
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері |
Еңбек жағдайының кластары |
|||
қолайлы |
рұқсат етілген |
зиянды |
||
жеңіл дәрежелі еңбек кернеулігі |
орта дәрежелі еңбек кернеулігі |
кернеулі еңбек |
||
1–ші дәрежелі |
2–ші дәрежелі |
|||
1-ші |
2-ші |
3.1 |
3.2 |
|
1. Ақыл ойлық жүктемелер |
||||
1.1. Жұмыс мазмұны |
Шешім қабылдау қажеттілігі жоқ |
Нұсқау бойынша қарапайым есептерді шешу |
Күрделі есептерді белгілі алгоритм (нұсқаулар топтамасымен жұмыс) бойынша таңдап шешу |
Эвристикалық (шығармашылық) әрекет, алгоритм шешуді, күрделі жағдайларда жеке дара жетекшілікті талап етеді. |
1.2. Сигналдарды (ақпараттарды) қабылдау және оларға баға беру |
Сигналдарды қабылдайды, бірақ іс-әрекет терін түзетуді талап етпейді. |
Одан әрі іс-әрекеттермен операцияларды түзете отырып сигналдарды қабылдайды |
(Одан әрі көрсет кіштердің іс жүзіндегі мәндерін олардың номинальды мәндеріне қоя отырып сигналдарды қабылдайды. Көрсеткіштердің іс жүзіндегі шамаларына баға беру. |
Бір бірімен байланысқан көрсеткіштерге кешенді түрде баға бере отырып сигналдарды қабылдау. Барлық өндірістік іс-әрекеттерге кешенді баға беру |
1.3. Тапсырманың күрделілік дәрежесі бойынша қызметтерді бөлу |
Тапсырмалар- ды өңдеу және орындау |
Тапсырмаларды өңдеу, орындау және оны тексеру |
Өңдеу, тексеру және тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау |
Бақылау және тапсырмаларды басқа адамдарға бөліп беру бойынша алдын ала жұмыс |
1.4. Орындалатын жұмыстың сипаты |
Жеке жоспар бойынша жұмыс |
Одан әрі іс-әрекет барысында түзетілуі мүмкін бекітілген график бойынша жұмыс |
Уақыт тапшылығы жағдайындағы жұмыс |
Ақырғы нәтижеге жоғарғы жауапкершілігі бар, уақыт және ақпарттар тапшылығы жағдайындағы жұмыс |
2. Сенсорлы жүктемелер |
||||
2.1. Зейінденіп бақылау ұзақтығы (ауысым уақытынан %-бен алғанда) |
25 дейін |
26 – 50 |
51 – 75 |
75 аса |
2.2. Орта шамамен 1 сағат жұмыс уақытындағы сигналдар (жарықтық, дыбыстық) және хабарлаулардың тығыздығы |
75 дейін |
76 – 175 |
176 – 300 |
300 аса |
2.3. Бірмезгілдік өндірістік бақылау обьектілерінің саны |
5 дейін |
6 – 10 |
11 – 25 |
25 аса |
2.4. Зейінденіп бақылау ұзақтығы (%-бен ауысым уақытынан) кезіндегі мм-мен алынған ажырату нысанының мөлшері (жұмысшының көзінен ажырату нысанына дейін 0,5 м - ден аспайтын қашықтықта). |
5 мм аса – 100% |
5 – 1 мм – 50 % аса; 1 – 0,3 мм – 50 % дейін; 0,3 аз – 25 % дейін |
1 – 0,3 мм – 50 % аса; 0,3 аз – 25 - 50 % |
0,3 мм аз –50 % көп |
2.5. Зейінденіп балау ұзақтығында (ауысым уақытынан %-алғанда) оптикалық құралдармен (микроскопта лупалар және т.с.с.) жұмыс |
25 дейін |
26 – 50 |
51 – 75 |
75 көп |
2.6.Видеотерминалдарға бақылау жасау (ауысымдағы сағатпен): |
|
|
|
|
- ақпараттарды әріптік-сандық бейнелеу түрінде; |
2 дейін |
2 – 3 |
3 – 4 |
4 көп |
- ақпараттарды сызба түрінде бейнелеуде |
3 дейін |
3 – 5 |
5 – 6 |
6 көп |
2.7. Есту анализаторына жүктеме (сөздерді немесе дифференсацияланған сигналдарды қабылдаудың өндірістік қажеттілігі кезінде |
Сөздер мен сиг налдардың анық тылығы 100 ден90 %-ға дейін. Кедергілер жоқ. |
Сөздер мен сигналдардың анықтылығы 90 нан 70 %-ға дейін. Кедергілер бар, сол себепті сөздер 3,5 м қашықтықтан естіледі |
