Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау

әдістері

Шаңдық бақылау құралдарын шартты түрде шаң жинағыштарға (ауада ілінген шаңды жинауға арналған құрылым) және шаң өлшегіштер (шаңның бөлінумен заңды түрде байланысты әртүрлі, мысалы электрлік өріс, жарық ағымының шағылысуы немесе сіңірілуі және т.с.с. сияқтыларды ауа көлемі бірлігіндегі индексті немесе эквивалентті шаң массасына алмастыратын ауадағы шаңның концентрациясын өлшеуге арналған құралдар).

Жұмыс аумағының ауасының шаңдануына бақылау жасаудың әртүрлі құралдары мен әдістерін екі топқа бөлуге болады: 1) дисперсті фазаны шаң бөлгіштерде бөліп алып, шаңның таза салмағын өлшеумен жүретін тікелей әдістер (фильтрация, электро- немесе термопреципитация, инерциялық тұндыру); 2) жанама әдістер (дисперсті фазаны бөліп алуынсыз немесе оны қасық астына бөліп алумен жүретін) шаңның салмақтық концентрациясын шаң өлшегіштерде анықтауды қамтамасыз етеді. Жанама бақылауда келесі әдістерді қолданады: радиациялы-оптикалық (фазаны ортадан бөлмей-ақ өлшемді бөлшектермен жарықтың сіңірілуі немесе шашырауы); радиоизотопты (фильтрға немесе басқа бір затқа қондырылған шаңнан С изотопынан, ең бастысы, β-бөлшектердің сіңірілу дәрежесі бойынша ауаның шаңдануын өлшеу); электрлік немесе электрондық (зарядталған бөлшектерден қабылдағышқа түсетін электрлік импульстерді есептеуде шаң бөлшектерінің зарядын өлшеу қағидасына негізделген); депремометрлік (сүзілген шаңның мөлшеріне байланысты фильтрдің қарсыласуын анықтау); пьезометрлік (пьезоэлектрлік пластинканың оған қонған шаңның мөлшеріне байланысты тербелу жиілігін өлшеу) және басқалар.

Жанама өлшеуге арналған құралдардағы қателесу шамасы қалай өлшенетін шаң бөлшектерінің салмағына байланысты болса, солай оның дисперстілігіне және химиялық құрамына (оптикалық, электрометрлік әдістер) байланысты болады. Ең дәл анықтайтын құралдарға радиоизотопты құралдарды жатқызуға болады, оларда β-бөлшектердің сіңірілуі шаңның салмағына пропорционал, сондықтан да олардың көрсеткіштері аэрозольдердің сипаттамаларына аз тәуелді болады.

Соңғы кездерде пьезометрлік құралдар пайда болды, олар сызықты емес оптика заңдары мен әдістеріне негізделген және жоғары сезімталдылыққа ие, ауадағы шаңның аз концентрацияларын өлшеуге қажет.

Гигиеналық шаңдық бақылау кезеңдік болуы мүмкін (шаң концентрациясын қысқа мерзімдік бір реттік өлшеу) немесе автоматты құралдардың және жүйелердің немесе жеке дара шаң жинағыштардың көмегімен іске асырылатын тұрақты болуы мүмкін. Техникалық бақылау жасау үшін, бұдан басқа экспресс-шаң өлшегіштер қолданылады – 5 минуттан аспайтын уақыт аралығында шаңның концентрациясын анықтайтын портативті құралдар.

Кезеңдік бақылау (бір реттік өлшеу) жасауға арналған құралдар келесі талаптарға сай болуы керек: өлшеулердің жоғары дәлдігі; сынамаларды алу уақытының ұзақтығы және сынамалардың үлкен көрсеткіштігі; салмағының 6 кг көп болмауы. Бұл құралдарда шаңдануды өлшеуді тікелей әдіспен, шаңды екі және одан да көп фракцияларға бөле отырып іске асырады және одан әрі бөлшектердің заттық құрамын анықтайды (SiO2 және басқалар). Қазіргі уақытта ауаның шаңдануын өлшеуде жанама әдістерді қолдану үстемдік алуда (ең бастысы радиоизотопты әдіс).

Автоматты шаң өлшейтін құралдар мен жүйелердің екі түрі бар: автоматты шаң жинағыштар және автоматты шаң өлшегіштер. Соңғылары фазаны ортадан қалай бөліп алуынсыз ауаның шаңдануын өлшесе (электрлік және оптикалық), солай оны қандай да бір тапшаға бөліп алумен өлшейді (радиоизотопты және оптикалық). Десе де бұл құралдардың жұмысы ауаны зерттеудің жанама әдістеріне негізделген және сол себепті осы әдістерге тән барлық артықшылықтармен және кемшіліктермен сипатталады, шаңдану деңгейін үздіксіз өлшеуге, ауысымдағы (аптадағы) шыңдық және орташа концентрацияларын анықтауға негізделген бұл күмәнсіз артықшылықтар еңбектің гигиеналық жағдайларына баға беруге, сонымен қатар шаңмен күресу заттарының тиімділігін бақалауға қол жеткізеді. Ақпараттарды диспетчерлік бекетке дистанциялық беретін автоматты жүйелерді және шаңмен күресу құралдарының жұмыс істеу тәртібін автоматты басқаруды өңдеу үлкен жетістіктерге ие болуда.

Жеке дара шаң жинағыштар шаңдық жүктемеге баға беруге арналған құралдар болып табылады. Бұл құралдардың артықшылығы жұмысшылар тыныстайтын ауаның шаңдану деңгейінің орташа ауысымдық мәндеріне және ауысымдағы шаңдық жүктемеге баға бере алу мүмкіншілігі жатады, ал кемшілігіне жұмыс орындарындағы және шаң түзу көздеріндегі шаңның шыңдық және шынайы концентрацияларын өлшеуді жүргізу мүмкін еместігі және сонымен қатар таукен жұмысшысына түсетін (оның құралды көтеруі) қосымша физикалық жүктеме жатады.

