Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАНСУР СПЕЦ.ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

3.3.3 Жұмыстардың әдістемесі

Түсіру жылдамдығын реттеу лебедка барабанының тормозымен іске асады, түсуіру кезінде лебедка барабанының лезде тоқтатылуына рұқсат етіледі.

Ұңғыманың ең түбіне дейін түсіру жылдамдығы 3000 м/сағ болады.

Зерттеу арақашықтығында КСП-60 үшін көтеру жылдамдығы 600 м/сағ, СПК-01 үшін 500м/сағ, АИНК-60 үшін 200м/сағ, рудалық арақашықтықты өткеннен соң көтеру жылдамдығы 800м/сағ-қа дейін көбейтіледі, ал ернеуінде 500м/сағ дейін азайтылады.

Параметрлер мен тереңдікті жазу масштабтары наряд-заказға байланысты болады.

Ұңғымадан аспапты шығармас бұрын радиоактивтілік табиғи фонға түскену үшін 30мин күту керек.

3.3.5 Өлшеу техникасы

Станцияны ұңғыма ернеуіне орналастыру. Автокөлікті қолдық тормозға қою, дөңгелек астына колодкалар қою. Ұңғыма ернеуіне бағыт лебедка барабанының осіне тік бұрышта орналасу керек. Автокөлік қозғалтқышын өшіру, автокөліктің тарату қорабындағы нейтралды беруді орнату, талап етілген беруді автокөліктің беру қорабында қосу, станция аппаратуралық шыңдауының қайталама аспаптық қалқанының қорегін қосу, жүргізуші кабинасындағы «КАБИНА-КУНГ» ауыстырғышын «КУНГ» қалпына қою.

Егер изоляция кедергісі талап етілген жағдайға сәйкес келмесе, изоляцияның бұзылған жерін тауып оны жөндеу керек. Изоляцияның бұзылған жерін анықтау үшін жекелеген түйіндерді өшіріп, бөліктері бойынша тізбектер кедергілерін тексеру.

Блок-балансты өту датчигімен ұңғымалық аспап арқылы ұңғыма ернеуінде 0,1м арақашықтықта жақсылап бекітіп, орнату керек.

Орау құрылғысының кабеліне тарқату және станцияның қорғаныс жерлендіру кабелін бұрғылау қондырғысының жерлендіруіне струбница көмегімен қосу.

Көтеріп-түсіру құрылғысының бүтіндігін, лебедка приводындағы екі жылдамдықты редуктордағы майдың болуы мен деңгейін тексеру. Лебедка тормозының дұрыстығын әрқашан ұңғымада жұмытары алдында тексеру қажет.

Лебедкаприводының екі жылдамдықты редукторының беруді ауыстыру рычагтарын «НЕЙТРАЛЬ» қалпына қою.

Коллекторлық сым мен электродтар шығыстарының желілерін жер бетіндегі БСК-041-ге қосу. Алдын-ала коллекторлық сымның қай шығыстары А,В және М кабельдерінің желілеріне қосылатынын анықтау қажет.

Әр кабельді тарқату, жұмысқа арналған ұңғымалық аспапты қосу және блок-баланс арқылы ұңғымаға түсіру.

Станцияның жерлендіруші құрылғыларының сенімділігін тексеру.

Орау құрылғысындағы, кабель разъемдарындағы, пульттердің, стойкадағы блоктардың, стойкалардың, блоктардың, пульттардың электрикалық жалғануларының берік орналасының сенімділігі.

Пакеттік«24 В» ауыстырғышын «откл» қалпына ауыстыру.

Пульттер мен блоктардың «сеть» тумблерлерін «выкл» қалпына қою.

Орау құрылғысының «сеть» кабелін 220 В, 50Гц жиілікті өндірістік желі көзіне қосу немесе (өндірістік жүйе көзі болмаса) каротаждық станцияның лебедкалы бөлігінде бензоэлектростанцияны қосу. Қажет жағдайда станция аз уақыт сыртқы электр көзісіз жұмыс істеуі мүмкін. Бұл жағдайда станцияның аппаратурасының қоректенуі автокөліктің борттық жүйесінен 12Х220 В кернеулі инвертор арқылы іске асырылады, оның шығыс розеткаларына УСО-041, БСК-041 және компьтердің қорек вилкаларын қосу керек, одан кейін инвертордың беткі панеліндегі «ON» батырмасын басу керек.

Сонымен қатар ескеру керек жайт, қорек тек станцияның негізгі аппаратурасына беріледі, ал қосымша қондырғылар (кондиционер, лампа-фара және т.б.) жұмыс істемейді.

