Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу

2004 жылдың 28 ақпанында №528 «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңында (20 б. 1т.) жұмыс беруші, еңбек жағдайын және қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға ықпал жасайтын еңбекті қорғау жұмыстарын сертификациялай отырып еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялауды жүргізуге міндетті екені қарастырылған.

Аттестация нақты жұмыс орнындағы және біртұтас өндірістегі еңбек жағдайына байланысты еңбекті қорғау және алдын алу шараларының негізгі бағыттарын анықтайтын жұмыс орындарына талдау жасау және баға беру жүйесі ретінде қарастырылады.

Жұмыс орындарының аттестациясын жүргізу тәртібі ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2004 жылдың 3 қарашасындағы № 251-П бұйрығымен бекітілген: «Еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарға аттестация жүргізу тәртібі» нұсқасында берілген және барлық ұйымдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық және жекеменшіктік түрлеріне тәуелсіз қатысты болады.

Жұмыс орындарының аттестациясы өз бетімен жүргізіледі және оның нәтижелеріне жұмыс беруші жауапты болатынын есте сақтау керек.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу жұмыстарын ұйымдар қолда бар заттармен (зертхана және т.с.с.) өз күшімен жүргізе алады. Егер мұндай мүмкіншіліктері болмаса өлшеу жұмыстарына тысқары зертханалар қатыстырылады, бірақ бұл жағдайда шақырылатын зертхана міндетті түрде аккредиттивленуі тиіс.

Жұмыс орындарының аттестациясы ұйымдардағы еңбекті қорғау жұмыстарын сертификациялаудың, кәсіптік қатерді анықтаудың және сәтсіздік “Өндірістегі бақытсыздық жағдайлармен кәсіптік аурулардан міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру туралы» заңына сай өндірістегі сәтсіз жағдайлармен кәсіптік аурулардан әлеуметтік сақтандыру Қорына өнеркәсіп үшін таңдамалы жіктеу тарифын енгізудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Аттестация ұйымда бар барлық жұмыс орындарына жүргізіледі, соның ішінде жұмысшыларға әсер ететін барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлар бағаланады.

Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялаудың негізгі міндеттеріне жатады:

  • жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нақты мәндерін бағалау және олардың нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтау;

  • күші бар нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбекті қорғау және еңбек ету жағдайлары бойынша шараларды жоспарлау және жүргізу;

  • ауыр жұмыстармен және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын жұмысшыларға жәрдемақы беруді негіздеу;

- жұмысшылардың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төндіретін цех, бөлім, қондырғы және т.с.с. жұмысын тоқтату (тоқтата тұру) туралы мәселелерді қарастыру;

- еңбекті қорғау бойынша заңдылық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жіберілген келеңсіздіктеріне байланысты кінәлі лауазымды адамдарға әкімшіліктік-экономикалық (жазалау шараларын) санкцияларды қолдану;

- ұйымдарда еңбекті қорғау жұмыстарын сертификаттауға дайындау.

Жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері келесілер үшін қолданылады:

  • кәсіптік аурушаңдыққа күмән туған жағдайда аурудың кәсіппен байланыстылығы туралы мәселелерді шешу үшін;

  • жұмысшылардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайымен танысуы, соның ішінде жұмысшылармен еңбек келісімін толтырған кезде;

  • ұжымдық келісімді толтыру және еңбекті қорғауды оған қосымша ретінде келісу.

Аттестацияны жүргізу мерзімдері кәсіпорынның өзімен еңбек жағдайы мен сипатының өзгерістеріне қарай анықталынады, бірақ соңғы өлшемдерді жүргізген сәттен бастап 5 жылда 1 реттен сирек болмауы тиіс. Жұмыс орындарында өндірістік қондырғылар ауыстырылғанда, технологиялық үрдіс өзгертілгенде, ұжымдық қорғау заттары реконструкцияланғанда, сонымен қатар аттестацияның жүргізілу келеңсіздіктері анықталғанда бақылау органдарының талап етуімен міндетті түрде қайта аттестациялау жүргізіледі.

