
- •Бір митингтің хикаясы Осыдан 25 жыл бұрын халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылған еді
- •Атомға қарсы әлемдiк акцияның отаны
- •2 Невада-Семей қозғалысының атом сынағын тоқтатудағы ролі
- •Атомға қарсы қаһармандық күрес
- •Семей полигоны
- •«Невада-Семей» қозғалысы жабылған жоқ
- •Сәкен есімбекұлы. «Невада-Семей» қозғалысы халық қаржысын қалай қымқырды
- •Семей полигоны
- •Ядролық қару
- •Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыз болашаққа
- •Олжас шынымен өтірік айтқан жоқ па?..
- •«Невада-Семей» қозғалысы халық қаржысын қалай қымқырды?..
Ядролық қарудың сынақтан өтуі және оның зардаптары
Ғылымның жетістігі адамзат баласын ұшан-теңіз жетістіктерге жеткізді. Бақыт пен берекеге бөледі. Алайда, қай ғасырда да соғыс құралдарын ойлап шығару, жаңа түрін жетілдіру бәсекесі тоқтаған жоқ. Садақтан басталған соғыс қаруы атом бомбасына келіп жетті. Алпауыт елдердің жедел қарулануының нәтижесінде ХХ ғасырдың ғалымдары ядролық қаруды ойлап тауып, әр түрлі сынақтардан өткізді. XX ғ. ядролық қару-жарақтың қалыптасуына II дүниежүзілік соғыс себепші болды. Сонымен қатар жаңа, жасанды энергияның пайда болуы – адам ой-санасы мен ғалымдардың табиғат құпиясын жаулаған батылдығы. Ядролық энергияны игеру Англияда, Германияда, ал кең масштабта АҚШ-та басталды [1]. 1941 ж. физик-ғалымдар арасында атом бомбасын шығару белгілі жайға айналды. Уранның тізбекті шашырауын 1938 жылы Германияда Оттоган және Фредерик Жолио – Кюри (Францияда) 1939 жылы Георгий Фиров (Ленинград) және Юлий Харитон (Москва) ашты. 1942 жылы желтоқсан айында АҚШ-та физиктер және инженерлер тобы Энрикс Ферми басшылығымен ядролық реактор іске қосылды. 1943 жылы 11 ақпанда КСРО Қорғаныс комитеті атом энергиясын қолданысқа шығаруға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы арнайы шешім қабылдайды. Бұл жұмысты басқару және ғалымдар мен мамандарды Ұйымдастыру И.В.Курчатовқа жүктелді. 1943 жылы 12 сәуірде КСРО-да президиумның шешімімен N2 Лаборатория (Ресей ғылым орталығы – «Курчатов институты») – атом мәселелерін зерттейтін орталық ашылды [2]. АҚШ және КСРО атомдық жобалары Гитлерлік Германияның ядролық күшіне қарсы шыққан іс-шара болып қалыптасты. Бірақ 1945 жылы атом бомбасы Жапон қалаларының тұрғындарына қарсы қолданылған соң, оны басқа да аймақтарда тәжірибелік мақсатта пайдалануға жол ашылды. 1949 жылы 29 тамызда Қазақстанда Семей облысында арнайы жасақталған полигонда алғашқы атом бомбасының сынағы жүргізілді. Бұл сынақ тек атом құрылысын тексеру ғана емес, атом бомбасын – қару-жарақ ретінде алғашқы сынақтан өткізу болды. XX ғ. өркениет дамуында ядролық және термоядорлық энергияның игеру ғасыры болып кіреді. Бейбітшілік пен соғыс әрдайым ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне қолдануға бәсекелес күштер болып қалады.Ядролық (атомдық) қару-ядролық қару-жарақ жиынтығы, биологиялық және химиялық қарумен қатар жалпы жою қарулар қатарына жатады. Ядролық қарудың алғаш сынақтан өткізілуі. Осыдан 64 жыл бұрын тамыздың 6-ы күні Жапонияның Хиросима қаласына американдық «Малыш» атты бомба тасталды. Бұл қаланы манхэттэндік жобаның зерттеуші тобы 1945 жылдың көктемінде Кокура, Нигата және Жапонияның ең көне әрі қасиетті болып есептелетін Киото қалаларының арасынан таңдап алды. Топқа математиктер, физик-теоретиктер, қопарушы мамандар мен метеорологтар кірді. 26 шілдеде «Индианаполис» крейсері «Малыш» атом бомбасын Тиниан аралына жеткізді. Тамыздың 9-ында Жапон елінің екінші қаласы - Нагасаки ядролық бомбаның құрбаны болды. Ондағы жарылыстан 70 мың адам қайтыс болып, тұрғын үйлердің 36 пайызы қиратылды [3]. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек, Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ-та 1032, Қазақстанда 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне, дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары – Капустин Яр Ресейде, Лобнор Қытайда, олар Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар [4]. Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал, Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті. Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті. Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан, ол – Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған шақырым жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Радиация сәулесі әсері туралы арнайы әдебиеттерде: «Адамдардың, жан-жануардың 70-80 бэрден жоғары сәуле алуы қауіпті» делінген, ал адам, жан-жануарлар 250-300 бэр сәуле дозасын алса, өмір сүре алмайды. Міне, осыған сәйкес, аса қауіпті, төтенше аймақта тұратын тұрғындар жылына бір рет денсаулығын тегін тексертіп, бойындағы радиация деңгейін өлшетіп тұрса, осыған орай ем-дом тегін көрсетілсе. 1950 жылдан бері 40 жыл бойы жарылыс болған елді мекендерде сол аралықта қайтыс болған адамдар отбасыларына Жапония, Чернобыль, АҚШ-тың Техас штаттарындағыдай жәрдемақы төмен. Оған, әрине, еліміздің шамасы жете қоймас. Сондықтан да, атом қаруының заңды мұрагері – Ресейге салмақ салу қажет [5]. Ол ел ең болмағанда тегін дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар беруге міндетті емес пе?! Техас штатында әр отбасы мүшесіне 150 мыңға дейін доллар өтемақы берілген, біздің Семей өңірінде бір жолғы өтемақы 45-50 мың теңгеден аспады, мұны долларға айналдырсаңыз, 300 доллар болады. Ең басты шаралардың бірі – осы 40 жыл қырғын жасаған ұзын сақал Курчатов есімін Қазақстаннан аластатып, ол қалаға тарихи Дегелең есімін берсе. Бізде БҰҰ-ның тең дәрежелі мүшелеріміз, әлде екі ғасыр бойына «ләббай, тақсыр» деген құлшылық мінез-құлқымыз бен менталитетіміз бұған жібермей ме? Еуропаның кез келген мемлекетіне титтей қиянат жасалса, халықаралық сотқа жүгініп жатады. Қазақстан осы мәселеде неге бүгежектей береді [6]. Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың ХХ ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Қазақстанның көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Атом қаруын сынау – ХХ ғасырдың ортасында елімізге, халқымызға келген бір зұлымдық. Бұрынғы Кеңес одағының жүйесі біздің жеріміз бен халқымызды, төрт түлік малдарымыз бен аң-құстарымызды түгелдей тәжірибе жасауға алынатын үй қояны секілді атом жарылысының астында ұстаған. Ұлы ақындарымыз Абай, Шәкәрім, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтер және басқа да қазақтың зиялы қауым өкілдері туып-өскен киелі өңірдің тас-талқанын шығарды. Таулар дүр сілкініп, жазиралы алқаптар улы далаға айналды. Бабалар қорымындағы ғасырлар бойы тұрған күмбезді зираттар, құлпытастар түгел қирап қалды. Ол кезде мұның бірін де газетке жазу түгілі, ешкімге айтуға болмайтын, бір дерек шыға қалса, қатал жазалайтын жүйе болды [7]. 1949 жылдан бері 60 жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін оның зардабы біткен жоқ! 20 жылдан бері сынақ жүргізілмесе де, осы күнге дейін балалар анасынан мүгедек болып туып жатыр. Себебі ананың қаны да, әкенің қаны да уланған. Жердің бәрі күйіп кетті. Уланған жер қаншама? Сынақ аймағының алып жатқан жер аумағы көлемі жағынан Бельгия секілді елдер территориясының екеуіндей. Радиациялық у жерге, суға, тасқа сіңіп кеткен. Ол жерге жеміс-жидек өсіруге болмайды. Уланған жерлерді тазалады. Семей өңірінде соңғы ядролық сынақ 1989 жылғы қазанның 19-ы күні болды.
Сілтеме
1. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана: Елорда, 2001. 2. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. Алматы: Балауса, 2003. 3. Арай. Журнал. 1988. №10. 4. Бабакин А.В. Ближайшее десятилетие ядерный флот страны может прекратить свое существование //Независимая газета, 29.10.04. 5. Балаев В.Х. И.В.Сталин – создатель морского могущества СССР. 6. Материалы интернет сайта Аналитический центр по проблеме не распространение. 7. Медведев Ж.А. Сталин и атомная бомба.
