Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру

Адамның еңбек іс-әрекетінің тиімділігі, оның жұмысқа қабілеттілігі едәуір дәрежеде қондырғылар құрылғысында және жұмыс орындарының ұйымдастырылуында эргономикалық талаптар қаншалықты ескерілгеніне байланысты болады. Бұл талаптардың орындалмауы артық жұмыс күштенуі мен қозғалыстарына, зорығудың тез дамуына және жұмысшылар ағзасының функцияларының қосымша күштенуіне ықпал жасайтын, дене қалпын дұрыс ұстап тұру үшін қосымша бұлшықет топтарының іске қосылуына алып келеді.

Өндірістік жағдайда жұмыс орындарына эргономикалық баға беру КСРО денсаулық Министрлігінің № 8212-85 “Отырып және тұрып атқарылатын жұмыстарды орындау үшін жұмыс орындарына эргономикалық баға берудің негізгі қағидалары мен әдістері ” деген әдістемелік ұсыныстарымен кешенді түрде жүргізілуі керек.

Жұмыс орны адам мен машинаны (өндірістік қондырғылар) қоса отырып эргономикалық жүйе ретінде қарастырылады. Жұмыс орнына эргономикалық баға берудің негізгі қағидасы – оның адамның антропометриялық және психофизиологялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтау.

Жұмыс орындарына зерттеу жүргізер алдында, ең алдымен әрбір нақты жағдайда таңдалынып алынған жұмыс қалпы түрінің рационалдылығы туралы мәселені шешіп алу керек. Өндірісте берілген еңбек іс-әрекетінің түріне арналған жұмыс қалпының түрі рационалды болып табылады, бірақ жұмыс орнының ұйымдастыру-техникалық жабдықталуы эргономикалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда жұмыс қалпын ұстап тұру жағдайы оны ыңғайсыз етеді.

Рационалды жұмыс қалпын таңдау іске асырылатын бірқатар шарттар 3.1 кестеде көрсетілген.

Кестеде келтірілген шарттардан басқа, жұмыс қалпының түрін таңдау жүргізілетін шарттарға технологиялық үрдіс ерекшеліктерін де жатқызып, оған назар аудару керек. Ол жұмысшының қаншалықты бекітілген жұмыс қалпында болу қажеттілігімен байланысты болса және де соншалықты үнемі қозғалып жүруімен де байланысты болуы мүмкін.

Қолданылып жатқан жұмыс қалпының дұрыстығы туралы мәселені шешкеннен кейін жұмыс орнына эргономикалық баға беру үшін нақты көрсеткіштерді таңдау жүргізіледі. Олардың жиынтығы қондырғының түрімен, жұмыс орнының ерекшеліктерімен, адамға түсірілетін жүктеменің сипатымен (физикалық, жүйкелік, ақпараттық) және басқалармен анықталады.

Жұмыс орнына тікелей эргономикалық баға беру өзіне келесі элементтерге баға беруді кіргізеді:

  1. жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуына;

  2. еңбек іс-әрекетінің уақытша құрылымына;

  3. ағза жүйелерінің функционалдық жағдайына.

Кесте 3.1. Жұмыс қалпының түрін анықтауға қол жеткізетін шарттар

Еңбек жағдайы

Жұмыс қалпының түрі

отырып

отырып-тұрып

тұрып

Түсірілетін күштің шамасы (жоғарғы белдеулер), кгс

5-ке дейін

5-10

10-нан аса

Қозғалыстардың тездігі және дәлдігі

ең дәл және тез

-

-

Жұмыстың ауырлығы (СанЕмН 2.2.4.548 – 96)

жеңіл (1а-1б)

орта ауырлықты (2а – 2б)

ауыр (3)

Энергошығындардың шамасы

6-10%-ға төмен, тұрып тұру қалпына қарағанда

-

-

Жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуына баға берер алдында негізгі және қосалқы қондырғылар тізімін жасау керек. Негізгі өндірістік қондырғылар – технологиялық үрдістің барлық сатыларын іске асыруға қажетті қондырғылар (станоктар, пульттар және т.с.с.); қосалқы – негізгі қондырғының (техоснаст) жұмыс істеу жағдайын және еңбек үрдісін (жұмыс жиһаздары, тасымалдау, жөндеу заттары және т.б.) қамтамасыз етуге арналған. Бұдан басқа барлық басқару мүшелерінің тізімін (аталуы, шартты белгіленуі – алфавиттің әріптері) жасау керек; басқару мүшелерін басқару түрі бойынша (аяқтық, қолдық) және оларды пайдалану жиілігі бойынша (өте жиі – 1 минутта бір немесе екі операция, жиі – 1 мин екі операциядан кем, бірақ 1 сағатта екі операциядан астам, сирек – 1 сағ екі операциядан аспайды; 12.2.032 – 78 МЕСТ бойынша) бөлу.

