
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
4 Тарау |
МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ |
4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
Гигиеналық тұрғыдан метеорологиялық жағдайлар - ол адам ағзасының жылу алмасуы мен оның жылулық жағдайына әсерін тигізетін қоршаған ортаның физикалық факторларының кешені.
Өндірістік бөлмелердің ішкі ортасының метеорологиялық жағдайы (ықшам климаты) ауа температурасымен, ылғалдылығымен, ауаның қозғалу жылдамдығымен және беткейлердің температурасымен анықталады. Өндірістік ықшам климаттың қалыптасуына технологиялық үрдіс және жергілікті аймақтың климаты әсерін тигізеді.
Ықшам климат көрсеткіштеріне баға беру дәрігермен алдын ала немесе күнделікті санитарлық қадағалау ретінде «Санитарно-эпидемиологические требования к воздуху производственных помещений» СанНмЕ №355 санитарлық нормаларына сәйкес жүргізіледі. Бұл құжатта өндірістік бөлмелер жұмыс орындарының ықшам климатының қолайлы және рұқсат етілген көрсеткіштері жұмыс ауырлығын және орындалу мерзімін ескере отырып келтірілген.
Нормативтердің сақталуына бақылау жасау мақсатында құрал-саймандық тексерулер жүргізу кезінде ауа температурасы және қоршаған құрастырылымдар мен технологиялық қондырғылардың беткейлік температурасы, ауаның салыстырмалы ылғылдығы және қозғалу жылдамдығы; жұмыс орындарында инфрақызыл сәулелену көздері болған жағдайларда жылулық сәулелену қарқындылығы анықталады.
Ауа температурасын өлшеу. Өндірістік бөлмелерде ауа температурасын өлшеу, әдетте ауаның ылғалдылығын анықтаумен біріктіріліп жүргізіледі және психрометр көмегімен іске асырылады.
Ауа температурасын жеке дара анықтау ТМ-6 типті (өлшеу диапазоны 30-дан 50ºС дейін) сынаптық термометр немесе спирттік термометр көмегімен жүргізіледі. Бірқатар арнайы зерттеулерде (шұғыл жағдайларда) 0-ден 100°С шкаласы бар зертханалық термометрлермен қолдануға болады. Температура тербелістерін анықтау қажеттілігі туған жағдайларда, температура динамикасын анықтауда, көрсеткіштерін аспирациялық психрометр көрсеткіштерімен салыстыра отырып өздігінен жазатын М-16 типті (өлшеу диапазоны -20-дан 50°С дейін) термографтар (тәуліктік немесе апталық) қолданылады. Инфрақызыл сәулелер көздері болған жағдайларда температураны аспирациялық психрометрдің құрғақ термометрімен жүргізеді, яғни термометрдің резервуарлары жылулық сәулеленуден екі қабатталған полирленген және никельденген экрандармен жабылған.
Басқа аспаптарды қолдану кезінде (сынаптық термометрлер, термографтар және электротермометрлер) сәулелену көзі бар жұмыс орындарында ауа температурасын өлшеу кезінде сәулелену жолында, аспаптың алдына экран қою керек.
Ауаның ылғалдылығын өлшеу. Өндіріс жағдайында ауаның ылғалдылығына сипаттама беру үшін салыстырмалы ылғалдылықты (абсолютті ауаның ылғалдылығының максимальды ауаның ылғалдылығына қатынасы, пайызбен беріледі) анықтау түсінігін пайдаланады. Гигиена тәжірибесінде ең кең аспирациялық психрометрлер қолданылады. Психрометр екі сынаптық термометрлерден (-30-дан 50° С дейін шкаласы бар) тұрады, біреуінің дөңгешігі жұқа матамен оратылған. Термометрлер жалпы құтыға бекітілген, ал олардың резервуарлары – екі қабат никельденген қорғаныс түтігіне бекітілген. Қорғаныс түтігі арқылы аспаптың басына орнатылған желдеткіш көмегімен 2 м/с болатын тұрақты жылдамдықпен ауа сорылады, ол термометр резервуарларын еркін айналып шығады. Қазіргі кезде МВ-4М (механикалық қоспасымен) және М-34 (электрлік қоспасымен) салыстырмалы ылғалдылықты 10-нан 100%-ға дейінгі аралықта -30-дан 50ºС дейін температурада өлшейтін үлгілері шығарылды.
Өлшеу жүргізер алдында пипетка көмегімен ылғал термометрдің орамасын сулайды, психрометрді тік, гильзаға және аспаптың басына су кіруден сақтанып, басымен жоғары ұстап тұрып, аспаптың механизмінің кілтін қарсылыққа шейін бұрайды (немесе оны электр торабына қосады) және оны тік жағдайда корнштейнге іліп, зерттелетін нүктеге қояды. 3-5 минут өткен соң түсіреді, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсеткіштерін жазып алады, содан соң арнайы кестелер және сызбалар бойынша салыстырмалы ылғалдылықты есептейді ( кесте 4.1.). Кестелер 1000 мбар болатын атмосфералық қысымға есептелген, бұл шаманың басқа мәндері болған сәттерде (жоғары таулы мекендер, терең шахталар), түзетпелер енгізеді.
Салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіштерін үздіксіз тіркеу үшін М-21 типті (өлшеу диапазоны 30-дан 100%-ға дейін -30-дан 45°С-қа дейін температурада) гигрографтарды (тәуліктік немесе апталық) олардың көрсеткіштерін аспирациялық психрометр көрсеткіштерімен салыстыра отырып пайдаланады. Гигрографтармен гигрометрлер жұмыс орны сәулелік жылу әсеріне ұшырайтын болса қолданылмайтынын есте сақтаған жөн.
Ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеу. Ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеу үшін әртүрлі құрастырылымдағы анемометрлерді қолданады. Анемометр типі өлшенетін ауа жылдамдығының шамасымен анықталынады. АСО-3 Б типті қанатты анемометр 0,3-тен 5 м/с – ке дейінгі шамада ауаның қозғалу жылдамдығын, МС-13 табақшалы анемометр – 1-ден 30 м/с-ке дейінгі ауаның қозғалу жылдамдығын өлшейді. 0,3 м/с-тан төмен шамадағы ауаның қозғалу жылдамдығы шар тәрізді (немесе цилиндрлік) катетермометрлермен немесе электротермоанемометрлермен өлшенеді. Ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеу алдында анемометрдің циферблатындағы тілдердің бастапқы мәндерін жазып алады. Содан соң аспапты жел қабылдау бетімен ауа ағымына қарама қарсы табақшалары немесе қалқандарының иіні ауа ағымы бағытына ұзына бойына орналасатындай етіп орнықтырады; анемометрдің қанаттары немесе табақшалары ең жоғары жылдамдықпен (10-15 секунд сайын) айнала бастағаннан кейін, арнайы тетікті бұру арқылы аспаптың тілдерін түсіреді және секундомер бойынша уақытты белгілейді. 1 минуттан немес 100 секундтан соң тетікті керісінше бұрау арқылы аспапты тоқтатады. Тілдердің жаңа көрсеткіштерін жазып және бірінші көрсеткіштерді екіншісінен алып тастай отырып, алынған шаманы экспозиция уақытына бөледі. Алынған нәтижені (1 с-тағы бөлулер) анемометрдің тарирлі графигі бойынша (секундтағы метрлер) қайта есептейді. Ротациялы әсерлі анемометрлердің көрсеткіштері температураға, ауаның ылғалдығына, жылулық сәулеленудің болуына, шаңға және басқаларына байланыссыз болады.
Ауаның аз жылдамдығын өлшеу кезінде, әсіресе ауаның нақты қозғалу бағытын анықтау қиынға соққанда кататермометрлерді қолданады, олар 0,05-2,0 м/с аралығындағы жылдамдықтарды өлшеуге қол жеткізеді. Кататермометрді температурасы 66-75ºС болатын суға салады және резервуардағы спирт капиллярды толтырып, жоғары кеңейтудің ортасына (резервуардағы барлық ауа көпіршіктері шығарылатын орын) дейін көтерілмейінше судан шығармайды. Содан кейін судан шығарып, әбден құрғатады және зерттеу нүктесіне іліп қояды. Секундомермен спирттің 38 белгісінен 35ºС белгісіне дейін түсу уақытын белгілейді, осылайша аспаптың суу уақытын (t) анықтайды. Аспаптың факторының мәнін (F – милликалориимен берілген және аспапта көрсетілген 38-ден 35ºС–ға дейін суыту кезінде резервуардың 1 см² беткейінен жоғалтылған жылу мөлшері) суыту ұзақтығына (t) бөлу жолымен 1 секунд ішіндегі 1см²-тағы милликалориимен берілген ауаның суыту күшін (H) табады. Содан соң Q – кататермометрдің орташа температурасы (36,5ºС) мен ауа температурасы арасындағы айырмашылықты және H/Q қатынасын табады. Одан арғы есептеулерді кесте бойынша жүргізеді (кесте 4.2.).
Кестеде берілген мәліметтерді, егер ауа ағымы кататемометрдің ұзындығына перпендикулярлы бағытталса ғана іске жаратуға болады. Ауа қозғалу жылдамдығының төмендейтін және жоғарылайтын ағымдары кезінде алынатын мәліметтер төмен болады. Өлшеу кезінде кататермометрді жылу көзінен шектеу керек, бұл кезде экран ауа ағымына кедергі келтірмей аспапты еркін жуып тұруы керек. Ауа температурасы 29ºС-тан жоғары болғанда аспапты пайдалануға болмайды.
