Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тезисы лекций.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

5. Абайсызда жасалатын қылмыстарды жасаған кезде кінәлінің әрекеті қоғамда бекітілген тәртіп ережелерін және нормаларын сақтауға, қоршаған шындыққа оның қатынасымен анықталады.

Абайсызда қылмыстарды жасайтын тұлғалардың көпшілігі қоғамдық нормаларға теріс қатынасы бар. Олардың әрекеттері қоғам өзінің қауіпсіздігін қамсыздандыру үшін әзірлеген ережелерге немқұрайдылық қатынасымен сипатталады.

Абайсызда қылмыс жасаған тұлғалар арасында ер адамдардың басымдылығы байқалады. Бұл табиғатты қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін сақтау, техникалық құралдарды қолдануды көздейтін кәсіби қызметтің қатысу басымдылығымен түсіндіріледі.

Абайсызда қылмыс жасайтын тұлғаларды олардың арасында орта жастағы тұлғалардың басымдылығы айырады. Бұл жағдай осы жасқа жеткен адамдардың өздерінде автомобиль жүргізуіндегі тәжірибесі бар және жол жүру ережелерін бұзу кезінде зиянды салдарлардың болмау мүмкіндігіне сенетінімен сипатталады, көбінесе бекітілген ережелерге немқұрайдылықпен қарауымен де сипатталады.

Абайсыздықпен қылмыс жасаған тұлғалардың әлеуметтік-рөлдік мінездемесі, отбасылық жағдайы және білім беру деңгейі сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған тұлғалардың мінездемесінен елеулі айырмашылығы жоқ.

Абайсызда қылмыс жасаған тұлғаларға өзімшілдік, өзінің әрекеттеріне және шешімдеріне әлеуметтік салдарларға немқұрайдылығы, кәсіби қызмет ережелеріне формальдық қатынасы (соның ішінде жоғары қауіптілігі бар қайнар көздерді пайдалану) сияқты сапалар тән. Сондықтан абайсызда жасаған қылмыстарды күрделі жағдайда әрекет жасай алмаушылығы нәтижесі сияқты қарастыруға болмайды. Бірақ абайсызда жасалған қылмыстардың нақты бөлігі кәсіби немесе тұрмыстық қызметтің қауіпсіздік ережелерін білмеуімен (толық білмеуімен) немесе нақты жағдайда оларды қолдануды білмеуімен (мысалы, кәсіби дайындығының жетіспеушілігі, тәжірибенің аздығы) байланысты, бұл ережелерді бұзудың 55-60% жай, экстремалды емес жағдайда ұғынылып жасалады.

Көптеген абайсызда қылмыс жасаған қылмыскерлерде тұлғаның құндылық-нормативтік бағдарлауда ауытқулар және бұрмалаулардың дамуы байқалады.

Тәртіптің жеңілтектік-жауапкершіліксіз (мүліктің, басқа тұлғаның қауіпсіздгі қатынасында) немесе өзімшілдік-тұтынушылық (кәсіби және тұрмыстық) немесе олардың қосылуының бағдарлаудың басымдылығы анықталады. Өзінің мүмкіндіктерін және күрделі жағдайларда қауіпсіздік әрекеттерді жасау мүмкіншілігін жоғары бағалау кеңінен таралған.

Қауіпті жағдайларды кәсіби тану білмеуі және оларды келесіде болдлырмау, бұрын болған бұзушылықтар сәтсіз аяқталу нәтижесінде жасалған қылмыстар да аз емес. Кәсіби қызметпен байланысты абайсызда қылмыс жасаған тұлғалардың бесеуінің үшеуі бұрын сәйкес сақтандыру ережелерін бұзуына жол берген.

Көптеген жағдайларда абайсызда жасалатын қылмыстар мас күйінде жасалады.

Сонымен қатар, абайсызда қылмыс жасайтын қылмыскерлердің адамгершілік-психологиялық белгілердің ауытқулары және бұрмалануы көбінесе локальді сипатта болады және әсіресе сақтандыру, қауіпсіздік ережелеріне немқұрайдылық қатынасы жіберілетін жағдайларда көрініс табады.

Осы тұлғалардың көпшілігінің кәсіби және тұрмыстық мінездемелері жақсы жағынан сипатталады (тек қана бес-жеті кінәлі адамдардың біреуінің теріс мінездемесі болған).