
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
12 ТАРАУ |
САҚТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ |
12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
Дәрігер гигиенисттің сақтық санитарлық қадағалау бойынша іс әрекетінің мазмұны ҚР ДМ-мен 8.07.05 №334 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары бойынша анықталынады.
Қ ұ р ы л ы с т ы ң т е х н и к о – э к о н о м и к а л ы қ н е г і з д е л у і н ж ә н е э с к и з д і ж о б а л а р д ы қ а р а с т ы р у. Технико-экономикалық негіздеу (ТЭН) жеке дара ғимараттар мен құрылымдарды жобалаудағы міндетті кезең болып табылады. Ғимараттардың құрылысын типтік немесе қайталап қолданылатын жобалармен салуда ТЭН жасалынбайды. Кейде ТЭН орнына эскизді жобаларды жасайды, оның айырмашылығы жасалынатын бөлімдерінің қарапайымдылығында.
ТЭН негізгі тағайындалуы – ғимараттың ақырғы сыртқы ауқымдарын, сәулеттік бейнесін, бөлмелерінің құрамы мен шамамен алынған жоспарлануын, жобаланатын нысанның қоршаған ортаға және қоршаған ортаның жобаланатын нысанға мүмкін болатын жағымсыз әсерін анықтау, қолданудағы және есептеулік технико-экономикалық көрсеткіштердің нормативтілерге сәйкестігіне баға беру. ТЭН-ді қарастыру үшін, ол келесі құрамда қабылдануы тиіс: жолдама хат, бастапқы-рұқсат ету құжаты, атқарушы үкімет органдарының қаулысы, қалақұрылыстық қорытындысы, жалдау келісімі немесе жер бөлігін қорға алып қою кесімі және түсініктеме қағазы, сәулеттік-құрылыстық бөлім (жағдайлық жоспар, бас жоспар, қабаттық жоспар, кесінділері мен фасадтары), инженерлік жабдықтар, тораптары мен жүйелері, құрылысты ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау бөлімі (құрамы, ереже бойынша нысанның тағайындалуына байланысты болады).
Қоршаған ортаға қолайсыз әсер көзі болып табылатын өндірістік мақсаттағы нысандар үшін атмосфералық ауаның ластануы бойынша, өндірістік лас сулар, қатты тұрмыстық қалдықтар, шу, діріл, электромагниттік өріс бойынша есептеулер жасайды.
Бұдан басқа, өндірістік мақсаттағы нысандар бойынша келесі бөлімдерді ұсынады: технологиялық шешімдер, жұмысшылардың еңбек жағдайы және ұйымдастырылуы, өндірісті және кәсіпорынды басқару, азаматтық қорғаныстың инженерлі-техникалық шаралары және төтенше жағдайларды болдырмау бойынша шаралар, инвестиция тиімділігі және басқалар.
ТЭН-ді қарастыру мерзімі – 30 жұмыс күніне дейін, ал байланысты бөлімшелерді қарастыру кезінде – 10 күннен көп емес. Қорытындыны №303/у нұсқасы бойынша толтырады.
Қ ұ р ы л ы с т ы ң б а с ж о с п а р ы н қ а р а с т ы р у т ә р т і б і. Бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰС) құрамдас бөлігі болып табылады, ол өз кезегінде құрылыс жобасының (жұмыс жобасының) құрамына кіреді. Бас жоспарды 1:500 масштабында сызу түрінде орындайды, оның бұрышында (оң төменгі жағында) нысанның аталуын және мекен жайын көрсететін жасаушы-ұйымның мөрі болады. Жоспарда жоспардағы ғимараттың ауқымы және қоршаған құрылыс-жайлар көрсетіледі, ол айшықталған болуы керек, яғни жоспарда көрсетілген барлық нысандар әр түрлі түстермен бөлініп көрсетілуі керек. Бұдан басқа, онда құрылыс алаңының қоршауы және оған негізгі құрылымдар мен механизмдерді (тұрмыстық қалашық, кран, ерітінділік түйін және т.б.) орналастыру, құрылыс ауданынан негізгі және өрттік кіру-шығу жолдары, уақытша және тұрақты инженерлік коммуникацияларды қосу орындары көрсетіледі. Жоспарға түсініктеме қағазы бекітілуі тиіс, онда құрылысқа қатысты негізгі бастапқы-рұқсат ету құжаттарын көрсетеді: атқарушы үкімет органдарының қаулысы немесе жарлығы, санэпидқызмет мекемелерімен келісілген қала құрылысының қорытындысы (тапсырмасы), жер бөлігін жалдау келісімі, сонымен қатар тапсырушының және мердігер ұйымның, сонымен бірге құрылыс инвесторының аталуы, құрылысы салынып жатқан нысан туралы қысқаша мәліметтер.