Соңғы жылдарда ауаның қозғалу жылдамдықтарын өлшеуде электротермоанемометрлерді пайдалана бастады, олардың негізіне белгілі бір температураға дейін жылытылған жартылай өткізгіш немесе металды бергішті ауа ағымымен суыту қағидасы жатады. Ауа жылдамдығымен бірге олар ауа температурасын да өлшейді. Біздің елімізде бұл аспаптардың бірнеше түрі жасалып шығарылған. Олар аз инерциялы, әртүрлі бағыттағы ауа ағымдарына сезімтал, портативті. Мысалы, ЭА-2М типті аспап температураны 10-нан 60ºС-ға дейін, ауа қозғалу жылдамдығын 0,03-тен 5м/с
Кесте 4.1. Құрғақ және ылғал термометрлердің көрсеткіштеріне байланысты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (аспирациялық психрометрдің көмегімен зерттеу кезінде), %
Құрғақ термометрдің көрсеткіші, °С |
Ылғал термометрдің көрсеткіші, °С |
|||||||||||||||||||||||||||
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
|
8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 |
29 24 14 |
40 31 24 17
|
51 42 34 26 20 14 |
63 53 44 36 29 23 17 |
75 64 54 46 38 31 25 20 15 |
87 76 65 56 48 40 33 27 22 17 13 |
100 88 77 66 57 49 42 36 30 24 20 15
|
100 88 77 68 59 51 44 37 32 27 22 18 14 |
100 89 78 69 60 52 46 39 34 29 24 20 16 13
|
100 89 79 70 61 54 47 41 36 30 26 22 18 15
|
100 89 79 71 63 55 49 43 37 32 28 24 20 17 14 |
100 89 80 71 64 56 50 44 39 34 30 26 22 19 16 13 11 |
100 90 81 72 65 58 52 46 40 36 31 27 24 21 18 13 13 10 |
100 90 81 73 66 59 53 47 42 37 33 29 25 22 19 17 14 12 10 |
100 90 82 74 66 60 54 48 43 38 34 30 27 24 21 18 16 14 12 10 |
100 91 82 74 67 61 55 49 44 40 36 32 28 25 22 20 17 15 13 11
|
100 91 83 75 68 62 56 50 46 41 37 33 30 27 24 21 19 16 14 13 11 |
100 91 83 76 69 63 57 52 47 42 38 34 31 28 25 22 20 18 16 14 12 11 |
100 92 84 76 70 63 57 52 48 43 39 36 32 29 26 24 21 19 17 15 14 |
100 92 84 77 70 64 58 53 49 44 40 37 33 30 27 25 22 20 18 17 |
100 92 84 77 71 65 59 54 50 45 41 38 34 31 29 27 24 21 19 |
100 92 84 77 71 65 60 55 50 46 42 39 35 32 30 27 25 23 |
100 92 85 78 72 66 61 56 51 47 43 40 37 34 31 28 26 |
100 92 85 78 72 67 62 57 52 48 44 41 38 35 31 29 |
100 92 85 79 73 67 62 58 53 46 45 42 39 35 33 |
100 93 86 79 73 68 63 58 54 50 46 43 39 36 |
100 93 86 80 74 69 64 59 55 51 47 43 40 |
100 93 86 80 74 69 64 59 55 51 47 44 |
диапазонында өлшеуге арналған. Бұл аспаптардың кемшілігіне өлшеулердің едәуір дәл еместігі жатады.
Сонымен қатар өлшегіш сандық пульт және біріншілік өлшегіш ПИП2 ауаның қозғалу жылдамдығын анықтайды, олар бір-бірімен бұранда арқылы қосылады. Керек жағдайда біріншілік өлшегіш бұрандасын штангаға орнату, жел қабылдағыштың бірдей айналуын тексеру, пультты қосу, 5с кейін таблода ауаның қозғалу жылдамдығының мәні көрінеді. Осыдан кейін өлшенетін ауа ағысында анемометрді вертикальды орнатады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 5с кейін индицирленеді 3с аралығында.
Анемометрдің біріншілік есептеу көрсеткішін 30с кейін жүргізеді. Ауаның қозғалу жылдамдығы 5м/с жоғары болғанда өлшеуді ПИП1 көмегімен жүргізеді. Бұл үшін ПИП2 ажыратып сақтандыру ережелерін ескере отырып ПИП1 қосады. Осыдан кейін ауа ағысында ПИП1-ді жел қабылдағышымен ағысқа қарай орнату. Ауаның қозғалу жылдамдығы 5с кейін индицирленеді 3с аралығында.
Керекті өлшеу саны жүргізілгеннен кейін тоқ қуатынан ажырату, анемометрді жинау және қорапшаға реттеп салу.
Кесте 4.2. H/Q қатынасына байланысты ауаның қозғалу жылдамдығы (шар тәрізді кататермометр көрсеткіштері бойынша) м/с
H/Q |
v |
H/Q |
v |
H/Q |
V |
0,33 0,34 0,35 0,36 0,37 0,38 0,39 0,40 0,41 0,42 0,43 0,44 0,45 0,46 0,47 0,48 0,49
|
0,048 0,062 0,077 0,09 0,11 0,12 0,14 0,16 0,18 0,20 0,22 0,25 0,27 0,30 0,33 0,36 0,40
|
0,50 0,51 0,52 0,53 0,54 0,55 0,56 0,57 0,58 0,59 0,60 0,61 0,62 0,63 0,64 0,65 0,66
|
0,44 0,48 0,52 0,57 0,62 0,68 0,73 0,80 0,88 0,97 1,00 1,03 1,07 1,11 1,15 1,19 1,22
|
0,67 0,68 0,69 0,70 0,71 0,72 0,73 0,74 0,75 0,76 0,77 0,78 0,79 0,80 0,81 0,82 0,83 0,84 |
1,27 1,31 1,35 1,39 1,43 1,48 1,52 1,57 1,60 1,65 1,70 1,75 1,79 1,84 1,89 1,94 1,98 2,03 |
Соңғы кездегі 0,1-0,2 м/с диапазонында ауа қозғалу жылдамдығын өлшейтін ТАМ-1 термоанемометрі ±0,21 м/с –қа дәл емес өлшейді, ол нормалармен рұқсат етілген шамадан асады (±0,05м/с). Өлшемдерді аспаптың нұсқауларымен сәйкес жүргізеді.
Жылулық сәуле көзінің қарқындылығын өлшеу. Өндірістік жылу көздерінен жылулық сәуле бөлуді өлшеу үшін актинометрлерді пайдаланады.