Елбасының күш салуымен, халықтың қарсы тұруымен және ядролық сынақтарды тоқтату үшін ақын Олжас Сүлейменов басқарған «Невада-Семей» қозғалысының белсенді қызметінің арқасында 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-і тоқтатылды! 1991 жылы тамыздың 29-ы күнгі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей сынақ аймағы жабылды. Бұл әлем бойынша атом қаруын ауыздықтауға жасалған алғашқы қадам болды! Ол – еліміз тәуелсіздік алмай тұрған кездің өзінде Елбасының жасаған тарихи шешімі! Осындай Жарлық шығару азаматтық позицияны ұстанып, алдағы кезеңге көрегендік жасап, ел үшін тәуекелге бару қажеттігін, ержүректік керек екенін көрсетеді. Жарты ғасырға жуық қолданыста болған «Семипалатинск-21» Ядролық сынақ алаңы шын мәнінде нені ишаралайды? Иә, ол – КСРО мен АҚШ-тың жасырын түрдегі соғысқа дайындығын және күш сына¬суын білдіретін бірегей нысан. Бәріміз білеміз, үшінші әлемдік соғыстың ықтималдылығы сезіле бастаған сонау ызғарлы жылдары екі алып держава жаппай қарулануға көшті. 1989 жылға дейін кеңестік тоталитарлық жүйе ядролық сынақтың зардаптары туралы пікірталасқа жол бермеді. Тек қайта құрумен айшықталған Горбачевтің ашық саясатынан кейін Невада-Семей антиядролық қозғалысы өз мақсатын нақты жариялай алды. Қозғалысқа Қазақстан Республикасы¬ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ақын Олжас Сүлейменов сынды қазақ халқының біртуар азаматтары қолдау көрсетіп, сынақ алаңы 1991 жылы жабылды. Бірақ бұған дейін Семей халқына ұзақ та шырғалаң жарты ғасырға созылған ядролық дәуірді бастан кешуге тура келді [8]. Ядролық сынақтардан 7 елді мекенде орналасқан 1.5 миллионға тарта халық радиацияның зардаптарын өз жүрегінен өткізді. Сынақ әсері Қазақ¬станның үш үлкен облысын - Семей, Пав¬лодар және Қарағанды аймақтарын да қамтыды. 1951 жылы әскери сынақты жүргізуші топтар, радиацияның адам денсаулығына әсерін бақылайтын арнайы медициналық зерттеулер жүргізетін топ құрып, бақылау жүргізіп отырған. Белгілі себептерге байланысты бұл зерттеулердің нәтижесі және зиянды зардаптары туралы көпшілік халыққа жария етіліп, хабарланбады. Жарылыстардың орын алуы жергілікті тұрғын¬дардың өмір сүру аймағын күйзеліске ұшыратып, қиын-қыстау күндер кештірді. Мәселенің бұл тұрғысы талас тудырмайды. Мұндай іркілістің ең алғашқысы және ең үлкені 1953 жылғы термоядролық құрылыстың жарылысына дейін соқтыра жаздады. Сөйтіп, ондаған ауыл және мыңдаған үй қожалықтары, 450 мыңға жуық мал басы сондағы отты ошақтан 75 шақырым жерге орналастырылды. Алайда ауыл толықтай көшірілмегендік¬тен, жарылыс 59 ауылдық мекеннің астан-кестеңін шығарып, сол жерде қалып кеткен. Мысалы, 1953 жылғы сынақтың алдында көште болған тұрғындардың бірі сынақтың денсаулыққа зиян екендігі хақында ешқашан түсіндіру жұмыстары жүргізілмегенін айтады «Қайнар» атты ауыл қариясы жарылыстан кейін ауылын барып көргенде, сонда қалып кеткен мысық, ит және т.б. жануарлардың азаппен өліп жатқанын көрген. Ол да «бұл сынақтың еш жақсылық әкелмейтінін түсіндім» дейді ағынан жарылып. Тағы бір назар аударарлық жайт, ондағы қандай да бір зерттеулердің бүркемеленіп жүргізілгендігі. Орташа статистикалық қоғамдық пікірді анықтау үшін біз бұл ретте Нұржан Мұқанов есімді семейлікпен сұхбат құрдық. Оның айтуынша, сынақтардың қызған жылдарында бұл кісі радиостанцияда қызмет етіп жүрген. Ал жаңағы апатты сынақ өтер сәтте оны және оның әріптестерін «қызметтік іссапар» дей отырып, демалысқа жіберіпті. Сонымен бірге арақ-шараптарын әперіп, «өстуге сіздерге арнайы тапсырма берілді, жағдайдың соңын күтіңдер» деген. Яғни, ол осылайша жарылыс туралы ақпараттың радиостанция арқылы таралмау қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігін айтады [9]. Мұқанов Нұржан сол сәттегі өз халқына жарылыстың болатынын айтып жеткізе алмағандығына өкінішін білдіреді.