
- •2. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі. Вант-Гофф ережесі
- •3.Ферменттік катализ. Биокатализаторлар. Ферменттердің ерекшеліктері
- •4.Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Осмос, осмостық қысым, Вант-Гофф заңы
- •5.Осмостың биологиялық маңызы. Изо-, гипо-, гипертоникалық ерітінділер. Лизис, плазмолиз, гемолиз
- •6.Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Гидроксидтік көрсеткіш
- •7.Күшті және әлсіз қышқылдар мен күшті және әлсіз негіз ерітінділерінің рНын есепетеу
- •13.Комплекстердің аталуы.
- •8.Буферлік жүйелер. Жіктелуі, буферлік әсердің механизмі
- •11.Комплексті қосылыстар, жіктелуі
- •9.Буферлік сыйымдылық. Буфер ерітінділерінің рН есептеу. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі
- •12.Комплексті қосылыстардың құрылымы. А.Вернердің координациялық теориясы
- •10.Биогенді элементтер. S,p,d-Элементтердің биологиялық ролі
- •14.Жмқ ерітінділері. Жіктелуі , алынуы, қасиеттері: осмостық қысым, ісіну, тұтқырлық, желатиндену, синерезис, тұздану, тиксотропия, коацервация. Полиэлектролиттер. Иэн. Изоэлектрлік күй. Жмқ зарядтары
8.Буферлік жүйелер. Жіктелуі, буферлік әсердің механизмі
Сұйылтқанда немесе қышқыл не сілті қосқанда рН–ы өзгермейтiн ертiндiлер буферлiк жүйелер деп аталады. Буферлiк жүйенiң құрамында протонның доноры және протонның акцепторы болады. Құрамына байланысты буферлiк жүйелер қышқылдық, негiздiк және амфолиттiк болып бөлiнедi.
Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикарбонатты буферлік жүйелер.
Ацетатты:
CH3COOH – протонның доноры;
CH3COO– – протонның акцепторы.
Бикарбонаты:
H2CO3 – протонның доноры;
HCO3– – протонның акцепторы.
Негіздік
буферлік
жүйе әлсіз негізден (акцептор) және осы
негiздiң катионы (донор) бар тұздан
тұрады. Мысалы, аммиакты буферлік жүйе.
NH4OH – протонның акцепторы;
NH4+ – протонның доноры.
Амфолиттік
буферлiк
жүйе әрi донордың, әрi акцептордың ролiн
атқаратын амфотерлiк қосылыстан тұрады.
Мысалы, белок буферлік жүйесі.
Буферлiк ертiндiлердiң әсер ету механизмiнiң жалпы қағидалары
Күштi
қышқыл немесе сiлтi қосқанда буферлiк
жүйелердегi сутегi иондары концентрациясының
өзгермеуi олардың негiзгi қасиетi болып
табылады. Күштi қышқыл қосқанда сутегi
иондары буферлiк жүйедегi протонның
акцепторымен әрекеттеседi, соның
нәтижесiнде сутегi иондарының концентрациясы
өзгермейдi. Сiлтi қосқанда гидроксид–иондар
буферлiк жүйедегi протонның донорымен
әрекеттеседi, сол себептi рН өзгермейдi.
Мысалы: Негiздiк
буферлiк
жүйеде бұл процесс былай жүредi:
NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O
NH4OH + H+ + Cl– = NH4+ + Cl– + H2O
NH4OH + H+ = NH4+ + H2O
NH4Cl + NaOH = NH4OH + NaCl
NH4+ + Cl– + Na+ + OH– = NH4OH + Na+ + Cl–
NH4+ + OH– = NH4OH
Қышқылдық
буферлiк жүйелердегi
қорғаныс
процесiн былай көрсетуге
болады, мысалы :
СН3COONa + HCl = CH3COOH + NaCl
CH3COO– + Na+ + H+ + Cl– = CH3COOH + Na+ + Cl–
CH3COO– + H+ = CH3COOH
Буферлiк
жүйе
күштi
қышқылды
әлсiз
қышқылға
айналдырады, сол себептi рН онша
өзгермейдi.
CH3COOH + NaOH = CH3COONa + Н2О
CH3COOH + Na+ + OH– = CH3COO– + Na+ + H2O
CH3COOH + OH– = CH3COO– + H2O
Буферлiк жүйе OH– ионды суға айналдырады, сол себептi pH өзгермейдi. Осылайша, кез келген буферлiк жуйеге күштi қышқыл қосқанда буферлiк ерiтiндiдегi протонның акцепторы, ал сiлтi қосқанда протонның доноры буферлiк жүйенi қорғайды.
11.Комплексті қосылыстар, жіктелуі
Комплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған Швейцария ғалымы Альфред Вернер (1893 жылы).
Комплексті қосылыстар – қатты күйінде де, еріген күйінде де өз құрамын тұтас сақтайтын күрделі иондардан немесе молекулалардан тұратын қосылыстар
Лигандтардың табиғатына қарай комплексті қосылыстар гидратты, ацидокомплекстер, аммиактар мен аминаттар, циклді немесе сақина тәрізді қосылыстар болып бөлінеді
Гидратты комплектер – ішкі немесе сыртқы сферасында су молекуласы бар қосылыстар
[Cu(H2O)4]SO4
[Cr(H2O)5Cl]Cl*H2O
Ацидокомплекстер – лигандалар қышқыл қалдықтарынан тұратын комплексті қосылыстар. Мысалы:
Na[Ag(NO3)2]
K[Au(CN)]6
H3[PhCl6]
Лигандалары тек аммиак молекулаларынан немесе аминдерден тұратын комплекстерді аммиактар немесе аминді комплексті қосылыстары деп аталады
[Li(NH3)4]X
[Cu(NH3)4]X2
Циклді не сақина қосылыстардың ішкі сферасында екі немесе одан да көп орын алатын циклді лигандалар болады. Мысалы, лигандалар ролін этилендиамин атқарады
H2N-CH2-CH2-NH2