
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
Өндірістік улармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек жағдайын жіктеуді №104.001-2000 Басшылықта келтірілген еңбек жағдайын гигиеналық жіктеу кестесімен сәйкес іске асырады (кесте 9.7.).
Еңбек жағдайының зияндылық дәрежесін Км бойынша, ал егер ШРЕКоа болса – Коа бойынша да анықтайды. Тек қана ШРЕКм ие заттар үшін Коа анықтау ұсынылады (тек тітіркендіргіш және жедел бағытты әсерлі заттардан басқасына). Іс жүзіндегі Км және Коа мәндері олар үшін қалыптастырылған ШРЕК-дан жоғарыламауы тиіс.
Еңбек жағдайы жұмыс аумағының ауасындағы зянды заттың концентрациясына байланыссыз берілген классқа жатқызылады.
Жедел бағытты әсерлі заттар үшін көрсетілген деңгейден жоғарылауы жедел, соның ішінде өлімге алып келетін улануға әкеліп соғуы мүмкін.
Жұмыс аумағының ауасында қосындылық әсер көрсететін жедел бағытты әсерлі зиянды заттардың бір мезгілде болуы – аддитивті әсер кезінде (жедел бағытты әсерлі заттардың тізімі №104.001-2000 Басшылықтың 2 Қосымшасында келтірілген) олардың әрқайсысының концентрациясының олардың ШРЕК-на қатынасының қосындысына қарай есептейді. Бұл қосынды бірден аспауы керек, ол рұқсат етілген еңбек жағдайына сәйкес келеді.
№104.001-2004 Басшылықта келтірілген 3-4 заттан тұратын үйлесімнен бір немесе екі құрамдасы түсіп қалғанда келесі формуланы қолдану ұсынылады:
,
мұндағы С1, С2.....Cn – жұмыс аумағының ауасындағы заттардың іс жүзіндегі концентрациялары; ШРЕК1, ШРЕК2....... ШРЕКn – жұмыс аумағының ауасындағы сол заттардың ШРЕК.
Қосындылық әсерге, ереже бойынша, клиникалық көріністерінің арнайылығы бірдей заттардың: тітіркендіргіш әсерлі заттар (қышқылдар мен сілітілер және т.б.), наркотикалық әсерлі заттар (спирттердің үйлесімі және т.б.) үйлесімі ие болады.
Ағзаға бір бағытты әсерлі заттардың үйлесімдерінің мысалдары:
хлорлы көмірсутектер (шекті және шексіз);
бромды көмірсутектер (шекті және шексіз);
спирттер;
Кесте 9.7. Жұмыс аумағының ауасында химиялық табиғатты зиянды заттардың мөлшеріне байланысты еңбек жағдайының кластары (ШРЕК-дан жоғарылауы, есе)
Зиянды заттар
|
Еңбек жағдайының кластары |
|||||
рұқсат етілген |
зиянды
|
қауіпті |
||||
2 |
3.1 |
3.2 |
3.3 |
3.4 |
4 |
|
1-2 қауіптілік класының зиянды заттары, төменде келтірілгендерден басқа 3-4 қауіптілік класының зиянды заттары, төменде келтірілгендерден басқа Жедел улану даму жағынан қауіпті заттар: жедел бағытты әсерлі, тітіркендіргіш әсерлі Канцерогендер Аллергендер Ісікке қарсы дәрілік заттар, гормондар (эстрогендер) Наркотикалық анальгетиктер |
ШРЕК
ШРЕК
ШРЕК
ШРЕК ШРЕК |
1,1-3,0
1,1-3,0
1,1-2,0
1,1-3,0 |
3,1-6,0
3,1-10,0
2,1-4,0
3,1-6,0 1,1-3,0
+ |
6,1-10,0
>10,0
4,1-6,0
6,1-10,0 3,1-10,0 |
10,1-20,0
6,1-10,0 >10,0>10,0
+ |
>20
>10
|
№841 3 желтоқсан 2004 жыл «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативіне сәйкес.
сілтілер;
ароматты көмірсутектер (толуол және бензол, толуол және ксилол);
аминоқосылыстар;
нитроқосылыстар;
амино- және нитроқосылыстар;
аминоқосылыстар және көміртегі тотығы;
нитроқосылыстар және көміртегі тотығы.
Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың үйлесімінің потенцирленген (синергизм) әсері кезінде өлшенген концентрациялардың олардың ШРЕК-на қатынасының қосындысы осы концентрациялар үшін қалыптастырылған коэффициенттерден жоғары болмауы тиіс, мысалы азот тотығының көміртегі тотығымен үйлестірілуі кезінде мына формуланы пайдалану керек:
,
мұндағы СNO , ССО – жұмыс аумағының ауасындағы заттардың іс жүзіндегі концентрациялары, ал ШРЕКNO және ШРЕКСО - олардың ШРЕК-ы.
