Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 4+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
805.38 Кб
Скачать

4.3. Кәсіпорында жұмыс уақытын пайдалануды талдау

Кез келген кәсіпорында өнім өндіру көлемі тек жұмысшылар санына ғана емес, сондай-ақ өндіріске жұмсалған жұмыс уақытына да байланысты болады. Сондықтан жұмыс уақытын пайдалануды талдау кәсіпорындағы талдау жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Жұмыс уақытының қоры – белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тізімдік құрамына кіретін барлық жұмысшылардың жасаған адам-сағат саны. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау жұмыс уақыты балансының негізінде жасалады. Жұмыс уақыты қорының мынадай түрлері болады:

  • күнтізбелік жұмыс уақытының қоры;

  • атаулы (номиналды) жұмыс уақытының қоры;

  • жұмыс уақытының нақты келу (явочный) қоры;

  • жұмыс уақытының тиімді қоры (3-кесте).

Кесте 3. Бір жұмысшының жұмыс уақыты балансының негізгі көрсеткіштері

Уақыт қорының көрсеткіші

Есептеу формуласы

Ескертулер

Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры,

– демалыс пен мереке күндері;

– келмеген күндер;

– жұмыс уақытының атаулы ұзақтығы;

– өндірістегі тұрып қалулар мен үзілістер.

Жұмыс уақытының атаулы қоры,

Жұмыс уақытының нақты келу қоры,

Тиімді жұмыс уақытының қоры,

Еңбек ресурстарын пайдаланудың толықтығын талдау жасалатын уақыт кезеңіндегі бір жұмысшының жасаған күні мен сағатының санымен, сондай-ақ жұмысу уақыты қорын пайдалану деңгейі бойынша да бағалауға болады. Мұндай талдау жұмысшылардың әрбір санаты, әрбір өндіріс бөлімшелері және тұтастай кәсіпорын бойынша жасалады.

Жұмыс уақыты қоры (ЖУҚ) жұмысшылардың санына (Сж), бір жұмысшының бір жылдағы орташа жасаған жұмыс күнінің санына (К) және жұмыс күнінің орташа ұзақтығына (t) байланысты болады:

(4.3)

Тізбектеп алмастыру әдісін қолданып, жұмыс уақытын пайдалануды талдауға мысал келтіреміз:

4.2-мысал:

Көрсеткіштер (факторлар)

Өткен жыл

Ағымдағы жыл

Абсолютті ауытқу

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

45

46

1

Бір жұмысшының бір жылдағы жасаған орташа жұмыс күнінің саны, күн

212

211

-1

Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат

7

6,8

-0,2

Осы жоғарыда келтірілген факторлардың өзгерісінің жұмыс уақыты қорының мөлшеріне әсерін талдаймыз.

Бірінші қадам: Өткен жылдағы жұмыс уақыты қорының мөлшерін есептейміз:

Екінші қадам: Егер барлық факторлардың мөлшері өзгермеген, тек жұмысшылар саны ғана 1адамға көбейген десек. Онда жұмыс уақытының қорының мөлшері:

Сонда жұмысшылар санының 1 адамға өсуі жұмыс уақыты қорының мөлшерін 1484 сағатқа көбейтті (68264-66780=1484).

Үшінші қадам: Екінші қадамнан ешқандай фактор өзгерген жоқ, тек бір жұмысшының жасаған күнінің орташа саны 1 күнге қысқарды делік.

Сонда бір жұмысшының бір жылдағы жасаған жұмыс күнінің орташа санының 1 күнге азаюынан жұмыс уақыты қоры 322 сағатқа қысқарған (67942-68264=-322).

Төртінші қадам: Енді үшінші қадамнан ешқандай өзгеріс болмады, тек жұмыс күнінің ұзақтығы 12 минутқа қысқарды десек.

Сонымен жұмыс күнінің ұзақтығының 12 минутқа қысқаруынан жұмыс уақытының қоры 1941,2 сағатқа азайған (66000,8-67942=-1941,2).

Талдау нәтижелерінен кәсіпорынның қолдағы еңбек ресурстарын толық пайдалана алмай отырғанын байқауға болады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы жұмыс уақыты қорының қысқаруына әсер еткен смена ішілік және жарты күндік тұрып қалулар орын алған. Осы смена ішілік және жарты күндік тұрып қалулардың әсерін жұмыс уақыты қорының жоғалтуларының себебін анықтау үшін жұмыс уақытының нақты қоры жоспармен салыстырылады. Мұндай жоғалтулардың себебіне жұмысқа себепсіз келмеулер, аурып қалулар, құрал-жабдықтардың тұрып қалулары және т.б. жатады.