Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары

Діріл өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында, транспортта ең кең таралған зиянды өндірістік фактор; адамның денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне теріс әсер көрсетеді, ал белгілі бір жағдайларда діріл ауруының дамуына алып келеді.

Діріл – ол адамның денесіне немесе оның жекелеген бөліктеріне тікелей жанасу кезінде берілетін құрал-жабдықтардың, еденнің, отырғыштың және басқалардың күрделі механикалық тербелмелі қозғалыстары.

Діріл жиіліктер спектрімен (Гц-тағы) және сонымен қатар діріл жылдамдығы (1 с метрмен) немесе діріл тездігі (1 с² метрмен) сияқты кинематикалық көрсеткіштермен сипатталады. Бұл көрсеткіштердің абсолютті мәндерінен басқа децибелдегі логарифмдік деңгейлер қолданылады.

Өндірістік жағдайларда кездесетін діріл, адамға берілу жолы әсер ету бағыты, сонымен қатар физикалық қасиеттері (жиіліктік құрамы, энергиясының уақыт бойынша таралуы) бойынша бөлінеді. Төменде берілген, дірілдің жіктемесі шартты болып табылады, бірақ, ағзада дамитын өзгерістердің дәрежесімен және сипатымен белгілі бір шамада байланысты бола тұрып, гигиеналық маңызды және дірілді регламенттеу кезінде және баға беруде есептеледі.

Дірілге гигиеналық баға беру дәрігермен сақтық санитарлық қадағалауда (жаңа технологиялық үрдістерге, қондырғыларға және қол машиналарына арналған нормативтік-техникалық құжаттарға сараптама жасау, жаңа және реконструкцияланып жатқан өндірістерге таңдамалы бақылау жасау, жаңа және жетілдірілген, сонымен қатар шет елдерден сатып алынатын қол машиналарының жаңа түрлерінің шығарылуына бақылау жасау) және күнделікті санитарлық қадағалауда (діріл қауіпті мамандықтардың еңбек жағдайына бақылау жасау, соның ішінде діріл ауруы болған жағдайларға бақылау жасау және т.б.) жүргізіледі.

Қазіргі кезде тіркелінетін діріл ауруымен аурудың негізгі үлесі келетін қол машиналарына қатысты дәрігер жұмысының бұл бөлімі анығырақ «Жұмысшының қолына берілетін жергілікті дірілді туғызатын машиналармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық нормалар мен ережелер» №1.02.014 – 94 СанЕмН-да келтірілген.

Дірілдің жіктелуі

Жергілікті (қолға берілетін)

Жалпы (жұмыс орындарының)

Пайда болу көзі бойынша

1.Қозғалтқышты қол машиналары, машиналар немесе қондырғыларды қолмен басқару органдары

1. Көліктік (тракторлар, ауылшаруашылық машиналары, автокөліктер және басқалар)

2. Қозғалтқышсыз қол құралдары және өңделінетін детальдар бөлшектер.

2.Транспорттық-технологиялық (өнеркәсіп тік және құрылыстық крандар, тау комбай ны, едендік өндірістік транспорт) 3.Технологиялық (металл- және ағаш өңдеу кәсіпорындарының және басқа да өнеркәсіп салаларының стационарлық қондырғылары, желдеткіштер, сорғыш агрегаттар):

а) өндірістік бөлмелердің тұрақты жұмыс орындарында;

б) діріл шығаратын машиналары жоқ өндірістік бөлмелердегі жұмыс орын- дарында;

в) ой еңбегінің жұмысшыларына арналған бөлмелердегі жұмыс орандарында.

Ось бойына әсер ету бағыты бойынша (6.1, 6.2 сурет)

Z - күш түсіру бағытына жақын ось немесе иық осі

Z - тік ось

X - тұтқаларды ұстау осіне параллель ось

X – көлденең ось (арқа – кеуде)

Y - Z және X осьтеріне перпендикуляр ось

Y - көлденең ось (иық – иық)

Жиіліктік құрамы бойынша

Жиіліктің октавалық жолақтарындағы максимальды деңгейі, Гц

8 және 16 (төмен жиілікті)

1 және 14

31,5 және 63 (орташа жиілікті)

8 және 16

125, 250, 500 және одан көп (жоғары

жиілікті)

31,5 және 63

Қазіргі кездегі қолданудағы «Өндірістік дірілді өлшеу және гигиеналық баға беру бойынша әдістемелік нұсқаулар» (ӘН 1.02.013. – 94) ӘН-на сәйкес дірілге гигиеналық баға беру келесі әдістермен жүргізіледі: нормаланатын көрсеткіштің жиіліктік талдануымен (діріл жылдамдығы немесе діріл тездігі), дірілдік әсер уақытын есептеумен жүретін интегральды баға беру. Осы өлшеу және баға беру әдістерін қолдану кезіндегі дірілге сипаттама беретін көрсеткіштер 6.1. кестеде келтірілген.