Жұмыс аумағының ауасында екі немесе одан да көп әр түрлі бағыттағы әсерлі заттардың бір мезгілде болуы кезінде химиялық фактор бойынша еңбек жағдайының зияндылық класын келесі түрде қалыптастырады:
концентрациясы ең жоғары класқа және зияндылық дәрежесіне сәйкес келетін зат бойынша;
деңгейі 3.1. класқа сәйкес келетін заттың кез келген санының болуы еңбек жағдайының зияндылық дәрежесін жоғарылатпайды;
3.2. кластың үш және одан да көп заттарының болуы еңбек жағдайын келесі зияндылық дәрежесіне – 3.3. ауыстырады;
3.3. кластың екі немес одан да көп зиянды заттарының болуы еңбек жағдайын 3.4. класқа ауыстырады. 3.4. кластан 4 класс – қауіпті еңбек жағдайына жоғарыдағыларға ұқсатып ауыстырады.
Егер бір зат бірнеше арнай әсерлерге ие болатын болса (канцероген, аллерген және т.б.), еңбек жағдайына баға беруді ең жоғары зияндылық класы бойынша жүргізеді.
10 Тарау |
ТЕРІНІҢ, ЖҰМЫС БӨЛМЕЛЕРІ МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРМЕН ЛАСТАНУЫ |
Өндіріс жағдайында жұмысшылардың ағзасына зиянды заттардың зақымдалмаған тері арқылы түсу жолы қауіптілік дәрежесі бойынша алдына тек респираторлы жолды ғана салады. Бірқатар заттар, мысалы талий, түсу жолына байланыссыз бірдей улылық көрсетеді. Бірқатар заттар, мысалы динитрофенолды пестицидтер үшін, тері арқылы түсуі басымдылық көрсетуі мүмкін. Жемісті ағаштарға шашыратумен айналысатын жұмысшылардың терісінің ашық бөліктеріне 1 сағат ішінде орта шамамен 63,2 мг динитроортокрезол және 88,7 мг динитрофторбутиленфенол қонатыны анықталған, ал тыныс алатын ауамен ағзаға осы уақыт аралығында сәйкес тек 0,4 және 0,18 мг аталған заттар енетіні белгілі болған.
Тері арқылы енуде улану туғызатын органикалық қосылыстардың ішінде, ароматты нитро- және аминоқосылыстар, фосфорорганикалық, сонымен қатар бірқатар хлорланған және металлоорганикалық қосылыстар ең қауіпті болып келеді.
Қазіргі кезде жұмыс аумағының ауасындағы мөлшері нормаланған әрбір төртінші заттың, «теріге түсуде қауіпті» деген белгісі бар. Бұл топтың заттары үшін ШРЕД – 1 см³ миллиграммен берілген терінің ластануының шектік рұқсат етілген деңгейлері қалыптастырылуы тиіс.
ШРЕД – күнделікті жұмыс кезінде (демалыс күндерінен басқа), бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес барлық жұмыс өтілі бойында денсаулық жағдайында дамытылған зерттеу әдістерімен анықталынатын ауруларды немесе ауытқуларды жұмыс істеу үрдісінде немесе осы немесе келер ұрпақтың алдағы алыстатылған мерзімдерінде туғызбайтын, тері жабындыларын ластайтын зиянды заттардың деңгейі. ШРЕД-дің сақталуы жоғарылатылған сезімталдылықты адамдарда денсаулық жағдайындағы бұзылыстарға алып келуіне кедергі бола алмайды.
ШРЕД–ді барлық тері беткейлері үшін қалыптастырады. Жекелеген жағдайларда, кейде тек қол басы ғана ластанатын жағдайларда, ШРЕД тек қол басы үшін ғана қалыптастырылады.
Әдетте тері беткейлерінен сүртінділерді, өндіріс жағдайы бойынша химиялық заттармен тығыз қарым қатынаста болатын негізгі кәсіп иелерінде, мысалы химиялық және мұнай-химиялық өндірістердің аппаратшыларымен ұсталарында, станокшыларында, машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарындағы еріткіштермен жұмыс істейтіндерде жүргізеді.
№1.04.001-2000 Басшылықта тыныстауға және теріге түсуіне жол берілмейтін заттардың тізімі келтірілген (10.1. кесте).
«Тері арқылы түсуде қауіпті» деген белгісі бар қалған заттар үшін ШРЕД-мен салыстыру мақсатында жұмысшылардың терісінен сүртінділер алу жолымен ластану деңгейін анықтау керек.
