
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
күні___________
Жұмысшының аты жөні (жұмыс орыны)____________________________
Мамандығы____________________________________________________
Өндіріс_________________________________________________________
Бөлімше (технологиялық стадия, операция)_______________________________________________________
Сынама алу нүктесі (жанынан сынама алынатын жабдықтың аталуы)_________________________________________________________
Сынама алғыштың түрі___________________________________________
Сынама алатын жабдыққа соңғы метрологиялық тексеру жүргізілген күні____________________________________________________________
Мөлшері бақыланатын микроорганизм (туыстығы, түрі, штамм)_________________________________________________________
Қоректік орта, өсу оптимумы, инкубация уақыты_________________________________________________________
Өсіп шыққан колониялардың сандық және сапалық сипаттамалары (морфологиялық белгілері – пішіні, түсі, консистенциясы, Грам бойынша боялуы, типті дақылдардың саны) __________________________________
Микроорганизмдерді идентификациялау әдісі және нәтижелері______________________________________________________
Микроорганизмдердің концентрациясын есептеу нәтижелері (КТБ/м³)___
Алынған нәтижелердің ШРЕК деңгейімен ара қатынасы_______________________________________________________
Cынама алу жүргізілді
__________________(аты-жөні, лауазымы) _________________(қолы, күні)
Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маман сонымен қатар алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулердің жүргізілуінің дұрыстығына бақылау жасауға міндетті. Ол үшін ол келесі нұсқаларды басшылыққа алуы керек.
Биотехнологиялық кәспорындарға жаңадан жұмысқа алынып жатқандар ең алдымен аллергологиялық статусын анықтаумен медициналық куәләндырылудан өткізілуі тиіс және осы көрсеткіш бойынша қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда ғана №243 12.03. 2004 ж. «Жұмысшыларды алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерден өткізу міндетті болатын өндірістік факторлардың, мамандықтардың тізімін бекіту туралы» Денсаулық сақтау Министрлігінің Бұйрығымен сәйкес тексеруден өткізіледі.
Кесте 11.1. Жұмыс аумағының ауасындағы биологиялық табиғатты зиянды заттардың мөлшеріне байланысты еңбек жағдайының кластары (ШРЕК жоғарылауы, есе)
Зиянды заттар*
|
Еңбек жағдайының кластары |
||||||
Рұқсат етілген |
Зиянды |
Қауіпті |
|||||
2 |
3.1 |
3.2 |
3.3 |
3.4 |
4 |
||
Өндіргіш-микроорганизмдер, микроорганизмдердің тірі жасушаларынан және спораларынан тұратын препараттар |
ШРЕК
|
1,1-3,0
|
3,1-10,0
|
>10
|
|
|
|
Патогенді микроорга-низмдер** |
Аса қауіпті жұкпалар қоздырғыштары Басқа жұқпалы аурулардың қоздырғыштары |
|
|
|
+ |
|
+
|
* №841 «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» және оған келтірілген қосымшаларымен сәйкес .
** Арнайыландырылған медициналық, мал-дәрігерлік мекемелер мен бөлімшелер, ауру малдарға арналған шаруашылықтарда жұмыс істеу кезінде. Тері илеу және ет өнеркәсіптеріндегі, канализациялық жүйелерге қызмет көрсету және жөндеу кезінде патогенді микроорганизмдермен қатынас болуы мүмкін болатын жұмыс түрлері 3.2 классқа жатады.
+ жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттың концентрациясына байланыссыз еңбек жағдайы берілген классқа жатқызылады.
Биотехнологиялық өндірістердің жұмысшыларын медициналық тексеруден өткізуге терапевт, дерматолог, акушер-гинеколог, отоларинголог қатысады, олар аллергологиялық анамнезге, тері жабындыларының, тыныс алу мүшелерінің күйіне және әйел ағзасының арнайы қызметтеріне ерекше көңіл бөлуі керек.
Жаңадан жұмысқа алынған жұмысшылардың, ИТЖ және басқа қызметкерлердің аллергологиялық статусын зерттеу кезінде терілік аппликациялық сынамаларды (изотониялық натрий хлор ерітіндісіндегі дайын өнімнің 25% суспензиясы; ацетондағы 1% өндірістік парафин; В1 витаминінің судағы ерітіндісі; натрий хлоридінің ерітіндісі) қою жүргізілуі тиіс.
Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуде №243 бұйрықта қарастырылған зертханалық тексерулерден басқа, көрсеткіштер бойынша қосымша анықтамаларды (мұрын жұтқыншақтағы және әйел адамдардың гениталияларындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарды анықтау, терілік аппликациялық сынамалар) жүргізу керек.
Кезеңдік тексерулер кезінде тері, шырышты қабықтардың, тыныс алу мүшелерінің және әйел жыныс мүшелерінің аурулары, сонымен қатар тұрақты кандидотасымалдаушылық анықталған адамдар жүйелі түрде диспансерлік бақылауға және емдеуге жатқызылады.
Аллергиялық көріністердің өршулері, тері жабындыларының, бронх-өкпе аппаратының, гениталийдің тұрақты патологиялық өзгерістері болғанда стационар жағдайында кешенді емханалы-зертханалық тексерулер жүргізу керек.
Арнайы аллергиялық тесттер ретінде лейкоциттердің арнайы лизис реакциялары (ЛАЛР), базофилдердің тікелей емес арнайы зақымдалу реакциясы (БТАЗР), арнайы преципитация реакциялары (АМПР) ұсынылады.
Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу кезінде кәсіптік аллергиялық ауруларды дер кезінде анықтау осы аурулардың ақырында бірінші дәрежелі және елеулі маңызға ие болады, өйткені бақылаулар, аллергендермен қатыныста дер кезінде тоқтатпау созылмалы үрдіске алып келетінін көрсетті. Тым кеш сатыларда аллергендермен қатысы жоқ жұмыстарға орналастыру клиникалық көріністердің толығымен жоғалуына алып келмейді.
Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маман биотехнология кәсіпорындарының жұмысшыларының жеке басты қорғау құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуіне (нормалар бойынша және бекітілген мерзімде) бақылау жасауы тиіс. Сондай-ақ бақылауға арнайы киімнің шаңсыздандырылуы мен залалсыздандырылуының дұрыстығы, сонымен қатар осы шаралардың мерзімдері (дәрілік заттардың және олардың жартылай өнімдерінің шаңының әсеріне ұшыраған адамдардың арнайы киімдерін күнделікті шаңсыздандыру керек және кем дегенде аптасына 1 рет кәсіпорында жуу керек) жатқызылады. 1-ші және 2-ші қауіптілік класы заттарымен ластанған арнайы киімдерді алдын ала зиянсыздандырады, ал өндіргіш-жасушалармен жұқтырылған киімдерді - залалсыздандырады.
Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маман жұмысшыларды еңбек ету ережелері, жеке бастың гигиенасы мен жеке даралық профилактика шараларына қатысты жүйелі түрде нұсқаулықтардың жүргізілуіне, әкімшілік жағынан қадағалау сапасына, ЖҚҚ дұрыс және дер кезінде пайдалануына бақылау жасайды.