Кезеңдік бақылау жасауға арналған негізгі құралдар - өзінде берілген түрдің құралдарының қасиеттері мен экспресс шаң өлшегіштердің қасиеттерін үйлестіретін шаң өлшегіштер кең қолданылуда. Оларды жетілдіру өлшеу дәлдігін жоғарлату және оның салмағын төмендету жолында іске асырылуы тиіс. Осылардың негізінде автоматты құралдар мен жүйелердің қабылдағыштары жасалынуы керек.

  • №1.04.001-2000 ж «Басшылықта» БФӘА бақылауға ұсынылған құралдырға қойылатын келесі талаптар келтірілген «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативі №841 3 желтоқсан 2004 жыл:

  • әдістер мен құрал-жабдықтар салыстырмалы стандартты қателігі 95%-дық мүмкіншілікте ±40 %-дан көп болмайтын 0,3 ШРЕК деңгейінде шаң концентрациясын анықтауды қамтамасыз етуі тиіс;

  • жеке дара шаң жинағыштар үшін сол қателікте және 0,5 ШРЕК деңгейі концентрацияда 95%-дық мүмкіншілік кезінде анықтауға рұқсат етіледі;

  • барлық шаң жинағыштар түрлері үшін шаң концентрациясын ШРЕК деңгейінде анықтаудың салыстырмалы стандартты қателігі ±25%-дан аспауы керек;

  • сынама алу үшін АФА-ВП-10,20; АФА-ДП-3 сүзгілерін, НЭЛ-3 сүзгі жолақшасын қолдану ұсынылады (радиоизотопты сынама алғыштармен жанама өлшеулер кезінде);

  • талшықты бөлшектердің есептік концентрацияларын анықтау үшін сынама алу кезінде «Миллинор» (Франция) мембранды сүзгілерін қолдану ұсынылады.

8.1. кестеде өндірістік ортадағы БФӘА бақылау үшін ұсынылатын құрал-жабдықтар туралы мәліметтер келтірілген.

Кесте 8.1. Өндірістік ортада БФӘА бақылау үшін ұсынылатын құралдар, жабдықтар және құрылымдар («Басшылықтың» 8 қосымшасы)

Аталуы

Қоректенуі*

Салмағы,

кг

Тағайындалуы

Өнімділігі/өлшеу диапазоны

Аспиратор,

822 үлгі

Эт 220 В,

50 Гц

5

Концентрацияны тікелей әдіспен анықтау үшін ауадан аэрозоль сынамасын алу

Ауаның шығындалуы 1-20л/мин.

Автоматты бір желісті сынама алғыш АПП-6-1 (базалық вариант)

Эт. 220 (36) В, 50 Гцтұрақты тоқ 25 Вт, акк., зқ

қоректену блогымен 0,7, с – 3,5

Концентрацияны тікелей әдіспен анықтау үшін ауадан аэрозоль сынамасын алу. Сіңіргіштерді және аз габаритті тұтқыштарды қосқанда газдарды, ауаның бактериаларды жұқтырылуын және басқа да қосымшаларды анықтау үшін сынама алу мүмкіншілігі бар.

Ауаның шығындалуы 6-20 л/мин

АПП-6-1.01.

Сондай

Сондай

АПП-6-1+ көлемнің қосымша индикаторы, қол жеткізілуі қиын жерлерде көлем көрсеткішін дистанционды бақылауға қол жеткізеді.

Сондай

АПП-6-1.02

Сондай

Сондай

АПП-6-1 + таймер, алдын ала қалыптастырылған уақытта сынама алғышты дистанционды қосуға қол жеткізеді.

Сондай

АПП-6-1.06

Сондай

Сондай

АПП-6.1 + автоматты ұзақ сынама алғыш қондырғы, сынама көлемінің және ауаны күнделікті шығындалу деңгейінің нұсқағышы болады.

Сондай

АПП – 7 – 2 екі желісті сынама алғыш

Эт 220 (36) В, 50 Гцтұрақты тоқ 12 Вт, акк., зқ

3,5

АПП-6-1 (зиянды заттардың аз мөлшерлерін анықтауға арналған үлгі)

Ауаның шығындалуы

75-100 л/мин

АПП – 3 -4 төрт желісті сынама алғыш

Сондай

5,0

АПП – 6 -1 + бір мезгілде 4 сынама алу

Ауаның шығындалуы: 2 желісде-0,2 -1л/мин; 2 желіде – 1- 20 немесе 2-40 л/мин

«Прима» 01 және 03 үлгісіндегі радиоизотопты концентратомер

Эс 220 В, 50 Гц

4,5

Тікелей сынама алу орнында салмақтық концентрцияларды жанама өлшеу

Өлшенетін концентрациялардың диапазоны 0,05-тен 100 мг/м³, Ауаның шығындалуы 15,5 л/мин, алынатын сынаманың көлемі 128, 512 л, автоматты режимдегі өлшеулер саны: 4 (01 үлгі), 250 (003 үлгі)

ДП-1 жеке дара шаң дозиметрі

Авт., акк., зқ

0,45

Ауаның шаңдануы 35 мг/м³ көп болғанда тікелей әдіспен концентрацияны анықтау үшін аэрозоль сынамасын алу. Жарылыс қауіпінсіз орындалады.

Ауаның шығындалуы

1 л/мин

ППН жеке дара сынама алғышы

Авт., акк., зқ

2,6

Ауаның шаңдануы 35 мг/м³ көп болғанда тікелей әдіспен концентрацияны анықтау үшін аэрозоль сынамасын алу. Жарылыс қауіпінсіз орындалады.

Ауаның шығындалуы -5-20 л/мин

ПП-1 аспираторы

Эт 220 (36) В, 50 Гцтұрақты тоқ 12 Вт, акк., зқ

Акк.мен – 9,0, Эт – 5,5

Сондай + 2 желі, 1-ден 30 мин.-қа дейін болатын таймер, параллель жалғастырғанда өнімділік қосындыланады

Ауаның шығындалуы -5-20 л/мин

ПУ-ЭР-220 сынама алғыш құрылымы

Эт 220 В

4,5

Ауа сынамасын алу және одан әрі концентрациясын, дисперстілігін, минеральды, микробиологиялық, химиялық құрамын анықтау және аэрозольдердің қондырылған бөлшектеріне салмақтық, оптикалық, гранулометрлік, электронды-зондтық және микробиологиялық талдауларды параллель жүргізе отырып аэрозольдердің қасиеттерін зерттеу.

