- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
Алғы сөз.
Еңбек гигиенасы – нормативтерді және кәсіптік аурулардың, жарақаттанулардың және басқа да еңбек жағдайлары салдарларының жұмысшыларға тигізетін әсерінің алдын алу заттарын ғылыми негіздеу мақсатында адам ағзасына еңбек үрдісінің және өндірістік орта факторларының әсерін зерттейтін профилактикалық медицинаның бір бөлімі.
Оқу құралының бір ерекшелігі оның жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне арналып қазақ тілінде шығарылған ең бірінші оқу құралы екендігінде. Бұл құралды жазуда жазушылар Н.Ф Измеров, Г.А.Суворов, С.В. Алексеев, В.Ф. Кириллов және т.б. көрнекті Ресей гигиенистерінің жұмыстарына сүйенді. Бұдан басқа авторлар өздерінің көп жылдық педагогикалық білімін пайдаланды.
Құрал студенттерге кәсіпорындардағы нақты жағдайға одан әрі баға беру үшін ақпараттарды алу тәсілдері мен әдістерін меңгеруде, еңбек жағдайын сауықтыру шешімдерін қабылдау және ұсынылған шаралардың орындалуына бақылау жасауда көмек көрсетуге арналған. Алынған біріншілік ақпараттың сапасы едәуір мөлшерде санитарлық дәрігердің іс-әрекетінің барлық келесі кезеңдеріне әсерін тигізеді. Соған байланысты ақпараттарды жинаудың әдістемелік тағлымдарын, өндірістік ортаға, еңбекке қабілеттілікке және жұмысшылардың денсаулық жағдайына баға беру әдістерін білу еңбек гигиенасы дәрігерінің мамандығындағы қажетті элемент болып табылады.
Құралда Қазақстан Республикасындағы еңбек гигиенасы саласындағы сақтық және күнделікті санитарлық қадағалау мәселелерінің шешімдері, денсаулық пен еңбекке қабілеттілікті зерттеу, өндірістік факторлар мен санитарлық-техникалық құрылымдарға баға беру, қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды әсерлерінің алдын алуды ұйымдастыру әдістері келтірілген.
Материалдың мазмұнында КСРО кезінде шығарылған, бірақ қазіргі күнде де күшін жоймаған нормативтік құжаттар, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қабылданған жаңадан шыққан заңдылық, нормативтік және әдістемелік құжаттар да қолданылды.
Бұл саладағы оқу құралы қазақ тілінде бірінші рет шығарылып тұрғандықтан, авторлар оны жақсартуға бағытталған барлық ескертулер мен тілектерді ризашылықпен қабыл етеді.
Авторлар
I. Жалпы түсінік
1 Тарау |
Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысының мазмұны, негізгі түрлері және әдістері |
Өнеркәсіп орындарының, объектілердің, мекемелер жұмысшыларының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, ең алдымен адам денсаулығы мен көңіл күйіне еңбек жағдайының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу, анықтау және жою МСЭҚ Орталығы еңбек гигиенасы бөлімінің іс-әрекетінің негізін құрайды.
Бөлім МСЭҚБ-ның басқа да бөлімдерімен және зертханаларымен бірлесіп жұмыс істейді, сонымен қатар (қажеттілік туғанда) кәсіподақ ұйымдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ҚР еңбек Министрлігі органдарымен және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен кешенді жұмыс жасайды. Бөлімнің құрамы, метериалдық-техникалық жабдықталуы шаруашылықтық-экономикалық іс-әрекетінің мүмкіншіліктерін пайдалану дәрежесімен және міндеттерімен анықталынады.
Бөлімнің атқаратын міндеттері. Еңбек гигиенасы бөлімі, іс-әрекетінің саласы бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері тұрғысынан, мемлекеттік үкімет органдары және де жергілікті өзіндік басқару органдарымен шешім қабылдау үшін ұсыныстар даярлайды.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыздаудың мақсатты бағдарламасын, сонымен бірге еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы мәселелері бойынша федеральды және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобасын жасауға, кәсіптік аурулардың алдын алуға қатысады.