Жұмыс орнын кеңістіктік ұйымдастырылуына талдау жасау кезінде негізгі және қосалқы қондырғыларды, жұмыс жиһазын, бөлшектерді және басқаларды орналастыруға арналған ауданның жеткіліктілігін және сонымен қатар күш пен қозғалыстарды үнемдей отырып жұмысшының немесе оның тірек-қимыл аппаратының әр түрлі бөліктерінің қолайлы траекториялар бойынша еркін қозғалу мүмкіншілігінің дәрежесін анықтау керек.

Жұмыс орнына одан әрі кеңістіктік талдау жүргізу үшін үш сызбада оның нұсқасын салып алу керек: жоғарыдан, төменнен және қырынан. Нұсқаларды сызба түрінде жұмыс орындарының барлық элементтерін белгілейді. Тілдер арқылы жұмыс орнының өлшеуге және баға беруге арналған көрсеткіштерін көрсетеді.

Жұмыс орындырының көрсеткіштерін өлшеу және баға беруді ортогональды жазықтықтар негізінде жүргізеді: көлденең, фронтальды және сагитальды (ұзына бойы).

Басқару мүшесінің қозғалуына қажетті күшті анықтау үшін серіппелік динамометрлер және тензиометрлік құрылғылар қолданады. Серіппелік динамометрлер көмегімен штурвалдардың, иіндердің және т.б. кедергісін анықтайды. Осы мақсатта тензиометрлік құрылғыларды да қолдануға болады. Тензиокөрсеткіштерді құралдарға жалғастырылған тұтқаларға, басқару мүшелеріне және т.б. бекітеді немесе қолғап көмегімен алақанға бекітеді.

Жұмыс орнының өлшенген көрсеткіштерінің мәндерін оларды қолдану маңызы мен жиілігін ескере отырып, нормативтік құжаттарда қалыптастырылған мәндерге сәйкестігін салыстырады. Атап айтқанда еңбек гигиенасы дәрігері 12.2.033-78 МЕСТ “ЕҚСЖ. Отырып жұмыс істеудегі жұмыс орындары. Жалпы экономикалық талаптар”, 12.2.049-80 МЕСТ “ЕҚСЖ. Өндірістік қондырғылар. Жалпы эргономикалық талаптар” және басқалары.

Өндірістік қондырғылар мен жұмыс орындарының құрастырымдары мен мөлшерлері жұмысшының қолайлы еңбек ету жағдайын қамтамасыз етуі керек. Жұмыс қалпының қолайлылығына баға беру үшін фотогониометрлік зерттеу әдісін қолданады.

Сол немесе басқа жұмыс қалпына сипаттама және баға беру үшін жұмысшының сол қалпында ұзына бойына фотосуреті түсіріледі. Фотосуретке жабыстырылған калькада келесі нүктелерді белгілейді (3.1.сурет): сыртқы есту тесігі (а); иық сүйегінің үлкен төмпешігі (б); осы сүйектің сыртқы ойығы (в); шынтақ сүйегінің біз тәрізді өсіндісі (г); ІІІ саусақтың білезік-фалангтік біріккен жері (д); тоқпан жіліктің үлкен ұршығы (е); осы сүйектің сыртқы ойығы (ж); кіші ұршықты сүйектің тобығы (з); аяқтың ІІ және ІІІ саусақтарының буын аймағы (и); өкше төмпешігі (к). Белгілі бір тәртіппен бұл нүктелерді жұптастырып қоса отырып дененің жұмыс тобының кескінін алуға болады: мойын (а-б); иық (б-в); шынтақ (в-г); қол (г-д); тұлға (б-е); сан (е-ж); тізе (ж-з); аяқ басы (и-к). Мұндай жекелеген топтамалар түріндегі жұмыс қалпының сызбалық бейнесі қалып эпюры деп аталады.

