
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Ультра- және инфрадыбыс
У л ь т р а д ы б ы с – 20 кГц – 1000 МГц диапазонындағы акустикалық тербелістер аймағы. Ультрадыбыстық диапазонды шартты түрде ауалық және қатынастық жолмен таралатын, төмен жиілікті (20-100 кГц) және тек қана қатынастық жолмен таралатын жоғарғы жиілікті (100 кГц – 1000 МГц) деп бөлуге болады. Ультрадыбыстық технологиялық үрдістер ультрадыбыс көздері: электрлік тербелістер генераторы және акустикалық түрлендіргіші – станокка, ваннаға және т.с.с. бекітілген арнайы қондырғыларда іске асырылады. Бұдан басқа ультрадыбыс газды турбиналардың, компрессорлы қондырғылардың және басқалардың жолшыбай факторы болуы да мүмкін.
Ауа
ортасында ультрадыбысқа сипаттама беру
үшін ортагеометриялық жиіліктері
12,5-тен 100,0 кГц-қа дейін болатын ⅓ октавалық
жолақтарда өлшенген децибелдағы дыбыстық
қысым деңгейлері пайдаланылады.
Қатынастық жолмен берілетін ультрадыбысқа
сипаттама беру үшін 1 с метрмен берілген
діріл жылдамдығының шыңдық мәндері
немесе 1·10
дәрежесінен 1·10
дәрежесіне дейінгі Гц жиілік диапазонындағы
децибелмен берілген логарифмдік деңгейі
қолданылады.
Жоғары жиілікті ультрадыбысты құймалардың, дәнекерлік тігістердің, пластмассалардың дефектоскопиясы үшін, заттарды құрылымдық талдау және басқалар үшін қолданады; ал медицинада – омыртқалардың, буындардың ауруларын және т.б. емдеу үшін қолданады.
Төмен жиілікті ультрадыбыс жуу, майсыздандыру, эмульгациялау, дәнекерлеу, металлдарды балқыту, бөлшектеу, металлдарды кристализациялау және т.б. үшін қолданады; ал медицинада – тіндерді кесу үшін, жансыздандыру, аспаптарды стерилизациялау және т.б. үшін қолданады.
12.2.001-89 МЕСТ «ЕҚСЖ. «Ультрадыбыс. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына», сәйкес ультрадыбысты өлшеу үшін келесі құралдарды пайдаланады: отандық – 50 000 Гц жиілік диапазонына дейін өлшеуге арналған портативті аппаратуралар жинағы; «Роботрон» фирмасының (ГДР) құралы – 100 000 Гц дейін жиілік диапазонын өлшеуге арналған жинақ; «Брюль және Кьер» фирмасының аппаратурасы 100 000 Гц дейін жиілік диапазонын өлшеуге арналған.
11 200 Гц және одан да жоғары жиілік диапазонындағы дыбыс және ультрадыбыс қысымының деңгейіне бақылауды жұмыс орнында негізгі операцияларды орындау кезінде жүргізу қажет (МЕСТ 12.4.077-79 «Ультрадыбыс. Жұмыс орындарындағы дыбыстық қысымды өлшеу әдісі»). Микрофонды ультрадыбыс әсеріне ұшыраған адамның басы деңгейіне орналастыру керек; микрофонды ультрадыбыс көзіне қаратып бағыттайды және өлшем алып тұрған адамнан 0,5 м кем емес аралықта алыстатады.
Ультрадыбысты өлшеу кезінде аппаратураға магниттік және электрлік наводкалар болмауы керек.
Дыбыс қысымының тұрақты деңгейлерін өлшеуде анықтауды әрбір нүктеде әр үштен бір октавалық жолақта 3 реттен кем емес жүргізу қажет.
Дыбыс қысымының тұрақсыз деңгейлеріне талдау жасау кезінде есептеулерді дыбыс қысымының деңгейі максимальды шамаларға жететін типтік технологиялық режимде жүргізеді.
