Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру

Жоғары еңбекке қабілеттілікті ұстап тұру, соған сай жоғары еңбек өнімділігін ұстап тұру, жұмысшылардың денсаулығын сақтау шарттарының біріне жұмыс кезеңдері мен үзілістерді дұрыс кезектестіру, яғни рационалды еңбек және демалыс тәртібі жатады. Уақытша жоспар бойынша ауысым ішілік, апталық, айлық, жылдық тәртіптер (режимдер) туралы айтуға болады.

Еңбек гигиенасы дәрігеріне көбінесе ауысым ішілік еңбек және демалыс тәртіптерін өңдеуге және баға беруге тура келеді.

Бар еңбек және демалыс тәртіптеріне баға беру үшін психофизиологиялық, медициналық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерді қолданады.

Экономикалық көрсеткіштерге қондырғыны пайдалану уақытының жоғарылауы, ақау жіберудің төмендеуі, өңдеп шығардың өсуі жатады.

Әлеуметтік көрсеткіштер еңбекті ұйымдастыру деңгейіне (“буырқанулардың” болмауы, ырғақтылық және басқалары), мамандар ағымына, өндіріс мәдениетіне баға береді.

Медициналық көрсеткіштерге уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен болатын аурушаңдық деңгейі, кәсіптік аурушаңдық көрсеткіштері, өндірістік жарақаттану жатады.

Кез келген ауысым ішілік еңбек және демалыс тәртібін өңдеу және баға беру негізі болып психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша айтуға болатын еңбекке қабілеттілік динамикасы табылады.

Еңбекке қабілеттілік жұмыс ауысымы бойына бірқатар кезеңдерден өтетіні белгілі: түзілу кезеңі, жоғары еңбекке қабілеттілік кезеңі, оның төмендеу кезеңі (шаршау). Түскі үзілістен кейін жұмыс күнінің бірінші жартысына ұқсас еңбекке қабілеттілік өзгерістерінің сипаты байқалады, ауысымның аяқталуына 15-20 минут қалғанда еңбекке қабілеттіліктің сәл жоғарылауы байқалады, ол “соңғы екпін” деп аталады.

Ауысым ішілік еңбек және демалыс тәртібін өңдеуде және баға беруде әдетте келесі сауалдарға жауап беру қажет:

  1. Демалысқа регламенттелінген3 үзілістерді қашан тағайындау қажет?

  2. Бекітіліген үзілістер қандай ұзақтықта болуы керек?

  3. Үзіліс кезінде демалысты қалайша ұйымдастыру керек?

Бірінші сауалды дұрыс шешу үшін еңбекке қабілеттіліктің қандай да бір кезеңдерінде үзіліс ұйымдастыру оны алдыңғы жағдайына қайта қайтаратынын есте сақтау керек. Демалысты еңбекке қабілеттіліктің төмендеу (зорығу) кезеңінің басында тағайындаған әділетті деуге болады.

Үзілістің ұзақтық мәселесі әркезде жеке-жеке шешіледі. Бұл кезде өте қысқа үзіліс еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге жеткіліксіз болатынын, ал шектен тыс ұзақ үзіліс жұмыстық динамикалық стереотипті бұзатынын ескерген жөн. Бірақ бұған қатысты жалпы ереже бар: жұмыс қаншалықты ауыр болса, үзіліс соншалықты ұзақ болуы керек.

Көптеген жұмыс түрлері үшін бір үзілістің ең қолайлы ұзақтығы 5-10 минут екені анықталған. Ұзақтығы 5 минут үзілісті көбінесе демалысқа қосындалық уақыттың аз ұзақтығында, сонымен қатар сәл зорығу кезінде күннің алғашқы жартысында тағайындайды.

Ұзақтығы 10 минуттан асатын үзілістер, ереже бойынша аса қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтіндерге беріледі.

Демалыс ұзақтығын шамамен есептеу үшін “Дене еңбегі кезінде ағза күштенуінің физиологиялық нормалары” (№ 2189-80 КСРО ДМ) әдістемелік ұсыныстарында келтірілген формуланы қолданады:

,

мұнда Тд/оп – демалыс уақытының оперативті уақытқа қатынасы (ауысымдағы барлық операциялардың ұзақтығы, демалысты алып тастағанда), %; РФа – жұмыстық физиологиялық көрсеткіш (орташа жұмыс кезіндегі жүрек жиырылу жиіліктерінің, энергошығындар немесе тыныстың минуттық көлемінің абсолютті мәні); Фк – демалыс кезіндегі физиологиялық көрсеткіш (жүрек жиырылу жиіліктері үшін 1 минутта 70, тыныстың минуттық көлемі үшін – 6 л, энергошығындар үшін – 4,18 кДж/мин); ПДВоа - орта ауысымдық физиологиялық көрсеткіштің шектік рұқсат етілген шамасы.