Уақыттық сипаттамалары бойынша

  1. Т ұрақты (діріл жылдамдық мәні бақылау уақытында 6 дБ-ға дейін өзгереді)

  2. Тұрақсыз (діріл жылдамдық мәні бақылау уақытында >6 дБ-ға дейін өзгереді);

а) тербелмелі діріл – діріл жылдамдығы уақыт бойынша үздіксіз өзгереді;

б) үзілмелі – оператордың дірілмен қатынасы жұмыс кезінде үзіледі (дірілмен

қатынас болған кездегі интервалдар ұзақтығы 1 с көп);

в) импульсті - бір немесе бірнеше әсерлерден тұрады, әрқайсысының ұзақтығы

<1 с.

Кесте 6.1. Дірілді өлшеу және баға беру әдістері

Баға беру әдістері

Дірілдің өлшенетін және баға берілетін көрсеткіштері

Жиіліктік (спектрлік) талдау

Діріл жылдамдығының, м/с немесе діріл тездігінің, м/с² орта квадраттық¹ мәндері, (немесе олардың логарифмдік деңгейлері, дБ) ⅓ октавалық немесе октавалық жиілік жолақтарында.

Жиілік бойынша интегральды баға беру

Діріл жылдамдығының, м/с немесе діріл тездігінің, м/с² түзетілген² мәндері (немесе логарифмдік деңгейі, дБ).

Әсер уақытын ескере отырып интегральды баға беру (мөлшерлік баға)

Діріл жылдамдығының, м/с, немесе діріл тездігінің, м/с² энергия³ бойынша эквивалентті түзетілген мәндері (немесе деңгейлері, дБ)

¹ құралдың тұрақты уақытымен сәйкес өлшеу уақытындағы орташаландырылған шама.

² жиілікті-өлшенген шама (түзетуші сүзгілер немесе арнайы есептеулер көмегімен).

³ «тең энергия» ережесіне сай дірілдің әсер уақытын ескере отырып орташаландырылған шама.

Жұмысшыларға дірілдің әсерін сипаттайтын негізгі әдіске жиіліктік талдау жатады. Өлшеу жергілікті діріл үшін октаваларда (ортагеометриялық жиіліктер 8; 16; 31,5; 63; 125; 250; 500 және 1000 Гц) және жалпы діріл үшін октавалық жолақтың ⅓ -інде және октаваларда (ортагеометриялық жиіліктер 1; 2; 4; 8; 16; 31,5; және 63 Гц) жүргізіледі. Бұл дірілдің ең толық гигиеналық сипаттамасын алуға қол жеткізеді, яғни дірілдің тек қарқындылығын ғана емес, сонымен бірге дірілдің адам ағзасына әсерінің арнайылығын анықтайтын дірілдің спектрлік сипатын (төмен-, орташа- және жоғары жиілікті) да береді. Жиіліктік талдау (спектрлік) әдісі, бұдан бөлек сәйкес есептеулерді жүргізе отырып, интегральдыға өтуге және одан әрі әсер ету уақытын ескере отырып дірілге мөлшерлік (дозалық) баға беруге мүмкіндік береді.

Нормаланатын көрсеткіштердің жиілігі бойынша баға беру әдісі бір мәнді көрсеткішті – октавалық түзетпелерді есепке ала отырып, жиіліктің октавалық жолақтарында діріл деңгейлерін энергетикалық қосындылау нәтижесі ретінде анықталынатын, дірілдің түзетілген деңгейін өлшеуді шамалайды. Бұл өлшеу әдісі дірілді жиілікті талдау әдісіне қарағанда, едәуір қарапайым және қиын емес, бірақ аз ақпаратты.

Мөлшерлік баға беру әдісі ауысым бойына дірілдің әсер ету уақытын ескере отырып тұрақсыз дірілдер үшін қолданылады. Бұл әдіс жиілік бойынша интегральды баға беру әдісімен байланысты және келесі тәсілдермен бір мәнді сипаттамаларды алуға мүмкіншілік береді:

      1. өлшеніп (немесе есептелген) түзетілген шама және хронометраж мәліметтері бойынша эквивалентті түзетілген мәнді есептеу;

      2. эквивалентті түзетілген мәнді аспаптық өлшеу.