ҚР-да санитарлық заңдылықтардың сақталынуына мемлекеттік санэпидқадағалау жасайды, соның ішінде :
жұмысшылардың аурушаңдығы туралы ЕПМ-дің мәліметтерін пайдалана отырып жұмысшылардың еңбек жағдайымен байланысты денсаулық жағдайын бақылау, бағалау және болжау;
еңбектің қолайсыз жағдайларымен байланысты туындайтын кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу себептерін, факторларын және жағдайларын арнайы санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу жолымен табу және анықтау (жұмысшылардың денсаулығы мен еңбек жағдайы арасындағы себептік-салдарлық байланыстарды анықтау);
өз қарамағындағы лауазымды адамдармен орындалуға міндетті гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу бойынша шешімдерді қабылдау;
қадағалау нысандары мен азаматтардың гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды, санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді орындауына бақылау жасау.
Қадағалау салалық қағида бойынша іске асырылады, кей жағдайларда аймақтың ерекшелігін ескере отырып (дәрігерлік бөлімше) – аймақтық қағидамен жүзеге асырылады.
Жекеменшік түрлеріне (ұйымдастыру-құқықтық құрылымына), жұмысшылардың санына және саласына қарамай, қадағалау нысандарына мыналар жатады:
қандай да бір өнімнің (азық - түлік өнімдерінен басқа) өндірілуін іске асыратын кәсіпорындар және өнеркәсіптік саладағы нысандар;
жұмыс барысында жұмысшылар еңбектің қолайсыз жағдайларының әсеріне ұшырайтын кез келген іс-әрекет түрімен байланысты қандай да бір жұмыс жасайтын және халыққа, ұйымдарға қызмет түрін көрсететін нысандар, соның ішінде:
көлік, көліксервис қызметтері, тасымалдау көліктерінің заттары кәсіпорындары (көлік тұрақтар, гараждар, ЖҚБ(АЗС)-дан басқалары);
механизациялау басқармасы;
электростанциялар (трансформаторлық станциялардан басқалары);
теле-, радио-, киностудиялар (халыққа арналған кабельді телебағдар, видео- және аудиожазу студияларынан басқалары), грамжазу кәсіпорындары;
байланыс кәсіпорындары (байланыс бөлімшелерінен басқалары);
киімді химиялық тазалау кәсіпорындары (қабылдау пункттерінен басқалары);
ҒЗИ және өнеркәсіп саласындағы жоғарғы оқыту мекемелері;
минералды тыңайтқыштар (20 т артық сақтағанда), улы химикаттар, құрылыс материалдарының қоймалары;
қазіргі кезде дамыған есептеу машиналарын (соның ішінде ПЭЕМ) қолданатын негізгі жұмыс түрлері есептеу болып табылатын өнеркәсіптер мен ұйымдар;
ауыл шаруашылық обьектілері (машинасынау бекеттері, жөндеу шеберханалары, құрылыс ұйымдары, минералды тыңайтқыштар қоймалары және т.б.).
Қадағалау нысандарында мемлекеттік санитарлық қадағалауға
жұмысшылардың еңбек жағдайларынан басқа, мыналар жатады:
нысанға қарасты аудан, онда орналасқан қоймалық, шаруашылық, әкімшілік, тұрмыстық және басқа да бөлмелер, соның ішінде басқа да ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға кез-келген жағдайда пайдалануға берілген аудандар;
сумен қамтамасыз ету, канализация жүйелері (артезиан құбырлары, жеке тазалау құрылымдары және т.с.с);
аудан аумағындағы орналасқан гараждар, автокөлік тұрақтары;
емдік-профилактикалық (МСБ, профилакторийлар, емханалар, амбулаториялардан басқалары) және денешынықтыру-сауықтыру мекемелері (спорт залдар, бассейндер және т.с.с.);
жаппай-мәдениеттік мақсаттағы нысандар (кітапханалар, киноконцерт залдары, видео салондар және т.с.с.);
тұрмыстық қызмет кәсіпорындары (шаштараздар, кір жуу мекемелері және т.с.с.) келісім бойынша МСЭҚБ-ның салалық бөлімшелеріне қадағалауға берілуі мүмкін.
Еңбек гигиенасы дәрігерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барлық түрлерін шартты түрде сақтық және күнделікті санитарлық қадағалау деп бөлу қабылданған.