Өлшеу диапазоны 0-ден 3500Вт/м²-қа дейін, минимальды бөлшек мәні 140 Вт/м² және диапазоны 0-ден 14 000 Вт/м² -қа дейін, минимальды бөлшек мәні 350 Вт/м² болатын актинометрлер шығарылуда. Актинометрлер көрсеткіштері кең диапазонды, портативті және аз инертті.
Бұл құрылғылы аспаптарды қолдануда көрінетін және ең қысқа инфрақызыл спектрлерінде (1,16 мкм дейін) сезімталдықтың төмен болатындығын ескерген дұрыс, өйткені ол 2200ºС-ден жоғары температура көздерінде оларды қолдануды шектейді. Жеткіліксіз сезімталдық шекті рұқсат етілген деңгейлерде инфрақызыл сәулелердің ең төмен шамаларында өлшеуге мүмкіндік бермейді.
Актинометрмен жылу сәулеленуді өлшеу алдында сәулеленуден қорғалған жылу қабылдағышта, түзеткіш көмегімен гальванометр тілдерін нөлдік жағдайға келтіреді. Содан соң қақпақты ашады және аспапты тік жылу қабылдағышымен жылу сәулелену көзіне қарай бағыттайды. Гальванометр көрсеткішін өлшеу жүргізген жерде 3 секундтан соң алады, содан соң жылдам жылу қабылдағышты қақпақпен жабады (актинометрді ұзақ уақыт сәулелену көзінде үздіксіз ұстауға болмайды).
Жұмысшылардың технологиялық қондырғылардың, жарықтандыру аспаптарының жылытылған беткейлерінен, жұмыс орындарының инсоляциясынан ең аз жылумен сәулеленуін өлшеуді «Аргус-3» радиометрімен (өлшеу диапазоны 1-ден 2000 Вт/м²-қа дейін) немесе әмбебап «Аргус» радиометр-фотометрімен (өлшеу диапазоны 0,001-2000 Вт/м²) жүргізеді.
Қолданудағы санитарлық нормаларға сәйкес әдетте жұмысшы денесінің инфрақызыл сәулеленуінің максимальды шамалары өлшенеді және баға беріледі. Кей жағдайларда үзілісті сипатта болатын қарқынды сәулеленуде сол немесе басқа сәулелену мерзіміндегі (мысалы, ауалық душтау көрсеткішін таңдауда) орташа қарқындылық мәні (q) келесі формуламен есептеледі:
,
мұнда
–
жекелеген уақыт аралықтарындағы
қарқындылық, Вт/м²;
–
жұмысшының нақты қарқындылықтағы
инфрақызыл сәулелену әсеріне ұшыраған
мерзімі, мин.
Мысалы, жұмысшы белгілі бір операцияны орындауда 1 сағат ішінде екі рет 20 минуттан сәулелену аумағында болды, сәулелену қарқындылығы бұл кезеңде 400-ден 3000 Вт/м²-қа дейін (5 мин - 400 Вт/м², 7 мин - 1500 Вт/м² және 8 мин - 3000 Вт/м²) өзгерді. Бұл жағдайда сәулеленудің орташа қарқындылық шамасы 1825 Вт/м² құрайды.
Қоршау құрылымдарының, технологиялық қондырғылардың беткейлік температурасын өлшеу. Беткейлер температурасын өлшеу үшін электротермометрлер, термопарлар қолданады. ЭТП-И типті байланысшы термометр -30-дан 120ºС дейін диапазондағы, ал МТ-57М микротермометрі – 10-нан 40ºС дейінгі аралықтағы температураларды өлшейді.
Өлшеулерді кабиналарда, басқару тетігі бөлмелерінде, диспетчерлік және басқа да кіші көлемді бөлмелерде жүргізгенде, адаммен қоршамаларға дейінгі аралық 2 м-ден аспайтын болса, бұл беткейлердің температурасын тікелей өлшеуге болады және одан әрі қоршамалардың ішкі беткейлерінің орташа өлшенген температураларын (tқбо) өлшей отырып келесі формуламен табады:
tқбо
=
,
мұнда
–
температура, ºС;
–
жеке қоршамалы беткейлердің ауданы
(еден, төбе, қабырғалар және т.б.), м².
Бірқатар жағдайларда өлшемдерді шар тәрізді термометрлердің көмегімен жүргізуге және қоршамалы беткейлердің орташа радиациялық температурасын есептеуге болады. Шар тәрізді термометрлер жылулық сәулеленуді қарайтылған беткейлермен сіңіру қағидасына негізделген. Қазіргі кезде шығарылғын 90 типті шар тәрізді термометр ортасына термометр (өлшеу диапазоны 0-50ºС немесе 30-100ºС) резервуары орналастырылған, қарайтылған іші қуыс шар сияқты болады. Аспаптың көрсеткіші (tш) ауа температурасының, беткейлер температурасының және ауа қозғалу жылдамдығының қосарласқан әсерін көрсетеді. Бұл аспаптар ашық от көзіне тікелей жақындықта орналастырылмауы керектігін есте сақтаған дұрыс.
Қоршаған беткейлердің орташа радиациялық температурасы (tор.рад) келесі формуламен анықталады:
,
мұнда ta және tш – сәйкес ауа мен шар тәрізді термометрдің температурасы, ºС ; va – ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с.
Ықшам климат көрсеткіштеріне кешенді баға беру үшін көрсеткішті өлшеу және есептеу. Ықшам климатқа интегральды баға беру үшін адам ағзасына ауа температурасының, ылғалдығының, қозғалу жылдамдығының және қоршаған беткейлерден жылулық сәулеленуінің қосарласқан әсерін сипаттайтын ортаның жылулық жүктеме индексі (ОЖЖ –индексі) қолданылады.
