Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 4+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
805.38 Кб
Скачать

Тақырып 4. Кәсіпорында еңбек ресурстары мен еңбекақы қорын пайдалануды талдау

4.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау

Кәсіпорынның еңбек ресурстары – бұл кәсіпорында жұмыс жасайтын және оның тізімдік құрамына кіретін әртүрлі кәсіби-біліктілік тобындағы жұмысшылар жиыны.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оларды ұтымды пайдалану – кәсіпорынның нарықтағы берік ұстанымының маңызды факторы болып табылады. Сондықтан кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалануды талдауға аса мән берілуі тиіс.

Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың негізгі міндеттері:

  • кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау;

  • еңбек ресурстарының қозғалысын талдау;

  • жұмыс уақытын пайдалануды талдау;

  • еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау;

  • еңбекақы төлеуді талдау.

Кәсіпорынның барлық жұмысшылары өндіріс үдерісіне қатысу сипатына қарай негізгі мынадай екі топқа бөлінеді:

  1. өнеркәсіптік-өндірістік персонал – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты операциялармен шұғылданатын тұлғалар. Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың құрамына басшылар, мамандар, негізгі және көмекші жұмысшылар, қызметкерлер кіреді. Негізгі жұмысшыларға өнімді дайындаумен тікелей айналысатын тұлғалар жатады. Ал көмекші жұмысшылар – бұл негізгі жұмысшлардың атқаратын өндірістік үдерісіне қызмет көрсететіндер (жөндеушілер, сыпырушылар және т.б.) .

  2. өнеркәсіптік емес персоналдар – өндіріс үдерісіне тікелей қатыспайтын, бірақ кәсіпорынға тиесілі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдени, қоғамдық тамақтану, медицина және басқа да бөлім жұмысшылары.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенетін сандық, сапалық және құрылымдық сипаттамаларға ие.

Еңбек ресурстарының сандық сипаттамасы жұмысшылардың тізімдік саны, жұмысшылардың келу және орташа тізімдік саны сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.

Тізімдік саны – тұрақты, маусымдық немесе уақытша жұмысқа қабылданған және еңбекақы алатын жұмысшылар саны.

Келу (жұмыста болу) саны – жұмыста болған жұмысшылардың тізімдік саны.

Орташа тізімдік саны белгілі бір кезеңдегі тізімдік құрамдағы барлық жұмысшылардың нақты жасаған жұмыс күнінің санын кезеңдегі күндер санына бөлу арқылы анықталады.

Еңбек ресурстарының сапалық сипаттамасы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін жұмысшылардың кәсіби-біліктілік жарамдылық деңгейімен анықталады.

Кәсіпорынның барлық персоналы атқаратын жұмысының күрделілігі мен сипатына қарай мамандығы мен біліктілігі бойынша топтарға бөлінеді. Мұндай санаттар бойынша еңбек ресурстарының бөлінуі персоналдың жалпы санындағы сәйкесінше топ жұмысшыларының үлес салмағының қатынасын көрсетеді. Жұмысшылардың кәсіби-біліктілік деңгейі көбінесе олардың жасына, еңбек өтіліне және білім деңгейіне байланысты болады. Сондықтан еңбек ресурстарының осы көрсеткіштер бойынша құрылымы, сондай-ақ еңбек ресурстарының құрылымындағы өзгерістер зерттеледі.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмысшылардың (санаты, мамандығы және біліктілігі бойынша) нақты санын жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықталады. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау барысында барлық біліктілік топтары бойынша жұмысшылардың нақты саны өткен кезеңмен және есепті кезеңдегі жоспарлы санымен салыстырылады.

Кәсіпорын, учаске және цех бойынша атқаратын жұмысының күрделілігіне қарай жұмысшылардың біліктіліктерінің сәйкестігін бағалау үшін жұмысшылардың төмендегі орташа салыстырмалы арифметикалық формуламен анықталатын орташа тарифтік разрядтарын салыстырады:

(4.1)

(4.2)

мұндағы, – орташа тарифтік разряд;

– жұмысшылардың жалпы саны;

і-ші разрядтағы жұмысшылар саны;

– жұмыстың і-ші түрінің көлемі;

– жұмыстың жалпы көлемі.

Егер жұмысшының орташа тарифтік разряды жоспардан және жұмыстың орташа тарифтік разрядынан төмен болса, онда ол шығарылатын өнімнің сапасының төмендеуіне әкеледі және жұмысшының біліктілігін көтеруді талап етеді. Ал жұмысшылардың орташа разряды жұмыстың орташа тарифтік разрядынан жоғары болса, онда олардың еңбегіне қосымша ақы төлеу қажет болады.

Басқару персоналының біліктілігін талдауда әрбір жұмысшының лауазымына қарай білім деңгейінің сәйкестігі тексеріліп, кадрларды іріктеу, атап айтсақ оларды дайындау және біліктілігін көтеру мәселелері қарастырылады.