Қазіргі уақытта құрылыстың бас жоспарының екі түрін жасайды: дайындық кезеңінің жоспары және негізгі жұмыстарға арналған жоспар. Дайындық кезеңінің бас жоспары құрылыс салынатын ауданды тазалау, ескі құрылыстарды алып тастау, қоршамасын орнату, уақытша коммуникацияларды жүргізу жұмыстарын кіргізеді, ал негізгі кезеңнің бас жоспары – шұңқыр қазу және нысанның құрылысын салу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Дайындық кезеңнің бас жоспарын келісуде құрылыс салуға жер бөлігін бөлу бойынша қорытындыны басшылыққа алу керек. Негізгі құрылыстық жұмыстардың бас жоспарына келісім беру, ТЭН (эскизді жоба) бойынша оң қорытынды болғанда ғана мүмкін болады.
Бас жоспарды қарастыру мерзімі – 10 жұмыс күні, қорытындыны №303/е нұсқасына толтырады. Бас жоспар сызбасында келісімнің бар екендігі туралы белгі жасайды, оның нөмірін және қорытынды беру күнін көрсетеді.
Қ ұ р ы л ы с қ а б а қ ы л а у ж а с а у т ә р т і б і. Құрылысқа бақылау жасауды бас жоспардың келісімінен және сәйкес нұсқа бойынша картаны толтырудан бастайды.
Бақыланатын әрбір нысан үшін сәйкес іс қалыптастырылады, ол нысан бойынша санэпидқызмет мекемелерінің бұрын берілген барлық қорытындыларының көшірмелерінен, нысан бойынша негізгі мәліметтерден, тексеру материалдарынан және т.с.с. тұруы керек. Берілген істің соңғы құжаты болып нысанның құрылысының аяқталу қорытындысы табылады.
Құрылысқа бақылау жасау ретті түрде тексерулерден, кеңес берулерге қажетті жұмыс құжаттарын қарастырудан және т.с.с. тұрады. Құрылысы салынып жатқан нысанға сақтық санитарлық қадағалауды іске асырмастан бұрын тапсырушымен және құрылыс мердігерімен жұмыстық жиналыс жүргізілуі тиіс. Бұл жиналыстың алдына қойған негізгі мақсаты - нысанның негізгі көрсеткіштерімен, құрылыс графигімен және сатыларымен, субмердігер ұйымдарының тізімімен, құрылыс технологиясы және т.с.с. танысу. Құрылыстың тапсырушысы және мердігері МСЭҚБ мекемелерімен жүргізілетін бақылаудың әдістері және кезеңдерімен ақпаратталынуы тиіс. Бұдан басқа, жобалық құжатқа енгізілетін құрылыс жүргізу барысында кездесетін өзгерістерді келісу тәртібін анықтау керек.
Құрылысы салынып жатқан нысанды тексеру кезеңділігі регламенттелінбейді және берілген нысанды бақылайтын дәрігермен анықталынады. Ол құрылыстың екпініне және кезеңділігіне, салынып жатқан нысанның гигиеналық тұрғыдан маңыздылығына тәуелді болады. Шұңқыр қазу, ғимраттарды монтаждау, инженерлік жабдықтау және өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде нысанды тексеруге аса назар аудару керек. Өндірістік мақсаттағы нысандарды тексеру кезеңділігі - тоқсанына 1реттен кем емес («нөлдік айналым» бойынша – жылына 1 рет).
Құрылысы салынып жатқан нысанға қадағалау жасаудың негізгі сатыларының біріне жұмыс құжатын қарастыру жатады. Жұмыс жобасын қарастыруды құрылыс ауданында жүргізеді немесе құрылыс мердігері қажетті сызбаларды МСЭҚБ мекемелеріне ұсынады. Жұмыс құжатын бірінші қарастыру құрылысы салынып жатқан нысанға қадағалудың бірінші сатысында іске асырылады. Егер жұмыс құжатын өңдеу құрылыспен қатарластырып жүргізілетін болса, құрылыс тапсырушысынан оның өңделу графигін алу қажет және осы графикке сәйкес оны сатылы түрде алып келіп көрсетуі туралы ескерту беру керек.
Қарастырылатын құжаттардың тізімі ТЭН қарастырудағы құжаттар сияқты болады. Жұмыс құжатын қарастыруды құрылыс бойынша бастапқы-рұқсат ету құжаттарымен: атқарушы үкімет органдарының қаулысы немесе жарлығымен, қала құрылысының қорытындысымен (тапсырмасы), жер бөлігін жалдау келісімі немесе жерді қорға қою туралы актісімен, құрылыс салуға жер бөлу және ТЭН (эскиздік жоба) қорытындыларымен, жұмыс жобасы бойынша түсініктеме қағазымен танысудан бастаған дұрыс. Бұл кездегі негізгі мақсат құрылысы салынып жатқан нысанның негізгі көрсеткіштерімен танысу, қажетті бастапқы-рұқсат ету құжаттарының барлығын және салынып жатқан нысанның келісілген ТЭН-ге сәйкестігін анықтау болып табылады.