Сақтық санитарлық қадағалау – медициналық алдын алудың маңызды элементі. Оның еңбек гигиенасы саласындағы негізгі мәні өнеркәсіп нысандарын жобалау, құрылысын салу және пайдалануға беру кезінде, жаңа технологиялық үрдістерді, химиялық қосылыстарды, қондырғыларды, аспаптарды және басқаларды енгізуге техникалық шарттарды өңдеуде санитарлық нормалар мен ережелер талаптарының орындалуына бақылау жасау болып табылады. Бұл нұсқау «Халық денсаулығы туралы және денсаулық сақтау жүйелері» кодексінде берілген. Жобалық құжат ҚР-ның заңдылықтарымен қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде, Мемқадағалау органдарымен және басқа ұйымдармен келісімге берілмейді, ол жауапты адамның (жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, жобаның басқарушысы) қолтаңбасымен расталынады.
“Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” заңы бойынша жобалық құжат, оның санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы қорытындысы болған жағдайда ғана бекітіледі.
Сақтық санитарлық қадағалау нысандарының құрылысы мен реконструкциясының технико-экономикалық негіздемесін және олардың эскизді жобасын, құрылыстың бас жоспарының сараптамасын қарастырады. Еңбек гигиенасы дәрігері салынып жатқан құрылыс барысына бақылау жасайды және салынған нысанды пайдалануға қабылдауда қадағалау жүргізеді; шикізаттың, өнеркәсіптік бұйымдардың, полимерлік және синтетикалық құрылыс материалдарының жаңа түрлеріне жасалынған техникалық шарттарға (ТШ) сараптама жасауға қатысады, жаңа өнім мен технологияға баға береді (сақтық санитарлық қадағалау туралы анығырақ 13 тарауда қараймыз).
Күнделікті санитарлық қадағалау – жұмысшылардың денсаулығын қорғау және еңбекке қабілеттілігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында, бақыланатын нысандардың гигиеналық жағдайларын және еңбек іс-әрекетінің сипатын, жұ- мысшылардың денсаулығын тереңдетіп зерттеу. Осы мақсатта кәсіпорын әкімшілігімен және ұйымдармен “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” заңында, санитарлық нормалар мен ережелерінде және басқа еңбек гигиенасы бойынша нормативтік құжаттарда (НҚ) келтірілген талаптардың орындалынуына бақылау жасалынады.
Кәсіпорын әкімшілігімен және ұйымдармен, санитарлық заңдылықтарда, санитарлық нормалармен ережелерде және басқа да жұмысшылардың еңбек гигиенасы мәселелері бойынша нормативтік құжаттарда (НҚ) келтірілген талаптардың орындалынуына бақылау жасауда келесі бағыттар қарастырылады:
нысанның құрылымы мен жағдайының санитарлық талаптарға сәйкестігі;
әрбір жұмыс орнында қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша технологиялық үрдістер мен жабдықтардың нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келуі;
нысандардың ауданын және бөлмелерін пайдалануда тазалық сақтау, қауіптілігі І-ІІ класқа жататын заттарды, улы химикаттарды, минералды тыңайтқыштарды және басқа оларға тең заттарды сақтау, қолдану, тасымалдауда санитарлық ережелердің орындалуы;
өндірістік ортаның физикалық, химиялық, физиологиялық және басқа факторларының өлшемдерінің әрбір жұмыс орнында қолайлы немесе рұқсат етілген нормативтерге сәйкес келуі;
әйелдерге, жасөспірімдерге, зейнеткерлік жастағы адамдарға, мүгедектерге және жұмысшылардың басқа да топтарына қолайлы еңбек ету жағдайларын қамтамасыз ету;
жұмысшыларды ұжымдық және жеке басты қорғау құралдарымен, арнайы киіммен, тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз ету және олардың қолданылуы;
әкімшіліктік жұмысшылардың еңбек, тұрмыс, демалыс жағдайларын жақсарту, кәсіппен байланысты болатын аурушаңдықтың алдын алу бойынша шараларды өңдеуі және жүргізуі;
қолайсыз өндірістік факторлардың қарқындылығын болдырмау, төмендету және жою бойынша сауықтыру шараларының, Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының жеке ескертулерінің орындалу тиімділігі;
алдын ала медициналық тексерулердің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне, тексеру нәтижелері бойынша шаралардың орындалуына бақылау жасауды;
алдын-ала және кезеңдік медициналық тексерулерге, флюорографиялық зерттеулерге және т.б. жататын контингенттерді анықтауға, медтексеру жоспарларын жасауға қатысады;
төтенше жағдайлар, тексерілмеген токсико-гигиеналық қасиеті бар заттарды және т.с.с. қолдану әсерінен туындаған қолайсыз еңбек жағдайларымен байланысты бірінші кезекті қосымша, арнайы тексерулер жүргізілетін контингенттерді анықтау;
жұмысшыларды еңбекке орналастыру дұрыстығы (ЕПМ қорытындысы бойынша);
профилактикалық тамақтану, емдік алдын-алу және сауықтыру шараларының (мысалы, діріл аспабымен жұмыс істеуде, көру мүшесіне күш түсуімен жүретін жұмыстарда және т.б.) ұйымдастырылуының дұрыстығы;
медициналық тексерулерді жүргізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелері бойынша қорытынды комиссияларға қатысу.
