
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
жобасына сараптама жасау
Кәсіпорындардың тұрмыстық ғимараттары жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған: санитарлық-тұрмыстық, денсалық сақтау, қоғамдық тамақтану, сауда, тұрмыс, мәдениет қызметі бөлмелерін орналастыруға арналған.
Әкімшілік және тұрмыстық бөлмелерді жылжымалы құрылымдарда (құрылыстық-монтаждау ұйымдарының әкімшіліктік және тұрмыстық бөлмелері) немесе ғимараттың бір бөлігі шамасында (қосымша құрылысты) не болмаса өндірістік ғимараттың барлық биіктігі мен еніне тура болатын бөлігінде (жалғама), оның биіктігі немесе енінің бір бөлігінде (қондырма) жобалайды және өндірістік ғимараттар мен бөлмелерден өртке қарсы бөгеттермен бөледі.
Жалғамалы бөлмелерді, ережеге сай, жеңіл қоршамалы құрастырылымдардан жасайды, соның ішінде жинамалы-шашпалы және шашыраңқы орналастырылады. Жалғамалы бөлмелері мен мобильді ғимараттардың биіктігі (еденнен төбеге дейінгі) 2,4 м кем емес қабылданады. ІА, ІБ, ІГ, ІД және ІVA климаттық аудандықтарында жылжымалы құрылымдардағы бөлмелердің биіктігі 2,7 м кем болмауы керек. Жұмысшылар тұрақты болатын бұл құрылымдардың 2,4; 2,5 және 2,7 м биіктіктеріндегі ауданын 7% жоғарылату керек. Сыйымдылығы 75 адамнан көп болатын жиналыстарға арналған залдың, асханалардың және әкімшілік бөлмелердің биіктігі 3 м кем болмауы керек.
Өндірістік ғимараттардың жалғамалы құрылымдарының құрамында бірқатар тұрмыстық бөлмелер қарастырылады (дәретханалар, дем алу, жылыну немесе салқындау бөлмелері, әйелдердің жеке бас гигиенасын сақтауға арналған бөлмелері, қолмен істелінген ванналар, қол жуғыштар, шеберлер мен басқа да персоналдарға арналған бөлмелер), олар өндіріс жағдайына байланысты жұмыс орындарына жақын жерлерде орналастырылуы тиіс.
ІVа өрт тұрақтылықты ғимараттардағы жалғамалы бөлмелерді (дәретханалардан, әйелдердің жеке бас гигиенасын сақтау бөлмелерінен, қолға арналған ванналардан, сумен қамтамасыз ету көздерінен, қол жуғыштармен жартылай душтардан басқалары) сыртқы қабырғаларға таяу, антресольдерде және алаңқайларда орналастыруға рұқсат етілмейді.
Жылытылатын өндірістік ғимараттар оқшау тұрған тұрмыстық ғимараттармен жылы өткелдер арқылы байланыстырылуы тиіс. ІV климаттық ауданда (ІVГ аудандығын қоспағанда) орналастырылған ғимараттардан, сонымен бірге климаттық ауданға тәуелсіз - әрқайсысында ауысымына 30 адамнан көп емес жұмысшылар саны бар жылытылмалы өндірістік ғимараттардан жылытылмалы өткелдерді қарастырмаса да болады. Мұндай кездерде өндірістік ғимараттарда киім ілгіштермен жабдықталған жылы үстіге киетін киімдерді сақтауға арналған бөлмелер қарастырылуы керек.
Жеке тұрған ғимараттарда, жалғамаларда (қабаттар саны төрттен аса), қондырмалар мен іргемелерде («ылғалды» үрдістері бар өндірістердегі бөлмелерден басқалары) автоматты түрде іске қосылатын өртке қарсы сигнализация қарастырылады. Санитарлық-тұрмыстық және әкімшілік бөлмелерден көшірілетіндердің саны ауысымдағы жұмысшылардың санына, асханалардан, жиналыстар мен кеңестер өткізуге арналған залдардан – 25%-ға көбейтілген залдағы орындардың санына сәйкес келуі тиіс.