Сұрапыл сынақ заманындағы жас бала кезін есіне алған тағы бір кісінің айтуынша, ақпаратты жеткізіп отыратын әскери қызметкер жарылыстарды «ядролық сынақтар» немесе «атомдық бомбалар» деп айтпай, жай «әскери сынақ» деп жеткізетін болған. Ажал мен азап себетін тажал қарудың барша сұмдығын басынан өткерген Қазақстан халқы алмағайып шақта дұрыс шешім қабылдай білуімен әлем жұртшылығына өз даналығын паш етті. Бір жарым миллионға жуық адамы ядролық жарылыстардан тікелей немесе жанама зардап шеккен халық тарихи миссиясын абыроймен орындады. Ядролық сынақтардың салдары мен зардабы біздің болашағымыз – балаларымыздың денсаулығын зақымдауда. Қазақстандықтардың туған кезде полигон дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады. Семейдегі мұражайдың бір бұрышына ең бірінші ядролық бомба жарылысы болған жерден алынған гранит тасының сынығы қойылған. Жарылыс жасалар алдында полигон маңына арнайы байланып қойған ит, қой, шошқа тәрізді үй жануарларының сынақтан кейінгі қалдықтары жан түршіктірерлік. Қатты жарылыстан жарылып кеткен иттің жүрегі, қуығы, үйтіліп қалған қой мен шошқаның бас-тұяқтары секілді экспонаттар – ядролық қарудың ғаламат қуатын және оның тіршілік иелері мен табиғатқа қаншалықты қауіпті екендігін аңғартады. Ядролық сынақ жүргізуден табиғатымыз өзгерді, жер, су уланды. Мал өсіруге де, жеміс-жидек егуге де жарамай қалды. Міне, сынақ аймағы жабылғанына 20 жылға жуық уақыт өтсе де, полигонның зардабы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Өйткені халқымыз «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» демей ме? 1976 жылы ғалым-диссидент Жорес Медведев Оңтүстік Орал өңірінде ядролық қалдықты кәдеге жарату зауытында өрт немесе жарылыс салдарынан болған орасан апаттың құпиясын жария етті. Оқиға барысында өте үлкен аймаққа залалды ылғал түсіп, ондаған мың жан радиоактивті сәулеге шалдыққан, олардың жүздегені қайтыс болып та үлгерді. Дегенмен, қалайша кеңес билігі осындай ауқымды қасіретті құпия ұстап келуге қол жеткізе алды? Бұл сауалға жауапты өте оңай табуға болады: кеңес цензурасының ерекшелігі арқасында. Сталин режимінің цензурасы туралы айқын түсінік алу үшін 1940 жылдардың соңына таман жарық көрген «Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салынған мәліметтер тізімі» атты кітаппен танысудың өзі жеткілікті болады. «Мен кеңес атом бомбасының жасалуы мен сынағы себеп болған кісі өлімінің саны Хиросима мен Нагасаки құрбандарының жалпы санынан асып кетті деген тоқтамға келдім», – деп жазады Медведев. Кеңестiк сутегi бомбасын Қайнар ауылы iргесiнде сынау алдында әскери басшылар ол жердiң халқын басқа жаққа уақытша көшiре тұруды ұйғарған да, жап-жас 42 жiгiттi ғана қалдырған. Тәжiрибе жасауға керек қояндай етiп. Бүгiнде олардың 37-iсi жоқ, сынау зардабынан қайтыс болды, қалған бесеуi – ауыр сыр¬қат. Сондай-ақ: Қайнар ауылының 17 тұрғыны қан дертiнен көз жұмды; радиация¬ға ұшыраған 14 кiсi өзiне өзi қол жұмсады; 170 кiсi қатерлi iсiктен қайтыс болды. Сол шағын ғана Қайнар ауылында 28 баланың ақыл-есi дұрыс емес, немесе дене бiтiмi кемтар болып туған. Бiр ғана жарылыстың кесапатын тартқан ауылдың қайғы-қасiреттi жағдайы, мiне, осындай! Бiзде жүздеген мың адам радиация залалына тап болды; ұлттың тегiне зақым жасалды. Алда бiздi тағы қандай қыр¬ғын тосып тұрғанын бiлмеймiз. Қазақстанды қармаған ядролық жарылыстардың, Арал теңiзi тақсыретiнiң, экологиялық апаттың ақыры не боларын кiм бiлсiн... Адамдар ғана емес, жердің өзі де азап шегуде. Сынақтар жер қабаттарының бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет екен. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан 2030 жылы жер шарындағы кең, мөлдір сумен танымал таза ел болуы керек. Өндірістік қалдықтар мен радиация, біздің үйлерімізге, бау-бақшамызға өзінің зиянымен ене алмайтын болады. Біздің балаларымыз, балаларымыздың балалары денсаулықтарына барлық жағдай жасалған ортада өмір сүреді» деді. Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы тамыздың 29-ы күні Семей сынақ аймағын жабу туралы Жарлық шығарғаны белгілі. Семей қаласынан 200-300 шақырымдай жерде жер асты сынағы өткізілгенде бізге 2-3 балл жер сілкінісі болғандай әсер ететін. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1968 жылғы 19 маусымдағы қарары мен үш ядролық держава – КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның Шартқа мүше ядролық қарусыз мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесі жөніндегі ұқсас мәлімдемелері құжаттың маңызды қосымшасы болып табылады. Ядролық қаруды таратпауды бақылау Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің көмегімен жүзеге асырылады. 1994 жылғы ақпанда Атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) мүше бола отырып, Қазақстан сол жылдың шілдесінде МАГАТЭ-мен Кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады. 1994 жылғы 5 желтоқсанда Будапештте өткен ЕҚЫҰ саммитінде Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылғанына байланысты Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды. Кейін Қазақстанға мұндай кепілдікті Қытай мен Франция да берді. Бұл құжатқа қол қою халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару туралы міндеттемелерін толық және мүлтіксіз орындады деп танығанын білдіреді. Қазақстан ЯҚТШ-қа қол қойғаннан бастап, оның міндеттемелерін қатаң сақтап келеді. Біз ЯҚТШ-қа мүше ядролық қаруы бар және ядролық қаруы жоқ барлық мемлекеттердің міндеттемелерін орындау арқылы ядролық қарусыздануды кезең-кезеңімен әрі мүлтіксіз жүзеге асыруын қолдаймыз. Әр бес жыл сайын ЯҚТШ-ның іс-қимылдарын талқылауға арналған конференция өтіп отырады. 1995 жылғы мамырда Нью-Йорк қаласында шартты мерзімсіз ұзарту, оны қолдану тиімділігін арттыру, ядролық қаруды таратпау мен қарусызданудың қағидаттары мен маңыздылығы және шарттың ережелерін орындауды бақылаудың жетілдірілген жүйесін құру сияқты маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстан Шартты мерзімсіз ұзартуды бірден қолдады. Қарусыздану ісінің белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелері сияқты, ЯҚТШ-ға қатысты келесі 2010 жылы өтетін конференция кезінде Шарттың тиімділігін арттыру жөнінде шешімдер қабылданады деп сенеді. 2000 жылы ЯҚТШ конференциясы кезінде мақұлданған Ядролық қарудан азат аймақ құру туралы мақсаттар мен қағидаттарды толық қолдайды. Тұжырымдай келгенде, Қазақстан басшылығы халықтың қалауы мен тілегіне сүйене отырып, Семей ядролық сынақ алаңының үнін өшіруі, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы біздің елімізге дүниежүзілік қоғамдастықтықтың оң көзқарасын қалыптастыруға бірден-бір себеп болған маңызды саяси шешім еді. Атом қаруын сынау елімізге, халқымызға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Оның зардапта¬рынан әлі күнге арыла алмай келеміз. Адамдардың, әсіресе, жастарымыздың асылып өлуі, жүрегі тоқтап, үн-түнсіз ажал құшағына берілуі, аналарымыздың қаны аздығы, аққан ауруларының белең алуы неліктен? Мұның бәрі – экология. Осы ажал аждаһасына жол ашып жатқан да өзіміз. Барлық ядролық полигондарды жабатын және олар әкелген зиянмен байланысты мәселелерді шешетін уақыт келіп жетті. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты күшіне енгізетін уақыт келді [10]. Біздің барлығымыз ядролық қарусыз әлемнің қауіпсіз болуына ұмтылатын уақыт жетті. Біз осы сынның барлығын келер ұрпақтың еншісіне қалдыра алмаймыз. Біздің әрқайсымыз бүгінде неғұрлым қауіпсіз әлем орнату үшін өзінің қолынан клетіннің бәрін жасауға тиіспіз. Ядролық қару қайтадан адамдарды қырып-жойып, табиғатты талқандаудың құралына қандай жағдайда да айналмауы тиіс. Ядролық қару сынағын тоқтату – бұл ядролық қаруға ие мемлекеттердің ең асқақ ізгілікті миссиясы. ӘДЕБИЕТТЕР 8. Создание первой советской ядерной бомбы. 9. Ядерное разоружение, нераспространение и национальная безопасность /Под редакцией директора Института стратегической стабильности Минатома России, академика РАН В.Н.Михайлова. 10. Ядерный Центр России – Саров /Гл. редактор, директор Российского федерального ядерного-центра ВНИИ экспериментальной физики, член-корреспондент РАН Р.И.Илькаев.
