Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАНСУР СПЕЦ.ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

3.3.2 Ұңғымалық аспаптардың негізгі техникалық сипаттамалары

КСП – 60 кешенді құбырлық гамма-электрокаротаж аспабының негізгі техникалық сипаттамалары.

КСП-60 кешенді құбырлық құрал диэлектрикалық материалдан жасалған қабықшалы сыртқы диаметрі 60 мм А, В және М қорғасын электродтары орналасқан цилиндрлі модуль түрінде жасалған. Зерттеу барысында 1:500 және 1:200 масштабта түсірілді.Құралдың ұзындығы мен салмағын КС каротажының электрозондының өлшемдеріне байланысты түрлендіріледі (1м өлшемді электрозонд пен М1,0А0,1В А0,1В1,0М түрінде

орналасқан элетродтар нұсқасы немесе 0,5м өлшемді электрозонд пен М0,5А0,05В А0,05В0,5М түрінде орналасқан элетродтар нұсқасы болуы мүмкін). Құралдың жоғары бөлігінде НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан; төменгі бөлігінде – қорғасын экранды, алюминий корпуста орналасқан ФЭУ-85-тен және 30х70 мм өлшемді кристалл-сцинтиллятордан тұратын электронды сызба және гамма-квантты детектрлеу блогы орнатылған шасси бекітілген тоттанбайтын болаттан жасалған алмалы-салмалы заглушка орналасқан. КСП-60 құралы құбырдың ашық бағанында гамма-каротаж бен градиент зондында КС каротажын және ПС каротажын біруақыта өткізуге арналған. Құбырлық құралды тоқпен қамтамасыз ету жиілігі 12,5 Гц, 120 – 150 мА ауыспалы белгілі тоқты, пульсті БСК – 041-мен жүргізіледі. Құрал 0-ден 10000 мкр/сағ дейінгі деңгейде гамма-сәулелену қарқындылығын, 0-ден 1000 Омм-ге дейінгі деңгейдегі тау жынысының көрінерлік кедергісін және -500-ден +500 мВ-қа дейінгі деңгейдегі өздігінен поляризацияланған потенциалдарды өлшеуге арналған. Құрал сызбасында гамма-квантты тіркеудің энергетикалық босағасын орнатуды қамтамасыз ететін дискриминатор бар (босаға 15 – 25 КЭВ деңгейінде орнатылуы керек). Энергетикалық босаға тіркеуін тексеру үшін және қалпына келтіру (қажет жағдайда) және құралды градуировкалау 3 айда 1 рет немесе құралды жөндегеннен кейін орындалады. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру кенді эталон көмегімен әрбір каротаж алдында жүргізіледі. Энергетикалық босағаны тексеру мен қалпына келтіру, құралды тексеру мен градуировкалау реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

№4-ші цехта негізінен КСП-60 ұңғымалық құралының екі түрі қолданылады, олардың бір бірінен айырмашылығы электродтарының ара қашықтығында және олар былай белгіленеді:

  1. М 0,95 А 0,1 В

2) М 1,0 А 0,1 В

5-ші сурет. КСП-60 кешенді ұңғымалық құралы (М 0,95 А 0,1 В )

6-шы сурет. КСП-60 кешенді ұңғымалық құралы (М 1,0 А 0,1 В )

7-ші сурет. КСП-60 ұңғымалық құралының БСК-ға жалғану схемасы

Барлық КСП-60-да қолданылатын ток көзі:100-120 мА.

ИЭМ-З6 құбырлық инклинометрдің негізгі техникалық сипаттамалары.

ИЭМ-36 құбырлық инклинометрі сыртқы диаметрі 35 мм магниттелмеген металл материалдан жасалған цилиндрлік модуль түрінде жасалған.Бұл аспап 1:200 масштабта жүргізіледі. Құралдың жоғары бөлігінде НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін осы материалдан жасалған басша орналасқан. Құралдың төменгі бөлігінде ұзартқыш жалғау үшін магниттелмеген материалдан жасалған бұрандалы жалғама қарастырылған. Құралдың орталық бөлігінде электронды сызбалар мен өлшеу түйіндері орналасқан. ИЭМ-36 құралы нақты режимде құбыр инклинометриясын өткізуге арналған. Құбырлық құралды тоқпен қамтамасыз ету, оның жұмысын басқару және бұрыштың өлшенген мәндерін көрсету каротажды кабель желілері арқылы құрал жалғанатын арнайы жерлік пульт арқылы жүргізіледі. Құрал 0 – 450 деңгейінде зенитті еңкею бұрышын және 0 – 3600 деңгейінде еңкею бұрышының азимутын өлшеуге негізделген. Құрал градуировкалауды қажет етпейді. Құралды тексеру мен қалпына келтіру арнай тексеру столын қолдану арқылы жүргізіледі. Құрал параметрлерін тексеру мен қалпына келтіру реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

8-ші сурет. ИЭМ құралы

9-шы сурет. ИЭМ құралының жазу нүктесі

10-шы сурет. ИЭМ ұңғымалық құралының басқару пульті

11-ші сурет. Құралдың жұмысқа қабілеттілігі айына бір рет УСИ – 2 үстелінде тексеріледі.

КМ-З құбырлық каверномердің негізгі техникалық сипаттамалары.