Көп қабатты ғимараттарды кіре беріс пен жоғарғы қабат едендерінің белгісінің айырмасы 12м және одан да көп болғанда, сонымен қатар екінші және одан да көп қабаттарында отырғыш-арбаларын қолданатын мүгедектерге арналған бөлмелердің болуында жеделсатыларды қарастыру керек. Жеделсатылардың саны кем дегенде екеу болуы керек. Жеделсатылардың бірінің кабинасының тереңдігі 2,1 м кем емес, ені – 1,1 м кем емес, есіктің ені 0,85 м кем емес болуы керек.
Тікелей өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді өндірістік үрістердің тобына байланысты 2.09.04-87 «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар» ҚНмЕ-нің 6 кестесіне сәйкес жобалау қажет.
Өндірістік ғимараттардағы жұмыс орындарынан дәретханаларға, шылым шегу, жылыну немесе салқындауға арналған бөлмелерге, жартылай душтар, сумен қамтамасыз ету құрылымдарына дейінгі қашықтық 75 м кем емес, тірек-қимыл аппаратының жұмысы бұзылған мүгедектер мен ғаріп жандар үшін – 60 м көп емес, ал кәсіпорын ауданындағы жұмыс орнына дейін – 150 м кем емес болуы тиіс.
Тұрмыстық бөлмелердің ауданы мен қызмет көрсету сипатын жұмысшылардың жалпы санына және олардың еңбек жағдайына тәуелді болатын, берілген өткізу қабілетін ескере отырып таңдайды. Бұл кезде жобаның технологиялық бөлімінде ең көп санды ауысымдағы, сонымен қатар ауысымның ең көп санды бөлігіндегі жұмысшылардың тізімдік саны көрсетілуі керек. Мобильді ғимараттар үшін ауысымдағы жұмысшылар саны тізімдіктің 70%-н, соның ішінде әйелдер 30% -ын құрауы тиіс.
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің құрамына шешінетін бөлмелер, душ қабылдау бөлмесі, дәретханалар, шылым шегуге арналған бөлмелер, жылыну немесе салқындау бөлмелері, жартылай душтарды орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету бөлмелері, арнайы киімдерді өңдеу, сақтау және беру бөлмелері кіреді.
Санитарлық сипаттамаларына байланысты өндірістік үрдістерді 4 топқа бөледі: 1) 3-ші және 4-ші қауіптілік класының заттарымен ластануына алып келетін өндірістік үрдістер; 2) айқын артық жылу бөлінумен немесе қолайсыз метеорологиялық жағдайларда жүретін үрдістер; 3) 1-ші және 2-ші қауіптілік класы заттарымен және тұрақты иісі бар заттармен ластануға алып келетін үрдістер; 4) өнімді шығаруда аса тазалық сақтауды және стерильділікті талап ететін үрдістер. Бұл топтардың әрқайсысы арнайы тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдардың құрамын, шешінетін жерлердің түрін, 1 адамға бөлінген шкафтың бөлімдерінің санын, 1 душтық торға және бір шүмекке келетін адамдардың есепті санын анықтайтын топшаларға бөлінген.
Кәсіптерді өндірістік үрдістердің топтарына жатқыза отырып жасалынған тізім министрліктермен және өкілеттіліктермен ҚР ДМ-нің келісімі бойынша бекітіледі.
Шешінетін блок құрамына көшеге киетін киімге, үй және арнайы киімге арналған гардеробтар, душ бөлмесі, қол жуу бөлмесі, дәретханалар кіреді. Шешінетін бөлмелерде, сондай-ақ арнайы киімдердің қоймасын, тазалық жүргізетін құрал-саймандарға, аяқ киімді тазалауға, қырынуға, шашты кептіруге орын бөлінген кезекші қызметкер бөлмесін қарастыру керек. Шешінетін бөлмелердің түрі өндірістік үрдістің сипаттамасына байланысты болады.
Жалпы шешінетін жерлер жұмысшыларының тізімдік саны 50 адамға дейін болатын өндірістік үрдістің барлық топтары үшін қарастырылады. Ал, 1в, 2в, 2г және 3б топшаларының өндірістік үрдістері үшін үй және арнайы киімге арналған шешінетін жерлер жеке-жеке болуы керек. Өкілеттік нормативтік құжаттармен сәйкес киімдерді ашық түрде сақтауға, соның ішінде киім ілгіштерде сақтауға рұқсат етілген.
Шешінетін жерлерде шкафтардағы бөлінділердің немесе ілгектердің саны үй және арнайы киімдер үшін жұмысшылардың тізімдік санына тең етіп қабылданады, ал көшеге киетін киім үшін – екі байланысты ауысым санына тең қабылданады.