Жұмысшылардың тері жабындыларынан сүртінділерді № 1.02.033-99 «Химиялық қосылыстардың тері жабындыларына әсер етуіне баға беру және тері ластануының ШРЕД шектік рұқсат етілген деңгейлерін негіздеу» әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жүргізіледі.
Заттардың сүртінділерін жүргізетін терінің стандартты бөлігі 10 х 10 см тең. Сүртінділерді терінің әртүрлі бөліктерінен, яғни зерттелетін бөліктің беткейін ескере отырып арнайы киіммен жабылған және жабылмаған жерлерден алу қажет. Қолдан сүртінді алуды міндетті түрде жүргізеді.
Сүртінді алатын жерлердің жалпы ауданы тері жабындысының 5 % -ын құрауы тиіс, ол орташа ересек адам үшін шамамен 800 см² құрайды, мысалы қолдардан, беттен, кеудеден, арқадан, саннан және басқаларынан алынған сүртінділер. Егер берілген зерттелетін зат үшін ШРЕД қол басы үшін қалыптастырылған болса, онда тек қол басынан сүртінді алуға рұқсат етіледі. Сүртінділерді ауысымына 2 реттен кем емес (жұмыс басталғаннан кейін 1 сағаттан кейін және жұмыс аяқталар алдында) жүргізіледі.
Теріден сүртінділер алуға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар қалай сүртінді алуды жүргізу үшін болса, солай алынған сұйықтықтарды талдау үшін арнайы таңдамалы химиялық әдісті қолдануға әкеліп тіреледі. Сүртінді үшін қолданылатын сұйықтық ізделінетін затты ерітуге қабілетті болуы керек және қалай тері үшін болса, дәл солай біртұтас ағза үшін де (мысалы, этил спирті, әлсіз қышқыл, әлсіз негіз) зиянсыз болуы керек.
Тері жабындысынан затты сүртіп алу үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады.
«Құю» тәсілі: 30 мл терінің ашық жерлерін сүртуге арналған сұйықтықты алады, осы сұйықтыққа батырылған мақтаны қысқышпен ұстап тұрып теріні жоғарыдан төменге қарай біртіндеп баяу сүртеді. Мақтаға әр кезде тері жабындыларынан ластануды (лотокқа немесе кесеге) жуып өтетін сұйықтықтың жаңа порциялары түсіп отырады. Лотоктың немесе кесенің ішіндегісін сүртінді алған мақтамен бірге банкаға құяды, содан соң талдау жасайды.
Кесте 10.1. Тыныстауға және теріге түсуіне жол берілмейтін заттардың тізімі
Заттар
|
ШРЕК мг/м³
|
Агрегат-тық күйі
|
Қауіп-тілік класы |
1. Ісікке қарсы дәрілік заттар, гормондар (эстрогендер) |
|||
N-[3-(4-аминобутил)аминопропил]блеомицинамид гидрохлориді 5-[4,6 – бис(1-азиридинил)-1,3,5-тиазин 2 ил]амино)-2,2-диметил-1,3-диоксан-5-метанол (диоксадэт) Гидроксирубомицин + (доксорубицин) 3-Гидрокси-эстра-1,3,5(10)триен-17-он (эстрон) Диэтиленамид-2-метилтиозолидо-3-фосфор қышқылы (имифос) 2,2,6-Тридеокси-3-амино-α-ликсозо-4-метокси-6,7,9,11-тетрагидротетрацентихинон (рубомицин) 2-Хлор-N-(2-хлорэтил)-N-метилэтанамин гидрохлориді (эмбихин) 17α-Этинилэстра-1,3,5(10)-триендиол-3,17 (этинилэстрадион) |
-
-
- - -
-
-
- |
а
а
а а а
а
а
а
|
І
І
І І І
І
І
І |
2. Наркотикалық анальгетиктер |
|||
6,7-Диметокси-3-(5,6,7,8,-тетрагидро-4-метокси-6-метил-1,3-диоксол-[4,5-д]изохинолин-5-ил)-1-(3Н)-изобензофуранон-[S(R,S)] (наркотин) Метилморфолин (кодеин) Морфолин гидрохлорид Тебаин 1,2,6-Үшметил-4-фенил-4-пиперидинол пропинат(2,4,6)-гидрохлорид (промедол) N-фенил-N[1-(2фенилэтил)-4-пиперидинил]-пропанамин (фентанил) 1-(2-Этоксиэтил)-4-пропионилокси-4-фенилпиперидин гидрохлорид (просидол) |
- - - -
-
-
-
|
а а а а
а
а
а |
І І І І
І
І
І
|
Е с к е р т у. а - аэрозоль
«Жуу» тәсілі: сүртінді үшін қолданылатын сұйықтықты қыш кесеге немесе лотокқа құяды, осы сұйықтыққа батырылған мақтамен жоғарыдан төменге қарай тері жабындысын жуады, бұл кезде мақтаны бірнеше рет сұйықтыққа батырып отырады. Мақтаны ұстағыш ретінде қысқышты немесе корнцангті пайдаланады.