Тұтқыр элементтерінсіз өнімділік – 700 л/мин.өлшеу шегі – 0,1-1000 мг/м³. Сынама алудың сызықтық жылдамдығы: 1-3 м/с аралығында реттелінеді.

ПУ-ЭР-12 сынама алғыш құрылымы

Тұрақты тоқ 12 В

4,5

Алдыңғы сияқты мақсатта, сынама алу сонымен бірге ашық жерлерде жүргізілуі мүмкін, ал қоректенуі аккумулятордан болады.

Өлшеу шегі алдыңғы құрылым сияқты, ауа сорудың сызықтық жылдамдығы 0,5-1,5 м/с.

*Эт – электр торабы; авт. – автономды қоректендіру; акк. – аккумулятор; зқ – зарядты құрылым; Б – батарея.

Ауа сынамасын алу әдістері және БФӘА орташа ауысымдық концентрацияларын есептеу. №1.04-001-2000 «Басшылыққа» сәйкес АФӘШ кәсіптік қатынаста болғанда еңбек жағдайының кластары мен зияндылық дәрежесін, АФӘШ іс жүзіндегі шамаларын Коа және ШРЕКоа жоғары болу жиілігіне қарай анықтайды «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативі №841 3 желтоқсан 2004 жыл. Шаңның орташа ауысымдық концентрациясын бөлшектердің салмағы бойынша анықтайды (ауа көлемі бірлігіндегі ауада ілініп тұрған барлық бөлшектердің салмағы), ол үшін жұмысы шаңның салмағын тікелей және жанама өлшеу әдістеріне негізделген құрылымдар мен жабдықтарды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл кезде бір сатылы құрал-жабдықтар және құрылымдар жұмыс аумағы ауасында ілінген барлық шаң бөлшектердің сынамасын алуды немесе өлшеуді (немесе екеуі де) қамтамасыз етуі тиіс. Екі сатылы құрал-жабдықтар шаңның дисперсті құрамы туралы – бірінші сатымен (циклонмен немесе басқа құрылыммен) алынған барлық шаңды бөлу кезінде алынған «қатты» және «жұқа» фракциялардың салмағы бойынша мәліметтер алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Рудниктік аэрозольдің дисперстілік құрамын формуланың немесе номограмманың көмегімен барлық шаңның концентрациясын екі сатылы гравиметрлік өлшеу нәтижелері бойынша экспресс анықтау әдістемесі өңделді.

Талшықты шаңдардың (асбест және басқалары) жұмыс аумағының ауасындағы концентрациясын өлшеуді бір сатылы әдіспен жүргізу керек.

Жұмыс орындарында шаң концентрациясын тыныс алу аумағында немесе мұндай сынама алу мүмкін болмаған жағдайда, шаң жинағыштың немесе шаң өлшегіштің ауа қабылдағышын оған максимальды жақындата отырып, бірақ 1-1,5 м алыс емес қашықтықта, еденнен (топырақтан) 1,5 м биіктікте өлшеу керек. Егер жұмыс орыны бекітілмеген болса, онда шаң концентрациясын анықтауды жұмысшы жұмыс уақытының 50 %-ы өтетін жұмыс аумағы нүктелерінде жүргізеді.

АФА сүзгілерін қолдана отырып тікелей өлшеулер жүргізу үшін тұтқыр құрылымдарды қолданады, ол сүзгі ұстағыштан, жұмыс ауданы 10 немесе 20см² болатын ФП маркілі гидрофобты материалдан жасалған сүзгіден (АФА-ВП-10 немесе АФА-ВП-20 7186-76 ТШ бойынша), әр сүзгі арқылы 20-дан 140 дм³/мин дейін көлемдік жылдамдықпен ауаның өтуін қамтамасыз ететін аспиратордан тұрады.

Барлық қолданылатын құралдарында 500 сағаттан немесе 2 жылда 1 реттен сирек емес жүргізілетін тексеру туралы белгісі болуы керек.

Сүзгілердің салмағын өлшеуді зертхана жағдайында, 24104-80 МЕСТ-ке сәйкес келетін және қателегі ±0,1 мг көп болмайтын аналитикалық таразыларда сынама алуға дейін және сынама алғаннан кейін жүргізеді.

Зерттелетін ауа көлемін қалыпты жағдайларға келтіру үшін шаңның сынамасын алу орындарында ауаның температурасын, барометрлік қысымын және ылғалдылығын анықтайды.

Жеке дара шаң жинағыштарды қолдануда өлшеуді үздіксіз бар ауысым бойына жүргізу керек. Шаң өлшегіштермен және жеке дара шаң жинағыштармен өлшеуді шығарушы-зауыт нұсқауымен сәйкес іске асырады.

Әрбір өлшеуге немесе оның сериясына хаттама толытырудың, одан сынама алу туралы мәліметтер, оларды өлшеу нәтижелеріне баға беру қорытындысымен (ауадағы шаңның мөлшерін анықтауға қолданылған құрал-жабдықтардың түрлері; 8.1. кестені қараймыз) бірге көрсетілуі тиіс.

Зерттелетін ауаның көлемін 12.1.005-88 МЕСТ-ке сәйкес қалыпты жағдайларға келтірде: температура 293°К (20°С), атмосфералық қысым 760 мм. сн. бб., немесе 1013гПа (1 мм. сн. бб. = 133,332 Па), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50%. Көлемді есептеуді келесі өрнек бойынша жүргізеді:

,

мұндағы Vн – қалыпты жағдайларға келтірілген ауа көлемі, дм³; V1 – талдау жасауға жиналып алынған ауа көлемі, дм³; P - өлшеу бекетіндегі орташаауысымдық атмосфералық қысым, гПа; Pн – белгілі бір температурадағы қаныққан будың қысымы (кесте 8.2.), гПа; φ - өлшеу бекетіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, бірлік бөліктері, °С; t° - өлшеу бекетіндегі ауаның орташа температурасы, °С; P0 - 20°С температурада және 50% ылғалдылық кезіндегі су буларының қысымы (тұрақты шама, 8,7 мм.сн.бб. немесе 1160 Па тең болады).

