
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
Дірілдің әсеріне ұшыраған жұмысшының денсаулығына баға беру физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістерінің көмегімен тексерулерде, сонымен қатар кәсіптік және кәсіптік емес аурушаңдыққа талдау жасағанда жүргізіледі.
Физиологиялық әдістердің ішінде паллестезиометрия (дірілдік сезімталдылықты зерттеу), альгезиметрия (ауру сезгіштікті зерттеу), стабилография (вестибулярлы анализаторды зерттеу), динамометрия, электромиография, суықтық сынамамен термометрия, капилляроскопия, реовазография әдістері қолданылады, яғни діріл әсерінен патологиялық үрдіске ең жылдам ұшырайтын сенсорлы жүйенің, жүйке-бұлшықет аппаратының және шеткері қанайналым жүйесінің жағдайын көрсететін әдістер аса маңызды болып табылады. Зерттеу үшін діріл қауіпті мамандықтың 30 жас шамасында 10 жылдан көп емес еңбек өтілі бар жұмысшылар тобын таңдап алу ұсынылады.
№ 243 ҚР ДМ бұйрығына (2004 ж. 12 наурыз) сәйкес жергілікті дірілдің әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуде, міндетті түрде, дірілдік сезімталдылығына зерттеу жүргізіледі және суықтық сынама қойылады (көрсеткіштері бойынша: шеткері қан тамырларының РВГ, тірек-қимыл аппаратының рентгенографиясы); жалпы діріл әсеріне ұшырайтын жұмысшыларда дірілдік сезімталдылық (шеткері қан тамырларының РВГ көрсеткіштері бойынша, вестибулярлы аппаратты зерттеу, аудиометрия, тірек-қимыл аппаратының рентгенографиясы, ЭМГ) анықталынады.
Жоғарыда аталған әдістердің ішінде дірілдік сезімталдылықты анықтау және суықтық сынама қою діріл әсеріне ұшыраған жұмысшыларда алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуде міндетті тексерулер болып табылғандықтан, олардың қолданылуына және алынған мәліметтеріне баға берілуіне анығырақ тоқталған дұрыс.
Д і р і л д і к с е з і м т а л д ы л ы қ т ы з е р т т е у тербеліс саны 1 минутта 128 немесе 256 болатын камертондардың көмегімен жүргізіледі. Аяқ-қол белдеуі терісінің бір бөлігіне дірілдеуші камертонның аяқшаларын орнатқаннан кейін камертон тербелісін сезіну ұзақтығын анықтайды. Сезімталдылықтың өзгеруі кезінде дірілді сезіну уақытының әлсіреуі немесе қысқаруы (гипестезия), немесе камертон дірілін сезінудің болмауы (анестезия) байқалады. Дірілдік сезімталдылықты анығырақ ВТ-1 немесе ИВЧ-02 типті паллестезиометрлердің көмегімен анықтауға болады.
ВТ- 1 құралын пайдалануда 63, 125, 250 Гц жиіліктер үшін дірілдік сезімталдылық табалдырығы көлденең қатардың сәйкес тетіктерін бірінен кейін бірін ретімен басу арқылы өлшенеді.
Пациент оң немесе сол қолының ІІІ немесе ІV саусағын вибратордың штогына жайлап тигізіп қояды. Зерттеуші тік қатардың тетіктерін біртіндеп баса отырып (-10; -5; 0; 5; 10 дБ және т.б.) науқас ең алғаш сезінген діріл деңгейін анықтайды, яғни дірілдік сезімталдылық табалдырығын табады.
6 өлшемнен кейін (3 жоғарылауы бойынша, яғни сезілмейтін дірілден айқын сезілетін дірілге дейін және 3 – төмендеуі бойынша) алынған орташа шама дірілдік сезімталдылық табалдырығының шамасы болып қабылданады.
Дірілдік сезімталдылық табалдырығын анығырақ өлшеу үшін діріл деңгейінің жоғарылауын 2,5 дБ (5 дБ орнына) дискретімен, «2,5 дБ» ақ тетігін баса отырып қол жеткізуге болады.
Бұл кезде дірілдік сезімталдылықтың физиологиялық нөлдік деңгейлері ретінде бұл құралда 63, 125, 250 Гц жиіліктерде жас, дендері сау адамдар үшін қалыптастырылған және сәйкес 81, 70, 73 дБ-ға тең болатын діріл жылдамдығының ортастатистикалық мәндері қабылданғанын есте сақтаған дұрыс. Зерттеу нәтижелерін виброграмма қағазына түсіреді. Алынған нәтижелерге баға беру 6.9 кестеге сәйкес жүргізіледі.
