
- •1.Мойын, кеуде, омыртқаларының құрылысы.
- •3.Қабырғалар мен төстің құрылысы.
- •4.Иық белдеу сүйектері.
- •5.Қолдың еркін бөлімінің сүйектері.
- •6. Аяқ сүйектерінің құрылысы
- •7.Жамбас сүйектерінің байланыстыры
- •8.Маңдай,төбе,шүйде және торлы сүйектерінің құрылысы.
- •9. Сына тәрізді сүйектің құрылысы.
- •10.Самай сүйегінің құрылысы, өзектері.
- •11.Көз ұясы: құрылысы, байланыстары.
- •15.Сүйектер байланыстарының жіктелуі
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •16.Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •17. Омыртқа өзара байланыстары.
- •18. Омыртқа жотасының бас сүйекпен байланыстары
- •17,19. Бас қаңқасы сүйектерінің байланыстары. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •20. Тұлға сүйектернің байланыстары. Кеуде торы.
9. Сына тәрізді сүйектің құрылысы.
sphenoidaleбас сүйектің негізінде орналасқаны үшін немесе ми сауыты сүйектерінің өзара бір – бірімен түйіскен жерінде орналасқаны үшін сына тәрізді сүйек деп атайды. Сыртқы пішіні жарғанаққа ұқсайды. 4 бөліктен тұрады, денесінен үлкен кіші қанатынан және қанат тәрізді өсіндісінен тұрады.
Денеснің жоғарғы бетінде түрік ертоқы бар. Дененің кеңсіріктік артқы қабырғасының бетінде қырқа, төменгі жағынды өре сүйектің қанаттырының арасына еніп тұрады.
Кіші қанаттарының арасында көру өзектері жатады. Кіші және үлкен қантатарының арасында жоғарғы көз саңылауы орн.Fissura orbitalis superior.
Қанат тәрізді өсінділер processus pterygoidei үлкен қанаттардың сына тәрізді сүйектің денесінің қосылған жерінен тік төмен қарай шығады. Әрбір өсінді табақшадан Lamina medialis lamina lateralisтұрады.
10.Самай сүйегінің құрылысы, өзектері.
Самай сүйегі, temporaleми саутының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Құрылысы күрделі жұп сүйек. Құрылысының күрделі болуының себебі, терең қабатында есту тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның бет ми нервінің және дабыл жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқан. Самай суйегі қабыршақтық дабыл және тастақты немесе пирамида тәрізді бөліктерге бөлінеді.
Қабыршақты бөлік pars squamosal бас сүйектің бүйір беттерін түзуге қатысады.Оның ми бетіне мидың іздері саусақтық бытыңқылар, жоғары қарай кететін жүлге байқалады. Сырқы беті тегіс.
Дабыл бөлігі pars tympanica сыртқы дыбыс жолының алдыңғы, төменгі және артқы жиегінің бір бөлігін түзеді. Тек қатты, иілген табақша тәрізді. Сыртқы дыбыс жолы ішке және біршама алға қарай бағытталған және дабыл қуысына апаратын қысқа өзек болып табылады.
Тасты бөлік pars petrosa өзінің сүйек затының беріктігіне қарай аталған. Шеміршектен дамиды. Берік болуы сүйектің бас сүйегінің негізін құрауға қатысады.
11.Көз ұясы: құрылысы, байланыстары.
Көз шарасы сыртқы пирамидаға ұқсап бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып саналады. Көз шарасының кіреберіс тесігі мен көру нерві өзекшесінің тесігіне бағытталған ұшы ажыратылады. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жиек жоғарыда көз шарасының жоғарғы жиегі арқылы төменде көз шарасының төменгі жиегі арқылы шектелген.
12.Қанат-таңдай шұңқыры.
Қанат таңдай шұңқыры – ол самай астылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Сол себебті қанат – таңдай шұңқыры деп аталады. Бұл шұңқырда үш қабырға болады. Алдынғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің бұдырынан, артқы қабырғасы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Қанат – таңдай шұңқырының өзара қатынастары.
1. Ауыз қуысы мен – таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасының үлкен өзекшесі арқылы
2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы арқылы
3. Мұрын қуысымен – сына таңдайлық тесік арқылы
4. Ми саутының ортанғы шұңқырымен дөнгелек тесік арқылы
5. Қанатты өсіндісінің өзекшесі – арқылы ми саутының сыртқы негізімен байланысады.
13. Мұрын қуысы бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан
Құрылысы мен қызметі күрделі қүыстық. Мұрын қуысының қабырғалары сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігі алмұрт тәрізді тесік деп аталады. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін хоан деп аталады. Сонымен қатар мұрын қуысының жоғарғы төменгі бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады.
14. Бас сүйектің ішкі негізінің топографиясы, маңызы.12 жұп ми нерві Бас сүйектің негізінің ішкі беті ойыстау және бұдырлау болып келген. Ми саутының бұл беті мидың төменгі беті мен тікелей беттесіп орналасқан, ол ми саутының алдынғы, ортанғы және артқы ойысына бөлінеді.
Ми саутының алдынғы ойысы – ол ми сауты ойысының ішіндегі таяздау келген ойыс. Бұл ойыс ми саутының ортанғы ойысынан сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен турк ершігінің төмпешігі арқылы шектелген. Қабырғалары: маңдай сүйектің көз бөлігінің ми саутына қараған бетімен сына сүйектің кіші қанаты және тор сүйектің тесіктелген табақшасынан тұрады.
Ми саутының ортанғы ойысы – ми саутының басқа ойыстарына қарағанда бүйір қапталы тереңдеу болып келген. Бұл ойыс ми саутының артқы ойысынан самай сүйектің тас бөлігінің жоғарғы қырымен түрік ерінің арқасы арқылы шектелген. Қабырғасы: сына сүйектің денесі мен үлкен қанатының ми саутына қараған беті және самай сүйектің тастақ бөлігі мен бұл сүйектің қабықшалы бөлігінің ми саутына қараған бетінен құралған. Бұл ойыстың алдында түрік ерінің төмпешігі артында түрік ерінің арқасы аралығында гипофиз безінің ойысы орналасқан. Ми саутының ортанғы ойысы көз шарасы сына сүйектің үлкен қанаты мен кіші қанатының аралығында көз шарасының жоғарғы сағылауы арқылы жалғасады. Бұл саңылау арқылы: ІІІ – жұп көз қимыл ми нерві ІV – шығыр ми нерві VІ – жұп әкеткіш ми нерві V – жұп үшкіл нервтің көздік нервісі көз шарасына қарай бағытталады.
Ми саутының артқы ойысының – алдынғы шекарасы: самай сүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің арқасы мен шектеледі. Артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауының саласымен және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы арқылы шектеледі. Ми саутының ортанғы ойысының қабырғалары: шүйде сүйегінің тас бөлігінің артқы бетінен тұрады. Бұл ойыстың орталық бөлігінде: шүйде сүйегінің улкен тесігі алдында ылдыйы бүйір қапталында ми саутынан сыртқа қарай бағытталған. 9-жұп тіл жұтқыншақ ми нерві 10- жұп кезбе ми нерві 11 – қосымша нерві және ішкі мойындырық вена қан тамыры өтетін мойындырықтық тесігі орналасқан.