«Үйлестірілген» тәсіл «құю» және «жуу» элементтерінен тұрады. Сүртіндіні «жуудан» бастайды да, «құюмен» аяқтайды.
Келтірілген үш тәсіл терінің ашық жерлерінен сүртінді алу үшін қолданылады.
Алдын ала даярланған, сүртетін сұйықтыққа батырылған мақта тампонымен (салмағы 0,3 г) тері бөлігінен сүртінді алады. Терінің сол бір бөлігінде бірінен кейін бірі кем дегенде үш тампонды қолданады, оларды бұрап жабылатын қақпағы бар бір стаканға салады және бір сынама ретінде зерттейді.
Тамшылы экспресс-әдіс: берілген зат үшін реактивті және түсті реакция беретін реактивпен өңделген сүзгілі қағаз тіліктерін қолданады. Бұл қағаз тіліктерін тері жабындысының бөлігіне қояды және ластанған тері бөлігімен қатынастан кейін алынған дақтың қарқындылығы мен түсін, алдын ала сүзгілі қағазда даярланған стандартты колориметрлік бағанмен салыстырады.
Ұшқыштығы аз заттар үшін алынған нәтижелерді химиялық талдаудан кейін зерттелетін тері бөлігінің ауысымдағы орташа ластану шамасын келесі формуламен анықтайды:
,
мұндағы Соа - стандартты тері бөлігіндегі заттың орташа ауысымдық мөлшері, мг/см²; С1, С2.... Сn – стандартты тері бөлігінен алынған сүртінділерден ауысым бойына анықталынатын заттың мөлшері, мг/см²; n – сүртінділер саны.
Стандарттық бөлікте орташа ауысымдық ластануларды анықтау нәтижелерін берілген бөліктің барлық беткейіне мына формуламен есептейді:
Соаs= Cоа · S ,
Мұндағы Coas –зерттелетін бөліктің барлық ауданында анықталынатын заттың орташа ауысымдық мөлшері, мг; Coa – терінің стандартты бөлігіндегі заттың орташа ауысымдық мөлшері, мг/см³; S – зерттелетін бөліктің ауданы, см².
Терінің ластануын анықтаудың зерттелетін бөліктердің аудандарын ескере отырып алынған нәтижелері (10.2. кесте) тері жабындысының барлық беткейінің ластануын анықтауға мүмкіншілік береді.
,
мұндағы Соаж- тері жабындысының барлық ауданындағы заттың орташа ауысымдық мөлшері, мг; Соа1, Соа2..... Соаn – зерттелетін бөліктегі заттың орташа ауысымдық мөлшері (қол басы, арқа, кеуде және т.б.), мг; S1, S2..... Sn – зерттелетін бөліктердің ауданы, см²; Sж – шамамен 16 120 см²-қа тең болатын, тері жабындысының барлық беткейінің ауданы.
Ұшқыштығы аз және суда ерімейтін заттар үшін аусымнан кейін де заттың әсер етуі мүмкіншілігін ескеру керек, сонымен байланысты душта жуынғаннан кейін заттың сүртіндісін қосымша алу қажет.
Өндіріс жағдайында заттың шынайы қауіптілігін анықтау мақсатында тәжірибелік түрде алынған табалдырықтық мөлшер мәндерін нақты өндірістік жағдайларда жұмысшылардың терісіне түсетін заттың мөлшерімен келтіру керек. Нақты өндірістік жағдайлардағы жедел және созылмалы уланудың шынайы қауіптілік көрсеткішіне (ШК), стандартты тері бөлігіне түскен заттың мөлшерінің жануарлардың терісіне бір реттік және созылмалы енгізу кезіндегі табалдырықтық мөлшерге қатынасы жатады.
