
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
Электртаратулардың жоғары вольтты желі тораптарының – ЭЛТ (1150 кВ дейін) көп болуы ЭЛТ аумағында құрылыстық, монтаждық, жөндеу жұмыстарын жүргізетін подстанцияларда жұмыс істейтін персоналға өнеркәсіптіктік жиіліктегі ЭМӨ-тің қолайсыз әсерін қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік жиіліктегі ЭМӨ-тің кернеулігіне электрлік құрамдасының кернеулігі бойынша баға беріледі.
ЭЛТ-мен туғызылатын электрлік өрістердің кернеулігі желінің кернеулігіне, тоқәкелуші сымдар жапқышының биіктігіне және олардан алыстатылуына тәуелді болады. ЭӨ-тің адам ағзасына әсер ету дәрежесі қалай өрістің кернеулігіне тәуелді болса, солай онда болу уақытына тәуелді болады.
Өнеркәсіптік жиіліктегі ЭМӨ-тің электрлік құрамдасының кернеулігін өлшеу үшін ПЗ-1М және NFM-І құралдары қоланылады. Олардың жұмыс істеу қағидасы жоғарыда айтылған. Егер адам жерде жұмыс істейтін болса ЭӨ кернеулігін жерден 1,8 м биіктікте өлшейді, ал басқа жағдайлардың бәрінде – адам бойының барлық ұзындығында (құрастырылымда) өлшенеді. Кернеуліктің алынған ең жоғарғы мәні анықтаушы болып табылады.
ЭӨ кернеулігінің рұқсат етілген деңгейлері №5802 «Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өріс әсер етуі жағдайында орындалатын жұмыстардың санитарлық ережелері мен нормалары (50 Гц - РФ ДМ)» СанЕмН-да және 12.1.002-84 МЕСТ «Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер. Кернеуліктің рұқсат етілген деңгейлері және жұмыс орындарында бақылау жасауға қойылатын талаптарында» қарастырылған. Бұл құжаттарда электрлік қондырғылармен жұмыс істейтін персоналдарға және осылармен тудырылатын ЭМӨ-тің әсер ету аумағында болатындарға әсер ету ұзақтығына байланысты ЭӨ кернеулігінің шектік рұқсат етілген деңгейлері көрсетілген.
Әсер етуші ЭӨ-тің шектік рұқсат етілген деңгейін 25 кВ/м тең етіп қалыптастырады.
Жұмыс күні бойына кернеулігі 5 кВ/м дейін болатын ЭӨ-те болуға рұқсат етіледі; 5-тен 20 кВ/м кернеулікте ЭӨ-те рұқсат етілетін болу мерзімін мына формуламен анықтайды:
Т
=
,
Мұндағы Т - әсер етуші кернеулікте ЭӨ-те болудың рұқсат етілген мерзімі, сағ; Е – ЭӨ кернеулігі, кВ/м.
ЭӨ кернеулігі 20-25 кВ/м болғанда персоналдың ЭӨ-те болу уақыты 10 минуттан аспауы тиіс.
ЭӨ-те болу мерзіміне қарай рұқсат етілген кернеулікті келесі формуламен табады:
E
=
.
Рұқсат етілген болу уақыты 1 рет немесе жұмыс күні бойына бөлшекті түрде іске асырылуы мүмкін.
ЭӨ аумағында пайда болатын электрлік разрядтардың жұмысшылар ағзасына әсер етуіне жол беруге болмайды. МЕСТ талаптары, жұмысшылар ЭӨ әсер ету аумағында жанасуы мүмкін барлық жерден оқшауландырылған құрастырылымдарда, қондырғылардың, машиналардың бөлшектерінде, және т.б. қорғаныстық жерлендіруді (МЕСТ 12.1.019-79) қолданған жағдайда ғана жарамды.
7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістерден басқа жұмысшыларға ауыспалы магниттік өрістер де - МӨ (50 Гц) әсерін тигізеді. МӨ кез келген кернеулікте жұмыс істейтін тоқтарда түзіледі. Оның қарқындылығы генераторлардың, тоқ сымдарының, күш беруші трансформаторлардың және т.б. байламдарына жақын жерлерінде жоғары болады. Қазіргі кездегі түсініктер бойынша МӨ-дің негізгі биологиялық әсер ету механизмі адам ағзасында түзілетін құйынды тоқтар болып табылады. Бұл кезде ағзаның реакциясы арнайы емес сипатта болады, ол жүйке, жүрек-тамыр, иммун жүйелеріндегі функционалдық өзгерістермен көрінеді.
