Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАНСУР СПЕЦ.ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

Поставка комплекті және құрамы

Б Белгіленуі

Атауы

Саны

Ескерту

1

2

3

4

ЗИЛ

Арнайы жоғары өтімді автокөлік

1

КФГЛ

Кузов-фургон геофизикалық зертхана

1

Механикалық приводы,кабелі (1000м), кабельреттегіші және коллекторы бар геофизикалық лебедка

1

НК-36

Тұйықтаушы кабель

1

Датчикті блок-баланс өтімділігі орташа арақашықтық 0,1м

1

Блок-балансты ұңғыма ернеуіне шығарушы құрылғы

1

Қыс/жаз климаттық қондырғы

1

Бензоэлектростанция

1

SI-1000HP

Инвертор (өзгерткіш) кернеуі 12x220 v

1

ПЭВМ IBM-C

Арнайы стационарлық ЭЕМ

1

ЕPSON LX-300

Белгісинтездеуші баспа құрылғы

1

1

2

3

4

БСК-041

Қорек блогі және ұңғымалық аппаратураның келісілімділігі

2

«Кобра» станциясының поставкасының комплекті

Белгіленуі

Атауы

Саны

Ескерту

Кобра-М55571

Каротаждық станция Кобра-М55571

1

ЗИП

Қосымша бөлшектер, бұйымдар мен электро аспаптардың комплекті

1

Эксплуатациялық документтер комплекті

1

Станцияның жөнделмеуі мен істемей қалуын тіркеу карточкасы

1

Жасап шығарушыға эксплуатация баснан алты айдан кейін жіберіледі

Техникалық сипаттамалары:

Зерттелетін ұңғыма тереңдігі – 3000 метрге дейін.

Лебедка барабанының орташа диаметрі бойынша кабель жылдамдығы:

1) минимальді - 200 м/сағ-тан көп емес;

2) максимальді - 10000 м/сағ-тан аз емес.

Кабель орамының алғашқы екі орамына түсетін максимальді ауырлық күші – 25000 Н-нан кем емес.

Лебедка барабанының сыйымдылығы – 0,25 м3

Станцияның электрлік қорегі – 220(±22)В кернеулі, 50Гц (±1) жиілікті ауыспалы тоқ. Қорек жерленген нейтральді өндірістік желіден алынады.

Станцияның қолданылатын қуаты 2,5 кВт-тан аспайды.

Станция массасы 8000 кг-нан аспайды.

Ұңғымалық аспаптың орналасу тереңдігін тіркеу кванттау қадамының дәлдігімен тереңдік счетчигі арқылы орындалады және кабельдегі белгілер бойынша түзетіліп, неғұрлым дәлділенеді.

СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ

Станция құрамында электродты блоктар мен көтеріп-түсіру құрылғысының комплекті кіреді, олар жоғары өтімді ЗИЛ автокөлігінің шассиіндегі кузов- фургонда орналасқан.

Тұтастай металдан жасалған кузов-фургон қалқа арқылы аппаратуралық және лебедкалық бөлімдер болып бөлінеді.

Аппаратуралық бөлімде келесілер орналасқан:

-Өлшеуіш-бақылаушы кешен, оның құрамында:

-стационарлы ПЭВМ IBM-PC;

-белгісинтездеуші баспа құрылғысы «EPSON LX-300»;

-Жеке өлшеуіш құрылғы УСО-041 (негізгі және қосымша);

-унифицирленген қорек көзі және БСК-041 ұңғымалық аппаратурасы мен каротажды кабельдің 10метрлік белгілі «шыңдау» (отбивка) құрылғысымен келісілімділігі;

-Кернеу инверторы (өзгерткіш) SI-1000HP;

-аспаптар мен қосымша бөлшектердің комплекті;

-өртсөндіргіш;

Лебедкалы бөлікте келесілер орналасқан:

-коллекторы, кабельреттегіші, каротаж кабелі, кабельдік тұйықтағышы бар каротажды лебедка;

-блок-баланс;

-бензоэлектростанция;

-климаттық құрылғының шығару блогы қыс/жаз;

-блок-балансты ұңғыма ернеуіне шығарушы құрылғы;

Станцияның қорегі 220(±22)В кернеулі, 50Гц (±1) жиілікті ауыспалы тоқ желісінен немесе бензоэлектростанция генераторынан алынады. Ауыспалы тоқ күш қалқанына түседі, бұл жерде станцияның қысқа тұйықталуы алдына алынған.

