Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы

Өндірістік шаңды шығу тегі бойынша – органикалық, бейорганикалық, аралас, түзілу тәсілі бойынша – дезинтеграция, конденсация аэрозольдері, бөлшектерінің көлемі бойынша – көрінетін (10 мкм көп), микроскопиялық (0,25-10 мкм) және ультрамикроскопиялық (0,25 мкм аз) деп жіктейді.

Әртүрлі бола отырып шаң ағзамызға әртүрлі әсерін тигізуі мүмкін: фиброгенді, улы, тітіркендіргіш және т.б.

Ақырғы зақымдағыш әсері бойынша өндірістік аэрозольдерді басым фиброгенді әсері бар аэрозольдер (БФӘА) және басым жалпы улы, тітіркендіргіш, канцерогенді, мутагенді, сонымен қатар репродуктивті қызметке әсерін тигізуші (өндірістік улар) деп бөлуге болады.

Жоғары белсенді заттардың: витаминдердің, гормондардың, антибиотиктердің, белокты табиғатты заттардың биологиялық аэрозольдері аса маңызды болып келеді.

«Өндірістік орта факторларының қауіптілік және зияндылық көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша еңбек жағдайына баға беру мен жіктеудің гигиеналық критериилері» (№104.001-2000 ҚР АДЗ) Басшылығында «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың мөлшеріне бақылау жасау әдістемесі» келтірілген, онда химиялық, биологиялық табиғатты зиянды заттардың, басым фиброгенді әсерлі аэрозольдердің жұмыс аумағы ауасындағы мөлшеріне, сынама алу орындарын (нүктелерін) таңдау бойынша, жұмыс аумағы ауасының ластануы туралы салыстырылған мәліметтерді алу, олардың жұмысшылар денсаулығына тигізетін әсеріне баға беру, тыныс алу мүшелерін қорғау заттарын қолдану қажеттілігін анықтау мақсатында алынған нәтижелерге баға беру, оларды ұсыну түрлері және кезеңділігі бойынша санитарлық бақылау жасаудың бірегей тәртібі регламенттеледі.

Сонымен қатар зиянды заттарды жұмыс ауданында анықтау нормативтік құжат қолданылады «Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың шектеулі жіберілетін концентрациясы және зиянды заттар әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі» гигиеналық нормативі №841 3 желтоқсан 2004 жыл.

Дегенмен көрсетілген аэрозольдердің түрлерін гигиеналық зерттеу әдістері (сынама алу, оларға сандық және сапалық баға беру, қолданылатын құрал-жабдықтар) белгілі бір ерекшеліктерге ие.

Осы тарауда физикалық зиянды факторларға жатқызылатын және өкпенің кәсіптік ауруларын, пневмокониоздарды, шаңды бронхиттерді, сонымен бірге тыныс жолдарының басқа да созылмалы ауруларын туғызатын басым фиброгенді әсері бар аэрозольдерді (шаңдарды) зерттеу әдістері қарастырылады. Ережеге сай тыныс мүшелерінің шаңды ауруларының клиникалық көріністерінің дәрежесі және айқындылығы шаңдық жүктемеге, шаңның химиялық құрылысына, физико-химиялық қасиеттеріне және тыныс алу көлеміне, анықталынатын еңбек ауырлығына, сонымен қатар ағзаның жеке сезімталдылығына тәуелді болады.

Шаң түйіршіктерінің тыныс мүшелерінде біріншілік тұтылып қалу механизмі инерциялық және гравитациялық қонумен, сонымен қатар диффузиямен анықталады.

Шаңның өкпеде жиналып қалу салдарына пневмокониоздардың дамуы жатады, ол КСРО-де 1976 жылы қабылданған жіктемеге сәйкес әсер етуші шаңның түріне қарай 6 топқа бөлінеді: силикоздар, силикатоздар, металлокониоздар, карбокониоздар, аралас және органикалық шаңнан болатын пневмокониоздар.

1996 жылы шаңның пневмофиброгенді белсенділігіне байланысты пневмокониоздарды үш топқа бөлетін жаңа жіктеме қабылданды: 1) жоғары және аз фиброгенді шаңның әсерінен туындайтын пневмокониоздар; 2) әлсіз фиброгенді шаңның әсерініне болатын пневмокониоздар; 3) улы-аллергиялық әсерлі аэрозольдердің әсерінен болатын пневмокониоздар.