Қадағалауды іске асырудың негізгі түрі кәсіпорынды санитарлық тексеру болып табылады. Егер маман нысанда, оның бір бөлігінде болса, зертханалық тексерулер жүргізсе, тексеру барысында әртүрлі құжаттармен танысса санитарлық тексеру жүргізген болып есептеледі. Ол мақсатты, тақырыпты, бірегей, таңдаулы болуы мүмкін. Тікелей тексеру жүргізу үшін алдын ала маман дайындық жұмыстарын жүргізуі тиіс, тексерілетін нысан бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен танысуы керек, қажет болған жағдайда берілген нысанның ерекшелігіне қатысты арнайы әдебиеттерді игеруі тиіс. Маман жүргізілетін тексеру жөнінде нысанның әкімшілігіне хабар жіберуі тиіс, тексеру міндетті түрде лауазымды адамның қатысуымен жүргізілуі керек. Кез келген тексеру акті түрінде (бекітілген түрде) орындалған жұмыстың көлемін көрсететін құжатты толтырумен, зертханалық тексерулер хаттамасын жазумен, тексеруге қатысқан әкімшіліктің адамы міндетті түрде қол қоятын есеп беру қағазын толтырумен, анықтама толтырумен аяқталады. Құжаттардың бір көшірмесі кәсіпорында, екіншісі МСЭҚБ-ның іс қағаздарында сақталынады.
Тексеру актісінде (анықтамада, есепте) келесі мәліметтер болуы керек:
нысанды тексерген күні, кәсіпорынды тексеруге қатысқан барлық адамдардың аты жөні, лауазымы, тексеру мақсаты;
констатациялық бөлімінде нормативтік құжат (НҚ) бойынша анықталған бұзылыстары, НҚ-ты тексеру мақсаты немесе тақырыбына тәуелсіз, еңбек гигиенасы бөлімі бойынша талаптар тармағын көрсете отырып беріледі, сонымен бірге бұрын берілген ескертулердің орындалғаны жөнінде мәліметтер (ескерту құжатын, оның нөмірін, күнін көрсете отырып) беріледі;
ескертулер мен ұсыныстар кәсіпорын басшысының атына беріледі, анықталған келеңсіздіктерге, НҚ талаптарының бұзылыстарына сәйкес келуі тиіс, нақты орындау мерзімдері көрсетілуі тиіс.
Констатациялық бөлімге тексерудің барлық қатысушылары, ескертуге – МСЭҚБ маманы қол қояды. Ескертуді кәсіпорын басшысына хат түрінде немесе МСЭҚБ бас дәрігерінің (МСЭҚБ бастығы) немесе оның орынбасарының қол қоюымен басқа құжат түрінде толтыруға болады.
Санитарлық заңдылықтардың, НҚ талаптарының қатаң келеңсіздіктері анықталған жағдайда, жұмысшылардың денсаулығына қатер туғызатын еңбек жағдайында жұмыс істеген кезде, санитарлық қадағалау органдарының ескертулерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда санэпидқызмет мамандары бекітілген құжаттар бойынша қалыптастырылған тәртіппен нақты кінәлі адамдарға әкімшіліктік әсер ету шараларын қолдануға міндетті. Кәсіпорын басшысының тексеру нәтижелерімен келіспеген және тексеру актісіне (анықтамасына, есебіне) қол қоюдан бас тартқан жағдайында, ол туралы МСЭҚБ маманының сәйкес қол жазбасы түсіріледі. Актіде кәсіпорын басшысының жекелеген тармақтар немесе құжат бойынша, тұтастай тексеру нәтижелері бойынша ерекше көзқарасы да жазылуы мүмкін. Кәсіпорын әкімшілігі (басқа лауазымды адамдар) тексеру актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, маман өзінің тікелей басшысын әкімшілік шаралар қолдану үшін хабардар етуі тиіс.