Дірілдің уақыт бойынша өзгеретін, эквивалентті (энергия бойынша) түзетілген деңгейі – бұл берілген уақыт аралығындағы тұрақсыз діріл мәліметтері сияқты діріл жылдамдығының немесе діріл тездігінің орташа квадраттық мәндері болатын, уақыт бойынша тұрақты дірілдің түзетілген деңгейі.

Егер жұмысшылар ауысым бойына (8 сағат) дірілдің әсеріне (жергілікті немесе жалпы) және діріл уақыттық сипаттамасы (діріл жылдамдығы бақылау уақытында 6 дБ көп емес өзгеретін болса) бойынша тұрақты болатын болса, онда гигиеналық баға беру үшін жиілік бойынша интегральды баға беру әдісі және спектральды (ең анық) әдістер қолданылады. Егер жұмысшылар діріл әсеріне тұрақсыз ұшырайтын болса, атап айтқанда 8 сағат бойына, көрсеткіштері >6 дБ өзгеретін діріл шығаратын қондырғымен жұмыс істесе, немесе тұрақты діріл шығаратын қондырғымен, бірақ ауысымның жартысында ғана жұмыс істесе, онда дірілдік әсерге сипаттама беру үшін мөлшерлік баға беру әдісі немесе уақытты ескеретін интегральды баға беру әдісі қолданылады, себебі ШРЕД 8 сағаттық әсер ететін дірілге есептеп қалыптастырылған.

Егер жұмыс орындарында кездесетін жалпы және жергілікті дірілден көбінесе уақыт бойынша тұрақсыз болатынын, ал дірілді спектральды әдіспен өлшеу және одан әрі мөлшерін есептеудің айтарлықтай күрделілігін ескерсе, онда дірілді түзетілген мәні немесе деңгейі бойынша өлшеу оны айтарлықтай дәрежеде жеңілдетеді. Сондықтан да тұрақты дірілдер үшін жиілік бойынша интегралды баға беру әдісі және тұрақсыз дірілдер үшін дірілдік әсер уақытын ескеріп интегралды баға беру әдісі күнделікті санитарлық қадағалау тәжірибесінде кең қолдану табады, ал сақтық санитарлық қадағалау үлесіне спектральды талдау әдісі тиеді. Мысалы, қол құралының дірілдік сипаттамаларына дірілдің түзетілген деңгейлері (діріл жылдамдығы және діріл тездігі, дБ) және жиіліктің октавалық жолақтарында нормаланатын көрсеткіштердің деңгейлері жатады, ал оператордың құралмен жұмыс істеу уақытын ескергендегі дірілдік әсер сипаттамасына – дірілдің эквивалентті түзетілген деңгейлері (діріл жылдамдығы, діріл тездігі, дБ) жатады.

Көрсетілген әдістердің көмегімен дірілді өлшеу үшін 6.1. кестеде келтірілген құрал-жабдықтар қолданылады.

Діріл өлшемдерін біртекті ету үшін құрал-жабдықтарға, өлшеу әдістері мен нәтижелерді өңдеуге қойылатын талаптарды қалыптастыратын мемлекеттік стандарттар –12.1.012-90 МЕСТ «ССБТ. Дірілдік қауіпсіздік. Жалпы талаптар» және т.б. енгізілген.

Діріл өлшемдерін жүргізуде барлық өлшеу жүйелерін өлшеуге дейін және кейін туралау, сонымен қатар оларды жыл сайын метерологиялық ұйымдарда мемелекеттік тексеруден өткізіп тұру маңызды болып табылады.

Дірілді өлшеу әдістемесі. Өлшеуді жүргізу кезінде Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген № 1.02.013 – 94 «Өндірістік дірілді өлшеу және гигиеналық баға беру бойынша әдістемелік нұсқауларында» келтірілген жалпыға бірдей ережелерді басшылыққа алу керек.

Машиналар немесе қондырғылар жылдамдық, жүктеме, орындалатын операциялар, өңделінетін объект және т.с.с. бойынша паспорттық немесе типтік технологиялық тәртіпте жұмыс істеуі тиіс. Жалпы дірілге бақылау жасауда жұмыс орынына дірілді беретін барлық діріл көздері кіргізілуі керек.

Өлшеу нүктелері, яғни дірілбергіштерді орналастыру орындары, дірілдеуші беткейде, оператордың денесімен жанасу үшін арналған орындарда орналастырылуы тиіс: 1) отырғышта, жұмыс алаңында, аяқ қойғыш (педаль) және оператормен қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс аумағы еденінде; 2) жұмысшының қолының тұтқалармен, басқару тетіктерімен және т.б. жанасу орындарында.