Көше киіміне арналған гардеробтардың ауданы 1 адамға 0,1м², І климаттық аудан мен ІІА және ІІІА аудандықтарында, сонымен қатар өзіндік қызмет көрсетуде мұндай гардеробтардың ауданын 25% көбейту керек.
Арнайы тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдарға кір жуу, салқындату, арнайы киімді кептіру, жылыну, химиялық тазалау, арнайы киімдерді сақтау орындарын жасанды желдендіру бөлмелері жатады. Егер арнайы киімді әрбір ауысымнан кейін тазалау немесе залалсыздандыру жүргізілетін болса гардеробтардың орынына арнайы киімді беру пунктерін қарастырады.
Жұқпалы және радиоактивті заттармен, сонымен бірге тері арқылы түсуде адам үшін қауіп туғызатын заттармен жұмыс істеуде санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді өкілеттілік нормативтік құжаттармен сәйкес жобалайды.
Душтардың, қол жуғыштардың және де арнайы тұрмыстық құрылымдардың санын ауысымда немесе бір мезгілде жұмысын аяқтайтын осы ауысымның бір бөлігінде жұмыс істейтіндердің саны бойынша қабылдайды. 1в топшасының өндірістік үрдістері кезінде (арнайы жуу заттарымен кететін, 3-ші және 4-ші қауіптілік кластарының заттарымен дене мен арнайы киімнің ластануына алып келетін үрдістер) жұмысшылардың тізімдік саны 200 болғанда киімнің әр түрі үшін (үй немесе арнайы) бөлек бөлек 200 ілгекті гардеробтар, 40 душтық торлар және 10 жуыну шүмектерін орнату керек.
Әртүрлі топтардың өндірістік үрдістерінің бірлесуі кезінде шешінетін жерлердің түрі, душтық торлар мен жуыну шүмектерінің санын ең жоғары талаптары бар топ бойынша, ал арнайы тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдарды – қосындылы талаптары бойынша қарастырады.
Душтық бөлмелерді көлемі 0,9х0,9 (1,8х0,9) болатын ашық душтық кабиналармен жабдықтайды. Жабық кабиналар тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар мүгедектермен ғаріп жандар үшін қарастырылады.
Іа тобының үрдістері кезінде қарастырмаса да болады. Мобильді ғимараттарда блок-контейнерлерден душтық торлардың есептеулі сандарын 60% -ға дейін азайтуға болады.
Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар мүгедектермен ғаріп жандардың бір душтық торапқа келетін есептеулік саны – 3, бір шүмекке - өндірістік үрдістің санитарлық сипаттамасына байланыссыз – 7.
Көп қабатты тұрмыстық әкімшіліктік және өндірістік ғимараттарда дәретханалар әрбір қабатта болуы керек. Оларға кіретін есікті өздігінен ашылатын есігі бар дәліз жағынан қарастыру керек. Ерлер дәретханаларында салалық нормативтерге сай жеке дара тағандардың орнына қабырғасымен жуылап кететін писсуарларды қоюға рұқсат етіледі. Әйелдер мен ерлерге арналған жалпы дәретханаларды, ауысымдағы жұмысшылар саны 15 адамнан аспаса қарастыруға рұқсат етіледі.
Екі байланысты қабаттардағы жұмышылар саны 30 адам және одан кем болса дәретханаларды жұмысшыларының саны көбірек қабатта орналастырады. Егер үш қабаттағы жұмысшылар саны 10 адамнан аз болса, үш қабатқа бір дәретхана қарастырылады. Жұмысшылардың ішінде тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар мүгедектер болса, дәретханаларды әрбір қабатта, қабаттағы жұмысшылардың санына және дәретханалардағы санитарлық құралдардың санына байланыссыз орналастырады. Отырғыш-арбаларды пайдаланатындар үшін дәретханалардың біріндегі писсуарды еденнен 0,4 м биіктікте орналастыру керек. Ғаріп адамдардың еңбегі қолданылуы мүмкін кәсіпорындарда әйелдер мен ерлерге арналған дәретханаларды жеке-жеке орналастыру керек.