Демалыс кезеңінің ауысым ұзақтығына (Тд/а) қатынасын келесі формуламен табады:

Уақыттың демалысқа қатынасын есептегенде едәуір орнын өтеуді талап ететін шектеуші (лимиттеуші) көрсеткішке қарау керек. Қосынды демалыс уақытына түскі үзілісті біріктіруге болмайды.

Есептелген демалыс уақыты ауысым бойына жеке-жеке шектілінген үзілістерге рационалды бөлінуі тиіс.

Үзіліс уақыттарын демалысқа бөлуде келесі нұсқаларды ескеру қажет:

  1. Күннің екінші жартысында зорығу дәрежесі ережеге сай үлкен болып келеді, сондықтан да демалысқа уақытты мынадай етіп бөледі: 30-40% - ауысымның бірінші жартысында және 60-70 % - екіншісінде.

  2. Түскі үзіліс кезінде жұмысшы жартылай демалады, сондықтан да түске дейін демалысқа екінші үзіліс қосу мақсатты емес;

  3. Түстен кейін зорығу аса тез дамиды, сондықтан да регламенттелінген үзілістерді ауысымның екінші жартысының басынан 1-1½ сағаттан кейін тағайындаған дұрыс;

  4. Демалысқа соңғы үзілісті жұмыстың аяқталуынан 1-1½ сағаттан кеш тағайындауға болмайды, себебі қорытынды жұмыстар кезінде еңбек қарқындылығы төмендейді.

Ауысым ішілік демалысты ұйымдыстыру түрі еңбек іс-әрекетінің сипатымен еңбек жағдайына байланысты болады.

Гипокинезия және гиподинамиямен сипатталатын жұмыстарда демалыс белсенді болады, ал едәуір физикалық жүктемелермен жүретін жұмыстарда – белсенді емес.

Белсенді демалыс түсінігіне физикалық жаттығулар кешенін (өндірістік гимнастика) орындау кіреді. Олардың сол немесе басқа жүйелер мен мүшелерге әсері босаңсытатын немесе белсенділейтін болуы мүмкін. Бірқатар кәсіп иелері үшін үзілістер кезінде өзіндік уқалау (массаж) мақсатты болып табылады.

Белсенді емес демалыс, егер саниатрлық-гигиеналық жағдай мүмкіншілік берсе (демалыс бұрышы) цехтарда, демалыс, психологиялық жүктеме бөлмелерінде, арнайы бөлмелерде (жұмысшыларды жылыту немесе салқындату) жүргізіледі.

Кіріспе гимнастикасы (ауысым басталар алдында) немесе ерте физкультпаузалар (ауысым басталғаннан кейін 10-15 минуттан кейін) туралы мәселе әр кезде арнайы шешімдерді талап етеді. Жұмысшылардың “кілттік”(еңбек іс-әрекетіндегі ең ауыр) қызметтерін белсендіруге бағытталған кіріспе гимнастикалар түзілу кезеңін біршама қысқартуға мүмкіншілік береді.

Өңделінген еңбек және демалыс тәртібінің рационалдылық көрсеткіштері болып әлеуметтік-экономикалық, медициналық, сонымен қатар психофизиологиялық көрсеткіштер табылады. Соңғысы түзілу кезеңдерінің азаюы және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен көрінеді. Жұмыс ауысымын дұрыс ұйымдастыруда тұрақты (жоғары) еңбекке қабілеттілік кезеңі ауысымның бірінші жартысында жұмыс уақытының 75%-ын, ал екінші жартысында 65%-ын құрауы тиіс. Түзілу кезеңі ауысым басында 40 минуттан және түскі үзілістен кейін 20 минуттан аспауы тиіс.

Ауысым бойына еңбек және демалыс тәртіптерін рационализациялау салдарынан жұмысшы ағзасының функционалдық жағдайының жақсарғаны туралы физиологиялық қызметтердің тұрақтылығы куәлік етеді. Ол олардың көрсеткіштерінің тербелу дәрежесімен анықталады. Бұл жайында вариация коэффициенті бойынша айтады:

,

мұндағы σ – сигмалық ауытқу; x – орта арифметикалық шама.

10 немесе одан аз вариациялық коэфициент кезінде қызметтер өзгергіштігі онша емес, ол тұрақты; 10-20 – орташа; 20-дан асса - жоғары.

Еңбек және демалыс тәртіптерін өндірісте қолайластыру күрделі әлеуметтік-экономикалық және медициналық-биологиялық мәселе болып табылады. Оны шешу кешенді түрде, тек қана гигиенисттермен физиологтарды ғана емес және басқа да мамандықтар иелерін де (экономисттер, еңбек қалыптандарушылар және т.б.) жұмылдыра отырып іске асырылуы тиіс.