
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
Күні «____» айы________________2001 жыл
Сынама алу уақыты |
Сынама алу орыны |
Зиянды заттың аталуы |
ШРЕК, мг/м³ |
Зерттеу нәтижелері, мг/м³ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Санитарлық зертхананың басшысы
Зерттеу жүргізуге жауапты адам
Жоғарыда аталған құжаттармен сәйкес МСЭҚБ мекемелерінің санитарлық-гигиена бөлімінің зертханасы, оның бөлімшелерінің дәрігерлерін, атап айтқанда еңбек гигиенасы саласының дәрігер-мамандарын, жұмысшыларды зиянды факторлардың әсерінен қорғау бойынша негізделген санитарлы-гигиеналық шараларды өңдеу үшін қажетті зерттеулер (анықтаулар) мен өлшеулер кезінде алынған объективті мәліметтермен қамтамасыздай отырып, сақтық және күнделікті санитарлық қадағалауды іске асырауға қатысады. Бұдан бөлек МСЭҚБ зертханасы қызмет көрсететін ауданындағы санитарлық-кәсіпорындық және басқа да өкілеттілік зертханалардың (жекелеген мамандардың) жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді және жұмысын бақылайды.
Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшеріне бақылау жасауды, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың іс жүзіндегі концентрацияларын, оларға арналаған ШРЕК және ӘШҚД-не сәйкестігін анықтау үшін жүргізеді. 1976 жылға дейін КСРО-да тек қана максимальды бір реттік ШРЕК қалыптастырды. Қазіргі кезде жоғары жиналғыш заттар (созылмалы концентрациялы) үшін (созылмалы және биологиялық әсер ету аумақтарының мәндері бойынша І және ІІ қауіптілік кластары) олардың биологиялық әсері негізінен ағзаға келіп түскен заттың мөлшерімен анықталады, сол себепті осы заттар үшін орташа ауысымдық концентрацияларын регламенттеу енгізілді.
Орташа ауысымдық ШРЕК (ШРЕКоа) бірқатар металлдарға (мысалы, мыс, сынап, қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары), сонымен қатар бензол, борфторсутекті қышқыл және басқа да қосылыстар үшін қалыптастырылған. Дегенмен жедел бағытты әсер (тітіркендіруші, антиферменттік және т.б. ) беретін заттар үшін басты регламент ШРЕКм болып табылады.
Зиянды заттардың жұмыс аумағының ауасындағы мөлшеріне бақылау жасау екі элементтен тұрады: 1) зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау; 2) алынған нәтижелерді, әрі қарай еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды құрастыра отырып талдау.
9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
Жұмыс аумағының ауасындағы өндірістік уларға химиялық зерттеу жасау бірінен кейін бірі жүретін үш сатыдан тұрады: ауа сынамасын алу, алынған сынамадан зерттелінетін затты бөліп алу және оны сандық анықтау. Екі соңғы саты химиялық зертханаларда орындалады, ал сынама алу дәрігермен өңделінген жоспарға сай және оның тікелей басшылығымен өндірісте іске асырылады.
Сынаманы алу дұрыстығын дәрігермен алынатын ақпараттың сапасы анықтайды, яғни, егер сынама алуға даярлық дұрыс жасалмаса және оны қате орындаса дәл және мұқиат орындалған зерттеудің өзі мағынасын жоғалтады.
Ауа сынамасын алу. Әрбір нақты жағдайда ауа сынамасын алу жоспарын еңбек гигиенасы дәрігері №1.04.001-2000 ҚР АДЗ (жоғарыдан қараймыз) Басшылықтың 9-шы «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың мөлшеріне бақылау жасау әдістемесі» Қосымшасында келтірілген әдістемелік нұсқауымен сәйкес белгілейді. Ауаға бақылау жасауды өзіндік өндірістік жағдайларда (өндірістік үрдісті регламенттерге сәйкес жүргізуде) іске асырады. Бұл кезде технологиялық үрдіспен танысады: оның үздіксіздігі, кезеңділігі, қолмен атқарылатын операцияларының болуы, температуралық тәртібі, әртүрлі сатыларда зиянды заттардың бөліну мүмкіншілігі, бөлініп жатқан зиянды заттардың қауіптілік классы және биологиялық әсері, олардың физико-химиялық қасиеттері, агрегаттық күйі, тығыздығы, бу қысымы, ұшқыштығы және басқалар, сонымен қатар бөлінетін заттардың мүмкін болатын айналымдары. Жабдықтардың орналастырылуы мен жұмысын, бөлменің ауа алмасу сызба-нұсқасын, жоспарлануын (қабаттылығын, қабат аралық ойықтардың болуын, көршілес бөлмелерімен байланысын және басқалар) ескереді.