КМ-3 құбырлық каверномер тоттанбайтын болаттан жасалған сыртқы диаметрі 38 мм корпустағы цилиндрлік модуль түрінде жасалған. Аспап 1:500 масштабта ұңғымада өткізіледі. Құралдың жоғары бөлігінде НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан. Құралдың

төменгі бөлігінде 3 серіппе астылы өлшеу рычагы орнатылған. Корпус ішінде электромагнитті приводты және механикалық жіберу жүйесімен өлшеу реохорды бар құлыпталған құрылғы орналасқан. Жұмыс жағдайында құрал корпусы трансформаторлы маймен толтырылған. КМ-3 құбырлық каверномеркаротажды кабель желілері арқылы БСК – 041-ге жалғанады және 40 – 250 мм деңгейінде құбыр диаметрін өлшеуге арналған. Құрал шкаласын градуировкалау әрбір каротаж алдында әр түрлі диаметрлі градуировкалы сақина жинақтамасы көмегімен жүргізіледі. Құралды тексеру мен қалпына келтіру реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

12-ші сурет. КМ коверномерінің БСК-ға жалғану схемасы

БСК

Рт1

Рт2

Реохорд СП

13-ші сурет. КМ ұңғымалық құралы

СПЭК құбырлық электрозондтың негізгі техникалық сипаттамалары.

СПЭК құбырлық электрозонды А, В және М қорғасын электродтары орналасқан диэлектрикалық материалдан жасалған сыртқы диаметрі 38 мм болатын цилиндрлі модуль түрінде жасалған.Түсіру барысында қолайлы масштабты таңдай аламыз(1:500 1:200) Құралдың ұзындығы мен салмағын КС каротажының электрозондының өлшемдеріне байланысты түрлендіріледі (1м өлшемді электрозонд пен М1,0А0,1В, А0,1В1,0М түрінде орналасқан элетродтар нұсқасы немесе 0,5м өлшемді электрозонд пен М0,5А0,05В, А0,05В0,5М түрінде орналасқан элетродтар нұсқасы болуы мүмкін). Құралдың жоғары бөлігінде НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан; төменгі бөлігінде – тоттанбайтын болаттан жасалған алмалы-салмалы емес заглушка орналасқан. Құбырлық құралды тоқпен қамтамасыз ету КС каротаж өткізуде жиілігі 12,5 Гц, 5 – 250 мА ауыспалы белгілі тоқты, пульсті БСК – 041-мен жүргізіледі. Құрал 0-ден 1000 Омм-ге дейінгі деңгейдегі тау жынысының көрінерлік кедергісін және -500-ден +500 мВ-қа дейінгі деңгейдегі өздігінен поляризацияланған потенциалдарды өлшеуге, сонымен қатар шегендеуде КС каротажын өткізуге және тоқты каротажды өткізуге арналған. Құрал градуировкалау мен қалпына келтіруді қажет етпейді. Құралдың жұмысқа

қабілеттілігін тексеру электродтар арасындағы оқшауланудың кедергісін анықтау үшін әрбір каротаж алдында мегаомметр көмегімен жүргізіледі. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

КТ-ЗМ құбырлық термометрдің негізгі техникалық сипаттамалары.

КТ-ЗМ құбырлық термометрінің негізін тізбектей жалғанған 3 сым элемент құрайды, олардың әрқайсысы тоттанбайтын болаттан жасалған сыртқы диаметрі 3 мм кремнийорганикалық сұйықтықпен толтырылған жұқа қабырғалы құбырда жөндеуден өткізілген.1:500 және 1:200 масштабта алуға болады. Термоэлемент блоктары жоғары жағында НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан және сырттан торлы күзет қабатшасымен жабылған құрал негізіне бұрандалы жалғамамен бекітілген. КТ-ЗМ каротажды кабель желілері арқылы БСК – 041-ге жалғанады және 0 – 500С деңгейінде құбырдағы сұйықтық температурасын өлшеуге негізделген. Құрал градуировкалау мен қалпына келтіруді қажет етпейді, бірақ каротажды кабель желілерінің

кедергісін есептеуде эксплуатациялауда жаңа станция әкелінгенде және каротажды кабельді ауыстырған сайын және жөндеуден өткізген сайын термометрия каналын градуировкалау қажет. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

14-ші сурет. Термометр КТ-3м.

Жазу жылдамдығы ұіңыманың температурасына тікелей байланысты. Өлшем барысында жіберілетін қателік 0,50С-тан аспауы қажет. Осы орайда жазу жылдадығы 600–800 м/сағ болуы тиіс.

АИНК-60 импульсті нейтронды каротаж аппаратурасы.

Бұл құралды таңдап алуының себебі өте жоғары нақты өлшеуі.

АИНК-60 жұмыс істеу тәртібі тау жыныстарындағы құбыр маңының энергиясы 14 мэВ тең тез нейтрондар-циклдық ағыны арқылы сәулеленуіне, және уран-235 лездік жылулын нейтрон бөлінуінің тіркелуіне негізделген.

Генератор жиілігі – 20 Гц, импульсті бөлгіш – 2 мкс. Жылулық нейтрондарды тіркеу 64 ауқытша терезеде 32 мкс әр қайсысына импульспен сәулелендіру 2048 мкс ішінде жүргізіледі.

АИНК-60 аппараты ураны 1% дейін диапазондағы сезгіштік табалдырығы