
- •Дәрістердің тезистері
- •2. Қылмыснаманың пәнінен оның мақсаты, міндеттері және функциялары шығады.
- •2. Жалпы ғылыми әдістер формальды логиканы, яғни талдау мен синтезді, индукцияны, дедукцияны, корытындылауды, абстрагиялауды, болжауларды шығару және т.Б. Кіргізеді.
- •3. Биологиялық бағытымен бірге қылмыснаманың социологиялық мектебі пайда болды, оның негізболушысы Кеиле өзінің факторлар теориясымен болады.
- •2. Қылмыстылық себептері мен шарттары мағлүматтарын жүйелілік көзқарасымен бағалау көпфакторлы (кондиционалистік)теория ретінде ешбір негізсіз болып табылады.
- •Бақылау сұрақтары:
- •2. Кәмелетке толмағандардың қылмыс бiрiншi кезекте қылмыскердiң тұлғасының негiздермен анықталады.
- •3. Кәмелетке толмаған қылмыстың себептер және жағдайлар қылмыстар сияқты әлеуметтiк шартты сипатына ие.
- •2. Профессионалды қылмыскерлердiң тұлғасы үшiн рецидивист қылмыскерлердiң тұлғасы сияқты белгiлер сипатты (дүниеқорлық, пайдакүнемдiк, паразиттiлiк ұмтылыстар және т.Б.).
- •5. Абайсызда жасалатын қылмыстарды жасаған кезде кінәлінің әрекеті қоғамда бекітілген тәртіп ережелерін және нормаларын сақтауға, қоршаған шындыққа оның қатынасымен анықталады.
- •6. Абайсызда жасалатын қылмыс қашанда адамның қателігі негізінде болады. Ол заңмен қорғалатын қоғам мүддесіне зиян келтіреді.
- •Бақылау сұрақтары:
Дәрістердің тезистері
Дәріс 1
Тақырып: Қылмыснама ғылым ретінде. Басқа ғылымдар жүйесіндегі орны және мақсаты оның пәнi
Мақсаты: Қылмыснаманың ұғымын ғылым ретінде ашу. Оның пәнін, міндеттерін және басқа ғылым ішіндегі орнын ашу
Жоспар
1.Қылмыснаманың ғылым ретінде ұғымы. Қылмыснама пәні.
2.Қылмыснама ғылымының мақсаттары, міндеттері, функциялары.
3.Қылмыснама курсының жүйесі. Қылмыснаманың Жалпы және Ерекше бөлімдері.
4.Қылмыснаманың ғылым жүйесіндегi орны.
1. Қылмыснама (Криминология)- бұл қылмыс туралы ілім (латынның crime – «қылмыс» және гректің logos- «ілім»). Уақыт өткенсін бұл сөздің мәні кең қарала бастады, және қазіргі кезде ол қылмыстық туралы ғылым ретінде түсініледі.
Қоғамдық ғылым ретінде, қылмыснама қылмыстық пен қандай да болсын байланыстағы әлеуметтік құбылыстардың және процестердің және оның пайда болу табиғатының кең түптерін оқып-таниды. Оқып-танитын қоғамдық құбылыстарының көптеген түріне қарамастан қылмыснаманың ғылым ретіндегі негізін оның пәні құрады, яғни ол дәл нені оқып-таниды деген сұраққа жауап.
Қылмыснама – бұл қылмыстықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін, мәнін және оның көрінетін нысандарын, пайда болу заңдылығын, іс жүзінде болуын және өзгеруін; оның себебін және басқа детерминанттарын (олар құбылысты тудыратын олардың өмірде болуының байланысын нақты факторларды), қылмысты жасайтындардың жеке басын; қылмысты алдын алу шарттарының жүйесін әлеуметтік-құқықтық жалпытеориялық және қолданбалы ғылым.
Сонымен, қылмыснама пәнінің негізгі элементі ерекше әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде қылмыстық болады. Бірақта қылмыстықтың өзі көлемімен (жағдайымен),қарқындылығымен (деңгейімен), динамикасымен, құрылымымен, зардаптарымен және басқа белгілерімен сипатталатын өте күрделі әлеуметтік құрылым болып көрінеді.
Қылмыснамамен шешетін екінші міндет қылмыстық неге пайда болды және іс жүзінде болатыны, оған не жарамды негіз болады, қылмыстықтың көздері неде деген сұрақтарға жауап беруге арналған, яғни қылмыстықтың қоғам өмірімен күрделі байланысын және оның қайшылығын анықтауға бағытталған.
Қылмыстық – бұл тек қылмыснамалық түсінік емес, бірақ сезімділікті және еріктілікті таситын болатын, нақты адамдардың қылмыстық әрекеттерінде көрінетін және табылатын реалды әлеуметтік негативті құбылыс. Сондықтан, қылмыс жасаған адамдардың жеке басын оқып-танымай қылмыстық туралы қандай да болсыг толық және шындық білім алуға болмайды.
Ақырында, қылмыснама қылмыстықты алдын алу проблемаларын оқып-таниды – көпдеңгейлі сипат алатын және осы негативті қоғамдық қауіпті құбылысты жеңу мақсатын қойятын әлеуметтік реттеудің, басқарудың және бақылаудың ерекше облысы.