Одан әрі түсініктеме қағазының қысқаша мазмұнымен танысу қажет. Егер ұсынылған ақпараттар жеткіліксіз болса, ТЭН-дің түсініктеме қағазын ұсынуын талап ету керек.
Басты назарды салынып жатқан нысанның қабаттық жоспарын қарастыруға аударған дұрыс. Жоспарлар, ереже бойынша, 1:100 масштабта орындалады, дегенмен басқа масштабтар да қолданылуы мүмкін. Масштаб сызбалардың бұрыштық мөрінде (оң жақ төменгі) көрсетіледі.
Қабаттардың жоспарында бөлмелердің аталулары, олардың ауданы, сантехникалық қондырғылардың орналастырылуы көрсетіледі, ал жекелеген жағдайларда - технологиялық және қосымша жабдықтар да көрсетіледі.
Қабаттық жоспарларды қарастырудағы негізгі мәселелер:
ғимарат бөлмелерін ішкі функционалдық аумақтарға бөлу;
технологиялық ағымдардың қиылысуы (лас және таза);
жекелеген бөлмелердің ауданының жеткіліктілігі;
негізгі іс-әрекеттерді іске асыруға қажетті қосалқы бөлмелерінің болуы (шешінетін бөлмелер, сантехникалық бөлмелер, буфеттер немесе асханалар және т.с.с.);
тұрақты жұмыс орындарын табиғи жарықтандыру мен инсоляциялаудың нормативтік көрсеткіштерімен қамтамасыз етілуі;
бөлмелерде сәулеттік және құрастырымдық тәсілдердің және инженерлік қондырғылардың және басқалардың көмегімен гигиеналық көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
Содан кейін инженерлік қондырғылар бөлімін қарастыруға көшеді. Жылыту, желдендіру, кондиционерлеу, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелеріне баға беріледі. Бәрінен бұрын, қалалық пайдалану ұйымдарымен, салынып жатқан нысанды сумен, жылумен, газбен және т.с.с. қамтамасыз ету бойынша берілген техникалық жағдайлармен танысу керек. Одан әрі инженерлік тораптардың қағидалық схемаларын қарастыру қажет. Барлық бөлмелердің қажетті инженерлік қондырғылармен санитарлық ережелерге сай қамтамасыз етілуіне көңіл бөлу керек. Түсініктеме қағазда бөлмелердегі ықшам климаттың есептелген (осы есептеулерді келтіре отырып) көрсеткіштері туралы мәліметтер болуы тиіс. Ғимаратты пайдалану кезінде ұсынылған инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін одан әрі санитарлық өңдеуден өткізу мүмкіншілігіне назар салу керек. Ғимараттар мен құрылымардың инженерлік-техникалық жүйелерінің өзіндік жобасын қарастыру кезінде оны салалық бөлімдер байланысты бөлімшелердің қатысуымен жүргізеді.
Жобалық құжатты қарастыру нәтижелері бойынша сәйкес нұсқамен қорытынды даярлайды. Ескертпелер сәйкес нормативтік құжаттарды көрсете отырып анық көрсетілуі тиіс. Жоба бойынша қорытындыда гигиеналық маңызды және жобаның барлық бөлімі бойынша санитарлық ережелер мен нормаларда, гигиеналық нормативтерде, ҚНмЕ, МЕСТ-да және басқа да құжаттарда регламенттелген талаптары бар жобалық шешімдер көрсетілуі тиіс. Ескертулермен түзетілген жұмысшы құжатты қайта қарастыру тәртібі оны біріншілік қарастыру кезіндегідей жүргізіледі.
Жоғарыда аталып өткендей, санэпидқызмет мамандарымен тексеру жүргізу ұсынылатын, құрылыстың бірнеше сатылары борлады. Бұл – шұңқыр қазу, ғимараттар мен инженерлік қондырғыларды құрастыру, ішкі өңдеу жұмыстарын жүргізу. Бұл сатылардың әрқайсысында өзіндік міндеттер шешіледі.
Шұңқыр қазу сатысында негізгі назарды екі мәселеге аудару керек: ғимараттың құрылыстық орнықтырылуының келісілген ТЭН-ге сәйкестігі және таңдалынған топырақтағы қатты тұрмыстық қалдықтардың және қалдықтық үйінділердің болуы. Бұдан басқа, жобада қарастырылған құрылыс ауданының инженерлік дайындық бойынша қосымша жұмыстардың (радиологиялық, токсикологиялық және басқа да тексерулер, қажетті залалсыздандыру, зиянсыздандыру, дезактивациялық және басқа шаралар) жүргізілуіне көңіл бөлу керек.