Арнайы киімдерді жуу үшін өндірістік кәсіпорындарды немесе кәсіпорын топтарында химиялық тазалау бөлімі бар кір жуатын бөлмелері қарастырылады. Негізделген жағдайларда, арнайы киімдерді өңдеу үшін арнайы бөлімдері болған жағдайда қалалық кір жуу бекеттерін қолдануға рұқсат етіледі.
Кір жуатын бөлмелерде, бір жұмыс орнына 9м² есебінен арнайы киімді жөндеуге арналған бөлмелерді қарастыру қажет. Жұмыс орындарының саны тізімдік сандағы 1000 адамға аяқ киім жөндеу бойынша бір орын және киімді жөндеу бойынша екі орын бөлу есебі бойынша қабылданады.
Арнайы киімді тарату, кептіру, шаңсыздандыру және зиянсыздандыру бөлмелерінде ауданы 0,1 м²/ад. болатын киім ауыстыру орнын, ал көше киімінің гардеробтарында және арнайы киімді сақтау қоймаларында – ауданы 0,03м²/ад. болатын орындарды қосымша қарастыру қажет.
Тазалық жұмыстарында және жуғыш заттарды қолдана отырып ыстық сумен жууда қолайлы жағдай жасау үшін (арнайы киімдер гардеробтарында, душ бөлмелерінде, душқа кіре берісте, қол жуатын бөлмелерде, дәретханаларда, арнайы киімді кептіру, шаңсыздандыру және зиянсыздандыру бөлмелерінде) бөлмелердің қабырғаларын 2 м биіктікте, сонымен қатар төбелер де суға төзімді жабындылармен жабылуы тиіс.
Кәсіпорындарды жобалау кезінде денсаулық пункттерін, медициналық пункттерді, әйелдердің жеке бас гигиенасын сақтау бөлмелерін, булағыштарды (сауналар), ал өкілеттілік нормативтер бойынша - ингаляторийлер, фотарийлер, қол және аяқ былаулау (ванна) бөлмелерін, сонымен қатар жұмыс уақытында дем алуға және психологиялық жүктемелер жасауға арналған бөлмелерді қарастыру керек. Бірқатар жағдайларда жеке тапсырма бойынша емханалар (амбулаториялар), ауруханалар, санаторий-профилакториилер, жедел және шұғыл жәрдем көрсету бекеттері, сонымен қатар спорттық-сауықтыру ғимараттары мен құрылымдары қарастырылуы мүмкін.
Жұмысшылардың тізімдік саны 50-ден 300 адамға дейін болғанда медициналық пункт қарастырылады. Медициналық пунктің ауданы: 12 м² - жұмысшылардың тізімдік саны 50-ден 150 адамға дейін болса, 18м² - 151-ден 300 адамға дейін болады. Мүгедектердің еңбегі қолданылуы мүмкін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданын 3м²-қа өсіруге рұқсат етіледі.
Фельдшерлік пункттердің құрамына науқастардың уақытша болу бөлмесі, ем-дом қабылдау кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеттері, физиотерапия, тіс дәрігері, гинеколог кабинеттері, дәлізінде қол жуғышы бар дәретханалар кіреді.
Бір фельдшерлік денсаулық тұрағымен қызмет көрсетілетіндердің саны: жер асты жұмыстарында – 500 адам, химиялық, тау-кен, көмір және мұнай өңдеу кәсіпорындарында – 1200 адамнан көп емес, халық шаруашылығының басқа да салаларында – 1700 адамнан көп емес болады.
Кәсіпорындардағы жұмысшылардың тізімдік санына байланысты фельдшерлік пункттердің орнына дәрігерлік денсаулық пункттерін орналастыруға рұқсат етіледі. І категориялы дәрігерлік денсаулық пункттерімен қызмет көрсетілетіндердің саны: жер асты жұмыстарында – 1000 адамнан көп емес, химиялық, тау-кен, көмір және мұнай өңдеу кәсіпорындарында – 2400 адамнан көп емес, халық шаруашылығының басқа да салаларында – 3400 адамнан көп емес болады.
ІІ категориялы дәрігерлік денсаулық пункттерін фельдшерлік денсаулық тұрақтарымен қызмет көрсетілетіндердің санымен сәйкес ұйымдастырылады. Дәрігерлік денсаулық тұрақтары бөлмелерінің құрамы мен ауданы 2.09-87 «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар» ҚНмЕ-нің 9 кестесіне қарай қабылданады.