Кесте 8.2. Әртүрлі ауа температураларындағы Pн шамасы

Темпе-ратура, °С

Қаныққан бу қысымы, мм.сн.бб.

Темпе-ратура, °С

Қаныққан бу қысымы, мм.сн.бб.

Темпе-ратура, °С

Қаныққан бу қысымы, мм.сн.бб.

Темпе-ратура, °С

Қаныққан бу қысымы, мм.сн.бб.

-20

-15

-10

-5

-4

-3

-2

-1

0

1

2

0,927

1,400

2,093

3,113

3,368

3,644

3,941

4,263

4,600

4,940

5,300

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

5,687

6,097

6,534

6,988

7,492

8,017

8,574

9,165

9,762

10,457

11,162

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

11,908

12,699

13,836

14,421

15,397

16,346

17,391

18,495

19,659

20,888

22,184

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

23,550

24,988

26,503

28,101

29,782

31,548

33,406

35,359

37,411

39,565

41,827

Ауаның көлемін (дециметр кубпен берілген) мына өрнек бойынша табады: V1 = q · t ,

Мұндағы q – 1 минуттағы ауа шығындалуы; t - өлшеу ұзақтығы, мин.

Vн есептеулерін қарапайымдау үшін «Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясын өлшеу бойынша ӘН-дың» барлық басылымдарының қосымшаларында келтірілген коэффициенттер кестесін қолдану қажет. Ауа көлемін қалыпты жағдайларға келтіру үшін V1 –ді берілген кестеде келтірілген коэффициентке көбейту керек.

«Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативі №841 3 желтоқсан 2004 жыл фиброгенді әсерлі аэрозольдарға жататын заттардың ШРЕК-сы орташа ауысымдық концентрация болып табылады (ШРЕКоа ). БФӘА-ға орташа ауысымдық концентрациялары бойынша бақылау жасалынады.

ШРЕК орындалуына бақылау жасауды белгілі бір кәсіп топтарына (берілген мамандықтың 10 % -нан кем емес жұмысшыларында) немесе нақты жұмысшыға тән жүргізеді. К­оа - жұмышылардың тыныс алу аумағында немесе жұмыс аумағында ауысымның 75 %-нан кем емес уақыт аралығында негізгі және қосалқы технологиялық операциялар кезінде, сонымен қатар жұмыс уақытындағы үзілістер кезінде олардың ауысым бойына ұзақтығын ескере отырып үздіксіз немесе дискретті сынама алу нәтижелері бойынша анықталған аэрозоль концентрациясы.

Ауа ортасының анық мәліметтерін алу үшін кем дегенде 3 ауысым мәліметтерін алу қажет.

Орташа ауысымдық концентрацияларға бақылау жасау кезеңділігін ОМСЭҚ келісімі бойынша қалыптастырады, ереже бойынша ол медициналық тексерулердің кезеңділігіне сәйкес келеді. Технологиялық үрдістің, жабдықтардың, санитарлық-техникалық құрылымдардың өзгеуі кезінде Коа -ны қайта өлшеу керек.

Коа-ны үздіксіз сынама алу немесе (жұмысы ең аз) барлық технологиялық операциялар (негізгі және қосалқы) мен жұмыс уақытындағы барлық үзілістерді ескере отырып жекелеген өлшеулер негізінде анықтауға болады. Бұл кездегі сынамалар саны технологиялық үрдістің санына және ұзақтығына тәуелді болады, бірақ та, ережеге сай 5 кем емес. Бұл жағдайда Коа есептік немесе графоаналитикалық әдіспен алуға болады.

Бар ауысым бойына жеке дара сынама алғыш көмегімен алынған орташа өлшемді Коа шаңдық фактордың сипаты мен динамикасын уақыт бойынша бейнелейді, бұл кезде концентрациялардың шыңдық көтерілулері жоғалады, сол себепті басқа есептеу әдісін қолдануға болады. Концентрация-уақыт тәуелділігін жұмыс аумағының ауасының шаңдану деңгейіне жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша сипаттау үшін анық мәліметтер алу, тек ауа сынамасын алу нәтижелерін өңдеу мүмкіншіліктерін қолдануда ғана мүмкін болатыны қалыптастырылды, яғни Коа ең жақсы сипаттамалары уақыт бойынша өлшемді емес, ал мүмкіншілігі бойынша ортагеометриялық өлшемді ескергенде берілуі мүмкін.

Шаңдық бақылау мәліметтерін өңдеудің ұсынылған математикалық аппаратын қолдану белгілі бір шаң жинау тактикасын ұстануда, одан әрі шаңдық жүктемені есептеуге қажетті Коа-ны оперативті алуды мүмкін етеді. Графоаналитикалық және есептеу әдістерімен Коа және стандартты геометриялық ауытқуды анықтау үшін шаңдық бақылау мәліметтерін өңдеу бойынша ұсыныстар төменде келтірілген.

Орташа ауысымдық концентрацияны анықтаудың есептеу әдісі. Есептеу әдісімен Коа анықтау үшін технологиялық үрдісте шаң түзілумен жүретін негізгі операцияларды бөліп алу қажет, олардың ұзақтығын (мин) анықтау керек және үш ауысым бойына шаң мөлшерін анықтау үшін, сынама алу ұзақтығын және олардағы шаңның концентрациясын (мг/м³) белгілей отырып кем дегенде 15 ауа сынамасын алу қажет. Алынған мәліметтерді 8.3. кестенің сәйкес 1, 2, 3, 4, бағаналарына енгізеді (қолданудағы хаттаманың түрі бойынша).

8.3. кестеде нақты мысалда тұтқыр материалдың (цемент) және инертті қосымшалардың (құм, гравии, қиыршық тас және т.с.с.) қатуы нәтижесінде алынатын цементті бетон даярлауда, шаңдық бақылау мәліметтерін есептеу әдісі және өңдеу сатылары келтірілген. Технологиялық үрдіс барысында шикізат бөлшектеуге, ұнтақталуға, еленуге және бетонды араластырғыш қондырғыларға тиеуге ұшыратылады.