Ғимаратты монтаждау сатысында салынып жатқан ғимараттың құрылыстық көрсеткіштерінің келісілген ТЭН-ге (жобаға) сәйкестігіне көңіл аударады. Бәрінен де құрылыс барысындағы өзгерістер бөлмелердің қайта жоспарлануымен, ал кейде ғимараттың сыртқы ауқымдарын үлкейтумен байланысты болады.
Ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу сатысында жөндеу жұмыстарын жүргізетін материалдарға, оларды қолдану саласына, сертификаттарының (гигиеналық қорытындыларының) болуына көңіл аударады.
Құрылысқа қадағалау жасаудың барлық сатысында құрылысшы жұмысшылардың еңбек жағдайына, қажетті санитарлық-тұрмыстық құрылымдарының, еңбек ету тәртібіне, қолданылатын жабдықтар мен технологиясына (келісілген сертификаттары және ТШ-ы бар) және т.с.с. болуына көңіл аудару керек.
Санэпидқызмет маманымен құрылысы салынып жатқан нысанға тексеру жүргізу кезінде акт (кесім) жазылады, оған құрылыстың мердігерлік өкілі немесе құрылыс тапсырушысы қол қояды. Санитарлық талаптардан ауытқулар анықталған кезде кесімге сәйкес жазулар түсіріледі және ақауларды жою бойынша ескертпе беріледі. Бұл кезде оның орындалу мерзімін және жауапты орындаушыны көрсетеді. Кейіннен адамның денсаулығына әсерін тигізуі мүмкін санитарлық нормалардың айтарлықтай бұзылыстары анықталғын жағдайда ескертпені, құрылыс тапсырушысының немесе мердігерінің атына, мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің қолы қойылған жеке хат түрінде толтырады. Бұдан басқа, анықталынған бұзылыстар туралы атқарушы үкімет органдарын және прокуратураны ақпараттайды.
Қ ұ р ы л ы с ы а я қ т а л ғ а н н ы с а н д ы п а й д а л а н у ғ а қ а б ы л д а у д а қ а д а ғ а л а у ж а с а у т ә р т і б і. Құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға жіберу санэпидқызмет мекемелерінің оның санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы қорытындысынсыз рұқсат етілмейді. Құрылысы салынып біткен нысандарды қабылдау тәртібі сәйкес нұсқалармен анықталады. Бюджетті қаражаттау кезінде нысандарды пайдалануға қабылдау бұрын қалыптастырылған тәртіппен іске асырылады. Ал құрылысты басқалай қаражаттау кезінде қабылдау комиссиясын құру туралы шешімді құрылыс тапсырушысы қабылдайды.
Құрылыс салынып біткен соң, қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру кезеңінде, тапсырушы жазбаша түрде (немесе телефонограммамен) ол туралы МСЭҚБ мекемелерін ақпараттайды. Пайдалануға қабылдауға қалай жекелеген ғимараттар мен құрылымдар ұсынылса, солай бекітілген жобаға сәйкес жекелеген кезектер мен іске қосу кешендері де ұсынылады.
Тапсырушы нормативтік құжаттарға сәйкес іске қосу кешені бойынша жұмысшы қабылдау комиссиясын ұйымдастырады және оның жұмысын бастауынан 5 күнннен кеш емес уақытта МСЭҚБ және басқа да мүдделі ұйымдарға хабарлайды.
Қалыптастырылған тәртіпке сай қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде бас дәрігер (оның орынбасары), немесе берілген комиссия құрамында жұмыс істеу үшін тағайындалған, қол қоюға құқылы МСЭҚБ қызметкері бола алады.
Жұмысшы комиссиясының құрамына енгізілген мамандар, орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың, жобалық-сметті құжатпен қарастырылған еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларының санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін тексереді, тапсырушымен ұсынылған қабылдау-тапсыру құжаттарын қарастырады.
Мекемелер, санэпидқызметтің жұмысшы комиссиясының жұмысы барысында гиниеналық саладағы ғылыми-зерттеу институттарының, сонымен қатар жобалау және технологиялық институттардың кеңесіне жүгіне алады. Жұмыс комиссияларының жұмыс істеу нәтижелері бойынша, құрылысы аяқталған нысанның дайындығы туралы кесім толтырылады, оған қабылданатын нысанның дайындығы бойынша ескертпелер болмаған жағдайда МСЭҚБ өкілі қолын қояды. Санитарлық-гигиеналық маңызды кемшіліктер мен ақаулар анықталған жағдайда, олар жұмысшы комиссиясы кесімінің қосымшасына тіркеледі. Кесімге бұл кезде қол қойылмайды. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға, олардың кемшіліктері мен аяқсыз қалған жұмыстары жойылған кезде ғана қабылдайды. Өндірістік мақсаттағы нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде мемлекеттік қабылдау комиссиясын бекітілген мерзімге дейін 3 айдан кеш емес уақытта құрады.
