
- •1.Мойын, кеуде, омыртқаларының құрылысы.
- •3.Қабырғалар мен төстің құрылысы.
- •4.Иық белдеу сүйектері.
- •5.Қолдың еркін бөлімінің сүйектері.
- •6. Аяқ сүйектерінің құрылысы
- •7.Жамбас сүйектерінің байланыстыры
- •8.Маңдай,төбе,шүйде және торлы сүйектерінің құрылысы.
- •9. Сына тәрізді сүйектің құрылысы.
- •10.Самай сүйегінің құрылысы, өзектері.
- •11.Көз ұясы: құрылысы, байланыстары.
- •15.Сүйектер байланыстарының жіктелуі
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •16.Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •17. Омыртқа өзара байланыстары.
- •18. Омыртқа жотасының бас сүйекпен байланыстары
- •17,19. Бас қаңқасы сүйектерінің байланыстары. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •20. Тұлға сүйектернің байланыстары. Кеуде торы.
17,19. Бас қаңқасы сүйектерінің байланыстары. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
Самай – төменгі жақ буынының меншікті латеральды байламы, арқылы бір бірімен мықталған. Ол самай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің негізінен төмен және артқа қарай бағытталып төменгі жақ сүйегінде айдаршығының төменгі бөлігіне барып бекіді. Бұл байлам самай – төменгі жақ буынын сыртқы қабырғасын ықшамдап артқа және латеральды бағытта қозғалысты тежейді. Бұл буын қосымша шандыр мен мықталған. Шандырдың көлемі қалыңдау келген. Бұл шартты түрде байламдар деп аталады.
1. біз төменгі – жақ байламы, lig.stylomandibulare, ол самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып төменгі жақ сүйегінің бұрышының ішкі қапталына бекіді.
2. сына – төменгі жақ байламы, lig.sphenomandibularis, ол сына сүйектің қылқанынан басталып төменгі жақ сүйегі өзекшесінің кіреберіс жеріне барып бекіді.
3. қанат тәрізді – төменгі жақ байламы, lig.pterygomandibulare, ол өте нәзік қысқа келген талшықты дәнекер тканнан құралған. Бұл байлам сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегінен басталып төменгі жақ сүйегінің тілшігіне бекіді.
Ерекшеліктері:
1. Бұл буынның басқа буындардан айырмашылығы буын беттері дәнекер тканды шеміршекпен көмкерілген.
2. буын беттерінің сәйкессіздігіне байланысты екі беті ойыстау болады, арасында буындық дискі орналасады ол жақты төменгі және жоғарғы этажға бөліп тұрады. Дисктің қалындығы жиектерінде 3-4мм орталығында 1-2мм
Оң жақ және сол жақ самай – төменгі жақ буыны бір сәтте қозғалуына байланысты құрама буынға және буын бетінің ерекшелігіне шығыр тәрізді буынға жатады. Бұл буындағы қозғалыс 3 кезеңнен тұрады.
1 – кезеңде көлденең білікті бойымен төмен түседі, жоғары көтеріледі. Бұл кезде буын ойысы дискімен бірлесіп буын ойысын құрап қозғалыс төменгі этажда болады.
Қозғалыстың екінші кезеңінде алға немесе артқа қарай қозғалған кезде буын басы дискімен бірлесіп буын төмпешігіне жылжып қозғалыс қозғалыс жоғарғы этажда өтеді
Қозғалыстың үшінші кезеңінде бір жақты оңға немесе солға бұрылғанда, қарсы жағындағы буын басы дискімен бірге буын төмпешігіне қарай жылжып өтсе өз жағындағы буынның буын басы буын ойысынан шықпай вертикальды білік бойынша айналма бағытта қозғалады.
20. Тұлға сүйектернің байланыстары. Кеуде торы.
Нағыз 7 қабырғаның шеміршекті бөліктері симфиздер немесе көбінесе жалпақ буындар,articulationes sternocostales арқылы төстікпе қосылады. 1 қабырғаның шеміршегі синхондроз түзе тікелей төстікпен бітісіп өседі. 6,7,8 кейде 5 қабырғалардың шеміршектерінің арасында art.interchondrales буындасулар болады. Қабырғалардың омыртқаламен қосылулары.
Artt.capitis costae қабырғалар бастарының буындасу беттері мен кеуде омыртқаларының құралған.
Artt. Costotransversariae қабырғалардың төмпешіктері мен көлденең өсінділердің қабырғалық шұғқыршақтары арасында үзіледі. Қабырғалар омыртқалармен және төстікпен қосылулардың барлық түрі арқ қосылады. Бұл жерде синдесмоздар мен синхондроздар түріндегі синартороздар симфиздер және диартроздар кездеседі.