Дірілқабылдағышты зауыттық нұсқауда келтірілген тәсілмен бекіту керек. Жалпы дірілді өлшеуде қатты төсемді (асфальт, бетон, металл плиталар және т.с.с.) алаңдарда немесе серпімді емес тұғырлы орындықтарда дірілқабылдағыш тікелей осы беткейлерге магнитте бұрандада, мастиктерде және т.с.с. бекітілуі керек. Бұдан бөлек, дірілқабылдағыш бұрандада (немесе магнит көмегімен) қатты құрыш дискіге (диаметрі 200 мм және қалыңдығы 4 мм) бекітіліп, еден мен тұрып тұрған адамның аяғының арасына немесе отырғышпен отырған адамның тұлғасының арасына орналастырылады. Жергілікті дірілді өлшеуде қабылдағышты бұрандамен бақылау нүктелерінде орнатады, әйтсе де қысқыш, қамыт және т.с.с. түріндегі металл элемент көмегімен бекітсе де болады.

Әрбір нүктеде дірілқабылдағышты тегіс, біртекті алаңқайда бірінен кейін бірі үш өзара перпендикулярлы бағыттарда (Z, X, Y) орналастырады. Егер барлық ось бойынша бірдей рұқсат етілген деңгейлер қалыптастырылған болса дірілдің максимальды бағыты бойынша (басқа осьтардағы өлшемдермен салыстырғанда >12 дБ жоғарыласа) өлшеуге рұқсат етіледі.

Таңдалынған бақылау нүктесінде діріл қабылдағышты орнатқаннан кейін тұтқаларын келесі тетіктерге бірінен кейін бірін қалыптастыра отырып діріл өлшегіш аспапты қосады:

  1. «жылдамдық» немесе «тездік» тетігіне. Бекіту тәсілі діріл жылдамдығының көрсеткіштеріне аз әсер ететінін есте сақтау қажет;

  2. діріл өлшегіштің тілі бар аспабының «тұрақты» тетігіне («баяу», 1, 3, 10 және 30 с). Жалпы дірілді 10 секундтан кем емес, жергіліктіні 1 секундтан кем емес уақыт тұрақтылығында өлшеу ұсынылады;

  3. октавалық сүзгілер немесе түзетілген мәндерге;

  4. есептеулерді алу үшін қажетті диапазондарға.

Есептеулерді тілшіктердің орташа қалпы бойынша жүргізеді. Аспаптың көрсеткіштерін (1, 3, 10 с өлшеу уақыттарында орташаландырылған дірілдің орташа квадраттық мәндері) діріл өлшегіштің тұрақты уақыт тәртібіндегі бірдей уақыт аралықтарынан кейін түсіреді. Жалпы есептеулер саны жергілікті діріл үшін 3 кем емес; жалпы технологиялық діріл үшін – 6; жалпы транспорттық және транспортты-технологиялық (қозғалыс кезінде) діріл үшін– 30 болады, ол одан әрі өңдеуді қажет етеді.

Кесте 6.2. Z, X, Y осьтері бойынша жергілікті діріл көрсеткіштерінің шектік рұқсат етілген мәндері

Октавалық жолақтың ортагеометриялық мәндері, Гц

Діріл жылдамдығы

Діріл тездігі

м/с²

дБ

м/с²·10

дБ

8

16

31,5

63

125

250

500

1000

Түзетілген және түзетілген эквивалентті мәндері және олардың деңгейлері

1,4

1,4

2,8

5,6

11,0

22,0

45,0

89,0

2,0

123

123

129

135

141

147

153

159

126

2,8

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

2,0

115

109

109

109

109

109

109

109

112

М ы с а л. Тігін цехында жұмыс орыны еденінің діріл жылдамдығы А нүктесінде (Z осьі бағытында) спектарльды әдіспен 2; 4; 8; 16; 31,5; және 63 Гц жиіліктің октавалық жолақтарында өлшенді. Өлшемдердің келесі нәтижелері алынды:

1) 2 Гц ортагеометриялық жиілікте – 84, 90, 91, 92, 88, 85 дБ;

2) 4 Гц ортагеометриялық жиілікте – 82, 88, 86, 84, 80, 85 дБ және т.с.с.

