Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тезисы лекций.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

6. Абайсызда жасалатын қылмыс қашанда адамның қателігі негізінде болады. Ол заңмен қорғалатын қоғам мүддесіне зиян келтіреді.

Осындай адам қателерінің көзі тұлғаның қару - жарақпен немесе белгілі жағдайда қолданылатын құралдармен әрекетінің ерекшелігін тиісті түрде есепке алмауда. Кінәлінің қателерін тану үшін біріншіден, жағдай немесе қүрал адамға, қоғамға келтірілетін қауіпке қатысты белгі, жасалып жатқан әрекеттің қауіптілігі туралы ақпарат беруі керек; екіншіден, жағдай немесе қүрал адам үшін осы қауіптен қүтылатын мүмкіндік беруі керек; үшіншіден, адамның өзі өзінің жеке басының сапасы негізінде осы ақпаратты қабылдауға, түсінуге соның негізінде қоғамға қауіп келтірмей отырып дүрыс шешім қабылдауға және оны жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.

Абайсызда жасалған қылмыстардың түріне қарамастан, оларға қылмыстық детерминация сызбасы сәйкес. Абайсызда жасалатын қымыстардың себептері мен дәлелдері қауіпсіздік ережелеріне эгоистік-түтыну түрғыдан немесе жеңілтек- жауапсыздықпен қарауда, кәсіби қызметте және түрмыста қауіпті ескермеуде. Атап айтқанда, әңгіме жекелеген қауымдастық пен адамдар топтарының қылмыстық -деформацияға үшыраған бөлшектерінде мысалы, карьеризм авантюризм яғни қоғамдық мүддеден жеке бастың мүддесін жоғары қоятын тағы басқа да сүраныстар, қоғамға қүрметпен қарамау, тәртіпті сақтамау; «өзінің» кәсіпорнының мүдделерін теріс түсіну (топтық эгоизм).

Түлғаның жеке басына берілген мінездеме абайсызда қылмыс жасаған қылмыскердің қылмыс жасауда қоғамға қарсы нақты қылмыс жасау мақсаты жоқтығын көрсетеді.

Абайсызда жасалатын қылмыстардың қүрылуы мен дамуы мыналардың әсерінен болады: а) отбасы-түрмыстық және өндірістік ортаның әдет-ғүрыптары; б) кәсіби және түрмыстық қызмет атқарушы түлғалар тарапынан теріс үлгі немесе «түсіндірулер» (кеңестер) берілуі, сондай-ақ өндіріс қызметінен қандай жолмен болса да «қолайлы» нәтижелерге қол жеткізуге үмтылушылар; в)кейбір бүқаралық ақпарат қүралдарының тәуекелшілік пен батылдықты бүрмалауы, дүрыс айтпауы.

Абайсызда жасалатын қылмыстарға тиісті қызметті үйымдастыру және басқару саласындағы кемшіліктер ықпал етеді; өндіріс текникасы мен технологиясы қауіпсіздік ережелерін сақтауға бақылау жүргізу; кадрларды оқыту, тәрбиелеу; түрмыстық және кәсіби қызметтің тәртібі; қүқықтық реттеу; арнайы профилактика мен абайсызда жасалған қылмыстар үшін жауапкершіліктің бүлтартылмастығы.

Сонымен, абайсызда жасалатын қылмыстарға ықпал ететін жағдайлар арасында арнайы профилактика мен кінәлілердің жауапкершіліктерін бүлтартпауда кездесетін кемшіліктер бар.

Қауіпсіздік техникасы мен табиғатты қорғау бойынша заң бүзушыларға қатысты қүқық қорғау органдарының профилактикалық жүмысының дәрежесі жоғары емес.

Міне сондықтан, қылмыс жасаушы субъектімен объективті жағдайлар арасындаға қарама-қайшылықтар абайсызда жасалатын қылмыстардың негізгі себептері болады. (жағдайлар, нақты еңбек құралы, техникалық құралдар және т.б.). Сонымен бірге абайсызда қылмыс жасаған тұлғаның кемшіліктері, жағдай мен құралдың қауіптілігі қылмыстың жалпы әлеуметтік себептері мен жағдайларында, тұтас алғанда: саяси және экономикалық тығырықта, қоғамдық және жеке естің деформацияға ұшырауында, қоғамдық өмірдің дүрыс

үйымдастырылмауында.

Абайсызда жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін мынадай жалпы әлеуметтік іс-шаралар маңызды, бүларға: еңбек және қоғамдық тәртіпті нығайту, маскүнемдікке қарсы күресті күшейту, қүқықтық, экологиялық, антиалкогольдік тәрбиені кеңейту және нығайту жатады. Олар абайсыз қылмыс жасауға ықпал ететін өндіріс технологиясындағы, жоспарлау, басқару, бақылауды үйымдастыруда, кадрлар дайындау және таңдауда кездесетін әр түрлі кемшіліктерді жоюға көмектеседі, сондай-ақ қылмыстардың себебі болып табылатын топтың және жеке түлғаның қылмыстық деформациясын шектейді және оларды жоюды мүмкін етеді.

Абайсыз қылмыстарға қарсы күресуде арнайы профилактика шаралары маңызды орын алады. Оларға: қауіпсіздік техникасының ең тиімді қүралдары мен табиғатты қорғау; Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік және басқа да соларға негіз дайындайтын қылмыстар; бақылау жүргізуші органдардың, тергеу және сот талқылауы органдарының абайсызда жасалған әр түрлі қылмыстарға қатысты жүмыс үйымдастыруы мен әдісін, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның орындалуына жүргізілетін прокурорлық қадағалауды жақсарту жатады.

Абайсызда қылмыс жасауға жақын түлғалармен жеке жүмыс жүргізу, жалпы және арнайы шаралар дайындау қүқық қорғау органдарында маңызды орын алады.

Абайсызда жасалатын қылмыстардың профилактикасы соларға қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілсе ғана мүмкін. Техника пайдаланудағы кемшіліктерді жою, техниканы модернизациялауда, өндірісті басқаруды үйымдастыру, бақылау кешенді шаралар қолдануды қажет етеді.

Өндірістің қауіпсіздігін бүзатын технология кемістігін жою үшін, тек жаңа техникалық қүралдар ғана енгізіп қоймай, жүмыскерлерге олармен қалай жүмыс істеу керектігін үйрету де қажет. Бүл өз кезегінде кәсіби біліктілікті арттыру, бақылау жүйесін өзгерту және т.б. міндеттер жүктейді. Кәсіпорын мен үйымдардың басшыларының инспекция қызметкерлерін тәрбиелеуге бағытталған шаралар қабылдауы, техника қауіпсіздігі мен табиғатты қорғау мәселелеріне баса назар аударуы, өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау, жеке бастың принципі мен басқа да сапасын көрсету абайсызда жасалатын қылмыстарға қарсы күресуде қажет.

Көрсетілген мәселелер бойынша оң қоғамдық пікір қалыптастыруда, олардың сәтті шешілуінің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіруде ұзақ та табанды еңбек ету талап етіледі.

Тек қана осындай жағдайларда техника қауіпсіздігі, табиғатты қорғау заңдарын бүзатындарға қарсы күрес жүргізетін органдар мен қызметтің ақпараттық қамтамасыз етілуі бойынша үйымдастыру - басқару шаралары тиісті нәтижесін береді; олардың қызметін үйлестіру, әдістері мен бақылау.