Еңбек жағдайы тұрғысынан жұмыс орындырын уақытысында және сапалы аттестациялау жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастыру тұрғысынан келесі мәселелерді қамтитын бұйрық шығарылады:

  • ұйымның аттестациялық комиссиясының ұжымдық құрамы анықталынады, ал керек болған жағдайда мақсатты аттестациялық комиссияның құрамы анықталынады;

  • жұмыс орындарының аттестациясының жүргізу мерзімдері мен графигі жасалынады;

  • кәсіпорынның қызметтеріне аттестация кезінде жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында өз саласындағы мәселелер бойынша тапсырмалар беріледі.

Аттестациялық комиссияның төрағасы ұйымның техникалық жетекшісін тағайындайды. Аттестациялық комиссия құрамына еңбекті қорғау қызметінің, еңбекті ұйымдастыру және айлық еңбек ақы мамандарын, бас мамандарды (бас энергетик, бас механик, технолог және т.с.с.), цехтің дәрігері құрылымдық бөлімшелер мамандары, мамандар қызметінің жетекшілері, санитарлық-өнеркәсіптік зертхана мамандары, кәсіподақ ұйымының мамандары (еңбек ұжымы) кіреді.

Ұйымның аттестациялық комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:

  • жұмыс орындары аттестациясын жүргізуге жетекшілік жасайды;

  • заңдылық және нормативтік база қалыптастырады, оны меңгеруді ұйымдастырады;

  • аттестацияны жүргізудің барлық сатыларында жұмыстың сапасын бақылайды;

  • жұмыс орындарын аттестациялайды және одан әрі оны қалай пайдалану туралы шешім қабылдайды;

  • зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында болған жұмысшыларға жәрдемақы көлемін анықтайды;

  • ұйымның еңбекті қорғау жұмыстарын сертификаттауға дайындығы туралы ұсыныс жасайды;

  • еңбек жағдайын сауықтыру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

  • қажетті өлшемдерді орындау үшін шақыртылған тысқары аккредиттелген зертханалармен келісім жобаларын қарастырады және келіседі;

  • сәйкес жұмыс орындары бар жұмыс орындарын бөліп көрсете отырып кәсіпорынның жұмыс орындарының (негізгі қондырғылардың жұмыс орындарын, қосымша өндірістердің және басшылар мен мамандардың жұмыс орындарының тізімін – ИТР) толық тізімін құрастырады.

Жұмыс орындары тізімге, ұйымда бар штаттық кестеге және өндірістің құрылымдық басқару сызбасына сай, сонымен қатар еңбек нормалары мен басқа да ұйымда бар нормаларға сәйкес (қызмет көрсету нормасы, уақыт нормасы, персоналдардың сандық нормативтері және т.б.) қалыптастырылады.

Жұмыс орнының аталуы кәсіптің, лауазымның аталуы бойынша тағайын- далады. Олар бірегей тарифтік-мамандандырылған анықтама БТМА, ОК16-94 талаптарына сәйкес келуі қажет. Соның ішінде әрбір жұмыс орыны үшін қай ауысым санында қолдануына тәуелсіз бір жазба түсіріледі.

Әрбір жұмыс орнына (немесе орындалатын жұмыс түрлері және еңбек жағдайлары ұқсас жұмыс орындары топтарына) еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялау картасы жасалынады.

Одан басқа, ұйымдағы жұмыс орындарының толық тізімі негізінде комиссия технологиялық үрдістің ерекшеліктеріне, қондырғылардың құрамына, қолданылатын шикізат пен материалдарға қарай әрбір жұмыс орынында бағаланатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың тізімін анықтайды.

Факторлар тізімі 12.0.003-74 “Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жіктелуі.” МЕСТ-мен өндірістің салалық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.

Жұмыс орындарының аттестациясын жүргізуге арналған негізгі құжаттарға жатады:

ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2004 жылдың 3 қарашасындағы № 251-П бұйрығымен бекітілген «Еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарға аттестация жүргізу тәртібі» нұсқасы;

  • 2000 ж ҚР ДМ-мен бекітілген “Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы және кернеулігі бойынша еңбек жағдайын бағалаудың гигиеналық критерийлері” басшылығы №104. 001-2000 ҚР АДЗ;

  • жәрдемақы беру мәселелері бойынша заңдылық және басқа да нормативтік актілер;

  • еңбек қауіпсіздігінің стандарттары (ЕҚСЖ), өкілеттілік нормативтік құқықтық актілер, санитарлық ережелер мен нормалар, гигиеналық нормативтер, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.