Кесте 10.2. Адамның жекелеген дене бөліктерінің ауданы (Б.Н. Постников бойынша)
Аймақ |
Аудан, см² |
Дененің жалпы беткейімен пайыздық ара қатынасы |
Бас Бет, бастың түкті бөлігі Тұлға: мойын алдыңғы жағынан кеуде және құрсақ мойын артқы жағынан арқа Жоғарғы белдеу: иық шынтақ қол Төменгі белдеу: бөстек бөстек аймағымен қоса сан тізе аяқ басы |
500 478 240 2900 200 2560
625 450 360
400 1625 1000 515 |
1,5 19,5
|
,
,
мұнда Limac Limch – жануарлардың адекватты статистикалық тобында физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын, немесе жасырын (уақытша орын басатын) патологиялық өзгерістерді тудыратын теріге енгізілген заттың минимальды мөлшері ретінде анықталынатын заттың зиянды әсер табалдырығы (жедел және созылмалы).
ШК мәні қаншалықты үлкен болса, жедел немесе созылмалы улану ықтималдылығы соншалықты көп болады.
Жабдықтардың бетінен, қабырғалардан және қоршаған заттардан зиянды заттардың сүртінділерін, теріден алынатын сүртінділер қағидалары сияқты, трафареттерді (10х10) жабу жолымен және одан әрі 1 см²-та граммен берілген заттың концентрациясын химиялық анықтау арқылы жүргізеді. Дегенмен жабдықтардың және басқа да жұмыс беткейлерінің ластану регламенттерінің жоқтығы бұл көрсеткіштерді біршама салыстырмалы етеді. Олар мысалы, жабдықтардың және басқа да қоршаған заттардың бөлмені жинауға дейін және жинағаннан кейін ластану дәрежесін салыстыру немесе сүртінділерден жабдықтарда және қоршаған орта заттарында болмауы тиіс заттарды (мысалы, берилий, талий) анықтағанда туындаған қауіптілік туралы жариаламалау үшін қолданылуы мүмкін.
Тері арқылы енетін заттардың әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критериилері. Тері арқылы енетін және сәйкес нормативтері бар - ШРЕД [2.2.5-563-96 «Тері жабындыларының зиянды заттармен ластануының шектік рұқсат етілген деңгейлері (ШРЕД)» ГН-не сәйкес] заттармен жұмыс істеу кезінде, еңбек жағдайының кластарын 9.7. кестеге сәйкес «3-4 қауіптілік класының зиянды заттары» жолы бойынша қалыптастырады. Тері арқылы енетін 1 қауіптілік класы заттары үшін сол кестенің «Қатерлі ісіктерге қарсы дәрілік заттар, гормондар (эстрогендер)» жолын пайдаланады.
11 Тарау |
БИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРҒА ГИГИЕНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ |
Қалыптастырылған түсінік бойынша биологиялық фактор дегеніміз адамға және қоршаған ортаға әсері табиғи немесе жасанды жағдайларда көбею қабілеттілігімен немесе биологиялық белсенді заттарды өндіруімен байланысты болатын биологиялық нысандардың жиынтығы.
Биологиялық фактордың адамға тікелей және жанама әсерін тигізетін негізгі компонентіне микро- және макроорганизмдер, микроорганизмдердің тіршілік етуіндегі зат алмасу және микробиологиялық синтез өнімдері жатады.
«Биотехнология» термині шығу тегі әртүрлі тірі жасушалардан адамға қажетті әр түрлі өнімдерді алу технологиясын анықтайды.
Қазіргі кезде дамыған микробиологиялық синтездің кәсіпорындық өндірісі, саны мен ерекшеліктері өндірілетін өнімнің түріне және оның тауарлық қалпына байланысты болатын, біртіндеп жүретін кезеңдер мен операциялардан тұратын біртұтас биотехнологиялық жүйе болып табылады.
Бұл жүйеде негізгі екі сатыны ажыратуға болады: 1) өндіруші-жасушаларды өсіру; 2) биомассаны қажетті тауарлық қалыпты алу мақсатында өңдеу.
Технологияның барлық тауарлық қалыптарын үш негізгі топқа бөлуге болады:
1-ші топ - өнімінде негізгі белсенді құрамдасы ретінде тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдер ( өсімдіктерді қорғау заттары, бактериалы тыңайтқыштары, жемдерді сүрлеуге арналған ашытқылар, биодеграданттар және басқа да белсенді биотрансформация құралдары).
2-ші топ – құрамына жасушалардың белсендірілген биомассаларын және оның өнімдерін кіргізетіндер (жемдік ашытқылар,саңырауқұлақтық мицелий және т.б.).
3–ші топ – зат алмасудың тазартылған өнімдерінің негізіндегі заттар (витаминдер, амин қышқылдары, ферменттер, антибиотиктер, биолипидтер, полисахаридтер, микробтық биомассалардың және метаболиттердің кешенді өңдеу өнімдері).