Қадағалауды іске асыруда атқарылған жұмыс (актімен бірге) келесі құжаттармен бекітіледі: толтырылған еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасымен, кәсіптік ауруларды тексеру актісімен, алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерге жататын контингенттер тізімімен (актіге немесе хатқа бас дәрігердің қолы қойылған қосымша түрінде), медтексерулерді қабылдау бойынша қорытынды комиссияның келісімімен.
Тексеру жиілігі нысанның санитарлық жағдайына, оның маңыздылығы мен қуаттылығына байланысты жоспарланады. Ереже бойынша тексеру еңбек гигиенасы бөлімінің, зертхана мамандарының, шектес бөлімшелер мамандарының қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Кәсіпкерлермен заңды тұлғалар өндірістік бақылауды іске асыруға міндетті, соның ішінде жұмыс түрлерін атқару және қызмет көрсетуде, сондай-ақ өнімдерді өндіру, тасымалдау, сақтау және таратуда санитарлық ережелердің сақталуына, санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) шаралардың орындалуына зертханалық тексерулер мен сынақтар жүргізу көмегімен іске асыруға міндетті (ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңының 20 бабы).
Өнеркәсіптердегі зертханалық және аспаптық бақылауды осы обьектіні қарайтын еңбек гигиенасы дәрігері жоспарлайды және ұйымдастырады.
Санитарлық-химиялық және аспаптық тексерулер күнделікті санитарлық қадағалау кезінде жұмыс аумағында, жұмыс орындарында (тұрақты және тұрақсыз), өндірістік бөлмелерде, сәйкес технологиялық үрдістер кезінде жүргізіледі. Өлшемдерді жүргізу тәртібі, зерттеу көлемі, нүктелерді таңдау, максимальды бір реттік және орташа ауысымдық ШРЕК бойынша бақылау жүргізу, дәрігермен, тексеру мақсатына, еңбек жағдайының күйіне, ҒТҚ-дың талаптарына байланысты анықталынады. Тексеру мақсаты мен себептері қорытындыда көрсетіледі. Нысанға шығар алдында дәрігер тексеру көлемін және сапалық құрамын, сынама алу нүктелерін анықтап алады. Жұмыс зонасы (кәсіпорын алаңы) ауасын зертханалық зерттеу санитарлы-химиялық зертханамен жүргізіледі; шу, діріл, ЭМӨ және т.б. иондаушы емес сәулелердің деңгейі – иондаушы емес сәулелерге бақылау жасайтын бөлімшелермен жүргізіледі.
Ықшам климат көрсеткіштері, жарықтандыруды ұйымдастыру, сантехникалық құрылымдардың жұмысы (жұмыс ойықтарындағы, ауа құбырларындағы және т.с.с. ауаның қозғалу жылдамдығы) бойынша еңбек жағдайын бағалау, зерттеу нәтижелеріне кешенді баға беруді, еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігерлері, міндетті түрде жұмысшалардың еңбек ету ауырлығы мен кернеулігін ескере отырып жүргізеді.
Тексеру жүргізу барысында дәрігер міндетті:
зертханамен (қатысты бөлімшелермен), кәсіпорын әкімшілігімен нысанға шығу күні мен уақытын келісуге;
сынама алуға қатысу және сынамалар алуға басшылық жасауға;
тексеру жүргізу кезінде технологиялық шектер мен техникалық қауіпсіздіктің сақталуына жауап беретін кәсіпорын әкімшілігі адамының болуын қамтамасыз етуге;
тексеру барысында өндірістік үрдіс талаптарының санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін анықтауға. Технологиялық үрдістің қатаң бұзылыстары болған жағдайда тексеруді тоқтатуға;
технологиялық үрдістердің, сантехқұрылымдардың жұмысы бұзылғанда, олардың жұмыс істеу тәртібі бұзылғанда және т.б. хаттамаға сәйкес тіркеме жасалынады.
Тексеру барысында төмендегілерді көрсете отырып зертханалық зерттеу хаттамасын толтырады:
ауа сынамасын алу орны;
сынама алу мақсаты;
бөлмелердің сипаттамалары;
технологиялық үрдістің сипаттамасы;
қолмен істелінетін жұмыстардың болуы;
негізгі ластану көздерінің болуы;
бөлмелердің сызбалары;
нысанды таныстырушы адамның лауазымы, аты жөні;
ауа сынамасын алған адамның лауазымы, аты жөні;
сызба бойынша сынама алу нүктелері.