Ультрадыбыстың гигиеналық регламенттері СанЕмН №1.02.017-94 «Өнеркәсіптік ультрадыбыстық қондырғылармен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық нормалар мен ережелер» және МЕСТ 12.1.001-89 «Ультрадыбыс. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарында» көрсетілген.
Оператор қолының және денесінің басқа да бөліктерінің құралдар мен қондырғылардың (қатынастық дыбысталу) жұмыс істейтін органдарымен жанасу зоналарындағы ультрадыбыстың рұқсат етілген деңгейлері 110 дБ аспауы керек. Бұдан басқа, ультрадыбысқа қатынастық берілу жолында қарқындылығы бойынша 1 см² Ваттпен баға беруге болады. Бұл кездегі шектік рұқсат етілген деңгей 0,1 Вт/см² құрайды. Дыбыс қысымының жұмыс орындарындағы децибелмен берілген рұқсат етілген деңгейлері 80-110 дБ шамасында болуы керек (кесте 5.10).
Кесте 5.10. Жұмыс орындарындағы ультрадыбыстың рұқсат етілген деңгейлері
Үштен бір октавалық жолақтың ортагеометриялық жиіліктері, кГц |
Дыбыс қысымының деңгейлері, дБ |
12,5 16,0 20,0 25,0 31,5-100 |
80 90 100 105 110 |
Ультрадыбысты өлшеу нәтижелері, алынған мәліметтерге талдау жасау жұмысшыларға ультрадыбыс әсер етудегі еңбек жағдайының кластарын қалыптастыруға мүмкіншілік береді (5.7 кестені қараймыз). Еңбек жағдайын жақсартудағы айтарлықтай маңызды орынды шу қауіпсіз техника шығарудағы сақтық санитарлық қадағалау алады.
Шығарушы-зауыт өндірістік қондырғылардың эксплуатациялық құжаттарында қондырғының айналасында бақылау нүктелерінде өлшенген, дыбыс қысымдарының деңгейлері көрсетілген, ультрадыбыстық сипаттама келтіруі тиіс. Бұдан басқа, ультрадыбыстық сипаттамаларды анықтауды жүргізу қажет, жұмыс режимін міндетті түрде көрсетуі керек. Ауа ортасында таралатын ультрадыбыстың зиянды әсерінен жұмысшыларды қорғайтын жеке басты қорғау құралдары ретінде шуға қарсы заттарды қолдануға болады. Адамның сұйық немесе қатты ортамен қатынас аумағында мүмкін болатын ультрадыбыс әсерінен қолды қорғау үшін қорғаныстық биалайлар немесе қолғаптар қолданады.
№243 ҚР Денсаулық министрлігінің бұйрығана сай ультрадыбыс әсеріне ұшыраған адамдар (қатынастық берілу) алдын ала (жұмысқа қабылданар алдында) және кезеңдік медициналық тексерулерден өткізіледі. Кезеңдік медициналық тексерулер невропатологпен, офтальмологпен, терапевтпен міндетті түрде зертханалық тексерулерді (дірілдік сезімталдылық) қолдана отырып жылына 1 рет, немесе 3 жылда 1 рет жүргізіледі.
И н ф р а д ы б ы с 20 Гц-тан төмен жиілік диапазонындағы механикалық тербелістер болып табылады. Инфрадыбыстың өзіне тән ерекшелігіне басқа механикалық тербелістерге қарағанда толқын ұзындығының үлкендігі және тербелістерінің жиілігінің аздығы жатады.
Энергияны аз сіңіруі салдарынан инфрадыбыс шығу көзінен үлкен қашықтықтарға таралады. Инфрадыбыс дизельдердің, қуатты компрессорлардың, ұшақтардың, тік ұшақтардың двигательдерінің, турбиналардың, өнеркәсіптік желдеткіштердің және т.б. жұмысы кезінде түзіледі.
