Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать
    1. 4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу

Еңбек жағдайын ықшам климат көрсеткіштері (температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және инфрақызыл сәулеленуі) бойынша қолайлы немесе рұқсат етілгенге ( І және ІІ класс) жатқызу СН №1.02.006-94 сәйкес әрбір көрсеткішке жеке-жеке (4.3 және 4.4 кестені қара) немесе интегральды көрсеткіш - ОЖЖ-индексі (4.8 кесте) бойынша жүргізіледі.

Ықшам климат көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамалардан ауытқуы кезінде, алдын ала ықшам климат көрсеткіштері бойынша ықшам климат сипатын (суықтатушы немесе ысытушы) немесе дәлірек адамның күйін сипаттайтын физиологиялық көрсеткіштерін анықтап алып еңбек жағдайының ІІІ класс зияндылық дәрежесін қалыптастыру керек.

Ы с ы т у ш ы ы қ ш а м к л и м а т - организмде қолайлы шамалардың үстінгі шегінен жоғары жылудың жиналуымен (>0,87 кДж/кг) және/немесе жылулық тепе-теңдіктің жалпы құралымында буланумен жылу жоғалту үлесінің (>30%) өсуімен, жалпы немесе жергілікті дискомфортты жылу сезінулердің (жылылау, жылы, ыстық) пайда болуымен көрінетін, қоршаған ортамен жылу алмасудың бұзылуы орын алатын, ықшам климат көрсеткіштерінің үйлесімі.

Ысытушы ықшам климатқа баға беру интегральды көрсеткіш – ОЖЖ-индексі бойынша (температураның, ылғалдылықтың, ауаның қозғалу жылдамдығының, жылулық сәулеленудің 141-1000 Вт/м² диапазонында үйлесімді әсері) 4.8 кестеге (№104.001-2000Б) сәйкес жүргізіледі. Егер жылулық сәулелену 1000 Вт/м² асса, онда Вт/м²-пен берілген жылулық сәулелену мәніне қарай еңбек жағдайы зиянды және қауіпті (ІV класс) ретінде бағаланады: 1001-1500 (3.1 класс); 1501-2000 (3.2 класс); 2001-2500 (3.3 класс); 2501-2800 (3.3 класс); > 2800 (4 класс).

Кесте 4.8 Жыл мезгіліне және жылы кезеңдегі ашық аудандарға байланыссыз ыстықтатушы ықшам климаты бар өндірістік бөлмелер үшін ОЖЖ-индекс көрсеткіші бойынша еңбек жағдайының кластары.

Жұмыс категориялары

Еңбек жағдайының кластары

қолайлы

Рұқсат етілген

зиянды

Қауіпті (экстре-мальды)

1-ші дәреже

2-ші дәреже

3-ші дәреже

4-ші дәреже

1

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Іа

22,2 – 26,4

26,5-26,6

26,7-27,4

27,5-28,6

28,7-31,0

>31,0

Іб

21,5 – 25,8

25,9-26,1

26,2-26,9

27,0-27,9

28,0-30,3

>30,3

ІІа

20,5 - 25,8

25,2-25,5

25,6-26,2

26,3-27,3

27,4-29,9

>29,9

ІІб

19,5 – 23,9

24,0-24,2

24,3-25,0

25,1-26,4

26,5-29,1

>29,1

ІІІ

18,0 – 21,8

21,9-22,2

22,3-23,4

23,5-25,7

25,8-27,9

>27,9

С а л қ ы н д а т у ш ы ы қ ш а м к л и м а т – адам денесінде жалпы және/немесе жергілікті жылу тапшылығына (>0,87 кДж/кг) әкелетін, ағзаның жылу түзілу шамасынан қоршаған ортаға қосынды жылу беру шамасының жоғары болуы орын алатын ықшам климат көрсеткіштерінің үйлесімі. Салқындатушы ықшам климатты өндірістік бөлмелерде жұмыс істеудегі еңбек жағдайының зияндылық дәрежесі ауа температурасының көрсеткішімен (төменгі шек) 4.9. кесте бойынша анықталады.

Кесте 4.9. Салқындатушы ықшам климатты өндірістік бөлмелерде жұмыс істеудегі ауа температурасының (төменгі шек) көрсеткіші бойынша еңбек жағдайының кластары.