Шаңдық фактордың интермиттеуші және тұрақты сипаты өкпеге бірдей шаңдық жүктемеде әртүрлі маңызға ие. Интермиттеуші әсер кезінде және орташадан 5 есе және одан да көп жоғары болатын шыңдық концентрацияларда шаңның өкпеден шығу жылдамдығы азаяды, ол айқын фиброгенді әсер көрсетеді. Сол себепті шаң концентрациясының шыңдық шамасы және оның әсер ету ұзақтығы шектелінуі тиіс.

Шаңдық факторға және оның әсер ету салдарына баға беру үшін дәрігер-маман әдебиет мәліметтерімен қоса жинаған материалдарын, сонымен қатар жұмыс аумағының ауасындағы шаңның концентрациясын және ондағы бос кремниидің қос тотығын (егер оның зерттелетін шаң құрамында бар екені болжамдалса) анықтау бойынша өзіндік жүргізген зертеу нәтижелеріне талдау жасауы керек, өйткені, осы бос кремний қос тотығының болуы өндірістік шаңдардың фиброгенділік дәрежесін анықтайды. Бос кремний қос тотығын «Бірқатар шаң түрлеріндегі бос кремнийдің қос тотығын анықтау бойынша әдістемелік нұсқауына» (КСРО ДМ, ӘН 2391-81) сәйкес фотометриялық әдіспен анықтайды.

Біздің елімізде шаңның гигиеналық реглементтері, текше метрге миллиграммен (мг/м³) берілген, тыныс аумағы ауасындағы шаңның бар салмағын сипаттайтын гравиметриялық (салмақтық) көрсеткіштері бойынша қалыптастырылған.

Шаңның дисперстілігі ШРЕК негіздеу кезінде «Жұмыс аумағындағы аэрозольдердің ШРЕК негіздеу» №2673-83 Әдістемелік ұсыныстарымен ескеріледі.

Шет елдерде 70 жылдарға дейін ауадағы шаңның регламенттерін кониметрлік мәліметтер бойынша, яғни белгілі бір ауа көлеміндегі (1 см³-тағы) бөлшектер саны бойынша қалыптастырған. Қазіргі уақытта, кониметрлік (сандық) көрсеткіштерін сақтай отырып, бірқатар елдер жұмыс аумағының ауасындағы шаңның мөлшерін салмағы бойынша регламенттеуге көшті, бірақ ол тек оның респирабельді фракцияларын (екі сатылы гравиметрдің циклондарында – «респирабельді» - «жұқа» фракцияны «қатты» фракциядан алдын ала бөліп алу нәтижесінде алынған) ескергенде ғана іске асырылды. Ол мөлшері 1-2-ден 5-8 мкм-ге дейін дезинтеграция аэрозольдерінің шаң бөлшектері және мөлшері 0,3-0,4 мкм-ден кем бөлшектері өкпеде ең үлкен ұсталыну қабілеттілігіне қарай ажыратылуымен байланысты. Дегенмен «респирабельді» фракцияның ескерілетін дисперстілігінің жоғарғы шегі туралы мәселе оның биологиялық маңыздылығы негізінде әлі де шешілмеген және әр түрлі елдерде бұл шек (бөлшектердің аэродинамикалық диаметрі бойынша, яғни бөлшектердің тығыздығы 1-ге келтіріліген диаметрі бойынша) 5, 7, 10 мкм және т.с.с. құрайды. Сонымен бірге сол бір ауа-шаңды ағымның «жалпы» шаңының «жұқа» және қатты» фракциялар үшін жеке регламенттерін енгізу күмәнді, себебі кәсіпорындардың ауасында, мысалы тау-кен өндірісінде, «жұқа» және «қатты» шаң фракцияларының ара қатынасы тұрақты (бұл ара қатынастың ауытқуы ауысым бойына, бір қатар ауысымдарда және т.с.с. 1-ден 86% -ға дейін болады) болмайды. Осыған байланысты біздің елімізде тыныс аумағы ауасындағы шаңның барлық салмағы регламенттеледі және бақыланады.

Шаңдық бақылаудың негізгі мақсаты – жұмысшылардың еңбек жағдайына гигиеналық баға беру және шаңмен күресу құралдарының тиімділігін анықтау.