Алынған мәліметтерге баға бермес бұрын, оларды сәйкес рұқсат етілген мәндерімен салыстыра отырып, әрбір жиіліктегі діріл жылдамдығының өлшенген деңгейлері үшін орташа мәндерін есептеу қажет. Яғни, 2 Гц жиілік үшін орташа мәнді табуда 84 пен 90, 91 мен 92, 88 бен 85 дБ мәндерін жұп жұбымен қосамыз (5.2. кестені қараймыз); бұл кезде берілген деңгейлердің айырмасы сәйкес 6 (қосымша 1); 1 (қосымша 2,5); 3 (қосымша 1,8) болады, ал қосындысы – сәйкес 90+1; 92+2,5; 88+1,8, яғни 91; 94,5; 89,8. Содан соң алынған деңгейлерді біртіндеп қосамыз – алдымен 91 мен 94,5; айырмасы 3,5; қосымшасы 1,8; қосындысы 96,3 (94,5+1,8). Одан әрі 96,3 –ке қалған 89,8 қосамыз; айырмасы 6,5; қосымша 1; 97,3 мәнін аламыз, деңгелектегенде 97 дБ (Lқос). Орташа мән үшін ақырғы нәтижені 6.3. кестенің көмегімен табамыз.

Өлшеу нүктелерінде қажетті өлшеулер санын жүргізгеннен кейін діріл деңгейін анықтаушы мән ретінде, шу сияқты келесі формуламен есептелген, орташа шамаларын алады: L = Lқос - 10 lg n.

Өлшенген деңгейлерді қосындылауды L ;L ;L ......L жұп жұбымен 6.2. кесте көмегімен жүргізеді. lgn мәне 6.3. кесте көмегімен анықталынады.

Кесте 6.3. Жиіліктің октавалық жолақтарындағы транспорттық дірілдің рұқсат етілген мәндері

Ортагеометриялық жиіліктер,Гц

Діріл тездігі

Діріл жылдамдығы

м/с²

дБ

м/с²·10

дБ

Z

XY

Z

XY

Z

XY

Z

XY

1,0

2,0

4,0

8,0

16,0

31,5

63,0

Түзетілген және түзетілген эквивалентті мәндері және олардың деңгейлері

1,10

0,8

0,56

0,63

1,10

2,20

4,50

0,56

0,40

0,45

0,79

1,60

3,20

6,30

13,00

0,40

121

118

115

116

121

127

133

115

112

113

118

124

130

136

142

112

20,0

7,1

2,5

1,3

1,1

1,1

1,1

1,1

6,3

3,5

3,2

3,2

3,2

3,2

3,2

3,2

132

123

114

108

107

107

107

107

122

117

116

116

116

116

116

116

L = 97 – 8 (6 деңгейлер) = 89 дБ.

Осылайша, 2 Гц октавалық жиіліктегі еденнің діріл жылдамдығы деңгейінің орташа мәне 89 дБ. Одан әрі осы есептеу сияқты еденнің басқа жиіліктердегі өлшенген діріл жылдамдық деңгейлерінің орташа мәндерін анықтаймыз.

Көрсетілген әдістердің бірімен (спектральды немесе интегральды) алынған тұрақты діріл зерттеулерінің нәтижелерін «Жұмыс орындары дірілінің санитарлық нормалары» СН 1.02.012 – 94 (6.2, 6.3 және 6.4 кестелер) санитарлық ережелерінде келтірілген рұқсат етілген мәндермен салыстырады. Соңғы екі кестеде тек жиіліктің октавалық жолақтарындағы жалпы дірілдің рұқсат етілген мәндері келтірілген, жиіліктің октавалық жолағының мәндері келтірілмеген.

Интегральды баға беру бойынша немесе қандай да бір октавалық жолақта, келтірілген нормалардан деңгейі 12 дБ-дан көп жоғары болатын діріл әсер ету жағдайында жұмыс істеуге болмайды.

Дірілдің шектік рұқсат етілген деңгейлері 8 сағаттық дірілдік әсер ұзақтығына қалыптастырылған.

Тұрақсыз, уақыт бойынша тербелмелі, үзілісті дірілдер үшін дірілмен қатынас ауысымның жарты уақытын алса, баға беруді, келесі шамалардың негізінде есептелетін діріл жылдамдығы немесе діріл тездігінің түзетілген эквивалентті деңгейлері бойынша жүргізеді: 1) жоғарыда көрсетілгендей, октавалық жолақ немесе түзетілген деңгейлер шегіндегі діріл деңгейлерімен; 2) хронометраждық зерттеулермен анықталынған дірілдің әсер ету уақытымен. Эквивалентті деңгейді есептеу үшін дірілдің әсер ету уақытының түзетілген деңгейіне берілген түзетпе мәні қолданылады (5.4 кесте).