Жұмыс категориялары

Еңбек жағдайының кластары

қолайлы

Рұқсат етілген

зиянды

Қауіпті (экстре-мальды)

1-ші дәреже

2-ші дәреже

3-ші дәреже

4-ші дәреже

1

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Іа

СанЕмН бойынша

18

16

14

12

Іб

» »

17

15

13

11

ІІа

» »

14

12

12

8

ІІб

» »

13

11

11

7

ІІІ

» »

12

10

10

6

Е с к е р т у. Ауаның қозғалу жылдамдығы қолайлы мәндерден 0,1 м/с –қа жоғарылаған кезде («Өндірістік бөлмелердің ықшам климатына қойылатын гигиеналық талаптар» СанЕмН бойынша) ауа температурасы 0,2°С-ға жоғарылатылуы керек.

Жылдың суық мезгілінде ашық жерлерде және жылытылмайтын бөлмелерде жұмыс істеу кезіндегі еңбек жағдайларының кластары 4.10. кестемен анықталынады. МЕСТ талаптарына сай даярланған киімдер топтамасымен киіндірілген адам үшін температура шамалары орташа ауырлықтағы жұмыстарды атқаруын ескере және суықтатушы ортада үздіксіз болу уақытын сәйкес регламенттей отырып (2 сағаттан көп емес) келтірілген. Жел соққанда ауа температурасы әрбір 1 м/с жоғарылаған жылдамдыққа 2,2°С жоғарылатылуы керек. Ауа температурасы -40°С және одан да төмен болғанда тыныс алу мүшелерін қорғау қажет.

Кесте 4.10. Ашық жерлер үшін жылдың суық мезгілі мен суық (жылытылмайтын) бөлмелердегі ауа температурасы көрсеткіштері бойынша (төменгі шек, °С) еңбек жағдайының кластары.

Климаттық аудан

Киімнің жылу-лық шектеуі, °С, Вт/м²

Еңбек жағдайының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті (экстре-мальды)

1-ші дәреже

2-ші дәреже

3-ші дәреже

4-ші дәреже

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

ІА

0,71

-30

-36

-38,5

-40,8

-60

<-60,0

ІБ

0,82

-38

-46,2

-48,9

-54,4

-70

<-70,0

ІІ

0,61

-23

-29,4

-31,5

-35,7

-48

<-48,0

ІІІ

0,51

-15,9

-21,3

-23

-26

-37

<-37,0

Егер ауысым бойына жұмысшының іс-әрекеті әртүрлі ықшам климатта (ыстықтатушы және суықтатушы) жүретін болса, оларға жеке-жеке баға беру керек, содан соң уақыт бойынша орташа өлшенген шамасын есептеу керек.

Мысал.

Ауысымның 80% уақытында тасымалдаушылар жоғары температура әсеріне ұшырайды, ал ауысымның 20% -ы суықтатушы ықшам климатты бөлмелерде өтеді. Энергошығын қарқындылығы бойынша жұмыс ІІа категориясына жатады.

Еңбек жағдайына ыстықтатушы және суықтатушы ықшам климат бойынша жеке-жеке баға береді. Жоғары температура жағдайындағы жұмыстарға ОЖЖ-индексін анықтайды. Ол 26,2°С-ға тең, 4.7 кестеге сәйкес еңбек жағдайына зиянды екінші дәрежелі (3.2 класс) ретінде сипаттама береді. Суық бөлмедегі ауа температурасы 8°С, 5.8 кесте бойынша төртінші зияндылық дәрежесіне сәйкес келеді (3.4. класс).

Зияндылық дәрежесінің орташа өлшенген шамасын берілген жағдайларда болу пайызын келесі коэффициенттерге көбейте отырып есептейді: еңбек жағдайының 3.1 класы үшін – 1; еңбек жағдайының 3.2 класы үшін – 2; еңбек жағдайының 3.3 класы үшін – 3; еңбек жағдайының 3.4 класы үшін – 4; еңбек жағдайының 4 класы үшін – 5.

Біздің мысалда: (80 · 2 + 20 · 4) : 100 = 2,4, яғни зияндылық дәрежесі 3.2 және 3.3. кластар аралығында. Жұмысшының ағзасы температуралық ауытқулар әсеріне ұшырайтын болғандықтан, зияндылық дәрежесін үлкен жағына дөңгелектейді. Осылайша тасымалдаушылардың еңбек жағдайы ықшам климат көрсеткіштері бойынша 3.3. класқа жатқызылады