Егер жұмысшы ауысым бойына бөлмеден шығып және бақыланатын зат жоқ жерлерде болса, онда 2 бағанада оның немен айналысқанын белгілейді, ал 5 бағанада «0» белгісін қояды. 5 бағанаға заттың концентрациясының сынама алу уақытынан туындысын, ал 6 бағанаға әрбір операция үшін орташа концентрацияларды есептеу нәтижелерін енгізеді (Ко):

,

мұндағы К1, К2.....Кn - заттың концентрациясы; t1, t2.... tn – сынама алу уақыты.

Операция кезіндегі орташа концентрацияларды (К) және операциялар ұзақтығын (То) анықтау нәтижелері бойынша орташа ауысымдық концентрацияны (Коа) ауысымдағы орташа өлшемді шама сияқты есептейді:

,

мұндағы Ko1, Ko2….Kоn- операциядағы орташа концентрация; To1,To2…..Ton- операциялардың ұзақтығы.

Кесте 8.3. Коа есептеу әдісімен анықтау.

Аты жөні – Петров И.А.

Мамандығы - машинист

Кәсіпорыны – ЖБИ

Цех – бетонараластыру

Заттың аталуы – цементті бетон

Өндірістік үрдістің (операцияның) аталуы және қысқаша түсінігі

Опера-циялардың ұзақты-ғы (Т), мин

Сынама

алу ұзақ-тығы (t), мин

Сынамада

ғы заттың концен-

трациясы (К), мг/м³

Концен-трацияның уақытқа туындысы-

К·t

Операциядағы орташа концен-трация (Ко), мг/м³

Ауысым бойына жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін сипат-тын стати-тикалық көрсеткіштер

Жартылай автомат-таразыларда цементті мөлшерлеу

70

10

7

5

10

5

40,5

59,5

173,3

110,6

121,1

405,0

416,5

566,5

1106,0

605,5

91,9

Кмин = 4 мг/м³

Кмакс = 173,3 мг/м³

Коа = 27,9 мг/м³

Ме = 18,4

= 2,6

Шикізатты үгіту

193

21

38

13

15

18,8

17,8

19,9

20,0

394,8

676,4

388,7

300,0

20,2

Елеу

150

10

30

11

10

394,0

426,0

267,7

233,0

394,0

426,0

267,7

233,0

21,5

Бетон араластырғышқа тиеу

67

5

16

40

21,5

11,8

4,0

322,5

188,8

160,0

9,5

7 бағанаға ауысым бойына жұмыс аумағының ауасының ластану үрдісін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштерді енгізеді:

  • Кмин – бар жұмыс ауысымы бойына анықталған минимальды концентрация;

  • Кмакс - бар жұмыс ауысымы бойына анықталған максимальды концентрация;

  • Орташа ауысымдық концентрация (Коа) - өрнек бойынша есептелген бар жұмыс ауысымы бойына орташа өлшемді концентрация;

  • Медиана (Ме) – зиянды зат концентрациясының өлшемсіз орта геометриялық шамасы; ол концентрацияның барлық жиынтығын екі тең бөлікке бөледі: сынаманың 50% -ы медиана мәнінен жоғары және 50% - төмен. Медиананы мына формуламен есептейді:

, ,

мұндағы К12.....Кn – алынған сынамадағы заттың концентрациясы;

t1, t2…. tn - сынама алған уақыты.

  • Стандартты геометриялық ауытқу (∑), концентрацияның ауытқу шектерін сипаттайды, келесі өрнекпен есептеледі:

.

Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау мәліметтерін өңдеудің графоаналитикалық әдісі. Технологиялық үрдістің операциялар аталуын, олардың ұзақтығын, сынама алу ұзақтығын және сәйке концентрацияларын 8.4. кестеге енгізеді.

Кесте 8.4. Орташа ауысымдық концентрацияларды анықтау үшін ауа сынамасын алу нәтижелері

Аты жөні – Петров И.А.

Мамандығы – машинист

Кәсіпорын – ЖБИ

Цех – бетон араластыру

Заттың аталуы – цементті бетон

Реттік №

Өндірістік үрдістің операциялары (сатылары)

Өндірістік үрдіс операцияларының (сатыларының) ұзақтығы, мин

Сынама алу ұзақтығы, мин

Заттың концентрациясы, мг/м³

1

2

3

4

5

Жартылай автомат – таразыларда цементті мөлшерлеу

70

10

7

5

10

5

40,5

59,5

173,3

110,6

121,1

6

7

8

9

Шикізатты үгіту

193

21

38

13

15

18,8

17,8

29,9

20,0

10

11

12

13

Елеу

150

10

30

11

10

39,4

14,2

23,7

23,3

14

15

16

Бетон араластырғыш-қа тиеу

67

15

16

40

21,5

11,8

4,0

Кесте 8.5. Коа және ∑ анықтаудың графоаналитикалық әдісі үшін шаңдық бақылау мәліметтерін өңдеу сатылары

