
- •№ 1 Есеп
- •Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
- •Есеп № 3
- •№ 2 Есеп
- •Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
- •№ 4 Есеп
- •№ 6 Есеп
- •№ 7 Есеп
- •№ 8 Есеп
- •№ 9 Есеп
- •Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
- •№ 10 Есеп
- •№ 11 Есеп
- •№ 12 Есеп
- •№13 Есеп
- •Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
- •№ 14 Есеп
- •№ 15 Есеп
- •№ 16 Есеп
- •№ 17 Есеп
- •№ 18 Есеп
- •№ 19 Есеп
- •№ 20 Есеп
- •№ 21 Есеп
- •№ 22 Есеп
- •№ 23 Есеп
- •№ 24 Есеп
- •№ 25 Есеп
- •№ 26 Есеп
- •№ 27 Есеп
- •№ 28 Есеп
- •№ 29 Есеп
- •№ 30 Есеп
- •№ 31 Есеп
- •№ 32 Есеп
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖМ ФАКУЛЬТЕТІ 2 КУРС ПАТОФИЗИОЛОГИЯДАН БІЛІМДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР |
№ 1 Есеп
Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 |
Берілген есепте ауруды табыңыз. Ауруға анықтама беріңіз Ауру нышандарын көрсетіңіз |
Аурудың анықтамасы толық берілген Барлық нышандар көрсетілген 30 балл |
Аурудың анықтамасы толық емес Нышандар толық емес 20 балл
|
Аурудың анықтамасы толық емес Нышандар көрсетілмеген 15
|
Анықтама жоқ Нышандар берілмеген
0 |
2 |
Берілген есепте дерттік серпілісті тауып, анықтама беріңіз |
Дерттік серпіліс дұрыс анықталып, анықтама берілген 20 балл |
Дерттік серпіліс дұрыс анықталып, анықтама берілмеген 10 балл |
Дерттік серпіліс анықталмаған 0 балл |
|
3 |
Берілген есепте дерттік үрдісті тауып, анықтама беріңіз |
Дерттік үрдіс дұрыс анықталып, анықтама берілген 20 балл |
Дерттік үрдіс дұрыс анықталып, анықтама берілмеген 10 балл |
Дерттік үрдіс анықталмаған 0 балл |
|
4 |
Берілген есепте дерттік жағдайды тауып, анықтама беріңіз |
Дерттік жағдай дұрыс анықталып, анықтама берілген 20 балл |
Дерттік жағдай дұрыс анықталып, анықтама берілмеген 10 балл |
Дерттік жағдай анықталмаған 0 балл |
|
5 |
Коммуникациялық дағды |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алады 2. ескертпелерге түсіністікпен қарайды, 3. қайшы сұрақтарды талқылауға ыңғай көрсетеді
10 балл |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алады 2. ескертпелерге ренішпенпен қарайды
8 балл |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алмады 2. ескертпелерге ренішпен қарайды, 3.қайшы сұрақтарды талқылауға зауқы жоқ
5 балл |
1. Студент өз ойын анықтай алмайды 2. қателерін түсінгісі келмейді 3.қайшы сұрақтарды талқылағысы келмейді 0 балл |
Есеп № 3
3 жастағы бала қауырт ауырып, әлсіздік, ұйқышылдық, қалтырау бақылады. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсты, бала басының ауыратындығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Науқасты тексерген дәрігер ұртынан, тері қатпарларында, екі бүйірінен, ішінің төменгі жағынан ұсақ нүктелі ашық түсті бөртпелер анықтады, бадамша бездері үлкейген, қызарған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған баламен байланыста болған. Науқасқа жәншау диагнозын қойды. Пенициллин тобындағы антибиотиктермен емдеді. Бір аптадан соң бөртпелер жойылды, саусақ ұштарында, алақаны мен табандарында терісі жаопақтанып түсті. Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 |
Науқастағы жұқпалы аурудың сатысын атап, анықтаңыз |
жұқпалы аурудың сатысы дұрыс аталған 20 балл |
Аздаған қателіктерін оқытушының қосымша сұрағынан соң түзете алды 15 балл |
Аздаған қателіктерін оқытушының қосымша сұрағынан соң түзете алмады 10 балл |
Сатылары аталмаған
0 балл |
2 |
Әрбір сатыны сипаттаңыз |
Барлық сатылары сипатталған
30 балл |
Толық сипатталмаған
20 балл |
2 сатыны сипаттаған
15 балл |
Сатыны сипаттай алмады 0 балл |
3 |
Аурудың арнайы белгісін атаңыз жедел кезең жауабына сәйкес белгілерді көрсетіңіз, олардың патогенезін негіздеңіз |
Жауап толық берілген
20 балл |
жауапта патогенезі берілмеген
15 балл |
Жауапта айқын қателер бар
10 балл |
Жауап жоқ
0 балл |
4 |
Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз |
Жауап толық 20 балл |
Аздаған қателіктер кездеседі 15 балл |
Этиотропты емін негіздеген, патогенездік емі негізделмеген 10 балл |
Жауап жоқ
0 балл |
5 |
Коммуникативті дағды |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алады 2. ескертпелерге түсіністікпен қарайды, 3. қайшы сұрақтарды талқылауға ыңғай көрсетеді
10 балл |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алады 2. ескертпелерге ренішпенпен қарайды
8 балл |
1. Студент өз ойын толық жеткізе алмады 2. ескертпелерге ренішпен қарайды, 3.қайшы сұрақтарды талқылауға зауқы жоқ
5 балл |
1. Студент өз ойын анықтай алмайды 2. қателерін түсінгісі келмейді 3.қайшы сұрақтарды талқылағысы келмейді 0 балл |