Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать
    1. Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу

Өндірістік шудың жұмысшылардың денсаулығына тигізетін әсеріне баға беру үшін ағзаның функционалдық жағдайын зерттеу мәліметтері, медициналық тексерулер, уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін аурушаңдық материалдары және т.б. қолданылады.

Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына сипаттама беру үшін хронорефлексометрия, треморометрия, зейінге тесттер қою сияқты және басқа да әдістерді пайдаланады.

Жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын артериялдық қысым, ЭКГ, тамыр соғу жиілігі және т.б. сипаттайды.

Есту анализаторының жағдайын камертон, сыбырлап сөйлеу, дауыстап сөйлеу және үнді табалдырықты аудиометрия көмегімен зерттейді.

Камертонды зерттеумен ауалық және тіндік дыбыс өткізгіштік кезіндегі есту өткірлігін анықтайды.

Камертондармен есту қызметіне баға беруді, максимальды шығарылған камертон үнін ауа немесе сүйек арқылы сыналушының қабылдау уақытын сандық анықтау жолымен жүргізеді. Тәжірибелік мақсатта төрт камертоннан тұратын жинақ (С , С , С ) қолданылады.

Алынған мәліметтерге зерттеуге қолданылған камертондар жинағының паспорттық мәліметтерімен салыстыру жолымен баға береді.

Есту қабілетінің күйіне шамамен баға беру үшін сыбырлап және дауыстап сөйлеуді есту қабілетіне ең табиғи сынама ретінде қолданады.

Зерттелуші сөздерді анық түсінетін ара қашықтық есту өткірлігіне шамалап алынған көрсеткіш бола алады.

Сыбырлап сөйлеу акуметрлік кесте көмегімен тексеріледі; сыбырлап сөйлеуді 6 м қашықтықта қабылдаса есту қабілеті қалыпты болып саналады.

Дауыстап сөйлеуді қалыпты есту қабілеті бар адам 60-80 м қашықтықтан қабылдайды. Әдеттегі бөлмелерде мұндай қашықтықта зерттеу мүмкіншілігі аз, сондықтан да есту қабілетіне сыбырлап сөйлеумен баға береді, тек едәуір әлсіреген есту қызметінде 6 м қашықтықта дауыстап сөйлеу тексеріледі.

Тәжірибеде кең қолданылатын, қалыпты естілу табалдырығының үстіндегі (2·10 Па) салыстырмалы шамалармен (децибелда – дБ) берілген жабдыққа нөлдік деңгей түрінде түсірілген үнді табалдырықтық аудиометрия, есту қызметіне сапалық және сандық сипаттама береді.

Үнді аудиометрия электроакустикалық аппаратуралар – аудиометрлердің көмегімен іске асырылады, олардың эквивалентті табалдырықтық деңгейлері 13655-75 МЕСТ-ке сәйкес келуі тиіс. Қолданылатын аудиометрлер келесі таза үндерді шығарады: қарқындылықты 5 дБ-ға дейін секірмелі реттеу кезінде қарқындылығы 100 дБ болатын 125, 250, 500, 1000, 1500, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000 Гц үндер.

Таза үндерді естіп қабылдау табалдырығын зерттеу нәтижелерін аудиограммаға түсіреді, онда абсцисса осінде герцпен берілген жиілік, ал ордината осінде – децибелмен берілген есту қабілетінің табалдырығы (яғни, зерттелушінің құлағымен қабылданған минимальды дыбыстық қысым) көрсетіледі.

Есту қабілетін жоғалтуын (естілу қабілетінің тұрақты жылжуы – ЕТЖ) анықтау мақсатында аудиометрлік зерттеулер зерттелушіге деңгейі 80 дБ-дан көп өндірістік шу әсер еткеннен кейін 14 сағаттан кем емес уақытта жүргізіледі.

Кесте 5.9. Есту қабілетін жоғалту шамалары, дБ

Есту қабілетін жоғалту дәрежесі

Сөйлеу жиіліктерінде (500, 1000 және 2000 Гц жиіліктердегі орташа арифметикалық мәндері)

4000 Гц жиілікте

Шудың есту мүшесіне әсер ету белгілері

10-нан аз (500 Гц – 5 дБ;

1000 Гц – 10 дБ;

2000 Гц – 10 дБ)

40-тан аз

І (есту қабілетінің жеңіл төмендеуі)

10 – 20

60 ± 20

ІІ (есту қабілетінің орташа төмендеуі)

21 – 30

65 ± 20

ІІІ (есту қабілетінің едәуір төмендеуі)

31 және одан көп

70 ± 20

Есту табалдырығының уақытша жылжуын - ЕТУ (шудың әсерінен есту сезімталдылығының қайтымды функционалдық өзгерістері) анықтау мақсатында аудиометрлік зерттеулерді шу әсері тоқтатылғаннан кейін 5-ші минутта орындау қажет. Есту анализаторының күйін зерттеу 12.4.062-87 МЕСТ «Адамның есту қабілетін жоғалтуын анықтау әдісі» сәйкес жүргізіледі.

Есту қабілетін жоғалтуға нашар еститін құлақ үшін 5.9. кесте бойынша баға беріледі. Есту қабілетін жоғалту дәрежесін сөйлеу жиілігіндегі есту қабілетін жоғалту шамасы бойынша, 4000 Гц жиілікте есту қабілетін жоғалтуды шудың кәсіптік әсерінен болу себепті екенін ескере отырып қалыптастырады.