МӨ-тің адам ағзасына тигізетін әсерін «Өндірістік жағдайдағы өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер» 2.2.4.723-98 (РФ ДМ) СанЕмН-на және №1.02.024-94 «Кернеулігі 220-1150 кВ электртасымалдауларының ауалық желілерінде (Аж) кернеулікпен жұмыстарды орындау кезіндегі жиілігі 50 Гц ауыспалы магниттік өрістер әсерінің шектік рұқсат етілген деңгейлеріне» сәйкес, екі көрсеткіштерінің негізінде жүргізеді – қарқындылығы және әсер ұзақтығы.
МӨ-тің әсер ету қарқындылығы кернеулікпен (Н) немесе магниттік индукциямен (В) анықталады. МӨ-тің кернеулігі метрдегі ампермен ( А/м; бір реттік мәні кА/м), магниттік индукция – теслмен беріледі (Тл; бөлшектік мәндері мТл, мкТл, нТЛ). МӨ-тің индукциясы мен кернеулігі келесі ара қатынаспен байланысады:
В
= µ
·
Н,
Мұндағы
µ
=
4·10
Гн/м
– магниттік тұрақтылық. Егер В микротеслмен
өлшенетін болса, онда 1 А/м
1,25 мкТл болады.
МӨ-тің шектік рұқсат етілген деңгейлері персоналдың жалпы (барлық денеге) және жергілікті (аяқ-қолдарға) әсер ету жағдайларында болу ұзақтығына байланысты қалыптастырылады (кесте 7.6.),
Кесте 7.6. МӨ-тің шектік рұқсат етілген деңгейлері
Болу уақыты, сағ |
МӨ-тің рұқсат етілген деңгейлері, Н[A/м]/В[мкТл] әсері кезінде |
|
2 4 8 |
1600/2000
800/1000
400/500
80/100 |
6400/8000
3200/4000
1600/2000
800/1000 |
Персоналдың МӨ-тің кернеулігі әртүрлі болатын аумақтарда болу қажеттілігі туындағанда бұл аумақтарда жұмыстарды орындау уақыты максимальды кернеулікті аумақтарға арналған шектік рұқсат етілген уақыттардан жоғары болмауы керек. Рұқсат етілген болу уақыты 1 рет немесе жұмыс күні бойына бөлшекті түрде іске асырылуы мүмкін.
Өнеркәсіптік жиіліктегі МӨ-ті өлшеу үшін келесі құрал-жабдықтарды қолдануға болады: магниттік өріс кернеулігін өлшегіш ИНМП-50, өнеркәсіптік жиіліктегі магниттік индукцияны өлшегіш ИМП-50 және басқалар. Бұл құрал-жабдықтардың сенімділік сертификаты болуы тиіс.
Жұмыс орнындағы МӨ кернеулігін (индукциясын) пайдалануға жаңадан электрқондырғыларын қабылдауда, бұрыннан жұмыс істеп жатқан қондырғыларды кеңейтуде, электрлік қондырғыларға жақын жерде орналасқан персоналдардың уақытша немесе тұрақты болу бөлмелерін жабдықтауда (зертханалар, кабинеттер, шеберханалар, байланыс түйіндері және т.б.), жұмыс орындарын аттестациялауда өлшеу керек.
МӨ кернеулігін (индукциясын) эксплуатациялық персоналдың барлық жұмыс орындарында, өтетін жолдарда, сонымен қатар электр қондырғылардың тоқ әкелуші бөліктерінен 20 м кем емес қашықтықта, соның ішінде олардан қабырғамен бөлінген жерлерінде жұмысшылар тұрақты жұмыс істейтін өндірістік бөлмелерде өлшейді.
Персоналдардың болу ұзақтығын технологиялық карталар (регламенттер) немесе хронометраж нәтижелері бойынша анықтайды. Өлшеулерді жұмыс орындарында еденнен (жерден) 0,5; 1,5 және 1,8 м биіктікте, ал МӨ көзі жұмыс орынының астында орналасқан жағдайда – еден деңгейінде жүргізеді. Зерттеу нәтижелерін хаттамаға толтырады, оған бөлменің сызба нұсқасын және онда көрсетілген өлшеу нүктелері бар қосымшасын келтіреді.