
- •1.Мойын, кеуде, омыртқаларының құрылысы.
- •3.Қабырғалар мен төстің құрылысы.
- •4.Иық белдеу сүйектері.
- •5.Қолдың еркін бөлімінің сүйектері.
- •6. Аяқ сүйектерінің құрылысы
- •7.Жамбас сүйектерінің байланыстыры
- •8.Маңдай,төбе,шүйде және торлы сүйектерінің құрылысы.
- •9. Сына тәрізді сүйектің құрылысы.
- •10.Самай сүйегінің құрылысы, өзектері.
- •11.Көз ұясы: құрылысы, байланыстары.
- •15.Сүйектер байланыстарының жіктелуі
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •16.Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •17. Омыртқа өзара байланыстары.
- •18. Омыртқа жотасының бас сүйекпен байланыстары
- •17,19. Бас қаңқасы сүйектерінің байланыстары. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •20. Тұлға сүйектернің байланыстары. Кеуде торы.
7.Жамбас сүйектерінің байланыстыры
Екі жақтың жамбас сүйегі алдында бір бірімен шат сүйегінің қасағасы, арқылы артқы қапталында сегізкөз сүйегімен сегізкөз – жамбас буыны арқылы буындасып жамбас қуысын құрайды. Жамбас сүйегінің жамбас белдеу сүйектеріне жатқызылуы сол себепті. Жамбас сүйегі жұп жалпақ сүйектерге жатады. Жамбас сүйегі 16-17 жасқа дейін дербес 3 сүйектен дамып кейін кейінгі даму кезінде шеміршектік ткан арқылы сосын сүйектік ткан арқылы байланысқан 3 сүйектен шат, мықын, шонданай сүйектен құралған сүйектер 16-17 жаста шеміршектік одан кейін сүйектер өзара сүйектік ткан арқылы бірігіп жамбас сүйегін құрайды.
Мықын сүйегі ilium ең ірі және жалпақ сүйек. Мықын сүйегінің денесі жамбас ойысының жоғарғы қабыр ғасын құрауға қатысады. Денесінің ішкі қапталында доға тәрізді жоғары және артқа қарай иіліп орналасқан доға тәрізді сызықшасы орналасады. Жоғары бөлігі өрлеме бағытта өтіп мықын сүйегінің қанатына ұласады.
Шонданай сүйегі – ischii жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топаграфиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап орналасқан бұтақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесінің артқы бетінде қылқаны шонданай сүйегінің үлкен тілігі төменрек кіші тілігі орналасқан.ishiadica
Шат сүйегі pubis топаграфиялық орналасуына қарай денесінен жоғарғы және төменгі бұтағынан тұрады. Денесі жамбас ойығының алдынғы қабыр ғасын құрау мен шат сүйегінің жоғар ғы бұтағына ұласады.ramis osis pubis
Жоғарғы бұтағының жоғарғы бетінде шаттық қырқа байқалады. Бұл қырқаның төменгі жиегі сүйірленіп жапқыш тесіктің қабырғасын құрауға қатысумен қатар жапқыш тесіктің қырқасын құрайды.
8.Маңдай,төбе,шүйде және торлы сүйектерінің құрылысы.
Маңдай сүйегі,frontale ол бас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектерге жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөлікке бөлінеді, қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.
Төбе сүйек, parietale ол бас сүйек қақпағының жоғары бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Сыртқы пішіні жалпақ төрт бұрышты келген. Екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
Шүйде сүйегі – occipitale ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген. Тақ сүйекке жатады. Шүйде сүйегінің артқы төменгі жағында ми саутын омыртқа өзекшесі мен жалғастыратын шүйделік үлкен тесік бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі орналасқан.
Шүйде сүйегі 4 бөлікті болады.
Тор сүйек ethmoidaleбұл сүйектің жартысынан астам бөлігі мұрын қуысының маңында орналасса қалған бөлігі ми саутының негізін құрауға қатысады. Тор сүйектің пішіні текше тәрізді терең қабаты қуысталып бір – бірімен күрделі өзара байланысқан ауалы қуыстардан тұрады. Терең қабаты бір – бірімен перпендикуляр бағытта қиылысып орналасқан горизонтальды және перпендикулярлық табақшадан және өту жолы күрделі бір – бірімен өзара жалғасқан лабринттен тұрады.