Бұл көрсеткішті анықтау үшін шар тәрізді термометр немесе аспирациялық психрометр қажет.
ОЖЖ – индексі ºС-мен берілген, бір санды көрсеткіш болып табылады. Ол психрометрдің ылғалдандырылған термометрі (tыл) мен қарайтылған шардың ішіндегі температураларын (tш) келесі теңдеу бойынша есептеу негізінде табылады:
ОЖЖ = 0,7 tыл + 0,3 tш.
Бұл көрсеткішті жұмыс орындарындағы келесі жағдайлар үшін пайдалану ұсынылады: ауаның қозғалу жылдамдығы 0,6 м/с-тан аз болғанда және жылулық сәулелену қарқындылығы 1000 Вт/м² болғанда.
Өндірістік ықшам климатқа баға беру бойынша зерттеулерді жүргізу тәртібі. Зерттеуді технологиялық үрдістердің (жылудың, ылғалдылықтың, инфрақызыл сәулелердің түзілу және бөліну көздерін анықтау), сәулет-жоспарлық шешімдердің, бөлмелерді желдендіру жүйесінің гигиеналық ерекшеліктерін анықтаудан бастайды. Технологиялық қондырғылар, жұмыс орындары және желдендіру жүйесі белгіленген бөлменің жоспарымен танысу қажет. Ықшам климат көрсеткіштерін өлшеу нүктелері белгіленеді. Нүктелерді зерттеу мақсатына байланысты таңдайды. Еңбек жағдайына жалпы сипаттама беруде өлшемдерді жұмыс орындарында жүргізеді. Егер жұмыс орыны өндірістік бөлменің әр жерінде орналастырылған болса, онда өлшемдерді оның әрқайсысында жергілікті жылу бөлу, суықтау немесе ылғал бөлу (жылытылған агрегаттар, терезелер, есік ойықтары, қоршаулар, ашық ванналар және т.б.) нүктелерінде жүргізеді.
Жұмыс орындары өте тығыз орналастырылғанда жергілікті жылу бөлу, суықтау немесе ылғал бөлу көздері болмаған жағдайларда өлшеу нүктелерін бүкіл бөлме ішінде біркелкі белгілейді: 100 м² ауданда – 4 өлшем нүктесін, 101-400 м² ауданда – 8 нүкте, 400 м²-тан аса ауданда - әрбір 10 м сайын орналастырады.
Желдендіру жүйесіне санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізген кезде аталған нүктелерде өлшем жүргізуден бөлек шатырдың ашық ойықтарында, аэрационды ойықтарда, ауатаратушы құрылымдардың әкелетін ағымдарында, ауалы шашыратқыштар мен ауалы бастырмаларда жүргізіледі.
Содан соң жұмысшылардың нақты метеорологиялық жағдайларда болу ұзақтығын анықтау үшін хронометраждық бақылаулар жүргізіледі. Ол әсіресе біркелкі емес өтетін технологиялық үрдістерде, жекелеген, кейде қысқа мерзімдік операцияларды орындау кезінде ықшам климат көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгерістері болғанда аса маңызды.
Ықшам климатқа зерттеуді технологиялық қондырғыларды максимальды іске қосқанда және барлық желдендіру жүйелері жұмыс жасап тұрғанда жүргізеді. Температураны, ауаның ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын өлшеу кезінде келесі жалпы ережелердің орындалуы қажет:
жылдың суық мезгілінде өлшемдерді – сыртқы ауа температурасы қыстың ең суық айының орташа температурасына жақын температурадағы күндері, ал жылдың жылы мезгілінде – сыртқы ауа температурасы жылдың ең ыстық айының орташа температурасына жақын температурадағы күндері жүргізеді;
өлшемдерді ауысымның басында, ортасында және аяғында технологиялық үрдіс біркелкі өтіп жатқанда жүргізеді;
өлшемдерді отырып атқарылатын жұмыстарда еден бетінен немесе жұмыс ауданынан 1 м биіктікте жүргізеді;
жұмыс аумағында тігінен ауа температурасы мен қозғалу жылдамдығының айырмасын анықтау үшін еден беткейінен немесе жұмыс ауданы беткейінен 0,1м биіктікте қосымша зерттеулер жүргізу керек.
Құрал-жабдықтық өлшеулер жүргізу кезінде келесі ережелерді орындау қажет:
термометрлерді, психрометрлерді арнайы тірекке немесе басқа бір затқа, олар барлық жағынан ауа ағымымен жуылатындай етіп орнықтыру керек; оларды жылу жақындастыру немесе радиация жолымен берілмеуі үшін жылытылған немесе суық беткейлерден жақында орналастырмау қажет;
тік жағдайда жұмыс жасайтын механизмдегі аспаптарды (аспирациалық психрометрлер, анемометрлер) қозғалушы бөліктері толық тоқтатылмайынша жерге қоюға болмайды;
өлшемдерді бастамас бұрын кататермометрдің факторын, анемометрдің нөмірін, әдетте кәсіпорыннан тысқары жүргізілетін алынған нәтижелерді есептеулерде қателіктер жібермеу үшін алдын-ала жазып алады.