Жұмыс орындырының аттестациясын бастамастан бұрын жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне айқын қауіп төндіретін қауіпті және зиянды факторлар ұйымның жағдайлары мен мүмкіншіліктеріне қарай жойылады.

Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындырының аттестациясы жұмыс барысында іске асырылады, яғни өндірістік үрдісті технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізгенде, ұжымдық және жеке басты қорғау құралдарын пайдалану кезінде. Жұмыс орындарының аттестациясын жүргізу тәртібі нұсқасына сай жұмыс орындары 3 негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады: нақтылы еңбек жағдайы мен сипатын¹, жұмыс орындырының жарақат қауіптілігі және жұмысшыларды жеке басты (ұжымдық) қорғау заттарымен қамтамасыз етуін есептеу және бағалау.

Еңбек гигиенасы дәрігер-маманы жұмыс орындырының аттестациясына ұйымдарға әрбір жұмыс орнына арнап зиянды өндірістік факторлар тізімін құрастыруға кеңес беру жолымен, көмек беру жолымен қатысады. Ұйым сұранысы бойынша Мемлекеттік санэпидқадағалау орталықтарымен тәжірибелік көмек көрсетілуі мүмкін. Еңбек жағдайын бағалау қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нақты мәндерін анықтау болып табылады.

№104.001-2000 Басшылығы гигиеналық көрсеткіштеріне сәйкес (жұмысшыларға әсер ететін өндірістік факторлардың гигиеналық нормативтерден қаншалықты ауытқу дәрежесіне байланысты) еңбек жағдайы 4 классқа жіктелінеді: қолайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті.

Қолайлы еңбек жағдайлары (1 класс) – жұмысшылардың денсаулығы сақталынатын және жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгейде ұстап тұру мүмкіншілігі бар еңбек жағдайлары.

Рұқсат етілген еңбек жағдайлары (2 класс) - еңбек үрдісі мен орта факторларының жұмыс орындары үшін қалыптастырылған гигиеналық нормативтерінен аспайтын деңгейімен сипатталады, ал ағзаның мүмкін болатын функционалдық өзгерістері регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі ауысым басталуына дейін қалпына келтіріледі. Рұқсат етілген деңгейлерді шартты түрде қауіпсіз деңгейлерге жатқызады.

Зиянды еңбек жағдайлары (3 класс) - жұмысшылардың және/немесе олардың ұрпағының денсаулығына жағымсыз әсер ететін және гигиеналық нормативтерден асатын зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады.

Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден асу дәрежесіне және жұмысшалардың ағзасындағы өзгерістердің айқындығына қарай 4 зияндылық дәрежесіне бөлінеді:

3-ші класстың 1-ші дәрежесі (3.1.) – зиянды факторлардың деңгейі гигиеналық нормативтерден, денсаулықтың зақымдалу қауіпін жоғарылататын және зиянды фактормен қатынасты ұзақ уақытқа (келесі ауысымның басталуына қарағанда) үзгеннен кейін қайта қалпына келтірілетін функционалдық өзгерістер туғызатын ауытқумен сипатталынатын еңбек жағдайлары.

3-ші класстың 2-ші дәрежесі (3.2.) – еңбек жағдайы тұрақты функционалдық өзгерістер туғызатын зиянды факторлардың деңгейімен сипатталады, ол көп жағдайларда өндіріспен байланысты дамитын аурушаңдыққа1, кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерінің пайда болуына немесе ұзақ уақыт әсер еткеннен (15 жыл және одан да жоғары) кейін дамитын жеңіл (кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтпайтын) түрлеріне алып келеді.

3- ші класстың 3-ші дәрежесі (3.3.) – әсер етуі ереже бойынша, еңбек іс-әрекеті кезеңінде жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықты кәсіптік аурулардың дамуына, созылмалы (өндіріспен байланыстырылған) патологияның өсуіне алып келетін зиянды факторлардың деңгейімен сипатталатын еңбек жағдайы.

