
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
Еңбек іс-әрекетінде әртүрлі мазмұнды, еңбек жағдайы әртүрлі және өндірістік тапсырмалардың орындалу қарқындылығы да әртүрлі, соның ішінде жұмысшының функционалдық жағдайына, оның денсаулығына әсері де ерекше болуы мүмкін мыңдаған кәсіп түрлері кездеседі. Бұл еңбек үрдістерін ауырлығы және кернеулігі бойынша жіктеуге қол жеткізеді, ол өз кезегінде еңбекті шектеу мәселелерін шешуде, оны сауықтырудың негізгі бағыттарын негіздеуде, қоршаған орта факторларын нормалауда, жұмысшыларға осы немесе басқа жеңілдік түрлерін көрсетуде, сонымен қатар жұмыс орындарын аттестациялауда қолданылуы мүмкін.
Еңбек іс-әрекетінде ағзаның физиологиялық күштенуі көбіне не дене еңбегімен айналысумен, не болмаса орталық жүйке жүйесіне жүктемемен байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты еңбек ауырлықпен немесе кернеулікпен сипатталады.
Еңбектің ауырлығы – көбінесе қимыл-қозғалыс аппаратына және оның іс-әрекетін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерге (жүрек-тамыр, тыныс алу және т.б.) жүктеме түсіретін еңбек үрдісінің сипаттамасы. Басқа сөзбен айтса, еңбек ауырлығы энергетикалық (күштік) құрамдаспен анықталады.
Еңбектің кернеулігі - көбіне орталық жүйке жүйесіне түсетін жүктемемен көрінетін еңбек үрдісінің сипаттамасы, жүйкелік, психоэмоционалдық кернеулікпен, ақыл-ойлық жүктеменің ұзақтығы және қарқындылығымен анықталады.
Еңбекті бұлайша бөлу (ауыр және кернеулі) шартты болады, яғни дене еңбегі міндетті түрде орталық жүйке жүйесіне жүктеме түсірумен және керісінше: ақыл-ой еңбегі - бұлшықет құрамдасымен (мысалы, жұмыс қалпын ұстап тұру) жүреді.
Еңбекті ауырлық және кернеулік дәрежесі бойынша жіктеу үшін сандық және сапалық көрсеткіштер қолданылады.
Сапалық көрсеткіштерге жатады: 1) субъективті (зорығуға шағымдану және т.с.с.); 2) әлеуметтік (мамандар тапшылығы); 3) технико-экономикалық (ақау, еңбек өнімділігі және т.б.); 4) медициналық-биологиялық (еңбек ұжымының денсаулық жағдайы, аурушаңдық және басқалар).
Сандық көрсеткіштердің ішінде бөледі: 1) физиологиялық, яғни жұмысшының ағзасында қалай жұмыс мезгілінде, солай жұмыстан тыс (қалпына келтіру кезеңі, ол да еңбек ауырлығы мен кернеулігі дәрежесін сипаттай алады) өтіп жататын физиологиялық реакциялардың көрсеткіштері; 2) эргометрлік, яғни орындалған жұмыстың санын сипаттайтын көрсеткіштер (тасымалданатын жүктің салмағы, физикалық динамикалық жүктеме және т.с.с.).
Еңбек үрдісінің ауырлығына “ Өндірістік орта факторларының қауіптілік және зияндылық көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігі бойынша еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері ” (Б 2.2. 755–99) бойынша баға береді. Еңбек ауырлығы факторларының деңгейлері жұмысшының жеке ерекшеліктеріне тәуелсіз еңбек үрдістерін сипаттайтын эргономикалық шамалармен көрінеді.
Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштеріне жатады (кесте 2.2):
физикалық динамикалық жүктеме;
қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің салмағы;
стереотиптік жұмыс қозғалыстары;
статикалық жүктеме;
жұмыс қалпы;
тұлға еңкеюлері;
кеңістікте қозғалуы.
Сандық өлшеу және баға беруге арналған еңбек үрдісінің әрбір көрсетілген факторы өзіндік жеке қарастыруды талап етеді.
Физикалық динамикалық жүктеме ауысымдағы сыртқы механикалық жұмыс бірлігімен анықталады (кг/м).
Оны санау үшін әрбір операциядағы қолмен тасымалданатын жүктің салмағын, оның метрмен алынған тасымалдау қашықтығын және ауысымдағы операциялардың жалпы санын білу керек. Бір операциядағы сыртқы механикалық жұмыс жүктің салмағын (кг) оны тасымалдау қашықтығына (м) көбейту жолымен есептеледі және одан әрі алынған мәнді операциялар санына көбейте отырып ауысымдағы берілген көрсеткішті табады¹.
Физикалық динамикалық жүктеме көрсеткіші бойынша еңбекке дұрыс баға беру үшін жұмысшының жынысын, бұлшықеттік жүктеме сипатын да ескеру қажет. Соңғысы, егер еңбек іс-әрекетіне ⅔ астам барлық бұлшықет салмағы (қол, аяқ, тұлға бұлшықеттері қатысатын жұмыстар) қатысса жалпы болуы мүмкін, аймақтық – егер ⅓ -ден ⅔ -ге дейін бұлшықет салмағы (қол және иық белдеуі бұлшықеттерінің қатысуымен болатын жұмыстар) қатысса, жергілікті - ⅓ -ден аз бұлшықет салмағы (қол бұлшықеттері қатысуымен болатын жұмыстар) қатысса.
Жұмыс ауысымы бойына (тұрақты немесе оны басқа жұмыспен кезектестірген кезде) қолмен көтерілетін және (немесе) тасымалданатын жүктің салмағы (кг) тауарлық таразыларда өлшеумен анықталынады. Бұл кезде максимальды шама тіркеледі. Аталған көрсеткішті құжаттар бойынша анықтауға болады (технологиялық регламент). Әрбір сағаттағы тасымалданатын жүктің қосынды салмағын анықтау үшін барлық жүктердің салмағы қосылады. Тасымалданатын жүк бір салмақта болған жағдайда ол әрбір сағаттағы көтерімдер мен тасымалдаулар санына көбейтіледі. Егер жүкті тасымалдау қашықтығы әртүрлі болса, онда қосынды механикалық жұмыс орташа тасымалдау қашықтығымен теңестіріледі.
Стереотипті жұмыс қозғалыстары “Жіктемеге” сәйкес бұлшықет жүктемесінің сипатына қарай жергілікті және аймақтық болып бөлінеді. “Жұмыс қозғалыстары ” түсінігі дененің немесе оның бөлігінің бір қалыптан екінші қалыпқа бірреттік алмасуын береді.