Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары

Еңбек жағдайының ауырлық көрсеткіштері

Еңбек үрдісінің кластары

Қолайлы (жеңіл физикалық жүктеме)

Рұқсат етілген (орташа физикалық жүктеме)

Зиянды (ауыр еңбек)

1-ші дәреже

2-ші дәреже

1

2

3.1

3.2

1. Физикалық динамикалық жүктеме (ауысымдағы сыртқы механикалық жұмыс бірлігі, кг·м)

1.1. Аймақтық жүктеме кезінде (қол мен иық белдеуі бұлшықет-терінің қатысуы-мен) жүкті 1 м қашықтыққа тасымалдаған кезінде:

ерлер үшін:

2500 дейін

5000 дейін

7000 дейін

7000 аса

әйелдер үшін:

1500 дейін

3000 дейін

4000 дейін

4000 аса

1.2.Жалпы жүк- теме кезінде (қол, тұлға, аяқ бұлшықеттері қатысуымен):

1.2.1. 1 м ден 5 м қашықтықта жүк тасымалдау кезінде:

ерлер үшін:

12 500 дейін

25 000 дейін

35 000 дейін

35 000 аса

әйелдер үшін:

7500 дейін

15 000 дейін

25 000 дейін

25 000 аса

1.2.2. 5 м-ден аса қашықтыққа жүкті көтеріп тасымалдаған кезде:

ерлер үшін:

24 000 дейін

46 000 дейін

70 000 дейін

70 000 аса

әйелдер үшін:

14 000 дейін

28 000 дейін

40 000 дейін

40 000 аса

2. Қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің салмағы, (кг)

2.1. Ауыр жүкті басқа жұмыспен кезектестіре (1 реттік) отырып көтеру және тасымалдау (1 сағатта 2 ретке дейін):

ерлер үшін:

15 дейін

30 дейін

35 дейін

35 аса

әйелдер үшін:

5 дейін

10 дейін

12 дейін

12 аса

2.2. Жұмыс ауысымы бойына ауыр жүкті тұрақты көтеру және тасымалдау (бір реттік):

ерлер үшін:

5 дейін

15 дейін

20 дейін

20 аса

әйелдер үшін:

3 дейін

7 дейін

10 дейін

10 аса

2.3. ауысымның әрбір сағатында тасымалданатын жүктердің қо- сындылық салмағы:

2.3.1. Жұмыс беткейінен:

ерлер үшін:

250 дейін

870 дейін

1500 дейін

1500 аса

әйелдер үшін:

100 дейін

350 дейін

700 дейін

700 аса

2.3.2. Еденнен:

ерлер үшін:

100 дейін

435 дейін

600 дейін

600 аса

әйелдер үшін:

50 дейін

175 дейін

350 дейін

350 аса

3. Стереотиптік жұмыс қозғалыстары (ауысымдағы саны)

3.1. жергілікті жүктеме кезінде (қол басы мен саусақ бұлшықеттері қатысуымен)

20 000 дейін

40 000 дейін

60 000 дейін

60 000 аса

3.2. аймақтық жүктеме кезінде (көбіне қол және иық белдеуі бұлшықеттері қатысуымен).

10 000 дейін

20 000 дейін

30 000 дейін

30 000 аса

4. Статикалық жүктеме – ауысымдағы жүкті ұстап тұрудағы және күш салғандағы статикалық жүктеме шамасы, кгс ·с

4.1.Бір қолмен:

ерлер үшін:

18 000 дейін

36 000 дейін

70 000 дейін

70 000 аса

әйелдер үшін:

11 000 дейін

22 000 дейін

42 000 дейін

42 000 аса

4.2. Екі қолмен:

ерлер үшін:

36 000 дейін

70 000 дейін

140 000 дейін

140 000 аса

әйелдер үшін:

22 000 дейін

42 000 дейін

84 000 дейін

84 000 аса

4.3. Тұлға және аяқ бұлшықеттері қатысуымен:

ерлер үшін:

43 000 дейін

100 000 дейін

200 000 дейін

200 000 аса

әйелдер үшін:

26 000 дейін

60 000 дейін

120 000 дейін

120 000 аса

5. Жұмыс қалпы

5. Жұмыс қалпы

Еркін, ыңғайлы қалып, дененің жұмыс жағдайын ауыстыру мүмкіншілігінің болуы(отырып, тұрып). Ауысымның 40% уақытында тұру қалпында болу

Кезеңдік, ауысымның 25%-ке дейін уақытында, ыңғайсыз(тұлғаның бұрылуымен, аяқ-қолдың ыңғайсыз орналастырылуымен және т.б. болатын жұмыс) және/немесе бекітілген қалыпта (дененің әр түрлі бөліктерін бір біріне қатысты өзара қалпын өзгерту мүмкіншілігінің болмауы). Ауысымның 60% уақытында тұру қалпында болу.

Кезеңдік, ауысымның 50%-ке дейін уақыты, ыңғайсыз және/ немесе бекітілген қалыпта өтуі; мәжбүрлік қалыпта (тізерлеп және т.с.с.) жұмыс ауысымының 25 %-ға дейін уатында болу. Ауысымның 80% уақытында тұру қалпында болу.

Кезеңдік, ауысым 50% дан аса уақытында, ыңғайсыз және/немесе бекітілген қалыпта өтуі Мәжбүрлік қалыпта (тізерлеп және т.с.с.) жұмыс ауысымының 25%-дан аса уақытында болу. Ауысымның 80% аса уақытында тұру қалпында болу

6. Тұлғаның еңкеюі

Тұлғаның еңкеюі (мәжбүрлілік 30º-тан аса), ауысымдағы саны

50 дейін

51 – 100

101 – 300

300 аса

7. Технологиялық үрдіспен байланысты кеңістікте қозғалып жүру, км

7.1. Көлденеңінен

4 дейін

8 дейін

12 дейін

12 аса

7.2. Тігінен

2 дейін

4 дейін

8 дейін

8 аса

Жергілікті қозғалыстар, ереже бойынша тез екпінмен орындалады (минутына 60-250 қозғалыс), олардың ауысымдағы саны бірнеше ондаған мыңдарға жетуі мүмкін. Жергілікті жұмыстарда екпін, яғни уақыт бірлігіндегі қозғалыстар саны, іс жүзінде өзгермейді; 10-15 минуттағы қозғалыстар санын санап 1 минут ішіндегі қозғалыстар санын есептейді. Алынған шаманы осы жұмыс орындалатын минут санына көбейтеді. Жұмыс уақыты хронометраждық бақылаулармен анықталынады. Қозғалыстар санын сонымен бірге күндізгі жұмыстармен де анықтауға болады.

Аймақтық жұмыс қозғалыстары ереже бойынша баяуырақ екпінмен орындалады және оларды 10-15 минутта немесе ауысымда бірнеше реттен 1-2 операцияда санауға болады. Ауысымдағы жалпы қозғалыстар саны жергілікті жұмыстағы сияқты анықталады.

Адаммен жүкті ұстап тұрумен немесе дененің немесе оның жекелеген бөліктерінің орын ауыстыруынсыз күш түсірумен байланысты статикалық жүктеме (кгс ·с) ұсталынып тұратын күш шамасын секундпен берілген оны ұстап тұру уақытына көбейтумен есептеледі.

Өндірістік жағдайларда статикалық күштену екі түрде болады: өңделіп жатқан бұйымды (құралды) ұстап тұруда және өңделіп жатқан құралды (бұйымды) өңделіп жатқан бұйымға (құралға) қысып тұрғанда. Бірінші жағдайда статикалық күштену шамасын ұсталынып тұратын бұйымды (құралды) таразыда салмағын өлшеу арқылы анықтайды. Екіншіде – қысу шамасы құралға немесе бұйымға бекітілген тензометрлік (пьезокриссталдық) көрсеткіштер көмегімен анықталады. Статикалық күштенуді ұстап тұру уақыты хронометраждық зерттеулер (жұмыс күнін суретке тартып алу бойынша) негізінде қалыптастырылады.