3-ші класстың 4-ші деңгейі (3.4.) – кәсіптік аурулардың ауыр түрлері (жалпы еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен көрінетін) дамуы мүмкін еңбек жағдайлары, созылмалы аурулар санының едәуір өсуі және уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен көрінетін аурушаңдық2 деңгейінің жоғарылауы байқалады.

Қауіпті (экстремальды) еңбек жағдайлары (4 класс) - жұмыс ауысымы бойына (немесе оның бір бөлігінде) әсер еткенде өмірге қауіп төндіретін, жедел кәсіптік зақымдалулардың дамуына жоғары қатер туғызатын өндірістік факторлар деңгейімен сипатталады.

Барлық жағдайларды және еңбек сипаттамасын гигиеналық бағалау физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторларды аспаптық өлшеулер негізінде жүргізіледі.

Аспаптық өлшеулер және баға беру хаттамамен толтырылады.

Зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға әсер ету ұзақтығы жұмыс орындарында атқарылған хронометраждық өлшемдер негізінде қалыптастырылады.

Өндірістік орта факторларын тексеру нәтижелері гигиеналық нормативтермен салыстырылады, соған сәйкес еңбек жағдайының кластары анықталынады.

Ең көлемді жұмыс - бұл еңбек үрдісінің ауырлығы мен еңбек кернеулігінің көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластарын анықтау.

Дене еңбегінің ауырлығын бағалау “Гигиеналық критерийлерде” келтірілген барлық көрсеткіштерді ескеру негізінде жүргізіледі.

Еңбек кернеулігін бағалау еңбек іс-әрекетіне және оның құрылымдарына талдау жасауға негізделген. Қандай кәсіпке жататынына қарамастан “Гигиеналық критерийлерде” көрсетілген барлық 22 көрсеткіш ескеріледі. Еңбек кернеулігін жалпы бағалау үшін қандайда бір жеке алынған көрсеткішке таңдамалы есеп жүргізу жіберілмейді.

Жекелеген қауіпті және зиянды өндірістік факторлар бойынша класстардың, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша алынған мәндері “Гигиеналық критерийлер....” 11 кестесіне енгізіледі, соларға сәйкес зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайына жалпы баға беріледі, ол жұмыс орнын аттестациялау картасына түсіріледі.

Бұл картаға сонымен бірге жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігіне және жұмысшылардың жеке басты қорғау құралдарымен қамтамасыздалуына баға беру нәтижелері түсіріледі.

Жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігіне баға беру ұйымдарды өзімен немесе олардың тапсырысы бойынша еңбек жағдайына Мемлекеттік сараптама жүргізу органдарының рұқсаты бар тысқары ұйымдармен жүргізіледі. Жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігіне тысқары ұйымдармен тікелей баға беруді, ҚР-сы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен ұйымдастырылған семинарларда арнайы дайындықтан өткен және сәйкес куәліктері бар мамандар жүргізе алады.

Жұмысшылардың ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі жұмысшылар мен қызметкерлерге арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке басты қорғау құралдарының тегін берудің типтік салалық нормаларымен іс жүзінде таратылған заттарды салыстыру жолымен қалыптастырылады. Олардың тиімділігі мен іс жүзіндегі еңбек жағдайларына берілген ЖҚҚ-ның сәйкестігі бір мезгілде анықталынады. ЖҚҚ сапасы мен тиімділігі сәйкес келу сертификаттарымен дәлелденуі керек. Баға беру қорытындысы жұмыс орнын аттестациялау картасына түсіріледі.

Жұмыс орындарындағы іс жүзіндегі еңбек жағдайларына жалпы баға беру зиянды және қауіпті өндірістік факторларға, жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігіне, ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуіне баға беру қорытындыларын ескере отырып анықталынады.