Кәсіпорындағы әрбір жұмыс орыны үшін жасалынатын бақылаудың толықтығы туралы мәселені шешу мақсатында дәрігер жұмыс берушімен берілген келесі ақпараттардың негізінде жұмыс аумағының ауасына бөлінуі мүмкін заттардың тізімін жасайды:
өндірістік үрдіс кезінде қолданылатын заттар туралы (химиялық құрамы, молекулярлық салмағы және т.б.), олардың сертификаттарға, ТШ-ға, МЕСТ-ға сәйкестігі туралы;
технологиялық үрдістің барлық сатыларындағы химиялық реакциялар, аралық және жанама өнімдердің түзілу мүмкіншіліктері, деструкция, гидролиз, пиролиз және да басқа айналымдар өнімдерінің сапалық құрамы туралы;
химиялық заттардың шаң бөлшектерінде, құрылыстық құрастырылымдарда, жабдықтарда сіңірілуі және әрі қарай десорбциялануы туралы.
Ауа ортасына бірнеше химиялық заттардың немесе белгілі және салыстырмалы түрде тұрақты құрамның күрделі қоспасының бөлінуі кезінде ауаның ластануына бақылау жасауды қалай негізгі (уланудың клиникалық көріністерін беретін) құрамдасы бойынша жүргізілсе, дәл солай берілген қоспаға тәнірек құрамдас бойынша да жүргізеді.
Ауа ортасына толығымен белгілі емес құрамды күрделі кешенді заттың бөлінуі кезінде, жұмыс беруші, бөлінетін құрамдастарды хромато-масс-спектрометрия немесе басқа дамыған зерттеу әдістерінің нәтижелері бойынша ажырату (идентификациялау) туралы ақпараттарды ұсынады. Газды бөлінділердің құрамын таңбалауды талдау негізінде, ауаға бақылау жасайтын гигиеналық маңызды (негізгі және ең тәнірек) құрамдастарды анықтайды.
Негізгі өндірістік фактор – жұмысшы ағзасына бірлескен және үйлестірілген әсер етуде арнайы әсері ең көбірек көрінетін фактор.
Ауа сынамасын алуды жұмысшының тыныс алу аумағында немесе соған ауа жинау жабдығын максимальды жақындата отырып жүргізеді (еденнен 1,5 м биіктікте).
Технологиялық үрдістің бұзылыстары, жабдықтардың істен шығуы немесе дұрыс емес пайдаланылуы және өндірістік атмосфераның ластануының алдын алу үшін қарастырылған барлық құралдар (желдендіру, жабындылар) алып тасталынуы тиіс немесе олар туралы хаттамада көрсетілуі тиіс. Бұзылыстарды немесе істен шығуларды орнына келтіргеннен кейін өлшеуді қайтадан жүргізеді.
Ауа сынамасын алудың нақты жоспарларын құрастыруда, еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер зиянды заттың қосындылық қателігі ±25%-дан аспайтын қосымша қоспалары қатысуында, осы заттың 0,5 ШРЕК-дан жоғары емес деңгейінде таңдамалы анықтауды қамтамасыз етуі тиіс бақылау әдістеріне қойылатын талаптарды ескереді.
Санитарлы-химиялық зерттеулерде қолданылатын құрал-жабдықтар бекітілген тәртіппен тексеруден өткізіледі.
