
- •Экзаменационный билет №__1__
- •Экзаменационный билет №__2__
- •Экзаменационный билет №__3__
- •Экзаменационный билет №__4__
- •Экзаменационный билет №__5__
- •Экзаменационный билет №__6__
- •Экзаменационный билет №__7__
- •Экзаменационный билет №__8__
- •Экзаменационный билет №__9__
- •3. Контрольные карты. Бақылау карталары .
- •Экзаменационный билет №__10__
Экзаменационный билет №__9__
1. Эстетические показатели продукции. Өнімнің эстетикалық көрсеткіштері
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің әртүрлілігін сипаттайды, яғни айқындық, әуендестік, бүтіндік, қоршаған ортаға лайықтылығы, стилі және т.б. Эстетикалық көрсеткішті жалпы қарағанда әлеуметтік сипаттамаға жатқызуға болады.
Эстетикалық көрстекіштерді келесі топшаларға бөлуге болады:
- рационалды пішінінің көрсеткіші;
- ақпараттық айқындық көрсеткіші;
- құрылымның бүтіндік көрсеткіші;
- өндірістік орындау жетілдігінің көрсеткіші.
Рационалды пішінінің көрсеткіші функционалды-құрылымдық және мақсаттылық көрсеткіштерін көрсетеді. Мақсаттылық көрсеткіші адамның бұйыммен жұмыс істеу ерекшелігін анықтайды, яғни қолданыстағы ыңғайлылығы. Функционалд-құрылымдық көрсеткіші бұйымды жасау технологиясында құрылымдық шешімдердің, қолданылатын материалдардың ерекшеліктерін көрсетеді.
Ақпараттық айқындық бұйымның пішінімен сипатталып, келесі жекелік көрсеткіштермен сипатталады:
- түпнұсқалық;
- таңбалылық;
- сәнге жарасымды;
- стилге жарасымды.
Құрылымның бүтіндік көрсеткіші келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- көлемдің-кеңістік құрылысының ұйымдастырушылығы;
- ырғақтылық;
- тектоникалық;
- түсті колорит.
Өндірістік орындау жетілдігінің көрсеткіші келесі көрсеткіштермен сипатталады: бұйымның жеке бөліктерін жасаудағы тазалығы; бетті өңдеу жұмыстарына ұқыптылық; фирмалық таңбаларды орындауда нақтылық, және т.б.
2. Планирование внедрения системы управления качеством продукции на предприятии. Өнім сапасын басқару жүйесін мекемеге енгізуді жоспарлау
Өндірісте өнімнің сапасын жоғарылату мақсатында сапаны басқару жүйесін жоспарлап енгізу ерекше орын алады. Басты жоспарлы құжаттамаға сапаны басқару жүйесін жасау және енгізуге техникалық тапсырмалар, сонымен қатар техникалық және жұмыс жобалық жүйесі болып табылады.
Техникалық тапсырма келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өндірісте өнімге сапаны басқару жүйесін жасау және енгізудің мақсаты.
2. Өнеркәсіптің жалпы сипаттамасы.
3. Сапаны басқару жүйесін құрастыру принциптері.
4. Жасау барысындағы жүйеге өнеркәсіптің стандарттары.
5. Ұйымдастырушылық-техникалық шаралар.
6. Сапаны басқару жүйесін жасауға талап қойылатын басты нормативті және методологиялық көздер.
7. Жұмыстарды орындаудың уақыты және жұмыс этаптары.
Бірінші бөлімде сапаны басқару жүйесін құру мақсаты келесі тапсырмалармен көрініс табады:
- жаңа бәсекеге лайық өнімді игеру;
- сертификатталған өнімнің өндірісін кеңейту;
- өнім сапасының жеке көрсеткіштерін (беріктік, экономикалық, қауіпсіздік) жоғарылату;
- ішкі нарықта өнімнің бәсекелестігін жоғарылату;
- ескірген және бәсекеге лайықты емес өнімді өндірістен, есептен шығару;
- өнеркәсіп қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту
Екінші бөлімде өнеркәсіп орындайтын жұмыс түрі, қызмет көрстеу түрі, жасайтын бұйым туралы қысқаша мәлімет келтіріледі.
Үшінші бөлімде сапаны басқару функциясының тізімін қарастырады, әр функция атқаратын нақты міндеттемелерді келтіреді.
Төртінші бөлім сапаны басқару жүйесінің жобасына кіретін өнеркәсіптің стандарттар тізімін сақтайды. Әр стандартқа басталу уақыты мен аяқтау уақытын және оған жауапты орындаушыны бекітеді.
Бесінші бөлім өнеркәсіптің ұйымдастыру-техникалық деңгейін көтеру шараларын көрсетеді.
Алтыншы бөлімде сапаны басқару жүйесін жасауда міндетті түрде қолданатын толық нормативті-методикалық құжаттар болу керек.
Соңғы жетінші бөлімде сапаны басқару жүйесінің толық жұмыс этаптары қамтылып, көрсетілу керек. Әр жұмыс этапының орындау уақыты көрсетіледі. Жеке этаптарды орындайтын басқа да ұйымдар тізілу керек.