Биоөндіріс жағдайында адамға тірі өндіруші-жасушалар (ферментация, сепарация және т.б.) және де шаң тәрізді, жиі 50%-дан аса белоктардан тұратын, жұмыс аумағының ауа ортасында, арнайы киімде, жұмысшылардың терісінде, жабдықтардың беткейлерінде болатын соңғы өнімдер әсерін тигізуі мүмкін. Белокты-витаминді концентраттар шығаратын зауыттарда (БВК) жұмысшыларға БВК-дың шаңдары әсерін тигізуі мүмкін (50% астам белокты).
Биологиялық факторды бақылау әдістері. Ауадағы биологиялық табиғатты зиянды заттардың – микробтық синтез өнімдерінің (ферменттер, витаминдер, антибиотиктер және т.б.) мөлшеріне бақылау жасау және еңбек жағдайын жіктеу химиялық заттар үшін қабылданған әдістер сияқты жүргізіледі (10 тарауды қараймыз). «Микробиологиялық синтез өндірісіндегі еңбек жағдайын сауықтыру» әдістемелік нұсқауында (1983) белок бойынша БВК мөлшерін анықтауда фотометрлік әдісті қолдануға нұсқау келтірілген.
БВК даярлайтын зауыттардың жұмыс аумағының ауасындағы белоктардың мөлшеріне ретті түрде бақылау жасауды аспирация әдісімен АФА сүзгілері арқылы минутына 20 л жылдамдықпен ауа сынамасын алу жолымен жүргізеді. 0,5 ШРЕК анықтау үшін 600 л ауа сору қажет (алынған сынамаларды сақтау мерзімі 3 тәулік). Анықталынған концентрацияларды 0,1 мг/м³(белок бойынша) тең болатын, БВК-ға арналған ШРЕК-мен салыстырады.
Өндіруші-микробтардың, бактериалды препараттардың және олардың құрамдастарының мөлшеріне бақылау жасауды №5789/1-91 «Өндіруші микроорганизмдердің және олардың дайын қалыптарынан тұратын преператтардың өндірістік және қоршаған орта нысандарындағы ШРЕК-ын эксперимантальды негіздеу бойынша әдістемелік нұсқауының», «Өндірістік ортаның микробиологиялық мониторингі» Әдістемелік нұсқауының (ӘН 4.2.734-99) және №1.04.001-2000 Басшылықтың «Жұмыс аумағы ауасындағы микроорганизмдердің мөлшеріне бақылау жасау әдістемесі» атты 10 Қосымшасының талаптарына сәйкес іске асырады.
Өндіруші-микрорганизмдердің, бактериалды заттардың және олардың құрамына кіретін микроорганизмдердің ШРЕК мәндерін және қауіптілік кластарын ҚР-ның мемлекеттік санитарлық бас дәрігері, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау бойынша комиссияның ұсыныстарына сәйкес бекітеді және қажеттілігіне қарай қайта қарастырады.
Өндіруші-микроорганизмдердің, бактериалды заттардың және олардың құрамдастарының ШРЕК деңгейінде әсер етуі жоғары сезімталдылықты адамдарда денсаулық жағдайының бұзылыстарын туғызуға бөгет бола алмайды.
Өндіруші-микроорганизмдердің ШРЕК максимальды болып табылады. Олар «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» №841 келтірілген, оларда өндіруші-микробтардың және бактериалды заттардың құрамына кіретін микрорганизмдердің атаулары, олардың ШРЕК-ы, қауіптілік кластары және ағзаға әсер ету ерекшеліктері (олардың көпшілігі аллергендер болып табылады) келтірілген.
Өндіруші-микроорганизмдер жұмыс аумағының ауасында аэрозольдер түрінде болады. Микроорганизмдердің ШРЕК мәндерін 1 м³-тағы (м³/жас) микробты жасушалармен көрсетеді. №5789/1-91 ӘН-на сәйкес өндіруші-микроорганизмдердің жұмыс аумағының ауасындағы максимальды рұқсат етілетін ШРЕК 50 000 жас/м³ -мен шектеледі.
ҚР ДМ-мен өнеркәсіптік штаммдар ретінде рұқсат етілген барлық микроорганизмдер патогенді емес немесе шартты патогенді болып табылады және 12.1.007-76 МЕСТ –қа сәйкес 3-ші және 4-ші қауіптілік кластарына жатады, ол БДҰ жіктемесі бойынша 2-ші қауіп-қатер класына (аз жеке дара қатер және біртұтас халық үшін шектелген қатер) жатады. Жұмыс аумағы ауасындағы ШРЕК-сы 5000 жас/м³ тең болатын немесе одан жоғары болмайтын өндіруші-микрорганизмдер, бактериалды заттардың құрамына кіретін микроорганизмдер 3-ші қауіптілік класына жатқызылады. Жұмыс аумағы ауасындағы ШРЕК-сы 5000 жас/м³ жоғары болатын өндіруші-микроорганизмдер, бактериалды заттардың құрамына кіретін микроорганизмдер 4-ші қауіптілік класына жатқызылады (№841).