Фельдшерлік және дәрігерлік тұрақтарды бірінші қабатта орналастыру керек.
Әйелдердің жеке бас гигиенасын сақтау бөлмелері бір қондырғыға 75 адам есебінен дәретханаларда орналастырған дұрыс.
Булағыштарды (сауналарды) қарастыруға рұқсат етіледі. Булағыштар (сауна) бірінші қабатта немесе жертөлелік қабатта сыртқы қабырға бойымен орналастырылуы керек және өзіндік эвакуациялық шығу есігі болуы тиіс.
Егер өндірістік үрдістер шаңның немесе тітіркендіргіш әсерлі газдардың бөлінуімен жүретін болса, онда жергілікті денсаулық сақтау мекемелерімен келісе отырып ауданы 1 адамға 1,8м² болатын ингаляторийлерді қолдану керек.
Күн көзінің жеткіліксіздігінің алдын алу үшін ендік белдеуден солтүстікке қарай орналасқан бірқатар кәсіпорындарда табиғи жарықсыз бөлмелерінде немесе ТЖК-нің шамасы 0,1% кем бөлмелерде, сонымен қатар жер асты жұмыстарында ауданы 1 адамға 1,5м² болып келетін фотарийлер жасалынады. Олар үй киімінің гардеробтарында орналастырылады.
Жалпы немесе жергілікті дірілмен байланысты өндірістік үрдістерде әрқайсысының ауданы 1,5м² болатын қол немесе аяққа арналған былаулықтар қарастырылады. Аяқтарға арналған былаулықтарды қол жуатын бөлмелерде немесе гардеробтарда (бір қондырғыға 40 адам есебінен) орналастыруға болады. Қолдарға арналған былаулықтарды қол жуатын бөлмелерде немесе электрлік сүлгілермен жабдықталған жеке бөлмелерде (жұмысшылардың ауысымдағы саны 100 адам және одан да көп болғанда), өндірістік бөлмелерде (жұмысшылардың саны аз болғанда) ауысымдағы қол былаулықтарын пайдаланатын 3 жұмысшыға 1 былау есебінен орналастырады.
Жұмыс уақытында дем алатын бөлмелер мен орындарды және психологиялық босаңсу бөлмелерін үй киіміне арналған гардеробтарда және денсаулық пункттерінде, сонымен қатар өндірістік бөлмелерінде жұмыс аумағының ауасының рұқсат етілген көрсеткіштері қамтамасыз етілген және 1-ші және 2-ші қауіптілік класы заттары ауасында жоқ өндірістік мақсатта қолданылмайтын цехтарда орналастырлады. Психололгиялық босаңсу бөлмелеріндегі және демалыс орындарындағы дыбыс қысымының деңгейі 65 дБА аспауы тиіс.
Жұмысшылардың тамақтандырылуы барлық жұмысшыларды жалпы, диеталық, ал арнайы тапсырыстар бойынша – емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етуге есептелген асханаларда қарастырылады. Ауысымдағы жұмысшылардың саны 200-ден асса, ережеге сай, жартылай өнімдерді пайдаланатын асхананы, ал 200-ге дейін болса – таратушы-асхананы, ал 30 адамнан аз болса – әрбір келушіге 1м² есебінен және жалпы ауданы 12м² кем емес ас қабылдау бөлмесін қарастыру керек (асханадағы орындардың санын ауысымдағы немесе ауысымның ең көп санды бөлігіндегі 4 жұмысшыға 1 орын есебінен қабылданады), олар қол жуғышпен, стационарлы су қайнатқышпен, электрлі плиткамен, тоңазытқышпен жабдықталуы тиіс. Жұмысшылар саны 10 адамнан аз болса гардеробта ауданы 6м ² болатын қосымша орын бөлінеді, ол жерге ас қабылдауға арналған стол қояды.
Басшылардың кабинетінің ауданы жалпы жұмыс ауданының 15% көп емес бөлігін құрауы тиіс. Кәсіпорын басшылары мен олардың орынбасарларының бөлмелерінде ауданы 9м² болатын қабылдау бөлмелерін орналастырады. Басқару аппаратының отырыстар өткізу залының ауданын залдағы 1 орынға 0,9м² және отырғыш-арбаларын пайдаланатын мүгедектер үшін 1,65м² есебінен қабылдау керек. Еңбекті қорғау кабинеттерінің (м² берілген) ауданы кәсіпорындағы жұмысшылардың тізімдік санына байланысты анықталынады. Техникалық кітапхана, мұрағат, қоғамдық ұйымдардың бөлмелерінің ауданы мен құрамын 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар және имараттар» ҚНмЕ-нің кестелеріне сәйкес қабылдау керек.