Импульсті жергілікті діріл үшін өлшенетін шамаға діріл жылдамдығының квазишыңды мәндері немесе оның логарифмдік деңгейі жатады, яғни ол импульстің ұзақтығын да және шыңның мәні де ескереді. «Импульс» уақыттық сипаттамасы блйынша өлшенеді және өлшеу уақытындағы максимальды көрсеткішпен анықталынады. Жұмыс ауысымындағы жалпы импульстер саны хронометраждық зерттеулер немесе техникалық құжаттар бойынша анықталады.

Е с е п т е у м ы с а л д а р ы. 1. Спектральды әдіспен шойынды құйманы өңдеу кезінде шабу балғасының тұтқасында 3 өлшеу (Z осімен) жүргізілді және жиіліктің октавалық жолақтарындағы діріл тездігінің орташа деңгейлері (жоғарыда келтіріліген әдіспен) есептелді. Балғамен жұмыс істеу уақыты ауысым бойына – 5 сағат.

Діріл мөлшерін есептеуге кірісу үшін алдымен діріл тездігінің түзетілген деңгейін есептейді (интегральды көрсеткіш). Ол үшін жиіліктің октавалық жолақтарына арналған өлшемдік коэффициенттердің көмегімен (6.5 немесе 6.6 кесте) діріл тездігінің түзетілген октавалық деңгейлерін анықтап алу қажет, содан соң олардың түзетпелерін ескере отырып жұп жұбымен қосындылау керек (6.4 кестені қараймыз). Біздің есебімізде діріл тездігінің түзетілген деңгейі 123 дБ тең болады (6.7. кесте).

Балғамен жұмыс істеу ауысымның 5 сағатын алады, сондықтан да, 2-ге тең болатын түзетпені есепке ала отырып (6.4 кесте), діріл жылдамдығы деңгейінің түзетілген эквивалентті мәні 121 дБ құрайды. Бұл мәнді 112 дБ болатын (6.2 кестені қараймыз) діріл жылдамдығының рұқсат етілген түзетілген эквивалентті деңгейімен салыстырамыз.

2. Тракторшының жұмыс орнындағы діріл жылдамдығының түзетілген деңгейлері өлшенді (Z осьі). Бұл мәндерді орташалағаннан кейін келесі деңгейлер алынды: асфальт жолда қозғалғанда – 122 дБ; топырақты жолда – 129 дБ; жерді жырту жұмыстарында – 126 дБ. Жұмыс уақытының хронометражы, асфальт жолдағы қозғалыс 1 сағат, топырақ жолда – 2 сағат, ал жырту жұмыстары – 5 сағат алғанын көрсетті.

Уақытты және 6.4 кестемен анықталған түзетпелерді (-9; -6; -2) ескергенде түзетілген эквивалентті деңгейлер сәйкес 113 дБ; 123 дБ; 124дБ құрады. Жұп жұбымен энергетикалық қосындылағанда, 126,5 дБ (немесе дөңгелектегенде 127 дБ) аламыз. Бұл мәнді транспорттық діріл үшін рұқсат етілген 107 дБ-ға тең болатын діріл жылдамдығының түзетілген эквивалентті деңгейімен салыстырамыз.

Кесте 6.4. Жиіліктің октавалық жолақтарындағы Z, X, Y осьтері бойынша жұмыс орындары дірілінің рұқсат етілген мәндері