Еңбек жағдайына және микробты препараттарды өндірумен айналысатын жұмысшылардың денсаулық жағдайына гигиеналық бақылау жасау кезінде келесі сәттерге аса назар аудару керек: а) технологиялық үрдіс және шаңның әсер ету ұзақтығы (қысқа уақыттық, ұзақ, үзілісті, үздіксіз); б) препараттың агрегаттық күйі; в) оның белсенділігі және сақтау ұзақтығы; г) 1г препараттағы микробтық жасушаларының саны; д) қажетті толықтырғыш; е) технологиялық үрдісті және жыл мерзімін ескергендегі жұмыс орындарындағы шаңның, соның ішінде микробты денелердің мөлшері (минимальды және орташа мәліметтер).
«Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің мөлшеріне бақылау жасау әдістемесі» (№104.001-2004 Басшылықтың 10 Қосымшасы) биосинтез әдісімен препараттарды өндіретін кәсіпорындарда, сонымен қатар қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарда препараттардың тауарлық қалыптарының құрамында болатын микроорганизмдердің, тірі жасушалардың және споралардың жұмыс аумағының ауасындағы мөлшерін өлшеуге қойылатын талаптарды анықтайды.
Микроорганизмдердің мөлшеріне бақылау жасау үшін ауа сынамасын алуды микробиологиялық «Флора-100» ауа импакторының көмегімен оларды ауадан тығыз қоректік орта бетіне сору арқылы жүргізеді (МН 64-098-33-95). Бұл дамыған отандық үлгі – жоғары өнімді импактор – автоматты тәртіпте жұмыс істейді, керекті ауа көлемін жинайды және биологиялық аэрозольды Петри чашкаларындағы агарлы қоректік орталарға қондырады, ауа шығыны – 150-200 дм³/мин; минимальды анықталынатын концентрация 0,5 КТБ/м³; максимальды анықталынатын концентрация - 2·10 КТБ/м³; қоректенуі – 220В электр торабы, 50 Гц тұрақты тоқ, аккумулятор 12 В; салмағы 2,5 кг. «Флора – 100 » бақылауға арналған Кротов аспабын толығымен алмастырады және техникалық сипаттамалары бойынша (анықтау дәлдігі, салмағы, габариттері, сынама алу жылдамдығы, сынама алу көрсеткіштерін және бұзылыстардың диагностикасын автоматты бақылау) одан басым түседі.
«Флора - 100» импакторын қолдана отырып бақылау жүргізу әдістемесін, бақыланатын микрофлораға байланысты аспирация ұзақтығын анықтау үшін импактор шығарушымен (биологиялық құрал шығарудың МҒЗИ) келісу ұсынылады.
Сынама алар алдында микроорганизмдердің қысқаша сипаттамасы туралы мәліметтер келтірілуі керек: тұқымдастығын, туыстастығын, түрін, штаммын, тығыз қоректік ортадағы колониялардың морфологиялық сипаттамасын және олардағы дақылдардың тиімді өсу жағдайларын (рН, То) көрсетіледі.
Сынама алуды мына кездерде жүргізеді:
Инокуляторларды тыныс аумағында және инокуляторлар аралығында себуде;
Инокуляторлардан сынама алуда;
Себу аппаратарына себуде (тікелей себу жағдайында);
Сыналғыш жанында себу аппараттарынан және себу аппараттары аралықтарынан сынама алуда;
Ферментерлерден сынама алуда;
Дақылдық сұйықтықты ферментерлерден коагуляторларға немесе тікелей фильтрацияға жіберуде.
Егер технологиялық үрдісте биомассаны кептіру қарастырылған болса, онда сынама алуды мына кездерде жүргізеді:
араластыруда;
кептіру аппараттарынан түсіруде;
биомассаны қаптауда.
Бұлар шамамен алынған сынама алу нүктелері. Күнделікті бақылау жасауда бір бөлмедегі бақылау нүктелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.
Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің концентрациясына салыстырмалы бақылау жасау кезінде сынамаларды алуды технологиялық үрдістің қарқындылығы бойынша ұқсас уақытша кезеңде аптасына 1 реттен сирек емес жүргізу керек.
Ауа сынамасының көлемі микроорганизмдерді анықтау үшін жеткілікті болуы керек. Оны қолданылатын сынама алғыштың сипаттамаларын және сыналатын аумақтағы микроорганизмдердің концентрациясын ескере отырып сынақтық жолмен анықтайды.
