- •3.1 Зерттеу нысанының сипаттамасы
- •7.Нейтронды бірден бөлу әдісі (кнд-м)
- •Поставка комплекті және құрамы
- •«Кобра» станциясының поставкасының комплекті
- •3.3.2 Ұңғымалық аспаптардың негізгі техникалық сипаттамалары
- •0,005% Тең, диаметірі 90-150 мм, тереңдігі 1000 м құбырда уранның құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
- •3.3.3 Ұңғымалық аспаптарды жұмысқа дайындау
- •3.3.3 Жұмыстардың әдістемесі
- •3.3.5 Өлшеу техникасы
3.3.3 Ұңғымалық аспаптарды жұмысқа дайындау
Аспаптарды эксплуатациялау дайындалған оператор-геофизиктермен өткізіледі, кезекті жөндеу геофизикалық кәсіпорынның аппараттық цехының аппаратураны жөдеушісімен жүзеге асады.
Жұмыс аяқталған соң аспап дұрыстап жуылып, құп-құрғақ қылып сүртіледі.
Жұмысқа қабілеттілігі мен техникалық жағдайы аспапты алғанда, ұзақ сақталғаннан соң немесе басқа керектіліктер бойынша тексеріледі.
Аспап пеш жағылатын, құрғақ, температурасы +5-тен +30 градусқа дейінгі, салыстырмалы ылғалдылығы 95% бөлмелерде және қоршаған ортада қышқыл, сілті және басқа да агрессивті қоспалардың буларының болмауы. Эксплуатацияға енгізгенге дейінгі жарамдылық мерзімі үш жылдан аспайды.
ҰҒЗ-ның
ұңғымалық аспаптары өлшеуіш құрылғылары
болып табылады, агрессивті ортада,
экстримальді жағдайларда жұмыс істейді
және эксплуатация барысында мұқияттылықты
керек етеді.
Ұңғымалық аспаптарды тұрақты жағдайларда ұңғымаға жібермес бұрын келесілер жүзеге асады:
-ұңғымалық аспаптарды қабылдау, қарау және жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
-шығыс бөлшектерін, материалдарын және радиоактивті сәулеленә көздерін қабылдау;
-Қабылданған аспаптардың типтері мен номерлері туралы мәліметтерді, аспаптардың соңғы кезеңді калибровкасының қорытындыларын және егер тапсырманы орындауға қажет болса, алдыңғы зерттеулер нәтижелерін регистратордың мәліметтер базасына жазу;
Ұңғымалық аспаптардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен қарастыру арнайы осындай жұмыстарға дайындалған бөлмелерде өткізіледі, олар нормативті құжаттарда көрсетілген техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Тексеруге жатады:
-аспаптардың комплектілігі, сонымен қатар калибровкалау құрылғылары, арнай көмекші қондырғылар, кілттер және т.б.;
-аспаптардың
қорғаныс терілерінің жағдайы (деформацияның
және жарықшақтардың болмауы);
-қорғаныс қалпақтардың болуы;
-кескіштердің жағдай мен аспаптардың аспаптық головкаларының майлануы;
-резеңкелі тығыздаушы колеялар мен тоғысу түйіндерінің фторопластті төсеніштерінің, сонымен қатар радиоактивті сәулелену көздерінің камералары мен көздер ұстағышының жағдайы;
-аспаптардың розетка беттерінің және вилкаларының және комбинирленген аспаптардың модульдерінің тоғысу түйіндерінің тазалығы;
-Қысу құрылғыларының рычагты жүйелерінің майлануы және тазалығы, олардың механикалық зақымданбауы;
-резеңкелі компенсаторлардың зақымданбауы және олардың герметикалығы;
-компенсаторлардағы майдың болуы мен деңгейі;
-геофизикалық кабельдің желілерінің изоляциялану кедергісі (0,5-20 Ом*м көлемінде болу керек);
-Аспаптардың далалық калибровкалау құрылғысымен, каротаждық көтергіш пен зертхананың берілген нұсқаларымен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
Радиоактивті сәулелендіру қолданылатын аспаптарда келесілерді тексереді:
-көздің бекітілу түйіндерінің бүтіндігі;
-терінің сыртқы бетіндегі көз орналасқан жерінде белгінің болуы;
-Терінің сыртқы бетінде тазалауы қиын кірленулер жиналатын жерлердің болмауы.
Аспаптарды ұңғымаға тасымалдамас бұрын тасымалдауға арналған бөлшектерге бөлу жүргізіледі және штаттық қалпақтар мен қақпақтар орналастырылады. Аспаптар автокөліктің арнайы бөлігінде (контейнерлер, қораптар), басқа заттармен соғылыспасы үшін жақсылап бекітеді.
Ұңғымаға әкеле салысымен аспаптарды арнайы жұмыс алаңындағы орындарға түсіреді-бұрғылау қондырғысының мосттары-зерттелу кезегіне байланысты. Міндетті түрде зертхана мен каротаждық көтергішті жерлендіріліп (4 Ом-нан аспауы керек), бұрғылау құрылғысының қорек желісіне қосылу керек, зерттеуге бірінші жоспарланған аспап бөліктерін түйістіреді. Жинағанда арнай төсеніштер қолданылады. Жинау кезінде түйілістірушілерге ылғалдың түсуін алдын алу шаралары жүргізіледі.