Нақты бақылау әдістерін таңдауда ҚР ДМ-мен (ҚР санэпидқадағалау қызметімен) бекітілген, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшеріне қатысты әдістемелік нұсқауларды (жоғарыға қара) басшылыққа алу қажет.
Әрбір химиялық анықтау әдісінің баяндалуы, сынама алу тәсілін, ауаны сору жылдамдығын және зерттелетін заттың 0,5 ШРЕК анықтау үшін қажетті ауа көлемін регламенттейтін «Ауа сынамасын алу» бөлімінде көрсетілген. Ауаның бір сынамасын алу ұзақтығы зерттеу әдісіне және зиянды заттың жұмыс аумағының ауасындағы концентрациясына тәуелді болады.
Ауа сынамасын алу ұзақтығы кезең (операция) ұзақтығынан немесе барлық зерттелетін үрдіс ұзақтығынан көп болмауы тиіс. Егер олардың ұзақтығы біртіндеп қажетті сынама сандарын алуға мүмкіншілік бермесе, онда сынама алуды берілген кезеңнің қайталануында жалғастыру керек. Егер технологиялық үрдістің ұзақтығы зерттеуге қажетті ауа мөлшерін алу үшін тым қысқа болса, онда сынама алуды сол сүзгіде немесе жұтқышта операцияның қайталануы кезінде жалғастыру керек. Технололгиялық үрдісі өте ұзақ өндірістерде біртіндеп сынама алуды үрдістің басталуын, ортасын және аяқталуын, сонымен қатар зиянды заттың ең көп мөлшерінің бөліну ұзақтығын ескере отырып жүргізген дұрыс.
Сынама алу тәсілінің дұрыстығы ең бірінші кезекте ауадағы заттың агрегаттық күйімен (бу, газ, аэрозоль) және оның әртүрлі еріткіштерде ерігіштігімен анықталады. Ауадағы газдар түрінде қалыпты жағдайда газ тәрізді күйінде болатын болатын заттар (мысалы, аммиак, дивинил, озон), бу тәрізді күйінде – қайнау температурасы 230-250 °С дейін болатын сұйық заттар (ароматты көмірсутектер, қышқылдар, төменгі ациклді спирттер және т.б.), сонымен қатар салыстырмалы түрде жоғары ұшқышты бірқатар қатты затта (гексаметилендиамин, йод, камфора және т.б.) кезедеседі.
Жоғары қайнау температурасы бар және аз ұшқыштылықты қатты заттар өндіріс жағдайларына (қызыдырулы және қыздыруынсыз технологиялық үрдістер) және қолдану тәсілдеріне байланысты ауада бір мезгілде бу түрінде де және аэрозоль түрінде де кездесуі мүмкін. Бұл, мысалы, жоғары температуралар кезінде ауаға бөлінетін булардың сууы кезінде байқалады, бұл кезде булар едәуір мөлшерде конденсация аэрозольдерін (дибутильфталат, капролактам, фтальды ангидрид және басқалары) түзе отырып конденсацияланады. Бұдан бөлек аэрозольдер мен булардың ауада бір мезгілде болуы, ерітінділерді немесе қатты заттарды үрлеуде (мысалы, пульверизациялы бояу) түзілетін аэрозольдердің дисперсті фазасының едәуір ұшқыштығы кезінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ұшқыш және аз ұшқыш қосылыстардың буларымен ауаның ластануына алдын ала баға беруде 1 литрдегі миллиграммен берілген ұшқыштықты – берілген температурада көлемдегі салмақ бірлігімен келтірілген булардың максимальды концентрациясын келесі формуламен есептеу қажет:
,
мұндағы P – берілген температурадағы қаныққан будың серпімділігі, мм.сн. бб. ; M – молекулярлық салмақ; t – температура, °С.
Егер есептеу мәліметтері бойынша, 20 °С заттың ұшқыштығы оның ШРЕК-нан едәуір төмен болса (10 есе және одан да көп), онда ауадағы булардың болуына назар салмаса да болады және ауа сынамасын тек аэрозольді анықтау үшін ғана алады; ШРЕК- дан бір шама жоғарылауы кезінде (50 есе және одан да көп) тек буларды анықтау үшін ғана сынама алады.