1 Невада-Семей қозғалысының құрылуы
Бір митингтің хикаясы Осыдан 25 жыл бұрын халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылған еді
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік алған күнінен бастап ядролық қарусыздану саласына үлкен басымдық беріп келеді. Соның бір жарқын көрінісіндей, Кеңес Одағы тарамай тұрған кездің өзінде-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Сол кезден бері Қазақстан әлемде ядролық қаруды ауыздықтау мен оның таралмауына бастамашылық танытып жүрген бірден-бір ел саналады. 22 наурызда Голландияның Гаага қаласында өтетін Жаһандық ядролық қаруға қарсы саммитке Елбасының арнайы шақырту алғаны да осы ерен үлестің нәтижесі болса керек.
Бұған қоса, бүгін халықаралық «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысының құрылғанына да ширек ғасыр толып отыр. Осыған орай халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Израиль мемлекетіндегі ресми өкілі, «Полигон», «Невада-Қазақстан» және «Невада-Қазақстан 15 жыл бұрын» фильмдерінің авторы Сергей ШАФИРДІҢ мақаласын ықшамдап ұсынғанды жөн көрдік.
Мен әңгіме қозғағалы отырған митинг тарихының Америка мен Кеңес Одағында атом қаруын құрумен тікелей байланысы бар. Кезінде аса құпия ұсталған аталған саладағы жұмыс барысына қатысты көп нәрсені бүгінде интернеттен жеп-жеңіл тауып алуға болады. Алайда көптеген жылға созылған сынақ құрбандарын өз көзіңмен көрмей, атом аждаһасының қасіретін түбірімен түсініп, түйсіну мүмкін емес.
Семей ядролық сынақ полигонына (СЯСП) алғаш 1989 жылы жазда жолым түсті. Сол жолы және одан кейін де полигон маңындағы кенттерде болып, сынақ құрбандарының өздерімен тікелей сөйлесуге, фильмдер түсіруге мүмкіндік алдым. Ал олардың айтқандары мен түсірілген фильмдер тарих үшін, біздің ұрпақтарымыз үшін қажет екені күмәнсіз. Мәселен, сондай кездесулер негізінде түсірілген «Полигон» фильмінде СЯСП-тің қалай құрылғаны, алғашқы кеңес атом бомбасының сынақтан қалай өткізілгені, жердегі, ауадағы және жер астындағы келесі сынақтар мен 1991 жылы полигонның жабылуы туралы дәйектеледі. Әрине, осы фильм түсірілген 1989-1990 жылдары қазіргідей кең ауқымды ақпарат жоқ еді. Соның өзінде қырық жылдан астам уақыт бойы радиация алып, зардап шеккен қазақстандықтардың қасіреті жағаңды ұстататын.
Сөз ретінде айта кетейін, Семей ядролық сынақ полигонын құрып, атом бомбасын жасау жөніндегі жұмыстарға ядролық физика саласында еңбектеніп жүрген И.Курчатов жетекшілік еткені белгілі. Нақтылай айтқанда, ол осы саланың ғылыми жетекшілігіне тағайындалды. Академик Ю.Харитон атом бомбасын жасау үдерістеріне басшылық етті. Ал бұл жұмыстардың барлығына үкімет тарапынан басшылық жасау Л.Берияға жүктелді.
– Полигонды ұйымдастыру жұмыстарымен мен тікелей айналысқан жоқпын, – деген еді бұл орайда Ю.Харитон. – Бірақ, осы жөнінде айтар болсам, жеткілікті деңгейде «бос жер» табу қажет болғанын несіне жасырамыз. Және ол бір жағынан тым шалғайда орналаспаған, яғни қолжетімді жер болуы тиіс еді. Сол «бос жердің» климат жағдайы да жұмыс істеуге қолайлы болуы қажет-тін. Мұның оңай шаруа болмағаны да түсінікті.
Сөйтіп, 1947 жылдың 21 тамызында КСРО Министрлер Кеңесі 52605 әскери бөлімін құру туралы қаулы қабылдады. Сол жылдың 1 қыркүйегінде осы құрылымның алғашқы бөлімшелері жасақтала бастады. Көп кешікпей мұнда алғашқы құрылыс бөлімдері келіп жетті. Осылайша тұрғын үй салу, әскери қалашыққа қажетті ғимараттар мен нысандар тұрғызу жұмыстары қарқын алды. Қалашық Мәскеу-400, Семей-21 және басқа атаулармен аталды. Кейін оған Курчатов атауы берілді.
