- •3.1 Зерттеу нысанының сипаттамасы
- •7.Нейтронды бірден бөлу әдісі (кнд-м)
- •Поставка комплекті және құрамы
- •«Кобра» станциясының поставкасының комплекті
- •3.3.2 Ұңғымалық аспаптардың негізгі техникалық сипаттамалары
- •0,005% Тең, диаметірі 90-150 мм, тереңдігі 1000 м құбырда уранның құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
- •3.3.3 Ұңғымалық аспаптарды жұмысқа дайындау
- •3.3.3 Жұмыстардың әдістемесі
- •3.3.5 Өлшеу техникасы
7.Нейтронды бірден бөлу әдісі (кнд-м)
Нейтронды
бірден бөлу әдісі (КНД-м) уранның
мазмұнының өзгеруін байқау үшін немесе
оның құммен балшық жыныстарының
арасындағы орын ауыстырып тұруын
бақылайды. Нейтронды бірден бөлу әдісі
(КНД-м) жобаланған ұңғымалардың 20%-да
жүргізіледі. Жер астында шаймалану
процессі жай ғана ақырын өтеді, процесс
басынан кейін уранды туралап табу бір
айдан соң өткізсе жеткілікті және
кварталда бір рет өткізсе, егер уранның
негізгі бөлігі шаймаланып болғанда.
Шайылу процессі жүріп жатқаны туралы
деректемені байқау құбырларының
өлшеулерімен алынады. Кейбір бөлек
байқау құбырларында уран санын бағалауға
болмайды, ол рудалы беткейде қалады,
бірақ шаймалану процессінің өтіп
жатқаны, уақыт өткенде, туралы мінездемені
дұрыс алуға болады. Ол үшін байқау
құбырларының
гидродинамикалық
есептелген деректеме бойынша, шаймалану
процессінің жүрісінің орта бағасы бар
орындарға орналастыру керек.
Бақылау құбырының КНД нәтижесі бойынша уранның үлесі бағаланады, ол технологиялық жолмен шаймаланады.
Шектемеден тыс құбырлардағы өлшенген КНД уранның қосымша
алынуы туралы деректеме береді, ол шектемеден тыс жерлерде жүргізіледі, онда уранның қайта түзілуі балшық, жартылай қабаттарында болуына көмектеседі.
8.Расходометрия әдісі–жуу сұйықтығының мөлшерін өлшеуге негізделген, өлшем бірлігі-м3/сағ.Ұңғыма оқпаны бойынша жуу сұйықтығының ағынының жылдамдығын зерттеуге негізделген. Өлшем бірлігі минут айналым (айн/мин).
3.3
Жұмыстардың әдістемесі мен техникасы
3.3.1 Әдістерге аппаратура мен құрал-жабдықтарды
таңдау және негіздеу
Каротаждық зертханаларды таңдау барысында келесі талаптар ескеріледі:
-Барлық жобаланған геофизикалық зерттеулер мен жұмыстардың өткізілуін қамтамасыз ету;
-Жұмыс барысында алынатын мәліметтер сапасын оперативті бақылауын қамтамасыз ету;
-Каротаждың әртүрлі түрлеріне қажет кабельдің желілерінің коммутациясын қамтамасыз ету;
-Зертхананың қорегінің апаттық түрде өшірілуінен кейін кемінде 15 минут көтеріп-түсіру операцияларын бақылау жүйесі мен компьютерленген тіркеуіштің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
-Тоқтату жүйесі бар станция лебедкасы кабельді ұңғымаға түсіру және оның тоқтау кезінде ұстап тұрылуы кезінде баяу тоқтатылуын, кабельдің санкционирленген түсірілуі немесе көтерілуін қамтамасыз етеді, лебедка барабаны магнитті емес материалдан жасалады. Барабан сыйымдылығы ұңғыма түбіне аспап жеткенде барабанда кабельдің соңғы орамының соңғы қатарының жартысынан көбі қалатындай болады.
-Каротажды бақылау пульті геофизикалық кабельдің тереңдік, созылу және қозғалу жылдамдығының индикаторымен жабдықталған.
Жоғарыда айтылған талаптарды, жағдайларды және құнын есепке ала келе компьютерленген «Кобра» каротаждық станциясы таңдалды.
Станцияның құрамдас бөліктері:
-ПЭВМ (бағдарламалық-электрондық есептеуіш машина) IBM-PC
-белгісинтездеуші баспа құрылғысы «EPSON LX-300»;
-интеллектуалды өлшеуіш құрылғы УСО-041;
-Қорек блогы және ұңғымалық аппаратураның сәйкестігі БСК-041, каротажды кабельдің 10метрлік белгілі «шыңдау» құрылғысы бар;
-Кернеу инверторы SI-1000HP;
-коллекторы, кабельреттегіші, каротаж кабелі, кабельдік тұйықтағышы бар каротажды лебедка;
-блок-баланс;
-бензоэлектростанция;
-климаттық құрылғы қыс/жаз;
-каротаж нәтижелерін тіркеудің бағдарламалық-математикалық қамтамасыз ету;
Кобра
станциясының қолданылуы
«КОБРА-М55571» каротаждық станциясы су және қатты пайдалы қазбаларға бұрғыланатын 3000метр тереңдікке дейінгі тік және еңіс ұңғымадағы каротажды сандық тіркеуге арналған.
Станция электрлік, термометриялық және радиоактивті әдістермен ұңғыманы зерттеуге арналған ұңғымалық аппаратурамен кешенделеді. Станция сериялық өндірісті кез-келген ұңғымалық аспаптарды қолдану арқылы ұңғыманы басқа әдістермен зерттеуге мүмкіндік береді.