А у а с ы н а м а с ы н а л у д ы шыны ыдыстарға және пластмассалы қаптарға, сұйықтықтарға, сорғыштарға және сүзгіш материалдарға жүргізуге болады.
Ш ы н ы ы д ы с т а р ғ а с ы н а м а а л у. Сынама алуды екі шүмегі бар шыны пипеткаларға немесе бөтелкелерге, алмасулық немесе вакуумдық тәсілдермен толтыру арқылы жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл әдісті бір шама сирек, әдетте газды хромотографиялық талдауда, сынама көлемі 1-100 мл-ден аспаған кездерде қолданады. Басқа талдау әдістерде заттардың деңгейін ШРЕК немесе 0,5 ШРЕК деңгейінде анықтау үшін 2-5 л және одан да көп ауа көлемін алу керек болады.
А у а с ы н а м а с ы н п л а с т м а с с а л ы қ а п т а р ғ а а л у. Соңғы уақыттарда резиналы шлангілермен және винтті қысқыштармен жабдықталған 1-ден 100 л дейін әртүрлі көлемдегі полимерлі қабықтан жасалынған қаптарға сынама алуға аса мән берілуде. Қаптар ауаның үлкен көлемдерін алуға мүмкіндік береді, салмағы аз және ұзаққа шыдамды. Қаптарды, алынатын ауаның резинамен және таттандыратын материалдармен жанасуын болдырмас үшін инертті қабықпен жабылған тері көмегімен ауаға толтырады.
А у а с ы н а м а с ы н с ұ й ы қ т ы қ т а р ғ а а л у. Ауа сынамасын шыны абсорберлерге (жұтқыштарға) құйылған сұйықтықтарға алу кең қолдану табуда: бейорганикалық және органикалық еріткіштер болып табылатын бұл сұйықтықтарда зерттелетін заттар ериді, немесе олармен химиялық әсерлесуге түседі. Сұйықтықта жұтылу тиімділігі жұтқыштардың құрастырылымына тәуелді болады. Өткізу қабілеттілігі 30 л/мин дейін және одан да көп болатын шынылы кеуекті палстинкалы абсорберлер, Рихтер абсорберлері және де басқалары ең үлкен тиімділікке ие. Сұйықтықтарға сынама алу тек қана заттардың жиналуына қол жеткізіп қоймайды, сондай-ақ алынған үлгіні зерттеу алдында, ереже бойынша (дәлдікке аса жоғары талаптар қойылған жағдайларда) сұйық фазада (фото- немесе электрохимиялық зерттеулер) іске асырылатын, өңдеуді қарапайымдайды.
А у а с ы н а м а с ы н с о р б е н т т е р г е а л у. Соңғы кездерде булар мен газдарды ауадан сорып алу үшін үлкен беткейлі қатты сорбенттер кеңінен қоладануда: силикагель, белсендірілген көмір және т.б.
Қатты сорбенттердің ішінде белсендірілген көмірді ең жиі қолданады, ол 2 л/мин дейін ауаны сору жылдамдығында, көптеген органикалық буларды тиімді ұстап қалуға (99,9%) қабілетті. Ауаның төменгі температураларында химиялық заттарды алу үшін силикагельді қолдану мақсатты.
Бір қатар жағдайларда улы булар мен газдарды сіңдіру үшін цеолиттер, графитті күйе, полимерлі және кеуекті емес сорбенттерді (калий карбонаты, мыс сульфаты, кальций хлориді және т.б.) пайдаланады, оларда десорбция едәуір жеңіл жүреді.
Сынама алу үрдісінде бугазды қоспадан бөлшектерін бөліп алу үшін, мысалы көмірсутектерді, таңдамалы сорбенттер – синтетикалық молекулярлы елеуіштер – цеолиттер қолданылады.