Сөздер мен сиг налдардың анықтылығы 70 тен 50%-ға дейін. Кедергілер бар, соның фонында сөздер 2 м қашықтықта |
Сөздер мен сигналдардың анықтылығы 50 % аз. Кедергілер бар, соның фонында сөздер 1,5 м қашықтықта естіледі. |
2.8. Дауыс аппаратына жүктеме (аптасына сөйленетін сағаттардың қосынды саны |
16 дейін |
16 – 20 |
20 – 25 |
25 көп |
3. Эмоционалдық жүктемелер |
||||
3.1. Өз іс-әрекетіне жауапкершілік дәрежесі |
Тапсырманың жекелеген элементтерінің орындалуына жауапты. Жұмысшының қосымша күш жұмсауына алып келеді. |
Қосалқы жұмыстардың (тапсырмалар дың) функционалдық сапасына жауапты. Жоғары тұрған бас шылардың күшін қажет етеді (бригадир, шебер және т.с.с.) |
Негізгі жұмыстың (тапсырманың) функционалдық сапасына жауапты. Барлық ұжымның қатысуымен қателерді түзеуге алып келеді ( топтың, бригаданың және т.с.с) |
Жұмыс тапсырмасының ақырғы өнімінің функционалдық сапасына жауапты. Қондырғылардың істен шығуына, технологиялық үрдістің тоқтауына алып келеді, өмірге қауіп төнеді |
3.2. Өз өміріне қауіп төну дәрежесі |
Жоқ |
|
|
Ықтимал |
3.3. Басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік дәрежесі |
Жоқ |
|
|
Мүмкін |
4. Жүктемелердің біртектілігі |
||||
4.1. Қарапайым тапсырманы орындауға қажетті немесе бірнеше рет қайталанатын операциялардағы элементтер саны |
10 аса |
9 – 6 |
5 – 3 |
3 аз |
4.2.Қарапайым өндірістік тапсырмалардың немесе қайталамалы операциялардың орындалу ұзақтығы (с) |
100 аса |
100 - 25 |
24 – 10 |
10 аз |
4.3. Белсенді іс уақыты (ауысым ұзақтығына %- бен алғанда). Қалған уақытта өндірістік үрдіс барысына бақылау жасау. |
20 және одан көп |
19 – 10 |
9 – 5 |
4 және одан аз |
4.4. Өндірістік жағдайдың біртектілігі (тех.үрдістің барысына бақылау жасау уақыты ауысым уақытынан %-бен алғанда) |
75 аз |
76 – 80 |
81 – 90 |
90 аса |
5. Жұмыс тәртібі |
||||
5.1. Жұмыс күнінің іс жүзіндегі ұзақтығы |
6 – 7 сағ |
8 – 9 сағ |
10 – 12 сағ |
12 сағ аса |
5.2. Жұмыстың ауысымдылығы |
Бір ауысымды жұмыс (түнгі ауысымсыз) |
Екі ауысымды жұмыс (түнгі ауысымсыз) |
Үш ауысымды жұмыс (түнгі ауысымды жұмыс) |
Ретсіз ауысымдылық, түнімен жұмыс істеледі |
5.3. Регламенттелген үзілістердің болуы және олардың ұзақтығы |
Үзілістер регламенттелген, жеткілікті ұзақтық: жұмыс уақытының 7 % және одан да көп
|
Үзілістер регламент телген, ұзақтығы жеткіліксіз: жұмыс уақытының 3-тен 7 % дейін |
Үзілістер регла менттелінбеген және ұзақтығы жеткіліксіз: жұмыс уақытының 3 % дейін. |
Үзілістері жоқ |
Іс-әрекеттерді және орындалатын жұмыстарды одан түзетуді кіргізетін “с и г н а л д а р д ы қ а б ы л д а у және о л а р ғ а б а ғ а б е р у ” факторы 2-ші классқа жатады (зертханашы). Көрсеткіштердің іс жүзіндегі мәндерін номиналды талап етілген деңгейлерімен қиыстырып қоя отырып сигналдарды қабылдау цех шеберлері, медбикелер және т.б. жұмысында байқалады (3.1. класс). Барлық өндірістік көрсеткіштерге кешенді баға бере отырып сигналдарды қабылдауды
¹ Физикалық динамикалық жүктемені (жұмыстар саны) дәлірек келесі формуламен есептейді:
,
мұнда A – жұмыс, кгм; P- жүктің салмағы,кг; H – бастапқы күйінен жүкті көтеру биіктігі, м; H1 – жүкті түсіру шамасы, м; L – көлденеңінен жүкті тасымалдау қашықтығы, м; g = 9,8 м/с².