Реттік №

Рангілеу тәртібіндегі концен-трация-лары, мг/м³

Сынама алу ұзақты-ғы, мин

Ауысым уақытынан %-бен алғандағы сынама алу ұзақтығы

Жиналған жиілік, %*

Стати-калық көрсе-штер

Олардың мәндері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

4,0

11,8

14,8

17,8

18,8

20,0

21,5

23,3

22,7

28,9

39,4

40,5

59,5

110,6

121,1

173,3

40

16

30

38

21

15

15

10

11

13

10

10

7

10

5

5

15,6

6,3

11,7

14,8

8,2

5,9

5,9

3,9

4,3

5,1

3,9

3,9

2,7

3,9

1,9

2,0

15,6

21,9

33,6

48,4

56,6

62,5

68,3

72,2

76,5

81,6

85,5

89,4

92,1

96,0

97,9

99,9

Бір реттік концентрациялардың минимальдысы - Кмин

Бір реттік концентрациялардың минимальдысы - Кмакс

Медиана – Ме

Орташа ауысымдық концентрация - Коа

Стандартты геометриялық ауытқу -

4,1

105,3

15,0

25,5

2,8

εn

729,4

εк

256

εt

99,9

ε%t

* Жиналған жиілік – 4 бағанада келтірілген шамаларды біртіндеп қосу

Концентрацияларды өлшеу нәтижелерін жоғарылау тәртібі бойынша 8.5 кестенің 2 бағанасына енгізеді, ал 3 бағанаға сәйкес сынама алу ұзақтықтарын енгізеді. Барлық сынамалардың алыну уақыттарын қосындылайды және 100 % -ға қабылдайды. Барлық сынамаларды алудың жалпы уақытынан 100% -ға қабылданған әрбір сынаманы алу уақытының үлесін (∑t) анықтайды. Алынған мәліметтерді 8.5. кестенің 4 бағанына енгізеді.

Жиылған жиілікті 4 бағанда көрсетілген әрбір сынама уақытын рет ретімен қосындылау жолымен анықтайды, ол қосындысында 100 % -ды құрауы тиіс (5 бағана). Логарифмді мүмкіншілік торшасына (8.1. сурет) концентрация мәндерін (абсцисса осі) және пайыздағы олармен жиналған сәйкес жиіліктерді (ордината осі бойынша) түсіреді. Түсірілген нүктелер арқылы сызық жүргізеді. 50%-дық ықтималдылық мәнімен интегральды сызықтың кесіп өтуі бойынша медиана (Ме) мәнін анықтайды. Жиналған мәндердің (ордината осі) 84 және 16% ықтималдылығына сәйкес келетін Х84 және Х16 мәндерін ықтималдылығын анықтайды.

Концентрациялардың ауытқу шегін сипаттайтын стандартты геометриялық ауытқуды (σ) есептейді:

Сурет 8.1. Графоаналитикалық әдіспен шаңдық бақылау мәліметтерін өңдеуге арналған логарифмді ықтимал координатты тор

немесе .

3-тен аспайтын σ жұмыс аумағының ауасы концентрациялардың тұрақтылығы туралы куәлік етеді, сондықтан да бақылау жиілігінің жоғарылауы талап етілмейді; 6 аса σ концентрацияның ауысым бойына едәуір ауытқуларын және жұмысшылардың берілген мамандық тобы (берілген жұмыс орынында) үшін орташа ауысымдық концентрацияларға бақылау жасау жиілігін жоғарылату қажеттілігін көрсетеді. Орташа ауысымдық концентрациялардың мәнін мына формуламен есептейді:

InKоа = InMe + 0,5(Inσ) ; Kоа = e .

Максимальды концентрациялардың мәндері (Км) жұмыс ауысымының 8-сағаттық ұзақтығы кезінде 97% жиналған жиіліктердің мәніне сәйкес келеді график бойынша табады).

Осылайша, нақты мысалда келтірілген бетон өндірісінің цех машинисті И.А. Петров орташа ауысымдық концентрациясы 25,5 мг/м³, ШРЕКоа-дан 4,25 рет жоғары болатын цементті шаңның әсеріне ұшырайды.

Еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері, денсаулыққа келтірілетін нұқсанның кәсіптік қатерін есептеу. Фиброгенді шаңның ШРЕКоа-ның жоғарылауы кезінде шаңдық жүктемені анықтау міндетті түрде жүргізіледі.

Жұмысшының тыныс мүшелеріне ш а ң д ы қ ж ү к т е м е (ШЖ) – жұмысшы фактормен іс жүзіндегі немесе болжамды кәсіптік қатынастың барлық кезеңінде тыныс алатын шаңның қосындылық экспозициялық мөлшерінің нақты немесе болжамдық мәні.

Жұмысшының (немесе жұмысшылар тобының, егер олар бірдей жағдайларда ұқсас жұмыстар атқарып жатқан болса) тыныс мүшелеріне ШЖ-ні жұмыс аумағының ауасындағы АФӘШ-дың іс жүзіндегі Коа –на, өкпе желдену көлеміне (еңбек ауырлығына тәуелді болатын) және шаңмен қатынас ұзақтығына қарай есептейді:

ШЖ = Kоа · N · T · Q,

Мұндағы Коа – жұмысшының тыныс алу аумағындағы іс жүзіндегі орташа ауысымдық концентрация; N – күн тізбелік жылдағы жұмыс ауысымдарының саны (мысалы, 248); T –БФӘА-мен қатынаста болған жылдар саны; Q – ауысымдағы өкпе желденуінің көлемі, м³.

Өкпе желденуінің, энергия шығынының деңгейіне және сәйкес жұмыс категорияларына байланысты болатын, (№1.02.006-94 «Өндірістік бөлмелердің ықшам климатының санитарлық нормалары» СН-на сәйкес) келесі орташаландырылған мәндерін қолдану ұсынылады: Іа-Іб жұмыс категориялары үшін ауысымдағы өкпе желдену көлемі – 4 м³, ІІа-ІІб категориялары үшін - 7м³ және ІІІ категрия үшін – 10 м³.

ШЖ-ні іс жүзіндегі және болжамдық мәндерін алу үшін шаңмен қатынаста болған кез келген кезеңдерде есептеуге болады.

Іс жүзіндегі ШЖ-нің мәндерін, мәндері іс жүзіндегі немесе болжамдық еңбек өтіліне, шаңның ШРЕК-на және жұмыс категориясына байланысты анықталынатын, бақылаулық шаңдық жүктеме мәндерімен (БШЖ) салыстырылады:

БШЖ = ШРЕКоа· N · T · Q,

Мұндағы ШРЕКоа – орташа ауысымдық ШРЕК, мг/м³; N – күн тізбелік жылдағы жұмыс ауысымдарының саны (мысалы, 248); T –БФӘА-мен қатынаста болған жылдар саны; Q – ауысымдағы өкпе желденуінің көлемі, м³.