Ал бұл «бос жер» Семей облысындағы Абыралы ауданының орта шенінде орналасқан еді. Ядролық эксперименттер үшін халық шаруашылығы айналымынан 18 500 шаршы шақырым жер алынды. Бұл бүкіл Израиль аумағына пара-пар жер көлемі еді. Осы аумақта өмір сүріп жатқан мыңдаған отбасы басқа аудандарға көшірілді. Сөйтіп, Абыралы ауданы таратылды.
Тағы да Ю.Харитонға жүгінейік: «Жарылыстар айтарлықтай жоғары биіктікте жасалды», дейді ол. Егер «КСРО-дағы ядролық сынақтардың хроникасы» деген тақырыппен жарияланған деректерге сүйенсек, академиктің, жұмсартып айтқанда, шындықты бүркемелегені анық көрінеді. 1949 және 1951 жылдарғы екі заряд бар-жоғы 30 метр биіктіктегі мұнарада жарылған. Содан кейін бомба алғаш рет 380 метр биіктіктен ұшақтан тасталыпты. Ал сутегі бомбасының алғашқы сынағы да жерден бар-жоғы 30 метр биіктіктегі мұнарада жүзеге асырылған. Бұдан соң әуедегі жарылыстар сәл «жоғарылап», 200 метр биіктікте жасалыпты. Мынандай сұрақ туындайды: бұл адамдар өмір сүріп жатқан жерден соншалықты жоғары ма?
1963 жылы атом қаруының жаңа түрлерін игерудің жаңа кезеңі басталды. Қуаты 37 килотоннаға тең жер астындағы алғашқы ядролық жарылыс 1964 жылдың 16 наурызында Дегелең тауының қойнауында жасалса, соңғысы 1989 жылдың 19 қазанында жүзеге асырылды. Жердің өзі тірі организм емес пе? Бірақ 25 жыл бойына жер мен адамдар ядролық сынақтардан зардап шекті.
Енді «Полигон» фильмінен бірер сөз. Бұл кейіпкердің тарихы бүгінде кеңінен танымал. Ол көптеген басылымдардағы мақалаларға «арқау» болды. Талғат Сіләмбеков бір сынақ кезінде ол және тағы бірнеше адам қауіпті аймақта әдейі қалдырылды деп есептейді. Оның сөзіне құлақ түрейік: «Біз үйде едік. Аудандық комитет, аудандық атқару комитеті, партия кабинеті осында орналасқан-тын. Бір кезде көкжиек қып-қызыл шоққа айналды да, орасан зор саңырауқұлақ пайда болды. Бәріміз жүгіріп далаға шықтық. Бұған дейін ондайды ешқайсымыз көрмеген едік. Шынымды айтсам, тіпті, біз бұл «кереметті» аузымызды ашып тамашаладық. Шамамен жарты сағаттан соң әскерилер келіп, бізден ғимаратқа кіруімізді талап етті. Бәрі противогаз, комбинезон киіп алыпты. Әлсін-әлсін қолдарындағы бір аспапқа қарай береді. 15 минуттан соң машинаға отырғызып, осы жерден 40 шақырым жердегі тауға алып кетті».
Сол жерде Талғаттарды бір қатарға тізіп қойып, аты-жөндерін жазып алған және әлгіндегі аспаптарын денелерінде әрі-бері жүргізген. Радиация мөлшерін тексерген ғой. Артынан әрқайсысына 200 грамнан арақ құйып беріп, ішсең де ішесің, ішпесең де ішесің деп мәжбүрлеген. Содан кейін машинаға отырғызып, қайтадан Бақанасқа алып келген. Келсе, барлық жерде иттердің, тауықтардың өлекселері жатыр екен. Тауықтың жұмыртқалары әр-әр жерде шашылып қалса керек. Олардың радиацияланғандығы ешкімге айтылмағандықтан, адамдар оны жинап жеуден де қашпаған.