Өндірістік жағдайда, инфрадыбыс ереже бойынша төмен жиілікті шумен үйлеседі, ал кейде төмен жиілікті дірілмен де бірлеседі. «Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың гигиеналық нормалары» ГН № 1.02.009-94 нормативтік құжаты жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың жіктелуін, сипаттамаларын, рұқсат етілген деңгейлерін, сонымен қатар оны бақылау әдістер мен шарттарын анықтайды.
Инфрадыбыстың спектрлік сипатына қарай кеңдігі бір октавадан көп үздіксіз спектрлі кең жолақты инфрадыбыс; үйлесімді, спектрінде айқын дискретті құрамдастары болады. Инфрадыбыстың үйлесімділік сипатын жиіліктің октавалық жолақтарында бір жолақтағы деңгейдің көршілес жолақтарға қарағанда 10 дБ-дан кем емес жоғарылауы бойынша қалыптастырады.
Уақыттық сипаттамалары бойынша дыбыстық қысым деңгейі «сызықтық» шкаласының «баяу» сипаттамасында 1 минут бақылау уақытында 10 дБ-дан көп емес өзгеретін тұрақты инфрадыбысты ажыратады; және дыбыстық қысым деңгейі «сызықтық» шкаласының «баяу» сипаттамасында 1 минут бақылау уақытында 10 дБ-дан кем емес өзгеретін тұрақсыз инфрадыбысты ажыратады.
Инфрадыбысқа сипаттама беру үшін келесі децибелдағы өлшенетін шамалар қалыптастырылған:
тұрақты инфрадыбыс үшін – дыбыс қысымының октавалық деңгейлері;
тұрақсыз инфрадыбыс үшін – шу өлшегіштің «сызықтық» шкаласы бойынша дыбыс қысымының жалпы деңгейі ( 5.11. кесте).
Инфрадыбысты өлшеу шу және діріл өлшегіш аппаратураларында (ВШВ-003-М2), «Брюль және Кьер» фирмасының аппаратураларында жүргізіледі (5.1. кестені қара). Инфрадыбысты өлшеу нәтижелері, алынған мәліметтерді талдау жұмысшыларға инфрадыбыс әсер еткендегі еңбек жағдайының кластарын қалыптастыруға мүмкіншілік береді (5.7 кестені қараймыз).
Кесте 5.11. Жұмыс орнындағы дыбыстық қысымның шектік рұқсат етілген деңгейлері
Жиіліктің октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ, ортагеометриялық жиіліктерімен, Гц |
Лин дыбыс қысымының жалпы деңгейі, дБ |
||||
2 |
4 |
8 |
16 |
31,5 |
|
105 |
105 |
105 |
105 |
102 |
110 |
Инфрадыбысты өлшеу және баға беру КСРО ДМ шығарылған «Өндірістік инфрадыбыстық шуларды өлшеу және гигиеналық баға беру бойынша әдістемелік ұсыныстармен» сәйкес орындалады.
Инфрадыбысты өлшеу тұрақты жұмыс орындарында және қондырғының әдеттегідей жұмыс істеп тұрған кезінде жұмыс зонасында жүргізеді. Өлшеу нүктелерін жұмыс зоналары үшін бір бірінен 20 м –ден көп емес және кабиналар үшін 3 м –дан көп емес қашықтықта таңдайды. Микрофонды еденнен 1,5 м биіктікте және өлшеу жүргізушіден 0,5 м–ден кем емес алыстықта орналастырады.
Жұмысшыларға инфрадыбыстың қолайсыз әсерін шектеу шаралары инфрадыбыстың түзілу көзінде және таралу жолында оның деңгейін төмендетуді, сонымен қатар дистанционды басқаруды қолдануды қарастырады.
Инфрадыбыс әсері жағдайында жұмыс істейтіндер алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерден ҚР Денсаулық министрлігімен қалыптастырылған мерзімдерде және тиісті көлемде өткізілуі тиіс.
6 Тарау |
ӨНДІРІСТІК ДІРІЛ |