БФӘА әсері кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критериилері. БФӘА-мен кәсіптік қатынас кезіндегі еңбек жағдайының кластары мен зияндылық дәрежесін БФӘА-дың Коа –ның іс жүзіндегің мәндеріне және ШРЕКоа –нан жоғарылау жиілігіне қарай анықтайды.

БФӘА-дың жұмысшылардың тыныс мүшелеріне әсер ету дәрежесінің қосымша көрсеткіші, фактормен барлық іс жүзіндегі және болжамды қатынас жасау кезеңіндегі ШЖ болып табылады. Іс жүзіндегі ШЖ-нің бақылаулық деңгейге сәйкес келуінде еңбек жағдайын рұқсат етілген класқа жатқызылады және сол жағдайларда жұмысты жалғастыру бекітіледі. БШЖ-нің жоғарылау жиілігі берілген фактор бойынша еңбек жағдайының зияндылық класын көрсетеді. 8.6. кестеде ШРЕКоа және БШЖ жоғарылау жиілігіне байланысты БФӘА әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының кластары келтірілген.

БШЖ-ден жоғарылау жағдайында «уақытпен қорғау» қағидасын қолдану ұсынылады.

Кесте 8.6. Жұмыс аумағының ауасында БФӘА-ның болуына және тыныс мүшелеріне түсетін шаңдық жүктемеге байланысты еңбек жағдайларының кластары (ШРЕК және БШЖ-ден жоғарылау жиілігі)

Көрсеткіш

Еңбек жағдайының кластары

рұқсат етілген

зиянды

қауіпті (экстремальды)

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

ШРЕК-тен жоғарылауы, рет

Шаңның концентрациясы

ШРЕК

1,1-2,0

2,1-5,0

5,1-10,0

> 10,0

БШЖ-ден жоғарылауы, рет

Шаңдық жүктеме (ШЖ)*

Айқын фиброгенді әсері бар (ШРЕК 1 мг/м³), сонымен қатар асбестті шаңдардың шаңдық жүктемесі

БШЖ

БШЖ

1,1-2,0

1,1-1,5

2,1-5,0

1,6-3,0

5,1-10,0

3,1-5,0

> 10,0

>5,0

* Айқын фиброгенді әсер көрсететін және ШРЕК 1 мг/м³ болатын шаңдарды, сонымен қатар асбестті шаңдарды қоспағанда

** 200-400 мг/м³ -тан асатын концентрациялардағы органикалық шаңдар өрт және жарылыс тудыру жағынан қауіпті болады.

БФӘА әсері кезіндегі «уақытпен қорғау» (зиянды фактордың персоналдық мөлшерін есептеу және ретке салу аурушаңдықтың алдын алудағы мәжбүрлік шара ретінде). Қолайсыз еңбек жағдайларында кәсіптік аурушаңдықтың алдын алу үшін, гигиеналық нормативтерге қол жеткізуге бағытталған шаралардан басқа, олардың жоғарылау жағдайларында жағымсыз фактордың әсер ету уақытын шектеу және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен жұмысшылардың денсаулығын сақтау шараларын іске асыру қажет. Жұмыс берушімен келісімге тұра отырып азаматтар, өзінің қандай жағдайларда жұмыс істейтіні және де қандай жағдайларда оның жұмыс істеу мерзімін шектеу мүмкін болатыны туралы білуі қажет.

Нақты еңбек жағдайларында жұмысын жалғастыру мүмкіншілігіне баға беру және осы жағдайларда рұқсат етілетін еңбек өтілін есептеу үшін (сол кезде жұмыс істеп жатқандар және жаңадан жұмысқа қабылданып жатқандар үшін) шаңдық жүктеменің іс жүзіндегі және бақылаулық деңгейлерін бір біріне келістіру қажет (жоғарыға қараймыз). Егер іс жүзіндегі ШЖ БШЖ-ден жоғары болмаса, онда сол жағдайларда жұмысын жалғастыра беру мүмкіншілігі бекітіледі.

БШЖ-ден жоғарылау жағдайында ШЖ-нің БШЖ-ден жоғарыламайтын еңбек өтілін (Т1) есептеу қажет. Бұл кезде БШЖ-ні 25 жылға тең болатын орташа жұмыс өтіліне анықтау қажет. Егер жұмыс істеу ұзақтығы 25 жылдан көп болған жағдайларда есептеуді нақтылы еңбек өтіліне қарай жүргізу қажет:

,

мұндағы Т1- берілген жағдайдағы рұқсат етілетін еңбек өтілі; БШЖ25- ШРЕК талаптарын орындау жағдайында 25 жыл жұмыс істеудегі ШЖ; N – күн тізбелік жылдағы жұмыс ауысымдарының саны; Q – ауысымдағы өкпе желденуінің көлемі, м³.

Соның ішінде К мәні барлық жұмыс кезеңіндегі орташа өлшемдік мән ретінде қабылданады:

,

мұндағы К1n- жекелеген жұмыс кезеңдеріндегі іс жүзіндегі орташа ауысымдық концентрациялар.

9 Тарау

ЖҰМЫС АУМАҒЫНЫҢ АУАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК УЛАР

Кәсіптік, немесе өндірістік, улар – шикізат, аралық немесе дайын өнімдер түрінде өндірістік жағдайларда кездесетін және кәсіптік аурулар немесе ағзаға енуінде дамытылған зерттеу әдістерімен қалай улардың әсер етуі үрдісінде анықталынса, солай осы және келер ұрпақ өмірінің алыс мерзімдерінде анықталынатын денсаулық жағдайындағы ауытқуларды туғызуға қабілетті химиялық заттар.

«Өндірістік орта факторларының қауіптілік және зияндылық көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша еңбек жағдайына баға беру мен жіктеудің гигиеналық критериилері» (№1.04.001-2000 Б) Басшылығына сәйкес химиялық өндірістік факторларға сонымен қатар бақылау үшін химиялық талдау әдістері қолданылатын, химиялық синтез жолымен алынатын биологиялық табиғатты бірқатар заттар да (антибиотиктер, витаминдер, гормондар, ферменттер, белокты заттар) жатқызылады.