Сынама алудың тез және тиімді тәсіліне газдар мен буларды қабықты сорбенттерде сіңдіріп алу жатады, олар қабықтүзуші ерітіндімен өңделінген және ұзындығы 17-20 см және диаметрі 7 мм болып келетін шыны түтікшеге салынған шыны қақпақша (көлемі 3-5 мм) болып табылады. Сіңіргіш түтікшенің жұмыс істеу қағидасы түтік арқылы ауаның өтуі кезінде заттардың тұтқыр сіңіруші ерітіндінің қабығымен өзара әрекетке түсу қабілетіне негізделген.
А у а с ы н а м а с ы н с ү з г і л і м а т е р и а л д а р ғ а а л у. Ауадан жоғары дисперсті аэрозольдерді – түтіндерді, тұмандарды, шаңды ұстап алу үшін - әртүрлі талшықты сүзгілі материалдарды қолданады. Жұқа полихлорвинилді талшықтар (АФА сүзгісі) ең кең қолдану тапты. «Изотоп» фирмасы химиялық талдауға арналған АФА сүзгілерінің әр түрлі түрлерін шығарады (9.1 кесте).
Кесте 9.1. Жоғары дисперсті аэрозольдерді ұстап қалуға арналған талшықты сүзгілердің сипаттамасы
Сүзгінің түрі
|
Сүзгіш материал
|
Ультражұқа талшықтағы полимер |
Қышқылдар мен негіздерге қарым-қатынасы |
Ылғалға қарым-қатынасы
|
АФ-ХП-20 АФА-ХП-20 АФА-ХА-20 |
ФПП-15-1,5 НЭЛ – 3 ФПА-15-2,0 |
Перхлорвинил
Ацетилцеллюлоза |
Тұрақты
Тұрақсыз |
Гидрофобты
Гидрофильді |
АФА аналитикалық аэрозольді сүзгілер жоғары ұстап қалу қабілетілігіне және ыстыққа төзімділікке ие. Жұмыс беткейі 20 см сүзгілердің өнімділігі сағатына 140 л/мин құрайды. 40 см/с сүзу жылдамдығында стандартты майлы тұман арқылы өту шамасы 10 %.
Аэрозольдерді ұстап қалу жоспарында ультражұқа шыныталшықтардың тиімділігі де кем емес. Олар ыстыққа төзімді (300 °С дейін) және қышқылдардың, негіздердің және басқа да реагенттердің әсеріне шыдамды, сонымен қатар аз гигроскопиялы болады.
Ауадан булар мен аэрозольдерді бір мезгілде ұстап қалу үшін аэрозольді-сіңірмелі-көмірлі сүзгілер (АФАС-У) қолданылады. Олар жұқа дисперсті ОУ-А немесе БАУ белсендірілген көмірімен сіңірілген талшықты сүзгілі материалдан (ФП) жасалынған. Бұл сүзгілер ауадан бір мезгілде көптеген органикалық булар мен аэрозольдерді 15 л/мин дейін ауа ағымында сіңіреді.
Сондай-ақ химиялық реагенттерді қоса отырып қатты сорбент сіңірілген сүзгілер: АФАС-Р сүзгісі – сынап буларын ұстап қалу үшін, АФАС-И сүзгілері - йод буларын тұтып қалуға арналған сүзгілер де қолданылады. Бұл сүзгілермен заттардың сіңірілу негізінде сіңірілетін бумен және сорбентке сіңірілген сәйкес реагенттің өзара химиялық әсерлесуімен жүретін хемосорбциялық үрдістер жатыр. Сынама алу үшін сүзгілерді арнайы патрондарға – жұмыс беткейі 10, 18 және 20 см болатын дюралюминийден, құрыштан немесе пластмассадан жасалынған сүзгі ұстағыштарға орнықтырады.
Ауа сынамасын алуға арналған құрал жабдықтар мен аппараттар аспирациялық құрылымдар болып табылады: шығынды ынталандырғыштары бар (ротационды ауа үрлегіштер және диафрагмалық сорғыштар) және шығын өлшегіш құрылымдар (ротомерлер, реометрлер, газды сағаттар; 9.2. кесте) әртүрлі маркадағы электроаспираторлар және басқа да құрылымдар.