Қоршамалы құрылғылардың (қабырғалар, еден, төбе) немесе құрылымдардың (экрандар және т.б.) ішкі беткейлерінің температурасын, технологиялық жабдықтардың немесе оның қоршамалы құрылымдарының сыртқы беткейлерінің температурасын өлшеу, жұмыс орындары олардан 2 м-ден аспайтын қашықтықта шектетілгенде жүргізілуі керек. Әрбір беткейдің температурасы екі деңгейде өлшенеді: жұмыс орнының еденінен 0,1 м және 1 м биіктікте (отырып жұмыс істеу қалпында) және 0,1 м және 1,5 м (тұрып жұмыс істеуде).
Инфрақызыл радиация қарқындылығын өлшеуді тікелей адамның дене беткейлерінің сәулелендірілетін бөліктерінің деңгейінде жүргізеді. Аспаптың қабылдағышы максимальды жылу сәулелену бағытына бұрылып, еден немесе жұмыс ауданы деңгейінен 0,5; 1,0 және 1,5 м биіктікте түсетін ағымға перпендикулярлы тұру керек. Бұл жағдайда әрбір дене бөлігінің үлесін ескере отырып сәулеленуге ұшырайтын дене беткейін (25%-тен аз, 25—тен 50 %-ке дейін немесе 50% -тен аса дене беткейінен) шамамен анықтайды: бас және мойын - 9 %; кеуде және іш - 16%; арқа - 18%; қолдар - 18%; аяқтар - 39%.
Мысалы, егер жұмысшы сәулелену көзіне бетімен қарап тұрса, онда ол сәулелену көзіне қараған беткейінің 50%-дан астамын құрайды, ал егер сәулеленуге тек қана бет, кеуде, қолдар, іш құрылысы ұшыраса – 25-тен 50% -ға дейін, егер бет, кеуде сәулеленсе – дене беткейінің 25%-дан азын құрайды.
Өндірістік бөлмелердің оларда орындалатын жұмыстардың өкілеттілік нормативтік құжаттармен (берілген бөлмеде 50% және одан аса жұмысшылар орындайтын жұмыс түрлеріне қарай) сәйкестігін ескере отырып сипаттамасын құрастыру қажет, егер олар болмаған жағдайда еңбекке ауырлық және кернеулігі бойынша баға беру критериилері көмегімен тексеру жүргізу керек және баға беру керек.
«Санитарно-эпидемиологические требования к воздуху производственных помещений» СанНмЕ №355 сәйкес жеңіл, орта ауырлықты және ауыр дене еңбегінің түрлерін ажыратады.
Ж е ң і л д е н е е ң б е г і (І категория) : Іа (энергошығындар 139 Вт-қа дейін) – отырып атқарылатын және көп емес физикалық күштенулермен жүретін жұмыстар және энергия шығыны 120ккал/сағ (дәл жабдық- және машина жасау, тігін, сағат кәсіпорындарындағы, басқару саласындағы және т.с.с. мамандықтар); Іб (140-174Вт) – отырып, тұрып атқарылатын немесе жүрумен байланысты және біршама физикалық күштенумен жүретін жұмыстар мен энергия шығыны 120 дан 150 дейін ккал/сағ (баспахана өнеркәсібіндегі, байланыс кәсіпорындарындағы мамандықтар, бақылаушылар, әртүрлі өндіріс түрлеріндегі шеберлер және т.с.с.).
О р т а а у ы р л ы қ т а ғ ы ж ұ м ы с т а р (ІІ категория) : ІІа (175-232 Вт) – үнемі жүрумен, ұсақ заттарды (1 кг-ға дейін) тасымалдаумен байланысты тұрып немесе отырып атқарылатын және белгілі бір физикалық күштенуді талап ететін жұмыстар мен энергия шығыны 150 ден 200 дейін ккал/сағ (машина жасау өнеркәсібіндегі механожинаушы цехтердың мамандары, тоқыма-мата өнеркәсібінің мамандықтары); ІІб (233-290 Вт) – жүрумен, ауыр заттарды (10 кг-ға дейін заттарды тасымалдаумен байланысты және аз физикалық күштенумен жүретін жұмыстар мен энергия шығыны 200 ден 250 дейін ккал/сағ (машина жасау және металлургия кәсіпорындарының механизацияланған құю, прокаттық, ұсталық, термиялық, дәнекерлік цехтарының және т.с.с. мамандықтары.).
А у ы р д е н е е ң б е г і (ІІІ категория) : энергошығындар 290 Вт-тан астам. Үнемі орын ауыстырумен және үлкен физикалық күштенулерді талап ететін ауыр заттарды көтерумен (10 кг-нан аса) байланысты жұмыстар мен энергия шығыны 250 ккал/сағ жоғары (машина жасау, металлургия және т.с.с. кәсіпорындардың қолмен соғатын ұсталық цехтарының, қолмен толтыратын құю цехтарының және құймаларды төгу цехтарының мамандықтары.).
Тексеру нәтижелері бойынша хаттама толтырылады, онда өндірістік нысан туралы жалпы мәліметтер, технологиялық және санитарлық-техникалық жабдықтардың орналастырылуы, жылу, ылғал, суық бөлу көздері туралы мәліметтер, сонымен қатар бөлімдердің орналасуының сызба нұсқалары, ықшам климат көрсеткіштерін өлшеу нүктелері және басқа да мәліметтер болады. Хаттаманың қорытындысында орындалған өлшемдер нәтижелерінің нормативтік талаптарға сәйкестігіне баға берілуі тиіс.