Жұмыс қалпының сипаты (еркін, ыңғайсыз, бекітілген, мәжбүр) көзбен қарау арқылы анықталынады. Мәжбүр қалыпта болу уақытын хронометраж негізінде табады.

Тұлғаның еңкею сандарын (ауысымдағы) ауысымда немесе бір операция кезінде тікелей санау жолымен анықтайды, соңғысында олардың санын жұмыс күні бойындағы операциялар санына көбейтумен табады. Градуспен берілген еңкею тереңдігін бұрыштарды өлшеуге арналған кез келген құралмен (мысалы, транспортирмен) анықтайды.

Кеңістікте қозғалу (технологиялық үрдіспен байланысты ауысым бойына көлденеңінен немесе тігінен – баспалдақтармен, пандустармен және т.б. орын ауыстырулар, км) қадам өлшегіш құралының көмегімен анықтайды. Түскі үзіліс және регламенттелген үзіліс уақытындағы қадамдар тіркелмейді. Ауысымдағы қадамдар саны қадам ұзындығына (еркектер қадамы орта шамамен 0,6 м, ал әйелдердікі - 0,5 м-ге тең болады) көбейтіледі және алынған шама км-мен беріледі.

Ауырлық дәрежесі бойынша еңбекке жалпы баға беру жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Ақырғы баға беру ең үлкен классқа жатқызылған көрсеткіш бойынша қалыптастырылады. 3.1. және 3.2. кластарының екі және одан да көп көрсеткіштері болғанда жалпы баға беру бір дәрежеге көтеріледі (3.2. және 3.3. кластары сәйкес). Ауырлық дәрежесі бойынша ең жоғарғы баға - 3-ші класс 3-ші дәреже.

Еңбек үрдісінің кернеулігі сандық немесе сапалық айқындылығы бар және жүктеме түрлері бойынша: ақыл ойлық, сенсорлық, эмоционалдық, біртекті, режимдік болып топтастырылған бірқатар факторлармен сипатталады (2.3. кесте). Жұмысшылардың кәсіптік топтарының еңбек кернеулігіне баға беру еңбек іс-әрекетін және оның құрылымдарын талдауға негізделген. Ол үшін бір аптадан кем емес уақыт ішінде барлық жұмыс ауысымы бойына хронометраждық бақылау әдісі қолданылады.

Ақыл–ой сипатындағы жүктемелерге жұмыстың мазмұны, сигналдарды (ақпараттарды) қабылдау және оларға баға беру, тапсырмалардың күрделілік дәрежесіне және орындалатын жұмыстың сипатына қарай қызметтерді бөлу жатады.

“Жұмыстың мазмұны” белгісі тапсырманың орындалу күрделілігінің дәрежесін көрсетеді – қарапайым есептерден күрделі тапсырмаларды алгоритмсіз шешумен байланысты шығармашылық (эвристикалық) іс-әрекетке дейін. Мысалы ең қарапайым есептерді зертханашылар шешеді (еңбек жағдайының 1-ші класы); қарапайым есептерді шешумен байланысты, бірақ таңдамалы (нұсқау бойынша) болып келетін жұмыстар, медбикелер, телефонисттер және т.с.с (2-ші класс) үшін. Белгілі алгоритм бойынша шешілетін күрделі есептер (нұсқаулар топтамасы бойына жұмыс істеу) өндірістік кәсіпорындардың басшылары, шеберлері, жол көлік жүргізушілері және т.с.с. арасында орын алады (3.1. класы). Шығармашылық (эвристикалық) іс-әрекетті талап ететін, мазмұны бойынша күрделірек жұмысқа ғылыми қызметкерлер, құрастырғыштар, дәрігерлер және басқа жұмыстар жатады (3.2. класс).