен жұмыс аумақтарының тізімін кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерімен бірлесе отырып құрастырады және кәсіпорынның (бірлестіктің) әкімшілігі кәсіподақ ұйымының келісімімен бекітеді. Әрбір бөлімде, әрбір цехта еңбек жағдайы бойынша белгілі бір маркілі ТМ ЖҚҚ қолдануы қажет жұмыс орындары мен жұмысшылардың тізімі болуы керек. Цехта немесе бөлімде ТМ ЖҚҚ жүйелі түрде қолдану кезінде ТМ ЖҚҚ арнайы сақтау, беру және қабылдап алу, тазалау, жөндеу, қайта қалпына келтіру және сүзгілі элементтерін және басқа да бөлшектерін ауыстыру бөлмелері, сонымен қатар қолданылып жатқан ТМ ЖҚҚ-ның дұрыстығын тексеру бөлмелері болуы керек.

Жоғарыда аталынған мәселелерден басқа еңбек гигиенасы дәрігері, барлық жұмысшыларға, ИТЖ мен еңбек жағдайы ТМ ЖҚҚ қолдануды талап ететін қызметкерлерге әр түрлі (кіріспелік, жұмыс орнында – біріншілік, қайталамалы, жоспардан тыс) нұсқама жүргізуге міндеттейтін, 12.0.004 «Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша нұқсама жүргізу тәртібі бойынша типтік нұсқа» МЕСТ-ның орындалуына бақылау жүргізеді.

Арнайы киім, аяқ киім және қол ЖҚҚ. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмысшылар мен қызметкерлерге «Жұмысшылар мен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке басты қорғау құралдарын тегін таратудың типтік салалық нормаларына» сәйкес жеке басты қорғау құралдарын тегін таратады.

Арнайы киім, аранайы аяқ киім және қолдың ЖҚЗ-ы 12.4.103-83 «ЕҚСЖ. Арнайы қорғаныстық киім, қол мен аяқты жеке қорғау заттары. Жіктелуі» МЕСТ-на сай сәйкес шартты белгілерін қалыптастыра отырып қорғаныстық қасиеттері бойынша ажыратылады.

Осы стандарттың негізінде арнайы киімнің қорғаныстық қасиеті әріптермен таңбаланған арнайы белгішелер жасалынған (13.1.сурет).

Арнайы киімдерге арналған таңбалар. Таңбалар (қорғаныстық белгішелер) арнайы қорғаныстық киімнің сол немесе басқа түрін дұрыс және тез таңдап алуға көмектеседі, ол оның қолдану тиімділігі мен сенімділігін едәуір жоғарылатады. Таңбаларды сол жақ жеңнің жоғарғы бөлігіне немесе төс қалтаға бекітеді.

Таңба – арнайы киімге арналған қорғаныс белгісі* - сызықты және әріптік таңбалары бар белгілі бір түсті (немесе екі түсті) сызықтық белгі ( 6,2 · 8 см²) болып табылады.

М е х а н и к а л ы қ ә с е р - екі түсті белгі, сары және ашық-көк түстер қызыл жолақпен бөлінген, ақ түсті әріптік таңбалары болады:

Мп – үйкелуден;

Мн – шаншулардан, кесілулерден.