Күштік қалқанда сәйкес аспаптардың көрсеткіштері бойынша кіріс кернеу мен жиіліктің бар болуы мен шамасын бақылау қажет. Өндірістік жүйенің кернеуі мен жиілігі сәйкес келмеген жағдайда өндірістік жүйесінен орау құрылғысының «сеть» кабелін ажырату және станцияны электрмен қамтамасыз ету үшін бензоэлектростанцияны немесе 12Х220В кернеулі инверторды қолдану керек.

Күштік қалқанда станция құрылғыларының электроқорегін қосылу автоматы «вкл» кнопкасын басу кқажет.

Станцияның аппаратуралық бөлігіндегі қайтааушы аспаптық қалқанның қосылуын (қалқанда «пульт вкл» индикаторы қосылып тұру керек), автокөліктің пневможүйесіндегі ауаның қалыпты қысымын тексеру және станцияның аппаратуралық бөлігіндегі қайталаушы аспаптық қалқанда жағу кілтін «вкл» қалпына қою (осы жағдайда «двигатель аккумулятор» және «двигатель масло» индикаторлары жанады). Лебедканың екі жылдамдықты редукторын басқару рычагындағы сцепленияны өшіру кнопкасын басып ұстап тұрып, аспаптық қалқандағы «ком лебедки вклбчить» кнопкасын басу арқылы қуаттылықты таңдау қорабын қосу керек (осы жағдайда аспаптағы «ком лебедки включен» индикаторы және жүргізуші кабинасындағы қуаттылықты таңдау қорабының қосылуының белгі лампасы қосылады). Керек болған жағдайда, станцияның лебедкалы бөлігінде бақылау видео жүйесін қосу, ол үшін қалқандағы «видео» тумблерін «вкл» қалпына қояды, ал ұңғыма ренеуін жарықтандару үшін қалқандағы «фара» тумблерін «вкл» қалпына қоямыз.

ПЭВМ, БСК-041, УСО-041 блокиарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және станцияның ұңғымалық аспаптармен жұмыс ісеуін толық тексеру, ол үшін зерттеуге таңдалған сәйкес блоктарды, ұңғымалық аспаптарды қолдану бойынша техникалық инструкцияларды қолданамыз.

СТАНЦИЯМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ

Станциямен геофизикалық жұмыстар екі адамнан тұратын каротаждық бригадамен жүргізіледі:

1.аппаратурамен жұмыс істейтін және жазба жүргізетін оператор;

2.каротаждық станцияның машанисті, әрі жүргізуші, аппаратураны орнатып бұзады, ұңғымада құрылғылармен аспаптармен және көтеріп-түсіру механизмімен жұмыс істейді, қозғалу жылдамдығын, ұңғымадағы аспаптың орналасу тереңдігін және барабанда кабельдің дұрыс орналасуын бақылайды.

Каротаж түрін анықтау, сәйкес ұңғымалық аспапты таңдау, қондырғыны монтаждау.

Ұңғымалық аспапты ұңғымаға түсіру, ол үшін лебедка приводының екі жылдамдықты редукторының беруді ауыстыру сабын «нейтраль» қалпына қою керек және лебедканың тоқтату механизм приводының рычагымен түсіру жылдамдығын реттеу арқылы ҰА-тың ұңғыма түсіру.

Компьютердің видеомониторындағы көмек белгілеріне сәйкес ҰА көтеру, бір уақытта берілген жылдамдықпен параметрлерді жазу, сол уақытта автокөлік қозғалқышының айналым реттеу қайталану механизмі арқылы оның баяу корректировкасы жүзеге асады. Автокөліктің қозғалқышын қосуды және лебедка приводының екі жылдамдықты редукторындағы беруді ауыстыруды автокөліктің сцепления механизмінде, лебедка приводының екі жылдамдықты редукторының беру ауыстырғышы рычагында орналасқан кнопка арқылы жүзеге асырылады.

Көтеріп-түсіру үрдісі кезінде апаттық жағдайлар болған жағдайда қозғалтқышты станцияның аппаратуралық бөлігінің аппаратуралық қалқанындағы «двигатель стоп» батырмасын басу арқылы тез арада өшіру керек. Нақты каротаждық әдіспен және ұңғымалық аспаппен жұмыс істеуді БСК-041-дің техникалық сипаттамасына, ұңғымалық аспаптарды қолдану инструк-

цияларына, каротаж нәтижелерін тіркеудің бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі техникалық құжаттарға сәйкес жүргізу керек.