Қажет болған жағдайларда МСЭҚБ жекелеген көрсеткіштер бойынша бақылаулық тексерулер жүргізеді. Қортындыны дайындау мерзімі – 7 жұмысшы күніне дейін, қосымша тексерулер жүргізуде – 14 күнге дейін болады.
Нысан бойынша қорытынды даярлауда, нысанның пайдалануға дайындығын, оның жобаға, қолданудағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін дәлелдейтін құжаттарын, алдағы іске қосудағы жағдайларды және санитарлық-эпидемиологиялық салауттылықты қамтамасыз ету бойынша тапсырушымен ұсынылған құжаттарын тексереді, соның ішінде :
іске қосылатын қуаттылықтардың жобалық қуаттылықтарға сәйкестігі туралы анықтама;
жұмысшы комиссиямен анықталынған аяқсыз қалған жұмыстардың жойылғаны туралы анықтама;
жұмысшы қабылдау комиссиясының нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылдауға ұсыну мүмкіндігі туралы кесімі;
пайдалануға қабылданатын өндірістік мақсаттағы нысанның құрылысы немесе қайта құрастырылымы жүргізілген жобалық құжат, сараптамалық ұйымдардың осы құжат бойынша қорытындысы;
желдендіру жүйелерін, атмосфераға тасталынатын өндірістік қалдықтарды тазалау құрылымдарын, жарықтандыру қондырғыларын, жылулық бүркемелерін, жылу алып кетуші және жылудан қорғау экрандарын, фрамугаларды жабу және ашуды дистанциялық басқару құралдарын, жарық аэрациялық фонарларын, тік шынылануын, арнайы киімдерді шаңсыздандыру және дегазациялау камераларын, су- және жылумен қамтамасыз ету, канализация жүйелерін және т.с.с. техникалық сынау материалдары;
санитарлық-тұрмыстық және санитарлық-техникалық қондырғылардың, тамақтану бекеттерінің жұмысы, тұрғын үймен және қоғамдық ғимараттармен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер;
қалалық пайдаланушылық ұйымдарының, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализация және жылумен қамтамасыз етудің тысқары сыртқы коммуникациялары, кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін және олармен қызмет көрсетуге қабылданғанын (құрылысы салынған нысанның осы коммуникацияларға қосылуы жағдайында) көрсететін анықтама;
су құбырларын, канализацияны, жылытуды, ыстық сумен қамтамасыздауды және басқаларын іске қосуға қабылдау кесімі;
лас ағын суларын тазалау құрылымдары мен газшаң тұтып қалу қондырғыларын, арнайы іске қосу ұйымдарымен іске қосылуын қабылдау және орындалған жұмыстардың жобаларға сәйкестігі туралы кесімі;
шудың, дірілдің, шаңның, зиянды заттардың, әртүрлі сипаттағы өндірістік сәулеленулердің және т.б. зиянды факторлардың әсерінен қорғау бойынша шаралардың жүргізілгені туралы куәлік беруші материалдар;
тапсырушымен жүргізілген шуды, дірілді, электромагниттік өрісті, жарықтандыруды, ықшам климатты аспаптық өлшеу, сонымен қатар ауа ортасын, ауыз суды және т.б. тексеру және орнатылған құрылымдар мен қондырғылардың гигиеналық тиімділігін дәлелдейтін мәліметтер.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрылысы салынып біткен нысанды пайдалануға қабылдау туралы кесіміне, ондағы қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайы толығымен қамтамасыз етілгенде, санитарлық ережелер мен нормалар сақталғанда, табиғатты қорғау шаралары іске асырылғанда ғана қол қойылады.
Егер қабылданатын нысанда еңбек пен тұрмыстың санитарлық-гигиеналық жағдайын нашарлататын аяқсыз қалған жұмыстар анықталса, санитарлық ережелер мен нормалар сақталмаса, табиғатты қорғау шаралары орандалмаса және т.с.с., онда мемлекеттік санитарлық бас дәрігер (оның орынбасары) мемлекеттік қабылдау комиссиясының кесіміне қол қоймайды. Бұл кезде тез арада тапсырушыға, мердігерге, жоғары тұрған мемлекеттік қадағалау мекемелеріне мемлекеттік қабылдау комиссиясының кесіміне қол қою мүмкін еместігі туралы хабарланады.