2. Қылмыснаманың пәнінен оның мақсаты, міндеттері және функциялары шығады.
Қылмыснаманың теориялық мақсаты қылмыстықты оқып-тану және танудың қорытындысында болашақ ғылыми қызметінің нәтижесінің моделін құруда болады.
Практикалық мақсаты қылмыстық пен күресудің нәтижесін көтері бойынша ғылыми мінездемелерді және конструктивтік ұсыныстарды шығаруда көрінеді.
Қылмыснаманың перспективалы мақсаттары криминогендік факторларды жеңу және бейтарап қалдыру өз уақытында рұқсат ететін қылмыстықты алдын алудың әржақты және бұранды жүйесін құруда болады.
Жақынғы мақсаттар, ережеде, қылмыстықпен күресу облысындағы күнделік ғылыми және практикалық жүмысты іске асырумен байланысты, оның алдын алуымен, криминогендік жағдайдағы барлық өзгерістерге жедел және и кемді құлақ салумен және бұл процеске сәйкес өзгерістер кіргізумен.
Қылмыснама ғылымының мақсаттарынан оның міндеттері шығады, оларға қатыстыруға болады:
Қылмыстық туралы объективтік және шындық білім алу, бұрын және қазірдегі оның көлемі (жағдайы), қарқындылығы (деңгейі), құрылымы және динамикасы;
Қылмыстық түрлерін қылмыснамалықлық оқып-тану (алғашқы, қайталану, күштеген, пайдакүнемдік; ересектердің қылмыстығы, кәмелетке толмағандардың және т.б.) олармен дифференциялық күрес жүргізу үшін;
Қылмыстылықтың себептері мен шарттарын ашу және ғылыми оқып-тану;
Қылмыскердің жеке басын және онымен қылмыс жасау механизмін оқып-тану, қылмыстық әрекеттердің әр түрлерін жіктеу және қылмыскерлердің жеке басының типтерін;
Қылмыстықтық алдын алу және онымен күресудің ең мақсатты негізгі бағыттарын анықтау.
Қылмыснама ғылыми өзінің міндеттерін анықталған функцияларды орындаумен шешеді. Үш негізгі функцияны боледі: сипаттамалы (диагностикалық), түсіндірілген (этнологиялық) және болжамалы.
Сипаттамалы функция эмпириялық материалдарды жинау негізінде, қылмыснаманың пәніне кіретін, кұбылыстар және процестерді бейнелеуден тұрады.
Түсіндірілген сол немесе басқа оқып-танылатын процесс қалай өтетінін түсіндіреді және ол солай, ал басқалай емесін көрсетеді.
Болжамалы құбылыстын және процестің болашақ дамуын болжаумен байланысты.
3. Қылмыснамалық ілім өзімен тек қылмыстық және оның арабайланыстары туралы ілімнің жиынтығы ғана емес. Қылмыснамалық ғылыммен алынған білімдер өзаралы жүйеге, екі негізгі блоктан –Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұратын салынады.
Жалпы бөлім қылмыснаманың теориялық негіздерін қарастыруды кіргізеді. Ерекше бөлім – қылмыстардың бөлек түрлерінің қылмыснамалық сипаттамаларын оқып-тануды және оларды алдын алудың ерекшелігін. Қылмыснамалық білімдердің осындай құрылуы өте негізді болады, өйткені оқып-тану пәнінің жалпы теориялық негіздерін құшақтайды және қылмыснамалық ғылымның өз логикасын, сондай-ақ қылмыс топтарының және бөлек түрлерінің қылмыснамалық сипаттамасының ерекшелігін, оларды алдын алудың жолдары мен құралдарын.
4. Қылмыснаманың мәнін ашу үшін оның басқа ғылымдар жүйесіндегі орның анықтау маңызды.
XX ғасырдың басында қылмыснамалық проблематика қылмыстық құқықтық ішінде қаралған болатын. Бұл, қылмыснама қылмыстық құқықтың ішінде туындағаны бойынша аргументтелген, қылмыстық туралы ілім – қылмыстық құқықтық ғылымның аспектісі және қылмыснаманы қылмыстық құқықтық мазмұнынан алып тастау оны кепкен заңдылық догманы жасайды.
Шынында, қылмыснама және қылмыстық құқық кейбір жағдайда бір түсініктерді пайдаланады, мысалы «қылмыс», «жаза», «қылмыс құрамы», «қылмысты саралау» және басқалармен. Бірақта бұл мән-жай тек қылмыстық құқықтың және қылмыснаманың арабайланысы туралы куәландырады. Қылмыстық құқық көптеген жағдайларда да криминологиялық түсініктерді пайдаланады, бірақта криминология ғылымын кедейтпей және оның әлеуметтіктағайындауын кемітпей.