Мойынның, иықтың және тұлғаның ауытқу бұрыштарын түсіру үшін б нүктесі арқылы (иық буыны) фотосуреттегі қандай да бір тік сызыққа параллель келетін сызық түсіреді (терезе жақтауы, есік, станок жиегі және т.с.с.; кадрға фотосуреттен түсірілетін тік қойғыш немесе жабынды). Бұрыштардың өлшеуін транспортир арқылы жүргізеді.

Эпюр тұрғызып және алынған бұрыштық шамаларды қолайлы шамалармен салыстыра отырып (3.2. кесте) жұмыс орнының рационалдылығы туралы қорытынды жасайды. Бұл кезде жұмыс орнының қандай элементтері ыңғайсыз жасалынған және жұмысты дұрыс қалыпта атқару үшін қандай ұсыныстар берілетіні көрсетіледі.

Алынған бұрыштық шамаларды қолайлы шамалармен салыстыра отырып жұмыс қалпын қолайластыру бойынша нақты ұсыныстар беруге болады: жұмыс беткейінің, отырғыштың биіктігін, аяққа арналған кеңістікті өзгерту және т.б.

Еңбек іс-әрекетінің уақытша құрылымына баға беруді хронометраждық бақылаулар мәліметтері бойынша іске асырады. Ол 10 – нан кем емес типтік жұмыс орындарын таңдап алады. Әрбір жұмыс орнында 3-тен кем емес бақылаулар жүргізу керек. Бұл кезде жекелеген жұмыс операцияларының ұзақтығы, микропаузалар уақыты, орташа еңбек өнімділігі және басқалар, сонымен қатар тасымалданатын жүктің салмағы мен қашықтығы бойынша еңбекке қабілеттіліктің өзгерісін ескереді. Хронометраж кезінде алынған мәліметтерді талдау негізінде адамның қимыл қызметінің өзгерісі, зорығудың дамуы туралы айтуға болады.

Еңбек іс-әрекетінің уақытша құрылымының материалдары ағза жүйелерінің функционалдық жағдайына баға берумен толықтырылады.

Жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуы және еңбек іс-әрекетінің уақытша құрылымын талдау негізінде жұмыс орнының эргономикалық талаптарға сәйкестігі дәрежесі туралы қорытынды беруге болады.

Ағзаның функционалдық күштену деңгейіне баға беруде қолданылатын жұмыс қалпы және сонымен қатар берілген еңбек үрдісінде оның қолданылуын қамтамасыз ететін жағдайлар қосымша жұмыстық жүктемелер туғызбауына назар аударады. Олар қолайлы болуы керек, яғни денсаулығы бойынша берілген еңбек түріне жіберілген адамдардың едәуір зорығуына алып келмеуі керек.

Егер жұмыс орындары эргономикалық талаптарға сәйкес келмесе және жұмыс жүктемесінің қолайлы (рұқсат етілген) деңгейін қамтамасыз етпесе, онда еңбек гигиенасы дәрігері кәсіпорынның мамандарымен біріге отырып жұмыс орнын рационализациялау бойынша шаралар өңдеп шығарады. Шараларды енгізгеннен кейін 3-6 айдан соң жұмыс орнын эргонометрлік баға беру бойынша қайталап тексерулер жүргізеді.

Кесте 3.2. Отырып және тұрып жұмыс істеудегі гониометрлік көрсеткіштердің қолайлы тербелу шектері, градус

Бұрыш №

Бұрыштардың аталуы (буындар)

Жұмыс қалпы

отырып

тұрып

1

Шынтақбілезік

170-190

170-190

2

Шынтақтық

80-110

80-100

3

Жамбассандық

85-100

165-180

4

Тізелік

95-120

180

5

Өкшеаяқтық

85-95

90-100

6

Тігінен мойынның ауытқуы

10-25

10-25

7

Тігінен иықтың ауытқуы

15-35

0-15

8

Тігінен тұлғаның ауытқуы

15-25

0-15

Қайталап зерттеу мәліметтерінің нәтижелерін шараларды енгізгенге дейінгі алынған мәліметтерімен салыстыру ұсыныстардың тиімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.