Ортагеометриялық жиіліктер, Гц

Технологиялық, «а» типі

Технологиялық, «б» типі

Технологиялық, «в» типі

Транспорттық-технологиялық

діріл тездігі

діріл жыл-дамдығы

діріл тездігі

діріл жыл-дамдығы

діріл тездігі

діріл жыл-дамдығы

діріл тездігі

Діріл жыл-дамдығы

м/с²

дБ

м/с·10

дБ

м/с²

дБ

м/с·10

дБ

м/с²

дБ

м/с·10

дБ

м/с²

дБ

м/с·10

дБ

2,0

4,0

8,0

16,0

31,5

63

түзетілген

және эквивалентті түзетілген мәндер және олардың дең-гейлері

0,14

0,10

0,10

0,20

0,40

0,79

0,1

103

100

100

106

112

118

100

1,30

0,45

0,22

0,20

0,20

0,20

0,2

108

99

93

92

92

92

92

0,056

0,040

0,04

0,079

0,16

0,32

0,04

95

92

92

98

104

110

92

0,50

0,18

0,089

0,079

0,079

0,079

0,079

100

91

85

84

84

84

84

0,02

0,014

0,014

0,028

0,056

0,110

0,014

86

83

83

89

95

101

83

0,18

0,063

0,032

0,028

0,028

0,028

0,028

91

82

76

75

75

75

75

0,4

0,28

0,28

0,56

1,10

2,20

0,28

112

109

109

115

121

127

109

3,5

1,3

0,63

0,56

0,56

0,56

0,56

117

108

102

101

101

101

101

Кесте 6.5. Жергілікті дірілге арналған өлшемдік коэффициент мәндері

Октавалық жолақтардың ортагеометриялық жиіліктері, Гц

Өлшемдік коэффициенттердің мәндері

Діріл тездігі үшін

Діріл жылдамдығы үшін

8

16

31,5

63

125

250

500

1000

0

0

-6

-12

-18

-24

-30

-36

-6

0

0

0

0

0

0

0

Кесте 6.6. Жалпы дірілге арналған өлшемдік коэффициенттер мәндері (дБ)

Октавалық жолақтардың орта-геометриялық жиіліктері

өлшемдік коэффициенттер мәндері

Діріл тездігі үшін

Діріл жылдамдығы үшін

Z

XY

Z

XY

160

260

460

860

1660

3165

63

-6

-3

0

0

-6

-12

-18

0

0

-6

-12

-18

-24

-30

-25

-16

-7

-1

0

0

0

-6

-1

0

0

0

0

0

Кесте 6.7. Діріл жылдамдығының түзетілген деңгейлерін есептеу сатылары

Октавалық жолақтардың орта-геометриялық жиіліктері

Діріл жылдамдығы-ның деңгей-лері, дБ

Өлшемдік коэффициент-тердің мән-дері, дБ

Діріл жылдам-дығының түзетілген октавалық деңгейлері, дБ

Түзетпелерді ескеріп жұптастырып қосындылау мәліметтері

8

16

31,5

63

125

250

500

1000

108

112

120

116

111

107

104

103

-6

0

0

0

0

0

0

0

102

112

120

116

111

107

104

103

112,4

121,5

112,5

106,5

122,0

122,6-123

113,5

Өлшеулер нәтижелерін қалыптастырылған формадағы хаттамаға толтырады. Қорытындыда ШРЕД-ден қанша жоғарылағанын көрсете отырып дірілдік факторға талдау жүргізіледі, сонымен қатар жоғары діріл деңгейлерін берген жағдайлар келтіріледі. Бұдан бөлек, дірілдің қолайсыз әсерін одан әрі тереңдететін еңбек жағдайының факторлары кездеседі: үлкен динамикалық және статикалық жүктемелер (қол машиналары үшін оның қолға түсетін салмағы, басып күштенуі), мәжбүр қалыпта ұзақ жұмыс істеу, жалпы немесе жергілікті үсу және т.б.

“Діріл көзі бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар №310 СанЕмН-на сәйкес жинақтағы қол құралының салмағы (тіректік құралдың, жалғанатын тұтқаның, шлангінің және т.б. салмағымен қоса баға беріледі) кеңістікте әрқилы бағдарлы жұмыстар үшін қолданылатын құрал үшін 5 кг-нан және тікелей төмен және көлденеңінен атқарылатын жұмыстар кезінде қолданылатын құралдар үшін 10 кг аспауы керек. Басу күші бір қолдық машиналар үшін 100 Н, екі қолдық үшін – 200 Н көп болмауы керек. Қол құралдары беткейінің температурасы 21,5-тен 43,5ºС-ға дейін болуы керек. 25-тен 32ºС-ға дейінгі диапазон қолайлы болып саналады. Бұл кезде ауырлығы және жыл мезгілдері (жабық жылытылатын бөлмелер үшін) бойынша кез келген жұмыс түрлерінде ауа температурасы 16,5ºС-дан төмен болмауы тиіс, ылғалдылық 40-60%-тен жоғары емес, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,3 м/с көп емес болуы керек.

Жылдың суық мезгілінде ашық аспан астында жұмыс істегенде жұмысшыларды оқтын-оқтын жылытып тұратын және демалатын арнайы жылытылатын бөлмелер ұйымдастырылуы қажет, ол бөлмелерде жылдың суық мезгілінде ауа температурасы 22-24ºС шамасында, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с аспауы керек.

Өндірістік діріл көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуі. Жұмысшыларға діріл әсер еткенде еңбек жағдайына қолданудағы нормативтерден жоғарылау шамасына байланысты баға беру «Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша еңбек жағдайына баға беру мен жіктеудің гигиеналық критериилері» №104.001-2000 ҚР АДЗ Басшылығында келтірілген (5.7 кестені қараймыз).