Микроорганизмдердің мөлшерін анықтау үшін сынама алуды жұмыс аумағында жүргізеді; құралды орналастыру биіктігі – еден деңгейінен 1,5 м. Әдіс ауадан микрооорганизмдерді тығыз элективті қоректік орталардың бетіне (берілген микроорганизм үшін арнайылықты) соруға және өскен дақылдарды типті морфологиялық белгілері бойынша санауға негізделген.
Сынама алу үрдісінде анықталынған микроорганизмдер міндетті түрде макроскопиялық (колониялардың пішіні, түсі және консистенциясы) және Грам бойынша боялған жағындылардың көмегімен микроскопиялық ажыратуларға жатқызылады. Зерттеу нәтижелерін, негізгі морфологиялық белгілерін: Грам бойынша бояуға қатынасын, спора түзуінің болуы немесе болмауын, микроорганизмдердің пішінін (кокктар, таяқшалар, сопақша) көрсете отырып құжаттарға тіркейді.
Микроорганизмдердің түрін ажырату үрдісінде биохимиялық тест-жүйелер, ажырататын автоматты жүйелер, сонымен бірге микроорганизмдерді кез келген дамытылған ажырату әдістері қолданылуы мүмкін.
Ауаны 20-30-дан 150-200 л/мин дейінгі жылдамдықпен Петри чашкаларындағы қоректік (егу) орталардың бетіне сорады. Сору ұзақтығы 2-5 мин.
Алынған сынамаларды бөліп алынатын микроорганизмдерге байланысты 27-28-ден 41-42°С дейінгі температура диапазонында өсіреді (инкубациялайды). Пигмент түзуіне баға беруде чашкаларды тағы да 48 сағат (инкубациялағаннан кейін) бөлме температурасында ұстайды.
Әдіс штаммның түріне қарай ауадан егу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 3-4 және одан да көп тәулікте өсіп шыққан сәйкес морфологиялық белгілері бар дақылдардың санын есептеуге негізделген.
Тікелей әдіс чашкадан 150-200 дақылдарды есептеуге қол жеткізеді. Концентрацияларды есептеу нәтижелерін 1м³ ауадағы дақыл түзуші бірліктермен (КТБ) көрсетеді. Концентрацияны есептеуді (колония түзуші бірліктер) өрнек бойынша табады:
K = П · 1000/С · t кл/м³,
Мұндағы К – ауадағы іздену үстіндегі дақылдың концентрациясы, КТБ/м³; П –дақылдар мен жасушалардың морфологиялық белгілері бойынша ұқсас, бактериялардың изотиптерінің саны; 1000 – 1 м³ ауаға қайта есептеудегі коэффициенті; С – сору жылдамдығы; t – сору ұзақтығы.
Өлшеу нәтижелерін хаттамаға түсіреді.
Биологиялық табиғатты факторлардың әсер етуіндегі гигиеналық критерийлер. Жұмысшылардың ағзасына биологиялық факторлардың әсер етуіндегі еңбек жағдайының кластарын микрооорганизмдер үшін (11.1 кесте) және биологиялық табиғатты заттар – микробиологиялық синтез өнімдеріне арналған №104.001-2000 Басшылыққа сәйкес қалыптастырады (9.7. кесте, 9.3 бөлімін қара).
Жұмысшыға бірнеше биологиялық факторлардың бірлескен әсеріне баға беруді химиялық факторға баға берген сияқты, №104.001-2004 Басшылықтың 4.2.4 тармағы бойынша жүргізеді.
Кәсіптік аурулардың алдын алу. ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың уларымен, соның ішінде генді инженерия саласында, және де жұқпалы аурулар қоздырғыштарымен жұмыс істеу жағдайы адамға зиянды әсерін тигізбеуі тиіс.
Биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың уларымен жұмыстарды іске асыруға, мұндай жұмыстарды орындау жағдайларының санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Ауа ортасын бақылау нәтижелері бойынша еңбек гигиенасы саласында дәрігер-маман өндірістегі жағдайға баға береді және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың жоспарын жасайды.
Еңбек жағдайын жақсартуға және жұмысшылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған медициналық шараларды жоспарлауда №2984-84 «Белокты-витаминді концентраттарды өндіру кәсіпорындарындағы еңбек жағдайының санитарлық ережелерін» және КСРО ДМ «Белокты-витаминді концентраттардың шаңы әсер етудегі тыныс мүшелерінің аллергиялық ауруларының медициналық профилактикасы және диагностикасы» Әдістемелік ұсыныстарын (1980) басшылыққа алу керек.