Жұмыс орнында зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ болғанда немесе олардың іс жүзіндегі мәндерінің қолайлы немесе рұқсат етілетін мәндерге сәйкес келуінде (1-ші және 2-ші класстар), сонымен қатар жарақат қауіпсіздік және жеке басты қорғау құралдарымен қамтамасыз етілу талаптарының орындалуы кезінде жұмыс орынындағы еңбек жағдайы нормативтік талаптарға сәйкес келеді деп есептейді. Жұмыс орыны аттестацияланған болып саналады.

Еңбек жағдайы 3-ші (зиянды) классқа жатқызылған кезде жұмыс орны шартты түрде аттестацияланған болып есептелінеді. Бұл жағдайда оларды еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру бойынша еңбек жағдайын сауықтыру жоспарына ұсыныстар енгізіледі. Шартты аттестацияланған жұмыс орындары ұйымда еңбекті қорғау жұмыстарын сертификаттаған кезде аттестацияланған болып есептелінбейді.

Еңбек жағдайын 4-ші (қауіпті) классқа жатқызған кезде жұмыс орыны аттестацияланбаған болып есептелінеді және қайта жабдықталуға немесе жойылуға жіберіледі.

Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелерімен аттестациялық комиссия құрылымдық бөлімшелерден, жекелеген жұмысшылардан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру шараларының жоспарын жасайды. Шаралар аттестациялау үрдісінде анықталынған келеңсіздіктерді жоюға бағытталынуы тиіс. Олар жұмыс орындарына қатысты нақты және мақсатты бағыттағы сипатта болуы керек. Кейіннен еңбек жағдайын және еңбекті қорғауды жақсарту және сауықтыру шараларының жоспарын еңбекті қорғаудың ұжымдық келісімінің Келісім шартына енгізу керек.

Жұмыс орнының еңбек жағдайларына аттестация жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ұйым басшысы атқарылған жұмысқа баға береді және оның қорытындылары бекітілген бұйрық шығарады.

Жұмыс орындарының аттестациясы қорытындылары туралы ақпарат ұйым жұмысшылары назарына беріледі.

Жұмыс орындарының еңбек жағдайына аттестация жүргізу құжаттары қатаң есеп беру материалдарына жататынын есте сақтау керек және ол ұйымда 45 жыл сақталуы тиіс.

Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялау қорытындаларын ескере отырып аттестациялық комиссия еңбекті қорғау жұмыстарын сертификаттауға даярлау тәртібі туралы ұсыныстар шығарады және мұндай даярлықтың мазмұнын нақтылайтын шаралар белгілейді.

Жұмыс орындарына аттестация жүргізу сапасына бақылау Қазақстан Республикасы еңбек жағдайына мемлекеттік сараптама жүргізу мекемелерімен іске асырылады.

Кәсіпорынды санитарлық тексеру картасы (біртұтас алғанда)

  1. Кәсіпорынның аталуы (анығырақ).

  2. Негізгі цехтардың тізімі және біртұтас алғандағы өндірістік үрдістің қысқаша сипаттамасы.

  3. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы (саны, жынысы және жасы бойынша).

  4. Жұмыс істеу тәртібі (ауысымдар саны, үзілістер).

  5. Кәсіпорынның класы. Атмосфераға бөлінетін өндірістік зияндылықтар. Нормаланған және іс жүзіндегі санитарлық-қорғаныс аумағы. Оның күйі.

  6. Басым түсетін жел бағытын ескергендегі кәсіпорын мен тұрғын үйлердің өзара орналасуы.

  7. Жергілікті жердің және өндірістік ауданның топырағының сипаттамасы (биіктігі, жер бедері, жер асты суларының биіктігі).

  8. Кәсіпорынға жақын маңда орналастырылған су көзінің сипаттамасы.

  9. Кәсіпорынның ауданы, оның жеткіліктілігі, көлемі, ауданының жабындыларының болуы және оның сипаты, тазалығы, көгалдандырылуы, шикізатты, өнімді, жанармайды және т.б. сақтау орындарының болуы, атмосфералық суларды ағызу құрылымдарының болуы.

  10. Өнеркәсіптік ауданның жоспарлануы, ғимараттардың орналастырылуы (өзара және басым соғатын желдің бағытына қатысты) еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі тұрғысынан қарағандағы ғимараттар арасындағы аралықтар.