Қылмыснама жалпыда дербес құқықтық ғылым ретінде болмайды, құқықтық қатынастарды оқып-танымайды. Оның құқықтық жағы қылмыстықты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, ол қылмыстық заңда берілетін қылмыстық жүріс-тұрыстың құқықтық құрылымында негізделенуі болады. Сол кезде қылмыстықты, қылмыскердің жеке басын зерттеуге кең әлеуметтік жол оған сипатты. Сондықтан, қылмыснамамен қылмыстық құқықтың байланысына көзіміз жетеді, бірақ ол қылмыснаманың ғылым ретіндегі дербестілігін жоққа шығармайды.
Қылмыснама білімнін кешенді саласы ретінде, басқа ғылыми пәндермен байланысты, бірінші кезеңде осындайлармен: қылмыстық атқару құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминалистика, әкімшілік, еңбек, отбасы құқық ж.б.
- қылмыстық атқару құқығы қылмыснамалық білімдерді және ұсыныстарды қылмыстарды қайталануды алдын алу үшін, сотталғандарды нәтижелі түзеу және тәрбиелеуге пайдаланады. Бұл толық түрде бұрын сотталғандарға қатысты әкімшілік бақылауды іске асыруда жатады.
- қылмыснамамен қылмыстық процестің байланысы бәрінен бұрын міндеттердің бірлігінен шығады, олар қылмыстық процесуалдық арақатынастардың қатысушылардың міндеттері дайындалып жатқан қылмыстарды алдын алуға бағытталады, істі мәні бойынша шешуге, қылмысты жасаудың себептері мен жағдайларын анықтауды кіргізе отырып, ал сондай оларды жою шараларын iске асыруды.
- қылмыснаманың криминалистика мен байланысы бәрінен бұрын криминалистиканың маңызды ережелері және оның методологиялық негіздері қылмыстық көріністердің нысандарын анықтау үшін пайдаланады, қылмыстарды алдын алу құралдарын және әдістерін құру үшін. Өзінің кезеңінде, қылмыснамалық білімдер қылмыстарды ашудың тактикалық әдістерін анықтау үшін негіз болады.
Қылмыснаманы кешендік ғылым деп дұрыс атайды, ол өзің ішінде заңдылықтардан басқа басқа ғылымдардың элементтерін бірістіреді (социологияны, философияны, экономикалық ғылымның, психологияны, педагогиканы, демографияны ж.б). Бұл кезеңде қылмыснаманың кешендігі оның дербестілігін жоққа шығармайды, ал тек оның білімін және алдын алу әсерінің құралдарын мәнді байытады.
Бақылау сұрақтары
1. Қылмыснама нені оқып-таниды
2. Қылмыснаманың мақсаттары мен міндеттері неде
3. Қылмыснаманың функцияларының мазмұнын ашыңыз
4. Қылмыснаманың пәні қандай бағытта дамыды
5. Қылмыснаманың жүйесі өзімен не көрсетеді
6. Қылмыснама ең тығыз қандай ғылымдармен байланысты
7. Қылмыснаманың криминалды циклының ғылымдарымен қалай байланысты.
Дәріс 2
Тақырып: Қылмыснаманың әдiстемесi
Мақсаты: Қылмыснама ғылымының әдiстемесiның түсінігі мен мазмұнын ашу. Қылмыснама зерттеуде пайдаланатын әртүрлі әдістерді оқып-тану
Жоспар
1.Ғылыми зерттеу әдісінің түсінігі. Қылмыснама әдістемелігіндегі диалектиканың рөлі
2. Жалпығылыми әдістер
3. Жекеғылыми әдістер
4.Арнайы әдістер
1. Қылмыснаманың ғылым ретіндегі өзіндігі пәнімен бірге оның әдістері болуымен анықталады.
Қылмыснама ғылымының әдістерінде олардың көмегімен қылмыснама пәніне кіретін құбылыстардың мазмұны мен нысандары, заңды жолдары ашылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы түсінеді.
Қылмыснаманың әдісі оның пәнімен тығыз байланысты және оларды диалектикалық арабайланыста қарау қажет. Қылмыснамамен оқып-танылатын проблемалар терең және жеткілікті толық тек диалектиканың негізінде зерттелуі мүмкін – танудың бүкілжалпы әдісінде. Әлеуметтік құбылыстардың танылуы, қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрестілігі, санның сапаға көшуі, себептілік пен салдар және т.б. философияның негізгі заңдары мен категорияларын пайдалану, криминологиямен оқып-танылатын құбылыстар мен процестердің мәніне тереңдеу кіруге мүмкіншілік береді.
Қылмыснамалық объектілердегі жалпылықтың, ерекшеліктің және жекеліктің, қажеттіліктің және кейдейсоқтылықтың, себептін және салдардың арабайланысын көруге көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдар қылмыстылықтың құрылымының қылмыснамалық сипаттамасының негізінде жатады, оның себептерінің жіктелуінде және мәнділігінде, алдын алу шараларды құруда. Қылмыснамада диалектикалық әдістерді пайдалану қылмыскердің жеке басын оқып-танығанда оның өмір сүру және себептілік саласының жүйесін кешенді талдауға көмектеседі.
Танудыңбүкілжалпы әдісінен басқа қылмыснамада жалпығылымды, жекеғылымды әдістер және арнайы қылмыснамалық әдістемелер кең пайдаланады.