Мемлекеттік санитарлық бас дәрігер (оның орынбасары) мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына, мердігердің қабылдау кезінде анықталынған санитарлық-гигиеналық келеңсіздіктердің жойылғаны туралы мәлімдемесінен кейін қайтадан кіріседі.
Құрылысы шет елдік лицензиялармен немесе кешенді шет елдік жабдықтың негізінде іске асырылған нысандарды пайдалануға қабылдау шет елдік фирмалардың өкілдерінің қатысуымен, жөнделген жабдықтарды сәйкес тексерулер мен сынамаларды өткізгеннен кейін 3.01.04-87 ҚНмЕ 5 тарауына сай жүргізіледі. Бұл кезде нысандарды мемлекеттік қабылдау комиссияларымен қабылдау тапсырушы және шет елдік фирмалардың лауазымды өкілдерімен келісім-шартта қарастырылған міндеттемелерін орындау туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін ғана іске асырылады. ОМСЭҚ жұмысының маңызды бөліміне кәсіпорынның дирекциясымен бекітілген шағын нысандарды пайдалануға қабылдау болып табылады. Олар жоспарлануы, технологиясы өзгертілген бөлмелер, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және басқалары. Мұндай нысандарда гигиеналық зерттеулердің тура сондай толық кешенін жүргізеді, себебі тек солар ғана жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын тудыру туралы мәліметтер алуға мүмкіншілік береді.
Т е х н о л о г и я л ы қ ү р д і с к е, ж а б д ы қ т а р ғ а б а ғ а б е р у. Халық шаруашылығының өркенді дамуы жаңа техника мен өндірістік технологияның пайда болуымен және кең көлемде енгізілуімен жүреді. Сонымен байланысты алдын ала сараптау және жаңа технологиялық шешімдерді, нормативті-техникалық құжаттарды (НТҚ) келісу, оларды сынау кезіндегі сынама үлгілеріне баға беру және тәжірибеге енгізу сатыларында сақтық санитарлық қадағалау жүргізудің маңызы ұлғаяды.
Жаңа технологиялық үрдістер мен жабдықтарды гигиеналық бағалау сараптау және НТҚ келісу кезеңдеріне мүмкін болатын қолайсыз әсерлерін болжауға қол жеткізеді. Анықталынған кемшіліктерді дер кезінде ең аз экономикалық шығындармен жою ең жоғары гигиеналық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Гигиеналық сараптама жүргізудегі заңдылық негіздерге «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» Заңы, «Денсаулық сақтаудағы заңдылық негіздері» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдылықтардың негіздері» жатады. Бұл заңдылық құжаттарда қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын жасау қажеттілігі регламенттелінеді, мемлекеттік санитарлық қадағалау мекемелерімен жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізуге қабілетті шикізаттың жаңа түрлеріне, өнеркәсіптік бұйымдарға, технологиялық үрдістерге, жабдықтардың түрлеріне, аспаптар мен жұмысшы құралдарына стандарттар мен техникалық шарттардың жобаларын келісу міндеттілігі анықталады. НТҚ-ды сараптау бойынша жұмыстардағы әдістемелік негіз «Технологиялық үрдістерді ұйымдастырудың санитарлық ережелері және өндірістік жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптары» (КСРО ДМ. № 1042-73) болып табылады.
Жаңа техниканы енгізуге сақтық санитарлық қадағалау тиімділігін жоғарылату мақсатында 1978 ж. КСРО ДМ-нің НТҚ қарастыру тәртібі мен мерзімдері қалыптастырылған «Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерімен және органдарымен нормативті-техникалық құжаттардың жобасын қарастыру және келісу тәртібі туралы» № 990 Бұйрығы шығарылды. Бұдан басқа, сараптама жүргізу кезінде 1.26-77 «Стандарттармен техникалық шарттардағы қауіпсіздік талаптарын өңдеу және келісу тәртібі» ЕҚСЖ –МЕСТ құжаттарын басшылыққа алу керек. Осылайша қалыптастырылған жүйе, халық шаруашылығының, жұмысшылардың денсаулығына мүмкін болатын қолайсыз әсері тұрғысынан технологиялық дамуының бақылаусыз қалуына жол бермейді. НТҚ-ға техникалық тапсырмалар (ТТ), техникалық шарттар (ТШ), МЕСТ-тер және ШСТ-тар түріндегі гигиеналық сараптамалар жүргізу кезінде келесі мәселелерге баса назар аудару керек:
еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау бойынша қолдану үстіндегі нормативтердегі қауіпсіздік нормалары мен талаптарының ұсынылу толықтығы мен сапасына;
қоршаған ортаны қорғау талаптарын, осы саладағы заңдылықтарды ескере отырып қамтамасыз ету;
еңбек қауіпсіздігі саласындағы талаптарды метрологиялық қамтамасыз ету.