Орын ауыстырусыз күшті ұстап тұрумен байланысты статикалық жүктеме күштену шамасының (килограмдағы) оны ұстап тұру уақытының (секундпен берілген) туындысы ретінде есептеледі.
Жұмыс қуаты мына формуламен анықталады:
,
мұнда N – жұмыс қуаты, Вт; A – жұмыс саны, кгм; K – килограммдарды Вт-қа қайта есептеу коэффициенті, 9,8 –ге тең; T – жұмысты орындау мерзімі,с (орташа ауысымдық жұмыс қуаты анықталғанда жұмыс күнінің уақыты ескеріледі; операциялық қуаттылық есептелгенде – операцияны орындау уақыты ескеріледі).
еңбек іс-әрекеті талап етсе, онда еңбек кернеулігі бойынша 3.2 классқа жатады (кәсіпорын басшылары, жолкөлік жүргізушілері, дәрігерлер және т.б.).
Т а п с ы р м а н ы ң к ү р д е л і л і к д ә р е ж е с і б о й ы н ш а қ ы з мет- т е р д і б ө л у. Кез - келген еңбек іс-әрекеті жұмысшылар арасында қызметтерді бөлумен сипатталады. Соған сәйкес жұмысшыға қаншалықты қызмет түрлері жүктелінсе, соншалықты оның еңбегі кернеулі болады. Нақты тапсырмаларды өңдеу және орындауға бағытталған қарапайым қызметтері бар еңбек іс-әрекеті еңбектің едәуір кернеулігіне алып келмейді (мысалы, зертханашы – 1-ші класс). Тапсырманы өңдеу және орындаумен қатар оны одан әрі тексеру жүргізілетін болса кернеулік жоғарылайды (медбике, телефонисттер және басқалар – 2-ші класс). Егер еңбек іс-әрекетіне орындалатын тапсырманы бақылау да енгізілетін болса, онда еңбек кернеулігі одан да көп жоғарылайды (цех шеберлері, бастықтары, жол көлік жүргізушілері – 3.1. класс).
Ең күрделі қызметтер – бұл тапсырмаларды алдын ала даярлау және оларды одан әрі басқа адамдарға бөлу (кәсіпорын басшылары, ғылыми қызметкерлер, дәрігерлер және т.б. – 3.2. класс).
“О р ы н д а л а т ы н ж ұ м ы с т ы ң с и п а т ы” – егер жұмыс жеке жоспар бойынша атқарылатын болса, онда кернеулік деңгейі жоғары емес (1-ші класс - зертханашылар). Бірақ, қатаң бекітілген графикпен, қажеттілігі бойынша түзету мүмкіншілігі бар еңбек іс-әрекетін іске асыру кезінде еңбек кернеулігі жоғарылайды (медбикелер, телефонистер және басқалар – 2-ші класс). Одан да көп еңбек кернеулігі уақыт тапшылығы жағдайында (цех шеберлері, ғылыми қызметкерлер және т.с.с. – 3.1 класс), сонымен бірге уақыт және ақпараттар тапшылығында (кәсіпорын басшылары, дәрігерлер және т.б. – 3.2 класс) жұмыс істеуге тән.