Тексеру нәтижелерінің гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне баға беру. Алынған мәліметтерге баға беруде мүмкіндігінше метеорологиялық жағдайларға динамикалық сипаттама беру керек. Әртүрлі операциялар кезіндегі жұмыс орындарында бөлменің әртүрлі нүктелерінде өлшеніп алынған ауа температурасын, ылғалдылығын, ауаның қозғалу жылдамдығын «Санитарно-эпидемиологические требования к воздуху производственных помещений» СанНмЕ келтірілген қолайлы немесе рұқсат етілген нормативтік шамалармен салыстырады (кесте 4.3. және 4.4.). Бұл кезде ықшам климаттың қолайлы көрсеткіштеріне ауаны кондиционерлеумен, мысалы радиоэлектрон өнеркәсібінде, құрал-жабдықтар жасау кәсіпорындарында, басқару тұрақтары мен тетіктерінде, операторлық типті жұмыстарда қол жеткізуге болатындығын естен шығармаған дұрыс.
Ауа температурасының биіктік және көлденеңі бойынша ауысып тұратынын, сонымен қатар ауысым бойына да ауа температурасының өзгеріп тұратынын да бағалау керек. Жұмыс орындарында ықшам климаттың қолайлы көрсеткіштерін қамтамасыз етуде бұл өзгерістер 2ºС-дан аспауы керек. Рұқсат етілген шамаларды қамтамасыз етуде, егер әртүрлі биіктіктер мен бөлменің әртүрлі жерлерінде ауа температурасының абсолютті мәндері рұқсат етілген шамалардың шегінен шықпайтын болса, онда бұл өзгерістер биіктігі бойынша 3ºС-ға дейін (жұмыстың барлық категориялары үшін), ал көлденеңі және бүкіл ауысым бойына - 4ºС-ға дейін жеңіл жұмыстар кезінде, 5ºС-ға дейін орта ауырлықты жұмыстарда және 6ºС-ға дейін ауыр жұмыстар кезінде болуы мүмкін.
Ішкі беткейлердің, қоршамалы құрастырылымдардың, құрылымдардың, сонымен қатар технологиялық қондырғылардың температураларына баға беру қолайлы ықшам климат көрсеткіштерін қамтамасыздауда 4.3. кестеге сәйкес немесе рұқсат етілген көрсеткіштерді қамтамасыз етуде 4.4. кестеге сәйкес жүргізіледі.
Кесте 4.3. Өндірістік бөлмелердің жұмыс орындарындағы ықшам климат көрсеткіштерінің қолайлы мәндері
Жыл мезгілі |
Энергошығын деңгейлері бойынша жұмыс категориялары, Вт |
Ауа темпера-турасы,ºС |
Беткейлердің температура-сы, ºС |
Ауаның са-лыстырмалы ылғалдылы-ғы, % |
Ауаның қозға-лу жылдамды-ғы, м/с |
Суық
|
Іа (139 дейін) Іб (140-174) ІІа (175-232) ІІб (233-290) ІІІ (290 аса) |
22-24 21-23 18-20 17-19 16-18 |
21-25 20-24 18-22 16-20 15-19 |
60-40 60-40 60-40 60-40 60-40 |
0,1 0,1 0,2 0,2 0,3 |
Жылы
|
Іа (139 дейін) Іб (140-174) ІІа (175-232) ІІб (233-290) ІІІ (290 аса) |
23-25 22-24 21-23 20-22 18-20 |
22-26 21-25 19-23 18-22 17-21 |
60-40 60-40 60-40 60-40 60-40 |
0,1 0,2 0,3 0,3 0,4 |
Кесте 4.4. Өндірістік бөлмелердің жұмыс орындарындағы ықшам климат көрсеткіштерінің рұқсат етілген мәндері
Жыл мезгілі |
Энергошығын деңгейлері бо-йынша жұмыс категориялары, Вт |
Ауа температурасы, ºС |
Беткейлер температу-расы, ºС |
Ауаның салыс-тырмалы ылғалды-лығы,% |
Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с |
||
Қолайлы шамалардан төмен ауа температурасының диапа-зондары үшін, көп емес |
Қолайлы шамалардан жоғары ауа температурас-ының диапа-зондары үшін, көп емес |
||||||
Қолайлы шамалар-дан төмен диапазон |
Қолайлы шамалардан жоғары диапазон |
||||||
Суық |
Іа (139 дейін) |
20,0-21,9 |
24,1-25,0 |
19,0-26,0 |
15-75* |
0,1 |
0,1 |
Іб (140-174) |
19,0-20,9 |
23,1-24,0 |
18,0-25,0 |
15-75 |
0,1 |
0,2 |
|
ІІа (175-232) |
17,0-18,9 |
21,1-23,0 |
16,0-24,0 |
15-75 |
0,1 |
0,3 |
|
ІІб (233-290) |
15,0-16,9 |
19,1-22,0 |
14,0-23,0 |
15-75 |
0,2 |
0,4 |
|
ІІІ (290-нан көп) |
13,0-15,9 |
18,1-21,0 |
12,0-22,0 |
15-75 |
0,2 |
0,4 |
|
Жылы |
Іа (139 дейін) |
21,0-22,9 |
25,1-28,0 |
20,0-29,0 |
15-75* |
0,1 |
0,2 |
Іб (140-174) |
20,0-21,9 |
24,1-28,0 |
19,0-29,0 |
15-75* |
0,1 |
0,3 |
|
ІІа (175-232) |
18,0-19,9 |
22,1-27,0 |
17,0-28,0 |
15-75* |
0,1 |
0,4 |
|
ІІб (233-290) |
16,0-18,9 |
21,1-27,0 |
15,0-28,0 |
15-75* |
0,2 |
0,5 |
|
ІІІ (290 –нан көп) |
15,0-17,9 |
20,1-26,0 |
14,0-27,0 |
15-75* |
0,2 |
0,5 |
* ауа температурасы 25 ºС және одан жоғары болғанда ауаның салыстырмалы ылғалдылығының максимальды шамалары 70% (t = 26ºС болғанда); 60% (t = 27ºС болғанда); 55% (t = 28ºС болғанда) шегінен аспауы керек.
