Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

7.2. Электростатикалық өріс

Электростатикалық электрлік өрістер (ЭСӨ) қозғалмайтын электрлік зарядтар және олардың өзара әсерлесуі салдарынан түзіледі. ЭСӨ қалай кеңістікте болса, солай материалдар мен қондырғылардың бетінде де бола алады.

ЭСӨ векторлы мән болып табылатын, өрісте нүктелі электрлік зарядқа әсер ететін күштің осы зарядтың мәніне қатынасымен анықталатын кернеулікпен (Е) сипатталады. ЭСӨ кернеулігінің өлшем бірлігі – вольт метр (В/м).

ЭСӨ кернеулігін кеңістікте өлшеу үшін ИНЭП – 20Д, ал беткейлерде - ИЭЗ- П құралдары қолданылады. ИНЭП – 20Д көмегімен өлшеу диапазоны 0,2-ден 2500 кВ/м дейін, ИЭЗ-П үшін – 4-тен 500 кВ/м дейін құрайды. ЭСӨ кернеулігін өлшеу 0,3-тен 300 кВ/м диапазонында іске асырылады.

ЭСӨ кернеулігінің деңгейіне гигиеналық баға беруде өлшеулерді жұмысшының басы мен кеуде деңгейінде 3 реттен кем емес жүргізеді. Өріс кернеулігінің ең үлкен шамасы анықтаушы болып табылады.

Жұмыс орындарындағы ЭСӨ кернеулігінің рұқсат етілген деңгейлері 12.1.045-84 МЕСТ «Электрлік өрістер. Жұмыс орындарындағы рұқсат етілген деңгейлері және бақылау жүргізуге қойылатын талаптарымен», сонымен қатар № 1. 02.020-94 «Электростатикалық өрістің рұқсат етілген кернеулігінің санитарлық-гигиеналық нормаларымен» регламенттеледі.

Келтірілген МЕСТ жоғары кернеулікті тұрақты тоқпен жұмыс істейтін электрқондырғыларын пайдалануда және диэлектрлі материалдарды электрлеу кезінде түзілетін ЭСӨ үшін қолданылады.

ЭСӨ кернеулігінің рұқсат етілген деңгейлерін қызметкерлердің жұмыс орындарында болу мерзімдеріне байланысты қалыптастырады. ЭСӨ 1 сағат әсер еткенде оның кернеулігінің шектік рұқсат етілген деңгейі (Ешект) 60 кВ/м тең болуы керек. ЭСӨ кернеулігі 20 кВ/м аз болғанда қызметкердің болу мерзімі шектелмейді.

20-дан 60 кВ/м дейінгі кернеулік диапазонындағы ЭСӨ-те қызметкердің, жеке басты қорғау құралдарынсыз болуының рұқсат етілген мерзімі мына формуламен анықталады:

tрұқс ,

мұнда tрұқс – қызметкердің ЭСӨ-те болу уақыты, сағат; Ефакт – электро-статикалық өріс кернеулігінің іс жүзіндегі кернеулігі, кВ/м.

7.3. Тұрақты магниттік өрістер

Тұрақты магниттік өріс (ТМӨ) тұрақты электр тоғымен немесе тұрақты магниттік қасиеті бар заттармен түзіледі. Тұрақты магниттердің электрлік өрісі олардың заттарына шоғырланған және олардың шегінен шықпайды.

Ферромагнитті материалдар мен ТМӨ көздері арасында магниттік тартылыс немесе тебіліс күші әрекет етеді. Бұл құбылысты ферромагнетиктерден бұйымдарды сұрыптау және тасымалдауда, магнитті жаппасы бар транспорттық заттарда, үйкеліссіз подшипниктерде және т.б. қолданады.

ТМӨ қақтың түзілуін азайту үшін суды магниттік өңдеуде, бетонның сапасын жақсарту және т.б. кезінде қолданылатын заттардың құрылымын және электрлік қасиеттерін өзгерту қасиетіне ие.

ТМӨ тұрақты электр тоғын өткізгіштердің маңында (мысалы, эктролизді ванналардың токәкелуші шиналарында) да пайда болады – ол паразитті ТМӨ деп аталады.

ТМӨ-тің күштік сипаттамаларына магниттік индукция және кернеулік жатады. Магниттік индукция теслмен (Тл) өлшенеді, ал ТМӨ-тің кернеулігі (Н) – метрдегі ампермен (А/м) өлшенеді.

ТМӨ кернеулігін өлшеу үшін өлшеу диапазоны 0-ден 1600 кА/м дейін болатын Ш-1-8 құралы қолданылады. Магниттік индукцияны Е-133 (магнитті индукцияны өлшегіш) құралымен анықтауға болады. Бұдан бөлек, магнитті ағымды, магнитті индукция мәнін келесі формуламен анықтауға болады:

,

мұндағы В – магнитті индукция, Тл; Ф – магниттік ағым, Вб; S - өлшеу ұршығының ауданы, м² (құралдың паспортында көрсетілген).

Магниттік ағымды МПМ-2 минитеслометр және т.б. көмегімен анықтайды.

Магниттік өрістің магниттік ағымын, магниттік индукциясын және кернеулігін анықтау үшін өлшегіш ұршықты күштік сызықтарға перпендикуляр орналастырады. Содан соң оны өріс шегінен алып тастайды немесе 90°-қа бұрып қояды. Бұл кезде құралдың тілшігінің жылжуы байқалады.

Өндірістік бөлмелерде ТМӨ көрсеткіштерін персоналдың тұрақты жұмыс орындарында, сонымен қатар оның тұрақсыз болу орындары мен ТМӨ әсерімен жұмысы байланыссыз адамдардың болуы мүмкін болатын орындарда жүргізіледі. Өлшеу тәртібін «Радиожиілікті электромагниттік өрістерге гигиеналық баға беру» құжатынан қараймыз.

Тұрақты магниттік өрістерге баға беруді «Магниттік құрылғылармен және магнитті материалдармен жұмыс істеудегі тұрақты магниттік өріс әсерінің шектік рұқсат етілген деңгейлері» № 1742-77 сәйкес іске асырады. Бұл құжатта жұмыс орнындағы ТМӨ кернеулігі 8 кА/м-ден аспауы керектігі, ал оның В 0,01 Тл-ға (10 мТл) тең екендігі көрсетілген. Бұл ШРЕД адам ағзасына әртүрлі әсер ету жағдайлары кезіндегі (үздіксіз,үзілісті) ТМӨ-ге қолданылады.