  11. Зауыт ішілік транспорт, аула ішіндегі жолдар, жаяу адамдарға арналған жолдар, кіру жолдары, цех аралық транспорт, қозғалыс қауіпсіздігі.

  12. Кәсіпорынның ауласында жүргізілетін жұмыстар, оларды ұйымдастыру.

  13. Ауланың, жолдардың, өткелдердің жарықтандырылуы.

  14. Кәсіпорынның ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыздалуы: су көздері, олардың қуаттылығы (дебиті) сумен қамтамасыз ету жеткіліктілігі, суды беру және сақтау жүйесі, ауыз суының сапасы, суды тазартуға және залалсыздандыруға арналған қондырғылардың болуы.

  15. Қатты қалдықтардың сипаттамасы, оларды шығару тәсілі. Ағынды сулардың құрамы мен мөлшері, тазалау, шығару және залалсыздандыру жүйесі.

  16. Жалпы зауыттың қосалқы тұрмыстық бөлмелері: кір жуу бөлмелері, асхана және т.б. олардың көлемі, жеткіліктілігі, жұмыс істеу тәртібі, санитарлық күйі.

  17. Медициналық көмекті ұйымдастыру: медициналық-санитарлық бөлімше, емхана, денсаулық тұрағы, цехтік медициналық тұрақтар. Медициналық көмекке мұқтаждықтың қанағаттандырылуы. Жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету жүйесі.

  18. Сәбилерді емізуге арналған бөлмелердің болуы, оның құрылымы.

  19. Кәсіпорынның жағдайы туралы қысқаша жалпы санитарлық қорытынды.

  20. Кәсіпорынның санитарлық жағдайының өзгерісін жазу.

Жекелеген цехтарды санитарлық тексеру картасы

  1. Цехтің аталуы.

  2. Жұмысшылардың саны, олардың жастық және жыныстық құрамы.

  3. Еңбек тәртібі.

  4. Ғимараттың типі, құрылыс материалы, төбелік жабындының (шатырдың) түрі, қабаттарының саны, цехтің орналасу қабаты.

  5. Бөлменің көлемі: ұзындығы, ені, биіктігі; жалпы және пайдалы ауданы; текшесі; бір жұмысшыға шаққандағы пайдалы текшесі.

  6. Өндірістің қысқаша көрінісі; жабдықтар мен құралдардың сипаттамалары.

  7. Цехтағы негізгі жұмыс орындарындағы метеорологиялық жағдай: температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы. Жылулық сәулелену көздері, қарқындылығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен күресу шаралары және олардың тиімділігіне баға беру.

  8. Негізгі жұмыс орындарындағы ауаның шаңдануы: шаң түзілу көздері, шаңның ең көп бөлінетін сәттері, оның химиялық құрамы, шаңданудың сандық сипаттамасы. Алдын алу шаралары.

  9. Зиянды газдар мен булардың бөлінуі: көздері, ең көп бөліну сәттері, химиялық құрамы және концентрациясы. Алдын алу шаралары.

  10. Желдендірілуі.

  11. Өндірістік шудың болуы (көздері, дыбыс қысымының деңгейі, спектрі, шу тұрақты ма, тұрақты емес пе). Шумен және дірілмен күресу шаралары, олардың тиімділігіне баға беру.

  12. Қысқа толқынды радиацияның болуы; сәулелену сипаттамасы; олармен күресу шаралары (радиожиілікті ЭМӨ, ультракүлгін және инфрақызыл радиация, лазерлік сәулелену, статикалық электрлік).

  13. Жарақаттану мүмкіндігі: цехтің қоршамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар. Цех ішілік транспорт, қауіпсіздік шаралары.

  14. Бөлмелердің жалпы санитарлық күйі, тазалау жүйесі.

  15. Жылытылуы: жүйесі, жылыту құралдарының сипаттамасы, олардың орналастырылуы. Жылытуға санитарлық-гигиеналық баға беру.

  16. Жарықтандыру.

  17. Жұмысшыларды ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі, оның санитарлық сипаттамасы.

  18. Қосалқы тұрмыстық бөлмелер, олардың тізім бойынша жеткіліктілігі және көлемі, санитарлық күйі, қолдану тәртібі.