Жабық бөлмелердің ауасын зерттеу, физикалық факторларын өлшеу хаттамалары санитарлық тексеру актісінің орнын басады. Шу, діріл, ЭМӨ және т.б. өлшемдері бойынша хаттаманы иондаушы емес сәулелерге бақылау жасау бөлімшелерінің маманы толтырады. Егер иондаушы емес сәулелерге бақылау жасау бөлімшесінде дәрігер болса, онда қорытындыны сол толтырады. Ұсыныстар, ескертулер еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігерімен бірлесіп жасалынады. Жабық бөлмелердің ауасын зертханалық бақылау, ШРЕК (ӘШҚД) таңдау хаттамасы, ескертулер, ұсыныстар бойынша қорытынды әкімшілік атына зертханадан зерттеу нәтижелерін алысымен еңбек гигиенасы дәрігерімен толтырылады.
Тексеру нәтижелері еңбек гигиенасы бөліміне санитарлық-химиялық зертханамен сынама алынған күннен бастап 2-4 күннен кеш емес уақытта, шу, діріл, ЭМӨ және т.б. иондаушы емес сәулелер өлшемдері – 5 күннен кеш емес уақытта берілуі тиіс. Өлшеулер мен зерттеулердің нәтижелерінің дәлдігіне баға беру еңбек гигиенасы дәрігерімен бірлесіп жүргізіледі.
Толтырылған хаттама зертханадан соңғы хаттаманы алған сәттен бастап 7 күннен кеш емес уақытта кәсіпорын әкімшілігі атына жіберіледі.
1-ші, 2-ші қауіптілік класына жататын заттардың, жедел бағытты әсерлі заттардың, канцерогенді заттардың ШРЕК дан 3 есе және одан да жоғары асып кеткені анықталса, тексеру хаттамасын ақырына дейін толтырғанша қондырғыны пайдалануды тоқтата тұру туралы ұсыныспен кәсіпорын әкімшілігіне телефонограмма арқылы хабарланады.
Зертханалық тексерудің нашар нәтижелері кезінде дәрігермен әкімшілік атына НТҚ-дың талаптарының бұзылуына алып келген себептерді жою бойынша, сауықтыру шараларының орындалу мерзімдері көрсетіле отырып ескерту жазылады. Берілген ескертуге бақылауды еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігері (сандәрігердің көмекшісі) жүргізеді (иондаушы емес сәулелерге бақылау жасау бөлімшесінің мамандарымен бірлесе отырып).
Жедел бағытты, канцерогенді әсерлі 1-ші қауіптілік класына жататын заттар ШРЕК-дан 2 еседен, 2-ші қауіптілік класына жататын заттар – 3 еседен, 3-ші және 4-ші класстар – 4 еседен аса, жалпы діріл деңгейі ШРЕД-ден 6 дБ, жергілікті – 12 дБ, шу-15 дБА-дан артық, инфрадыбыс және ультрадыбыс ШРЕД-ден жоғары, электрлік және магниттік өріс (ЖЖ, УЖЖ) кернеулігінің шектік рұқсат етілген мәндері, энергия тығыздығы ағымдарының (АЖЖ) максимальды мәндерінде, өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік және магниттік өріс үшін (50 Гц), лазерлік сәулелену ШРЕД-ден жоғарылағаны анықталған жағдайларда хаттаманы және сәйкес құжаттарды толық толтырғаннан кейін қондырғыны пайдалануды тоқтату туралы қаулы шығарылады.
Жұмыс орындарының ықшам климат шамаларын, жарықтандыруын бағалау кезінде адамның жылулық жағдайы, еңбектің кернеулілік дәрежесі бойынша (істе бар НТҚ-тарға сай) қосымша тексерулер жүргізу қажет. Факторлардың бірлескен әсерін кешенді бағалау кезінде еңбек “Еңбекті бағалау және жіктеудің гигиеналық критерийлері.....” №104. 001-2000 ҚР АДЗ Басшылығы бойынша екінші дәреженің 3-ші класына жататын болса жұмысты қайтсе де тоқтату керек. Зертханалық тексеру қорытындылары бойынша жұмысшылардың еңбек ету жағдайын жақсарту туралы ескертудің орындалмаған жағдайларында кінәлі адамдарға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылады.
Ұсынылған санитарлық-гигиеналық шаралар орындалғаннан кейін ғана зертханалық-аспаптық тексеруді қайта жүргізеді.