Еңбек жағдайының зияндылық және қауіптілік дәрежесі дірілдің уақыттық сипаттамаларын ескере отырып қалыптастырылады.

Жұмысшылардың қалай тұрақты діріл көздерімен болса, солай тұрақсыз (жалпы, жергілікті) діріл көздерімен қатынасуында еңбек жағдайына баға беру үшін осы қатынастың ұзақтығын ескере отырып, діріл жылдамдығының дБ-мен берілген эквивалентті түзетілген деңгейін өлшейді немесе есептейді.

Дб-дағы анықталынған діріл жылдамдығының эквивалентті түзетілген деңгейлерін “Діріл көзі бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар №310 СанЕмН-на қоданудағы нормативтердің мәндерімен салыстырады және одан әрі ШРЕД-ден жоғарылауы бойынша еңбек жағдайының зияндылық және қауіптілік дәрежесін анықтайды.

Сауықтыру шараларын өңдеу. Санитарлық тексерулер нәтижелері бойынша дірілдің қолайсыз әсерін төмендету шараларын жүргізу қажеттігі туралы ескертпе беріледі. Оларға ұйымдастыру-техникалық шаралар, еңбек және демалыс тәртіптерін қолайластыру, жеке басты қорғау құралдарын қолдану, сонымен қатар емдік-профилактикалық шаралар жатады. Радикалды шараларға діріл қауіпті қондырғыны қолдануға тыйым салу немесе оның ауысым бойына пайдалану уақытын, дірілдің эквивалентті түзетілген деңгейін санитарлық заңдылықтармен қалыптастырылған ШРЕД-ден жоғарыламайтындай етіп шектеу жатады. «Жұмысшының қолына берілетін жергілікті дірілді туғызатын машиналармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық нормалар мен ережелер» №1.02.014 – 94 СанЕмН-на сәйкес ШРЕД-ден 12 дБ-дан көп асатын діріл шығарушы құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Осы құжатпен дірілдің ШРЕД-ден жоғарылауы жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларды, міндетті түрде жеке басты қорғау құралдарын пайдалана отырып уақытпен қорғау қарастырылған (6.8 кесте).

Діріл қауіпті мамандықтардың жұмысшылары үшін еңбек режимі кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен өңделуі және мемсанэпидқадағалау мекемелерімен келісілуі керек. Еңбек ету тәртібінде дірілдеуші қол құралдарымен рұқсат етілген қосындылық қатынас уақыты, қалай регламенттелген болсын, солай еңбек тәртібіне сәйкес үзілістердің ұзақтығы және уақыты; қол құралдары бар операторлар үзіліс уақытында айналысатын қол құралымен жұмыстардағы жұмыстар тізімі көрсетілуі тиіс.

Регламенттелген үзілістер: біріншісі ұзақтығы 20 минут (ауысым басталғаннан кейін 1-2 сағаттан соң) және екіншісі 30 минут (түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң) белсенді демалу үшін, өндірістік денешынықтырудың арнайы кешенін, физиотерапиялық емдомдарды және т.с.с. жүргізу үшін қарастырылған. Түскі үзіліс ұзақтығы 40 минуттан кем болмауы керек.

Кесте 6.8. ШРЕД-ден жоғарылау шамасына байланысты жергілікті дірілдің ауысымдағы рұқсат етілген қосындылық әсер уақыты

СЕ 2.2.4/2.1.8.566-96 қатысты жергілікті дірілдің ШРЕД-ден жоғарылауы, дБ

Ауысымдағы жергілікті дірілдің рұқсат етілген қосындылық әсер уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

381

302

240

191

151

120

95

76

60

48

38

30

Дірілдеуші қондырғымен жұмыс істеуде дірілдің бір реттік үздіксіз әсер ету ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек. Еңбек ету тәртібінде дірілдің бір реттік үздіксіз әсері мен дірілдің әсер етуіндегі келесі үзіліс ара қатынасы 1:1; 1:2; 1:3 және т.с.с. болады.

Нормативтік деңгейдегі және ШРЕД-ден жоғарылағандағы дірілдің әсеріне ұшырағандар жылына бір рет невропатологпен, отоларингологпен, терапевтпен қаралуы тиіс, ал ШРЕД-ден жоғары жалпы дірілдің әсеріне ұшырағандар осы мамандармен 2 жылда 1 рет медициналық тексерулерден өтеді және бұдан басқа № 243 Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес көрсеткіштері бойынша хирург және көз дәрігері қатысады.