  19. Цехтің санитарлық күйі туралы жалпы санитарлық қорытынды.

  20. Цехтің санитарлық жағдайының өзгерістері туралы жазу.

Жеке мамандыққа санитарлық сипаттама

  1. Жеке мамандықтың аталуы.

  2. Цехтің аталуы.

  3. Жұмыс үрдісінің анық кезеңдік көрінісі, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың сипаттамасы. Жекелеген, санитарлық маңызды жұмыс элементтерінің (операцияларының) хронометражы. Жұмыс күнінің тәртібі (түскі үзіліске дейінгі жұмыс уақыты, оның ұзақтығы, жұмыс барысында қысқа уақыттық үзілістердің болуы).

  4. Қандайда бір өндірістік зияндылықтардың әсер ету мүмкіндігінің болуы:

а) жұмыс орнындағы ауаның шаңдануы; шаңның тұрақты немесе кезеңді түрде бөлінуі; Оның сандық және сапалық сипаттамалары. Улы және радио-активті аэрозольдердің болуы;

б) зиянды газдар мен булардың бөлінуі; олардың әсер етуінің тұрақтылығы, сандық және сапалық сипаттамалар;

в) берілген жұмыс орнындағы шаңды және газды бөлінділермен күресу шаралары;

г) жұмыс орнындағы және жұмысшының дем алу орнындағы метеорологиялық жағдайлар: ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы. Инфрақызыл сәулелену қарқындылығы (жұмысшыға қатысты сәуле ағымының бағыты, дененің сәулелену бөліктері және т.б.) сәулеленудің әсер ету тұрақтылығы. Жұмыс күні бойындағы метеорологиялық жағдайлардың ауытқулары. Берілген жұмыс орнындағы қолайсыз әсер етулермен күресу шаралары;

д) жұмыс орнында ылғал бөлу көздерінің болуы;

е) жұмысшыларға электрлік және магниттік өрістердің, ультракүлгін, иондаушы және лазерлік сәулелердің әсер ету мүмкіндігі. Осы зияндылықтардың бөліну көздері мен әсер ету жағдайларының сипаттамалары. Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету шаралары.

ж) шу, оның көздері, дыбыс қысымының деңгейлері, әсер ету ұзақтығы, олармен күресуге арналған қолданудағы шаралар;

з) еденнің, машинаның немесе құралдың дірілдеуі; дірілдің жұмысшының барлық денесіне немесе оның бір бөлігіне әсер етуі, оның бағыты мен әсер ету тұрақтылығы, діріл жылдамдығының деңгейлері. Дірілмен күресу шаралары.

  1. Жұмыс кезіндегі дене қалпы; мәжбүрлік біртекті қалыпта болу ұзақтығы.

  2. Гиподинамияның, монотонияның болуы.

  3. Ауыр заттарды көтеру және тасымалдау (салмағы және қашықтығы). Бұл

жұмыстардың тұрақтылығы, жұмыс күніндегі жалпы ұзақтығы.

  1. Жиі, тез, бір текті қозғалыстардың орындалуы. Уақыт бірлігіндегі олардың саны.

  2. Еңбек кернеулігі. Ақыл-ойлық кернеулік, сезім мүшелеріне түсетін кернеулік (құлаққа, көзге).

  3. Берілген жұмыс орнында жарақат алу қауіптілігі (атап айтқанда немен) және қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар.

  4. Электр тоғының әсер ету мүмкіндігі; тоқтың сипаты, оның кернеулігі, ауыспалы тоқ кезеңдерінің саны. Жұмысшыны қорғау шаралары.

  5. Санитарлық сипаттамадан алынған тұжырымдарды негіздеу:

а) жұмыс орнында жалпы сауықтыру шараларын жүргізу тұрғысынан;

б) жеке қорғаныс заттарын ұсыну және жеке бас гигиенасы мен

профилактикасы шаралары тұрғысынан;

в) жұмысшыларға медициналық қызмет көрсету тұрғысынан;

г) жұмысқа әйел адамдар мен жасөспірімдерді жіберу тұрғысынан.