Бұл кестелерден көрініп тұрғандай, беткейлердің регламенттелуші температурасының диапазондары ауа температурасының қолайлы немесе рұқсат етілген шамаларынан 2ºС-дан көп емес айырмашылықта болады.
Егер қандай да бір қоршаған беткейлердің басқаларынан температурасы бойынша айтарлықтай өзгешелігі болса, онда инфрақызыл сәулелену шамасына қарай жеке-жеке ескеріледі және баға беріледі.
Жұмыс орындарындағы жылумен сәулелену қарқындылығының рұқсат етілген шамалары қалыптастырылды:
қараңғы жарқырауға (материалдар, бұйымдар және т.б.) дейін жылытылған өндірістік жылу сәулелену көздерінен дене беткейінің 50% және одан да көбі сәулеленуде 35 Вт/м² деңгейінде, сәулелену беткейінің шамасы 25-тен 50%-ға дейін болғанда - 70 Вт/м² және 100 Вт/м² - дене беткейінің 25% -нан көп емес сәулеленуінде;
ақ және қызыл жарқырауға дейін сәулелену көздерінен (балқытылған металл, әйнек, от және басқалар) 140 Вт/м² деңгейінде дене беткейінің сәулеленуі 25 % -дан аспауы керек және жеке басты қорғау құралдарын, соның ішінде бет және көзді қорғау заттарын пайдалану міндетті болып табылады.
Өндірістік ықшам климатқа баға беруде интегральды көрсеткіш – ОЖЖ-индексіне бағдарлануға болады, ағзаның шектен тыс ысынып кетуінің алдын алу үшін оның ұсынылған мәндері 4.8. кестеде берілген.
Жұмыс орындарын, жылумен сәулелену қарқындылығы 140 Вт/м² -тан жоғары болғанда ыстық өтудің алдын алудағы қажетті шаралардың біріне жататын ауалы шашыратқыштармен жабдықтаған кезде жұмысшыға үрлейтін ауаның температурасы мен ауа ағымының жылдамдығына № 5172-90 «Ысытушы ықшам климат жағдайларында жұмысшыларға ыстық өтудің алдын алу» әдістемелік ұсыныстарымен сәйкес баға береді (кесте 4.5.). Осы шамалар желдендіруді жобалауда ауалы шашыратулар үшін есептік нормалар ретінде 2.04.05-91 «Жылыту, желдендіру және кондиционерлеу» ҚНмЕ сай қабылданған.
Кесте 4.5. Инфрақызыл сәулелену қарқындылығына байланысты ауалы шашырату кезіндегі ауа температурасы мен қозғалу жылдамдығының ұсынылған мәндері (сәулелену уақытындағы орта мәні)
Жұмыс категориясы |
Жұмыс зонасын-дағы ауа температу-расы,ºС |
Жұмыс орнындағы шашыратушы ағынның қозғалу жылдамдығы, м/с |
Жылулық сәулелену қарқындылығы кезіндегі жұмыс орнындағы шашыратушы ағын ауасының температурасы, Вт/м² |
||||
350 |
700 |
1400 |
2100 |
2800 |
|||
Жеңіл |
28 дейін |
1 |
28 |
24 |
21 |
16 |
- |
2 |
- |
28 |
26 |
24 |
20 |
||
3 |
- |
- |
28 |
26 |
24 |
||
3,5 |
- |
- |
- |
27 |
25 |
||
Орташа |
27 дейін |
1 |
27 |
22 |
- |
- |
- |
2 |
28 |
24 |
21 |
16 |
- |
||
3 |
- |
27 |
24 |
21 |
18 |
||
3,5 |
- |
28 |
25 |
22 |
19 |
||
Ауыр |
26 дейін |
2 |
25 |
19 |
16 |
- |
- |
3 |
26 |
22 |
20 |
18 |
17 |
||
3,5 |
- |
23 |
22 |
20 |
19 |
1.02.006-94 СН-да дәстүрлі – конвективті жылыту және ауаны кондиционерлеу жүйелерімен жабдықталған өндірістік бөлмелер үшін гигиеналық талаптар келтірілген. Өндірістік бөлмелер сәулелік жылыту жүйесімен жабдықталғанда ықшам климат көрсеткіштері ҚР ДМ-мен 2000 жылдың 30 қарашасында бекітілген №104. 001-2000 ҚР АДЗ «Өндірістік орта факторларының қауіптілік және зияндылық көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша еңбек жағдайына баға берудің және жіктеудің гигиеналық критерийлері» құжатына сай рұқсат етілген шамалармен сәйкестендіріліп бағаланады (4.6. кесте). Регламентпен 8 сағаттық жұмыс ауысымы бойына орташа ауырлықты жұмыстар қарастырылған.