НТҚ-ға сақтық санитарлық қадағалау жасаудың бірінші кезеңі МСЭҚБ –ның жаңа шығарылымға ТТ дайындау жұмысына қатысуы болып табылады. Бұл кезде шығарушы-ұйым МЕСТ талаптарына сәйкес шығарылған ТТ жобасын және таңдалынған санитарлық-гигиеналық көрсеткіштердің негізділігін дәлелдейтін материалдарды сараптамаға ұсынуы тиіс. Гигиенист – дәрігер үшін берілген құжатқа сараптамалық баға беру кезінде келесі бөлімдер аса маңызды болып келеді:
«Өнімдердің құрамы және құрастырылымдық құрылымдарға қойылатын талаптар». Өнімдердің құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптардың болуына, сонымен бірге зиянды өндірістік факторлардан (дірілден, шудан, шаңнан және т.б.) қорғауға назар аударылады.
«Қауіпсіздік және табиғатты қорғау талаптары». Гигиеналық тұрғыдан қолайлы еңбек ету жағдайларын қамтамасыз ету бойынша талаптарының көлемі және жеткіліктілігі қарастырылады, ұсынылған дірілдің, газданудың (есептеулі) және шаңданудың деңгейлері мен олардың нормативтік құжаттарға сәйкестігіне баға беріледі.
«Эстетикалық және эргономикалық талаптар». Жұмыс орындарына, басқару органдарына, ақпараттарды бейнелеу құралдарына және т.с.с. қойылатын эргономикалық талаптардың болуы және жеткіліктілігі зерттеледі.
Екінші кезең – гигиенист-дәрігердің жаңа технологиялық үрдістерге және жабдықтарға НТҚ-дың (ТШ, ШСТ-тар) жобасын келісуге қатысу. ТШ жобасын келісу үшін шығарушы-ұйым келесі құжаттарды ұсынады: ТШ жобасы, сынамалық үлгіні қабылдау кесімі; эксплуатациялық құжатар (технологиялық паспорт, эксплуатация бойынша нұсқау); келісілген және бекітілген ТТ-лар. ТШ-ға сараптама жасау кезінде дәрігер келесі тармақтарды тексеруі қажет:
қабылдаулық сынамалар кезінде алынған гигиеналық және эргономикалық көрсеткіштердің іс жүзінде кездесетін мәліметтерге негізделуі;
қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің, ТШ-дың бөлімдерінде көрсетілген талаптарына сәйкес ТТ бөлімдерінің талаптарына сәйкестігі;
«Қабылдау ережесі» бөлімінде бақыланатын гигиеналық көрсеткіштердің тізімінің, бақылау әдістері мен мерзімдерінің болуы.
Әртүрлі нысандарға ТШ қарастыру және келісудің ерекшеліктері болады. Химиялық заттарға НТҚ-ды (ТТ,ТШ, технологиялық регламент) қарастыру кезінде дәрігер, өнеркәсіпте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлары болмаған кездерде, канцерогендерді және 1-ші және 2-ші қауіптілік класының заттарын (аса қауіпті және жоғары қауіпті), мутагендер мен аллергендерді қолдануға жол бермеу талаптарына сүйенеді. Сараптама жүргізу барысында дәрігерге заттардың тағайындалуы және оларды пайдалану жағдайлары, химиялық құрамы, құрамдастары мен қоспаларының пайыздық мөлшері бойынша мәліметтерді ұсынуы тиіс. Бұл кезде, технологиялық маңызы жоқ және сонымен байланысты ТШ жобасында көрсетілмеген (мысалы, күкірт қышқылында мышьяктың болуы ) зиянды қоспалардың болу мүмкіншілігін анықтау керек. Заттардың физико-химиялық қасиеттері (қайнау, балқу температурасы, гидролизге түсу, деструкцияға, тотығуға, булануға және айдауға қабілеттілігі, ерігіштігі) айтарлықтай маңызды болып келеді. Шығарылатын өнімнің агрегаттық күйіне оны қолдану жағдайларын ескере отырып баға беру қажет. Қажеттілік туған жағдайда дәрігер шығарылатын ұнтақ тәрізді қалыптың түйіршіктерге, дәрмектерге және т.б. өзгертілуін талап ете алады. Химиялық заттарға НТҚ-ды қарастыруда баса назарды токсикологиялық сипаттамаларының толықтығына (токсикометрия көрсеткіштері, қауіптілік класына, биологиялық әсер ету сипатына, жұмыс аумағының ауасындағы, атмосферадағы, судағы ШРЕК мен ӘШҚД-нің мәндеріне; ағзаға түсу жолдарына, теріге және шырышты қабаттарға әсер етуі туралы мәліметтерге), сақтау талаптарына, қалдықтарды жарату және жою тәсілдеріне, қосылыстарды алуда және пайдалануда, ұжымдық және жеке бас қорғау заттарын қоса, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға аудару керек.