С е н с о р л ы қ ж ү к т е м е л е р келесі факторлар жатады: зейінденіп бақылау ұзақтығы (ауысым уақытынан %- бен алғанда), орта шамамен жұмыс 1 сағат уақытындағы сигналдармен (жарықтық, дыбыстық) хабарлаулар тығыздығы, зейінденіп көңіл бөлу ұзақтығындағы ажырату нысанының көлемі (ауысым уақытынан %-бен алғанда), зейінденіп бақылау ұзақтығымен тәуелді оптикалық құралдармен (микроскоп, лупалар және т.с.с.) жұмыс істеу (ауысым уақытынан %-бен алғанда), видеотерминал экранына бақылау жасау (ауысымда сағатпен). Еңбек кернеулігінің көрсетілген факторларының деңгейін анықтау аса ауырлық туғызбайды және хронометраждық бақылаулар нәтижелері бойынша жүргізіледі. Бұл кезде жұмыс күнінің ұзақтығы 100 %-бен алынады.
Сенсорлы жүктемелерді анықтайтын факторларға, сонымен қатар есту анализаторына жүктеме жатады. Оның кернеулік дәрежесін пайызбен берілген сөздердің анықтығын сөзбен “ақ шудың” қарқындылық деңгейінің қатынасынан байланысы бойынша қалыптастырады. Кедергілер болмаған жағдайда сөздерді ажырату 100 %-ке тең - ол 1-ші класс. 2-ші классқа сөз деңгейі шудан 10-15 дБа -асса және 90-70 % болатын сөз анықтығына сәйкес келсе немесе 3,5 м қашықтықтан естілсе және т.с.с. жатады.
“Д а у ы с а п п а р а т ы н а ж ү к т е м е” (аптасына сөйленетін сағаттардың қосынды саны) оның кернеулік дәрежесін сипаттайды. Ең үлкен жүктемелер (3.1 немесе 3.2 класс) дауыстық-сөздік кәсіп иелерінде байқалады (ұстаздар, тәрбиешілер, дикторлар және т.с.с.)
Э м о ц и о н а л д ы ж ү к т е м е л е р келесі факторлармен сипатталады: өз іс-әрекеті нәтижесіне жауапкершілік дәрежесі (қателердің маңызы), өз өміріне қатер дәрежесі және басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік дәрежесі.
“Өз іс-әрекет нәтижесіне жауапкершілік дәрежесі. Қателер маңызы” атқарылатын іс-әрекеттің әртүрлі күрделілік дәрежесінде, жұмысшының өз еңбегі нәтижесіне қаншалықты әсерін тигізе алатынын көрсетеді. Кәсіпорын басшысы, шебері, авиадиспетчерлер, дәрігерлер, жүргізушілер және т.с.с. кәсіптер үшін жұмыстың ақырғы нәтижесіне ең жоғары жауапкершілік тән, ал жіберілген қателер техүрдістің тоқтауына, адам өмірі үшін қауіпті жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкін (3.2 класс). Белгілердің ең аз маңыздылығы жұмысшы тек өнімнің жекелеген элементтерінің орындалуына жауапты болғанда ғана байқалады, ал қате жіберілген жағдайда қосымша күш тек өзінің ғана тарапынан болады (зертханашы – 1-ші класс).
“Ө з ө м і р і н е қ а у і п т ө н у д ә р е ж е с і ” және “ басқалардың
қ а у і п с і з д і г і н е ж а у а п к е р ш і л і к д ә р е ж е с і” жол көлік жүргізушілеріне, дәрігерлер - инфекционисттерге және басқаларға тән. Бірқатар мамандықтар тек басқалардың қауіпсізігіне жауапкершілікпен сипатталады (авиадиспетчерлер, реаниматологтар және т.с.с.). көрсетілген факторлар болмайтын мамандықтар болады: ғылыми қызметкерлер, зертханашылар және т.б. – олардың еңбегі 1-ші класс кернеулі еңбек түріне жатады.
Ж ү к т е м е л е р д і ң б і р т е к т і л і г і тапсырманы орындауға қажетті элементтер санымен немесе көп рет қайталанатын операцияларды орындау ұзақтығымен (с), белсенді әрекет уақытымен ( ауысым ұзақтығынан %- бен алғанда) және техүрдіс барысына белсенді емес бақылау уақытымен (ауысым уақытынан %- бен алғанда) анықталады.