Дірілдік сезімталдылыққа баға беру үшін, сонымен қатар, табалдырықтың уақытша жылжу шамасы (ТУШ) қолданылады, ол діріл шығарушы қондырғымен жұмыс істегеннен кейін алғашқы көрсеткіштермен (жұмысқа дейінгі) салыстыра отырып анықталады. Егер дірілдің әсерін тоқтатқаннан кейін табалдырық шамасы біртіндеп алғашқы қалпына қайтып келсе, онда табалдырықтың уақытша жылжығаны туралы айтады. ТУШ дірілдің жиілігіне және деңгейіне тәуелді болады. Қалыпты жағдайда 63,125, 250 Гц октавалық жолақтарындағы тербелмелі жылдамдықтың максимальды мәндерімен діріл әсерін тигізгенде дірілдік сезімталдылық көрсеткішінің жоғарылау жағына қарай ауытқығаны көрінеді: 15 минут және одан да аз уақыт ішінде қайта қалпына келе отырып 63 Гц-те – 5 дБ-ға дейін; 125 Гц – 7 дБ дейін; 250 Гц – 10 дБ-ға дейін өзгереді. 8 және 16 Гц жолақтарында тербелмелі жылдамдықтың максимальды мәндерінде діріл әсерін тигізгенде 125 Гц–тағы дірілдік сезімталдылықтың ТУШ-ы қалыпты жағдайда 3 дБ-ға дейін, 250 Гц – 5 дБ-ға дейін құрайды. Дірілдік сезімталдылық ауытқуларының келтірілген шамалардан жоғарылауы анализатордың зорығу және тұрақты бұзылыстардың дамуы мүмкіндігінің белгісі болып табылады.
Кесте 6.9. Дірілдік сезімталдылықты өлшеу нәтижелеріне баға беру
Дірілдік сезімталдылықты жоғалту шамаларының диапазоны, дБ |
Өлшеу нәтижелеріне ұсынылатын бағалар |
-12,5 –тен -5-ке дейін -5-тен 10-ға дейін 10-нан 15-ке дейін 15-тен 25-ке дейін 25-тен жоғары |
Өршіген сезімталдылық Қалыпты жағдай шамасында Аз төмендеген Айқын төмендеген Едәуір төмендеген |
Дірілдік әсердің кейіннен көрінетін салдарына баға беру үшін табалдырықтың тұрақты жылжу шамасы (ТТШ) қолданылады, ол дірілдік сезімталдылықтың қайтымсыз өзгерістерімен байланысты болады. ТТШ жұмысшылар таңертең жұмысқа дейін дірілдің сезімталдылықтың жұмысқа қабылданар алдында түсірілген базалық қисығымен салыстыру бойынша анықталады. ТТШ дірілдің жиілігіне, қарқындылығына және дірілмен қатынаста жұмыс істеу өтіліне тәуелді болады. Дірілдік сезімталдылықтың ТТШ-на баға беру кезінде әсіресе ер адамдарда айқын көрінетін бұл қызметтің жасқа байланысты өзгерістерін ескеру керек: 40-49 жас аралығында 63, 125, 250 Гц жиіліктерінде табалдырыққа сәйкес 1, 2 және 3 дБ; 50 жаста және одан жоғары – сәйкес 6, 8 және 8 дБ жоғарылауы байқалады.
63, 125 және 250 Гц жиіліктерінде сәйкес 5, 7 және 10 дБ-ға дейінгі ТТШ (жасқа байланысты түзетпелерін есептегенде) фактордың жағымсыз әсер етуінің белгісі болып табылады. Егер табалдырықтардың ауытқулары (жоғарылаулары) көрсетілген мәндерден жоғарыласа, онда бұл фактор сезімталдылықтың айқын төмендеуі және дірілдік зақымдалу белгілерінің пайда болғаны туралы куәлік етеді.
А у р у с е з г і ш т і к т і з е р т т е у. Түйрегіштің үшкірімен тұлғаның, аяқ-қол белдеулерінің симметриялы аймақтарына піспектейді. Қалыпты жағдайда адам әрбір піспектегенді сезінеді. Сезімталдылықтың өзгеруінде піспектеуге реакция жоқ болуы мүмкін (анестезия), төмендеу (гипоэстезия) немесе күшею (гиперэстезия) реакциялары болуы мүмкін.
Ауру сезгіштік туралы анығырақ ақпараттар алу үшін ВМ-60 типті альгезиметрлер қолданылады. Сезімталдылық табалдырығы құралдың айналмалы басынан шығып тұратын иненің қолдың алақан және сыртқы бетіне енгізілуін болар болмас сезінумен анықталынады. Қалыпты жағдайда ауру сезгіштік көрсеткішінің физиологиялық ауытқуларының диапазон шектері қолдың сыртқы бетінде 0,26-0,38 мм; қолдың сыртқы бетіндегі саусақтар аралық жүлгелерде – 0,76-0,86 мм; қол саусақтарының алақан бетінде – 0,2-0,55 мм болады.