Өндірістік улар әртүрлі болады және де қауіпті (жедел аурулар, денсаулықтың күрт нашарлауын немесе өлім тудыратын) және зиянды (еңбекке қабілеттілікке теріс әсерін тигізетін және кәсіптік аурулар туғызатын, созылмалы жалпы соматикалық аурулардың жиілеуін және басқа да теріс салдарларға алып келетін) өндірістік факторлар болуы мүмкін.

Химиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жалпы улық, тітіркендіргіш, сенсибилдеуші, канцерогенді, мутагенді әсер көрсететін және репродуктивті қызметке әсерін тигізетін газдарды, буларды, сұйықтықтарды және аэрозольдерді жатқызады.

Ағзаға өндірістік улар тыныс алу мүшелері, асқазан-ішек жолы арқылы және зақымдалмаған тері арқылы түсуі мүмкін. Дегенмен заттардың көбісі ағзаға өкпе арқылы түседі, соған байланысты жұмыс аумағының ауасында бұл заттарға тұрақты бақылау жасау қажет. Тері арқылы енетін заттарды қолдануда олармен тері жабындыларының және қоршаған заттардың ластану дәрежесін анықтау керек.

Өндірістік ортаның химиялық заттармен ластануынан қорғайтын ең негізгі шара – ол оларды технологиялық үрдістен толығымен алып тастау және оларды қауіптілігі аздау заттармен алмастыру. Егер бұл шараларды іске асыру мүмкін болмаса, онда елімізде ШРЕК, ӘШҚД–нің көмегімен реглементтелетін қауіпсіз деңгейге дейін бұл заттардың мөлшерін жұмыс аумағының ауасында төмендету міндеті қойылады. Тері арқылы енетін заттар үшін қол терісіне арналған ШРЕК – зиянды заттармен жұмыс істейтін жұмысшылардың қол терісі ластануының шамамен алынған шектік рұқсат етілген деңгейлері.

Бірқатар елдерде химиялық ластанудың әсер ету көрсеткіштері ретінде экспозиция тесттері, яғни зиянды заттардың немесе олардың алмасу өнімдерінің мөлшерін, жұмысшының биологиялық жүйелеріндегі (зәр, қан, шаш және т.б.) зақымдалынған ферменттерінің және басқа да биохимиялық көрсеткіштерінің белсенділігін анықтау қабылданған, ал ол болса өз кезегінде улы-кинетикалық теңдеулердің негізінде әртүрлі жолдармен (жұмыс аумағы, атмосфера, тағамдық азық-түліктер және т.б.) ағзаға келіп түскен улардың қосындылық мөлшерін анықтауға қол жеткізеді. Дегенмен экспозиция тесттері ШРЕК мен ӘШҚД-ін – ластанған өндірістік ортаға қарасты қолданылатын регламенттерді алмастыра алмайды.

Біздің елімізде жұмыс аумағының ауасындағы зиянды және қауіпті заттардың мөлшеріне санитарлық бақылауды бірқатар заңдылық құжаттардың негізінде жүргізеді:

  • «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативі №841 3 желтоқсан 2004 жыл;

  • «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттарға бақылау жасаудың әдістемесі» - «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» (№841 3 желтоқсан 2004 жыл) Басшылығының 9-шы қосымшасы ;

  • «Антибиотиктер өндіретін кәсіпорындардың жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың концентрациясын өлшеу әдістеріне техникалық шарттар мен әдістемелік нұсқаулар» (Жинақ. Ч. 1-2, СССР ДМ, 1973-1983).

Жедел уланудың дамуы тұрғысынан қауіп төндіретін зиянды заттардың мөлшерінің жоғарылауы анықталған жағдайда улану қаупін сейілту және жұмысшыларды қорғау бойынша, одан әрі бақылаулық талдауларын жүргізе отырып шұғыл шаралар қабылдау қажет. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың зертханалары әкімшіліктік және аймақтық ОМСЭҚ мекемелеріне келесі түрде шұғыл хабарлама жібереді.

Апаттық жағдайларда, сонымен қатар жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізуде өндірістік кәсіпорындардың санитариялық зертханалары жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшеріне оперативті бақылауды іске асырады, ол үшін сәйкес нұсқаулар ОМСЭҚ-мен жасалынуы және келісілуі тиіс.

Осылайша, өндірістік улардың жұмыс аумағының ауасында болуына бақылау жасау ісінде, ОМСЭҚ мекемесінің өнеркәсіптік бөлімінің дәрігерінің бақылауымен, басшылығымен және оның келісімімен жүргізілетін кәсіпорындардың санитарлық-кәсіпорындық зертханаларының (өнеркәсіптік санхимия зертханалары) жұмысы негізгі орынды алады.

ОМСЭҚ мекемелері жоспарлық дәрігерлік бақылау жүргізеді, оның көлемі және жиілігі еңбек гигиенасы маман-дәрігерімен еңбек жағдайын, өндірістің арнайылығын, заттың зияндылық класын ескере отырып анықталады. Зиянды және қауіпті заттардың жұмыс аумағының ауасындағы мөлшерін бақылау графигін 1 жылға жағдай бойынша 1 қаңтарға құрастырады. Жаңа өндірістерді енгізуде, реконструкциялауда немесе жабдықтарды алмастыруда, өндірістік үрдістерді өзгертуде немесе қарқындылауда, кәсіптік аурулар немесе улануларды анықтауда, оған қосымшалар енгізілуі мүмкін немесе өзгертілуі мүмкін.

Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маманмен зерттеулерді жоспарлау, оның ОМСЭҚ мекемесінің санитарлық-гигиеналық бөлімінің зертханасымен тығыз байланысын болжамдайды, сондықтан да зертханамен деонтологиялық дұрыс қарым қатынаста болу үшін дәрігер МСЭҚБ-дың зертханасының жұмысын регламенттейтін бірқатар құжаттардың мазмұны туралы түсінігі болуы тиіс: №136 24 наурыз 2005 жылғы «Химиялық, токсикологиялық, радиологиялық тексерістерді орындайтын зертханаларды күтіп-ұстауға, жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

Кәсіпорынның аталуы

Санитариялық зертхана