Көрсетілген факторлардың қарқындылығын хронометраждық бақылаулар кезінде анықтайды.
Ж ұ м ы с к ү н і н і ң т ә р т і б і жұмыс күнінің іс жүзіндегі ұзақтығымен, жұмыс ауысымдылығымен, белгіленген үзілістердің болуымен және олардың ұзақтығымен (түскі үзіліссіз) сипатталады. Еңбек кернеулігінің аталған факторларын анықтау ауырлық туғызбайды.
Еңбек үрдісінің кернеулігіне жалпы баға беру барлық 22 көрсеткіш бойынша іске асырылады. Егер еңбек іс-әрекетінің сипатына қарай қандай да бір көрсеткіш жоқ болса, ол 1-ші классқа (қолайлы) сәйкес келеді және де сәйкес графада белгіленеді.
Еңбек кернеулігіне ақырғы баға беруде “қолайлы” (1-ші класс) еңбек жағдайы - 17 немесе одан да көп көрсеткіштер 1-ші класс бағасын алса, ал қалғандары 2-ші классқа жатқызылса қалыптастырылады. “Рұқсат етілген” (2-ші класс) еңбек жағдайы келесі жағдайларда қойылады:
6 немесе одан да көп көрсеткіштер 2-ші классқа жатқызылса, ал қалғандары 1-ші класс болса;
1-ден 5-ші көрсеткішке дейін 3.1. және/немесе 3.2. зияндылық дәрежесіне жатқызылса, ал қалған көрсеткіштер 1-ші және/немесе 2-ші класс бағасын алса.
6 немесе одан да көп көрсеткіштер 3-ші класқа жатқызылса “Зиянды” (3-ші класс) еңбек жағдайы қойылады. Бұл кезде еңбек 1-ші дәрежелі кернеулі еңбекке келесі жағдайларда жатқызылады:
- 6 көрсеткіштер тек қана 3.1. класқа жатса, ал қалғандары – 1 және/немесе 2-ші класқа жатқызылса;
- 3-тен 5 дейін көрсеткіштер 3.1. класқа, ал 1-ден 3-ке дейінгі көрсеткіштер 3.2. класқа жатқызылса.
2-ші дәрежелі (3.2.) кернеулі еңбек, егер:
- 6 көрсеткіштер 3.2. класқа жатқызылса;
- 6-дан аса көрсеткіштер 3.1. класқа жатқызылса;
- 1ден 5-ке дейінгі көрсеткіштер 3.1. класқа, ал 4-тен 5-ке дейінгі көрсеткіштер - 3.2 класқа жатқызылса;
- 6 көрсеткіш 3.1. класқа жатқызылса және 1-ден 5-ке дейін 3.2. көрсеткіштер болса.6-дан аса көрсеткіштер 3.2. бағасын алса, еңбек үрдісінің кернеулігі бір саты жоғары бағаланады – 3.3. класс.
3 Тарау |
ЕҢБЕКТІ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ |
Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру (ЕҒҰ) – бұл еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру тәжірибесінде, оны қолайластыру мақсатында ғылым жетістіктерін пайдалану.
ЕҒҰ-дың негізгі түрлеріне келесілер жатады:
еңбектің қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайларын тудыруға бағытталған өндірістік жағдайды рационализациялау;
күш пен қозғалыстарды үнемдеуге ықпал ететін еңбек үрдісінің өзін рационализациялау. Ол құралдар салмағының, басқару мүшелеріне түсірілетін күштің шамасы және т.б., жұмыс орнының көлемінің жұмысшының антропометриялық және психофизиологиялық көрсеткіштерімен сәйкес келуіне қол жеткізумен қамтамасыз етіледі;
еңбекті уақыт бойынша рационалды бөлу, яғни қолайлы ішкі еңбек тәртібі мен демалысын жасау;
жұмыстан тыс уақытты рационалды ұйымдастыру.
Еңбек гигиенасы дәрігері негізінен ЕҒҰ-дың алғашқы үш түрінің шараларын өңдеуге және баға беруге қатысады.