Т е м п е р а т у р а л ы қ с е з і м т а л д ы л ы қ т ы з е р т т е у. Бір пробиркаға ыстық су (40°С жуық), екінші пробиркаға суық су (18-22°С) алады және тұлға мен аяқ-қолдың симметриялық бөліктеріне кезектестіріп басады. Қалыпты жағдайда адам суық сумен ыстық судың жанасуын жақсы ажыратады. Сезімталдылықтың бұзылуы анестезия, гипоэстезия түрлерімен, сирек жағдайларда термогиперестезия түрімен көрінеді. Анығырақ зерттеуді термоэстезиометрлердің көмегімен жүргізуге болады. Температуралық анализатордың қызметін зерттеу үшін температуралық тітіркендіргіштерге жасырын реакция уақытын анықтау әдісі де қолданылады.
Шеткері қан айналым өзгерістерінің айқындылық дәрежесі туралы суықтық сынама қоюмен жүретін терінің термометрия көрсеткіштері бойынша айтуға болады. Қолдың сыртқы бетіндегі қол саусақтарының ІІ және ІІІ саусақтық бунақтарының тері температурасын өлшейді, одан әрі қолды 5 минут бойына суық суға (8, 10°С) салып суыта отырып тері температурасын өлшеу жүргізіледі. Суытуды тоқтатқаннан кейін қайтадан әрбір минут сайын тері температурасы алғашқы қалпына келгенше сол нүктелерде терілік температураны өлшейді. Қалыпты жағдайда суытуға дейін тері температурасы 27-31°С құрайды, суытқаннан кейін ағару болмайды, температураның қалпына келу уақыты – 20 минут. Температураның 18-20°С –ға дейін төмендеуі, жекелеген ақ дақтардың немесе соңғы бунақтардың бірыңғай ағаруы немесе ең болмаса бір саусақтың екі –үш бунақтарының бірыңғай ағаруы сәйкес әлсіз оң, аз оң немесе шұғыл оң реакция туралы куәлік етеді. Бұл кезде температураның қайта қалпына келу уақыты 20 минуттан асады.
Жұмысқа қабылданар алдындағы жүргізілген физиологиялық зерттеулердің мәліметтері, діріл ауруының өте ерте дамуына ықпал жасайтын, ағзасында жеке ерекшеліктері бар адамдарды (қатер тобы) анықтауға мүмкіндік береді. Діріл әсерімен байланысты болатын, әсіресе қол бұлшықеттеріне айқын жергілікті жүктемелері бар жұмыстарға, 125 Гц қабылдау жиілігі үшін физиологиялық нольден 8-10 дБ –дан көп жоғары болатын алғашқы дірілсезімталдылық табалдырықтары бар адамдарды, сонымен қатар тері температурасы төмен адамдарды қабылдау ұсынылмайды. Соңғы көрсеткішті, 32-250 гЦ октавалық жолақтарда максимальды қарқындылықтағы діріл шығарушы қондырғымен жұмыс істейтін адамдарды таңдауда кәсіптік жарамдылық көрсеткіштерінің бірі ретінде қолдануға болатындығын есте сақтау қажет.
7 ТАРАУ |
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СӘУЛЕ (ИОНДАУШЫ ЕМЕС) БӨЛУ, ЭЛЕКТРЛІК ЖӘНЕ МАГНИТТІК ӨРІСТЕР |
Өнеркәсіптік қолдану табатын электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) электростатикалық, тұрақты магниттік, төмен жиілікті (соның ішінде 50 Гц өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы тоқ өрісі), электромагниттік (радиожиілік, оптикалық, инфрақызыл және ультракүлгін сәуле бөлу диапазондарындағы) өрістер жатады.
Электрлік, магниттік және электромагниттік өрістердің әсері оқшауланаған (бір таралу көзінен), үйлескен (бір жиілікті диапазонның екі немесе одан да көп таралу көздерінен), аралас (әртүрлі диапазонды екі немесе одан да көп көздерінен) және бірлескен (басқа жағымсыз фактордың бір мезгілде бірлесіп әсер ету жағдайында) болуы мүмкін. Тұрақты және үзілісті әсер түрлерін ажыратады. Бұл кезде сәулеленуге жұмысшының барлық денесі (жалпы сәулелену) немесе оның бөліктері (жекелеген немесе жергілікті сәулелену) ұшырауы мүмкін.