Күш қалқанынан тоқ станция аппаратурасының қорек розеткасына түседі.

Кіру кернеуі болмаса, станцияның өлшеуіш аппаратурасының SI-1000HP инверторынан қоректенеді, ол оның электроқамтамасыз етілуін автокөліктің аккумуляторлы батареяларындағы 12 вольттық тұрақты кернеуді 220 вольттық ауыспалы кернеуге өзгертуі арқылы жүзеге асырады.

Унифицирленген қорек көзі мен БСК-041 ұңғымалық аппаратурасының келісілімділігі қоректенуді және ұңғымалық аспаптардың тізбегінінің коммутациясын, УСО-041 арқылы қозғалмалы немесе тұрақты ПЭВМ-ге өтуге сигналдардың құрылуын қамтамасыз етеді.

ПЭВМ ПМО арқылы мәліметтерлі тіркеу, сақтау, өңдеу функцияларын, сонымен қатар шығарылатын документтердің пайда болу функциясын орындайды.

Станцияның бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етілуімен келесілер қамтамасыз етіледі:

Зерттеу түрлерін ауыстырғанда тізбектің автоматты коммутациясы;

Каротаж алдында ұңғымалық аспаптардың градуировкасы мен реттелуі;

Жазу барысында геофизикалық аппаратураның жұмысқа қабілеттілігін бақылау;

Берілген кванттау қадамы бойынша физикалық параметрлерді тіркеу, бір уақытта видеомониторда көрсету;

Нәтижелердің мәтіндік файлдарын қатты магниттік дискіде, каротаждық диаграмма мен қорытынды құжаттарды белгісинтездеуші баспа құрылғыда алу.

Тереңдік датчигінен белгілер УСО-041 арқылы ПЭВМ-ге түседі, мұнда ұңғымалық аспаптың (ҰА) датчигінің орналасу тереңдігі, ҰА-тың лездік өту жылдамдығы және ҰА-ның каротаж бойғы және ауытқулы аралықтардағы (радиоактивті каротаж түрлері) орташа жылдамдығы есептеледі. Каротаждық кабельдің 10метрлік белгілі «шыңдау» (отбивка) құрылғысынан келетін белгілері бойынша тереңдіктердің түзетілуі (корректировкасы) жүзеге асады. Тереңдіктердің абсолютті байланыстырылуы соңғы «шыңдалған» белгі шамасының сұратылуымен жүзеге асады.

Каротаж аяқталған соң автоматты тұрде жасалған жұмыс жүргізу протоколы басылады, мұнда барлық керекті параметрлер көрсетіледі (каротажды кабельдің 10метрлік белгілердің саны, каротажды өткізу жылдамдығы, ТОМ және ЦПМ мәндері, ҰА-тың каротаж алдында тексеру және реттеу нәтижелері және т.б).

Каротаждық лебедка(ПК-2) ұңғымалық аспаптарды 3000 метр тереңдікке түсіруге (көтеруге) арналған. Кабельреттегіші бар лебедка бір рамада орналастырылған. Кабельдік барабан алюминий құймасынан жасалған және тіректерде сфералық подшипниктермен орнатылған.

Кабельдік барабанның айналуы автокөліктің қуатты таңдау қорабынан карданды беру, екі жылдамдықты редуктор және тізбектік беру арқылы барабан жүзеге асады. Екі жылдамдықты редуктордың беруді ауыстыру рычагы станцияның аппаратуралық бөлігінде орналасқан.