Әкімшілік бөлмелерінің 1 жұмысшыға арналған ауданы төмендегідей тәртіппен қабылданады: өндірістік-диспетчерлік мекемелер, есептеу орталықтарындағы бағдарламалау мекемесінде, телетайптарда – 4,5м², көшірмелі-көбейту қызметтерінің тапсырыстарды қабылдау және тарату мекемелерінде – 6м², машинамен теру мекемелерінде - 4м².
Ғимараттар мен бөлмелердің жылыту және желдендіру жүйелерін жобалау кезінде 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауа баптау» ҚНмЕ-дің талаптарын сақтау керек. Жылдың суық мезгілінде жылытылған әкелуші ауаның берілуін бөлменің жоғарғы аумағында орналастырылған ауатаратушылардан қарастыру керек, және қажет болған жағдайларда ауа алмасуы сормалы жүйемен қалыптастырылған бөлмелерден алып кетілетін ауа көлемін орнына келтіруге арналған дәліздерге берілуін қарастырған дұрыс.
Гардеробтардан ауаның алып кетілуін душтық бөлмелер арқылы қарастыру керек. Душ бөлмелерінен алып кетілетін ауаның орнын толтыруды гардероб бөлмелерінен қарастырған дұрыс. Душ бөлмелері мен дәретханаларда санитарлық қондырғылардың саны 3 және одан да көп болса табиғи ауа әкелуші жүйені қолдануға рұқсат етілмейді. Жылдың жылы мезгілінде сыртқы ауаның бөлмелерге ашылатын терезелер арқылы табиғи түрде түсуі қарастырылады.
Сормалы желдендірудің жекелеген жүйелерін фельдшерлік және дәрігерлік тұрақтардың бөлмелері үшін, душтық бөлмелер, дәретханалар үшін қарастыру керек. Толығымен ауыстырылмайтын барлық киім түрлерін бірге сақтау гардеробтарында және толығымен ауыстырылатын арнайы киім гардеробтарында орналастырылған душтық бөлмелер мен дәретханалар үшін бірлескен сормалы желдендіру құрылымы рұқсат етіледі.
Жылдың суық мезгіліндегі есептелген температура келесідегідей: көше киіміне арналған гардеробтар – 16°С. Жұмысшылардың толық емес ауысытырылатын барлық киім түрлерін бірге сақтауға арналған гардеробтарда - 23°С, душ бөлмелерінде - 25°С, дәретханалар, дәретханалардағы қол жуғыштарда, шылым шегу бөлмелерінде, арнайы киімді шаңсыздандыру және жөндеу бөлмелерінде - 16°С. жылдың жылы мезгілінде бөлмелердегі (гардеробтардағы, вестибюлдердегі, душтық бөлмелердегі, дәретханалардағы, дәретхана ішілік қол жуғыштардағы, шылым шегу бөлмелеріндегі) ауа температурасы мен ылғалдылығы нормаланбайды.
Тұрмыстық ғимараттар мен бөлмелер жобасына гигиеналық сараптама жасауды келесі схемамен жүргізеді.
Бас жоспардағы қосалқы бөлмелердің орналастырылуымен олардың көлемдік-жоспарлық құрастырылымдық шешімдеріне баға беру.
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің жиынтығы 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар және имараттар» ҚНмЕ-дің талаптарына сәйкес келуін анықтау.
Жекелеген бөлмелердің (гардеробтар, душ, қол жуу, дәретхана бөлмелерінің және т.б.) жоспарлануы мен жабдықталуына баға беру.
Денсаулық сақтау бөлмелеріне баға беру. Денсаулық тұрақтары. Денсаулық пункттерінің категориясы, орналастырылуы, бөлмелерінің жиынтығы мен олардың көлемдері. Ингаляторийлер, фотарийлер, қол және аяқ былауларына арналған бөлмелер, жұмыс уақытында дем алуға арналған бөлмелер және психологиялық босаңсу бөлмелері, олардың жабдықтары мен көлемдер.