Бұйымдарға арналған (машиналар, жабдықтар, аппаратуралар және т.б.) НТҚ-ға сараптама жүргізу кезінде олардың тағайындалуын, қолдану саласы мен жағдайларын ескереді. «Техникалық талаптар» бөлімінде жабдықты пайдалану барысында зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін құрастырылымдық шешімдер енгізілуі тиіс. Мысалы, пайдалану кезінде зиянды заттардың бөлінуі мүмкін болатын жабдық үшін келесі шарттарды сақтау қажет: герметикалылығын қамтамасыз ету; ашылатын тиеу және шығару тесіктерінің құрастырылымына қойылатын талаптарды сақтау; тетіктік құрылымымен қамаландырылған желдендіруді қамтамасыз ету; зиянды заттармен жанасу мүмкіншілігі бар операцияларды автоматтау және механизациялау. Шу және дірілдің көзі болып табылатын жабдықтар үшін, осы факторлардың айқындылығын нормативті мәндерге дейін төмендетуге бағытталған шаралар (шу- және дірілі жұту, түзілу көздерінде, таралу жолдарында жұту, сәулеттік-жоспарлық шешімдер және т.б.) қарастырылуы тиіс.
Технологиялық үрдістерге гигиеналық баға беруді өндірістік орындардың құрылысын салу (реконструкция) жобаларын келісу үрдісінде де іске асырады. Сәйкес жобалардың «Технологиялық шешімдер» бөлімін қарастырғанда дәрігер келесі шешімдерге баға беруі қажет:
жобада қарастырылған технологияның қазіргі уақытта дамытылған гигиеналық талаптарға (аз қалдықты немесе қалдықсыз технология, үрдістердің автоматталуы, тиеу-түсіру жұмыстарының механизациялануы, қашықтықтық басқару) сәйкес келуі;
қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға және санитарлық ережелердің (герметизация, жабдықтардың жылу-, дыбыс-және діріл оқшаулауы, табиғи және жасанды желдендіру, экрандау және т.б.) сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жеткіліктілігі;
өндірістік бөлмелерге жабдықтар мен жұмыс орындарын орналастырудың негізіділігі, өндірістік үрдістердің үздіксіздігі мен ағымдылығы, жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс қалыптарын ескере отырып ЕҒҰ қолдану, еңбек және демалыс тәртіптері.
Жекелеген өндірістік факторларға (жарықтандыру, шу, діріл және басқалары) қатысты мәселелерге сараптама жүргізуде берілген басшылықтың сәйкес бөлімдерін басшылыққа алу керек.
Жаңа технологиялық үрдістерді, жабдықтарды, материалдарды енгізуге сақтық санитарлық қадағалау жасау жұмысы міндетті түрде есепке алынады. Сараптама жүргізіліп біткеннен кейін қорытынды шығарады, оның көшірмелері МСЭҚБ-да сақталынады.
Төменде техникалық тапсырмаға гигиеналық сараптама жүргізу кезінде қарастырылуы тиіс мәселелердің тізімі келтірілген.
Хаттамалық бөлім.
Жабдықтың аталуы.
Шығарушы-ұйым.
Ұсынылған құжаттар.
Констаттық бөлім.
Жабдықтың тағайындалуы.
Мүмкін болатын зиянды факторлар, олардың түзілу көздері.
Еңбек операциялары мен ақпараттық жүктеменің көлемі, қызмет көрсету түрі, персоналдың қажетті саны мен мамандандырылуы.
Зиянды факторлардан қорғау және олардың түсуін шектеу, физикалық жүктемені төмендету бойынша құрастырылымдық шешімдер.
Қолданудағы нормативтік құжаттармен сәйкес зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейлеріне нұсқаулардың болуы.
Жұмыс орындарына, бақару органдарына эргономикалық талаптардың болуы және олардың гигиеналық талаптарға сәйкестігі.
Берілген техникалық және гигиеналық көрсеткіштеріне сәйкес жабдықтарды қолдануды қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына нұсқаулардың болуы.
Техникалық тапсырмада ұсынылған қабылданған гигиеналық көрсеткіштердің негізділігін дәлелдейтін құжаттардың толықтығы мен сапасы.
Қорытынды.
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша техникалық тапсырмаларда көрсетілген талаптардың жеткіліктілігі.
Техникалық тапсырмада көрсетілген санитарлы-гигиеналық көрсеткіштердің негізділігі.
Анықталынған кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар.
Техникалық тапсырманы келісу мүмкіншілігі.