Кабельреттегіш құрамына дифференциалды редуктор, карданды бұрыштық редуктор, винт және тік орналасқан роликтері бар каретка кіреді. Кабельді реттеуді жөндеу (корректировка) – қолмен. Корректордың сабы станцияның аппаратуралық бөлігіне шығарылған. Барабанды тоқтату үшін ленталық тормоз қарастырылған. Тормоздың сабы станциясының аппаратуралық бөлігінде орналасқан. Лебедканың тоқтату жүйесі лебедка тормозының рычагындағы күш 200 Н-нан аз болып, кабельдегі ауырлық күш 1600 Н болғанда барабанның толық тоқтатылуын қамтамасыз ету керек.

КГЗ-55-180 геофизикалық кабелі.

Сипаттамалары:

  • Кабельдің сыртқы диаметрі – 8,80±0,15 мм

  • Кабельдің номинальді үзілу күші – 55кН

  • Кабель бос соңының ұзаруы – 0,27 м/км/кН

  • Кабельдің жылуға тұрақтылығы – 1800С

Бронь конструкциясы (4.7.сурет):

  • Ішкі повив – 1,10 мм-лі 14 сым

  • Сыртқы повив – 1,30 мм-лі 17 сым

  • Броньның электрлік кедергісі – 7 Ом/км

Лебедка КМ-2 үш желілі коллектормен жабдықталған, ол кабельді барабанның сыртында орналасқан және электрлік белгілерді ұңғымалық аспаптан жербетілік аппаратураға беруге арналған.

Лебедканың екі жылдамдықты редукторындағы берілудің қосу/өшіру-ін басқару үшін станцияның аппаратуралық бөлігінде автокөлік қозғалтқышының айналымын реттеуші қайталағыш механизм орнатылған. Автокөлік қозғалқышын қосып, оның негізгі параметрлерін түсіріп-көтеру операцияларын өткізу үрдісінде (суытқыш сұйықтықтың температурасы, аккумуляторлы батареяларда зарядтың болуы, май қысымының болуы) бақылау үшін станцияның аппаратуралық бөлігінде жағу қорғаны және сәйкес бақылау лампалары және аспаптары бар қайталағыш аспаптық қалқан орналасқан.

Автокөлік қозғалтқышын тоқтату үшін станцияның аппаратуралық бөлігінде таулық тормозды қосу арқылы қозғалтқышты тоқтататын қайталағыш пневматикалық механизм орналастырылған.

Геофизикалық жұмырсымға белгі қою

Геофизикалық жұмырсымға белгі қою лебедкадағы жұмырсым әр түрлі ақаулар барысында бүлінген жағдайда сонымен қатар арнайы өз уақытында арнайы ашық алаңда ауыстырылады және оған белгі қойылады. Белгі қою негізінен кемінде 2-3 адамның көмегімен жүзеге асырылады. Белгі қою үшін ең алдымен ескірген немесе бүлінген жұмырсымды лебедкадан алып тастайды одан кейін арнайы алаңда жаңа жұмырсымға 20 метр сайын 1 белгі, 50 метр сайын 2 белгі, 100 метр сайын 3 белгі, нулевойда 5 белгі қойып жерге тигізбей лебедкаға қайта орайды. Нулевой дегеніміз ұңғымалық құралға 10 метр қалғандағы белгі сондықтанда 5 белгі қойылады. Оператор каротаж жүргізу барысында осы 5 белгіні көргенде ұңғымалық құралды сындырып алмас үшін жылдамдықты азайтып барып тоқтатып қалған кабелді қолмен шығаруы керек. Жаңадан қойылған жұмырсымның кедергісі тестермен өлшеніп арнайы құжатқа толтырылады. Белгіні кою үшін ашық түсті белгіні қолданған жөн өйткені түнгі уақытта жұмыс жасағандада көзге бірден көрінуі керек ол үшін кеңінен изолента қолданылады.