Бұл 1989 жылға дейін жалғасқан үдеріс еді. Кейін бәрі де сиқыршының таяқшасы әсер еткендей өзгеріп шыға келді. Бұл таяқшаны сілтеген заманымыздың аса көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болатын. Енді оған сөз берейін (О.Сүлейменовтің «Полигон» фильміндегі сұхбатынан үзінді): Ақпан айында (1989 ж.) полигонда екі жарылыс жасалды. 12 және 17 ақпандарда. Маған полигонға жақын маңдағы Шаған қаласынан телефон шалынды. ТАСС хабарламасында ештеңе айтылмаса да, радиоактивті газ сыртқа шығып кеткені хабарланды. 25 ақпанда менің тікелей эфирден телевизияға шығуым жоспарланған-тын. Сайлауалды бағдарламамды таныстыруға тиіс едім. Бірақ, мені зиянды газдың сыртқа шығып кеткені қатты толқытты. Өйткені, осы уақытқа дейін бізді жер асты жарылыстары халық денсаулығы үшін зиянсыз деп сендіріп келді емес пе? Егер ресми органдар соңғы жарылыс салдарын жалған айтса, демек, бұрын да жасырып келгендері ғой. Ал жарылыстардың көп жасалғаны кімге де болса белгілі. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды ысырып қойып, тікелей эфирден көрермендерге қайырылдым. Жер асты жарылыстары денсаулық үшін зиянсыз емес екені алғаш рет ашық айтылған болар. Сөйтіп, мен адамдарды Жазушылар одағының жанына митингке шақырып, қалыптасқан жағдайды талқылауды ұсындым. Кездесу орны мен күнін айттым. Ол 28 ақпан болатын. Сол күні митинг өтті. Халық залға сыймай кетті. Митингтің бір бөлігі ғимарат жанында ұйымдастырылды».
Мен сол кезде «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істейтінмін. Таңертең митинг туралы ештеңе білместен, әдеттегідей жұмысқа келдім. Кенет дәлізге хроника бірлестігінің директоры Анар Қашағанова жүгіріп шығып, адамдарды жинай бастады. Осындай кездейсоқ жағдай мені 25 жыл бойы сол митингте құрылған халықаралық «Невада-Семей» қозғалысымен байланыстырды.
Олжас Сүлейменовтің митингте сөйлеген сөзінен үзінді келтірейін: «Семей түбіндегі соңғы сынақ төзімімізді тауысты. Радиоактивті газ сытылып сыртқа шыққан. Мамандар оны зиянсыз дейді. Бірақ бұған сену өте қиын. Өйткені, газ бұлты Гейгер есептегіштерін «жарып» жібере жаздаған…».
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы қанша уақыт өтсе де жадымда жаңғыратыны анық», дейді осы орайда қоғам қайраткері Мұрат Әуезов.
Ал Анар Қашағанова былай деп ағынан жарылады: «Жеке адамнан халық құралады. Демек, менің жеке өзіме де көп нәрсе байланысты. Мұны мен жақсы түсіндім. Түсіндім де, қол қусырып қарап отыруға болмайтынын, бір нәрсе жасау керек екенін ұқтым. Мінберден айтқан Олжас Омарұлының сөзі бәріміздің жүрегімізге жетіп жатты…».
1989 жылдың 28 ақпанында өткен митингте халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшілігіне бірауыздан сайланған О.Сүлейменовке тағы да сөз берейін:
– Бұл митинг өзінің ауқымы жөнінен менің ойлағанымнан әлдеқайда асып түсті. Мен көпшілікке сол жолы қолдау көрсеткендері үшін бек ризамын. Өйткені, қашанда алғашқы қадам жасау бәрінен де қиын болатыны белгілі ғой. Маған майдангерлер де бәрінен қиыны шабуылға шығу үшін орныңнан тұру деп айтатын. Бұл тізерлеген жеріңнен серпіле көтеріліп, бүкіл елді дүр сілкіндіру дегенді білдірді. Сөйтіп, халық өзінің қуатын, өз талабының нәтижесін көрді. Жұдырықтай жұмылса, қолынан бәрі келетініне көзі жетті. Яғни, әлемді полигондарды тоқтатуға мәжбүрлей алатынын түсінді. Қазақстанда ғана емес. Айтып отырғанымдай, Қазақстаннан кейін барлық полигондардың ауыздарына құм құйылды. Мұнда біздің халқымыздың еңбегі зор, – дейді Олжас Омарұлы.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. (http://egemen.kz/2014/02/28/20949/)
Антиядролық қозғалыс - ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі.[1] 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап, 140 мың адам қаза болды. Араға үш күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғаш¬қы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның 113-і атмосферада) жасалып, сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына, экологияга орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары КО-ғы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат үстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы яд¬ролық жарылыстарга қарсы "Невада- Семей" Антиядролық қозғалыс дүниеге келді. Ол ел тұрғындарымен қатар дүниежүзі елдерінің бірқатарынан қолдау тапты. 1991 ж. мамырда "Аттан" штабы құрылды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жары¬лыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. "Невада-Семей" Антиядролық қозғалысы алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - Семей ядролық сынақ алаңын жабуға қол жеткізді.
Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақты 7-ге дейін азайды. Ең соңғы ядролық сынақ 19 қазанда жасалған. Антиядролық қозғалыс қатысушы Қарағандының 130 мың шахтері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мерзімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген болатын. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады.