
- •Экзаменационный билет №__1__
- •Экзаменационный билет №__2__
- •Экзаменационный билет №__3__
- •Экзаменационный билет №__4__
- •Экзаменационный билет №__5__
- •Экзаменационный билет №__6__
- •Экзаменационный билет №__7__
- •Экзаменационный билет №__8__
- •Экзаменационный билет №__9__
- •3. Контрольные карты. Бақылау карталары .
- •Экзаменационный билет №__10__
Экзаменационный билет №__8__
1. Эргономические показатели продукции. Өнімнің эргономикалық көрсеткіштері
Сапаның эргономикалық көрсеткіштері түрлі өнімнің эргономикалық талаптарына сәйкес қолданылады. Талаптарға өнімнің өлшеміне, пішініне, функционалды сипаттамасына және т.б. қойылады. Эргономикалық көрсеткіштер жұмыс істеуші адамға және бұйымға барлық әсер ететін факторлар көрсеткіштердің жиынтығын қамтиды.
Бұйымның эргономикалық көрсеткіштерге сәйкестігін арнайы жобаланған баллдық баға шкаласында сарапшы-эргономисттің көмегімен анықталады.
Эргономикалық көрсеткіштер келесідей топтастырылады:
- гигиеналық;
- антропометрикалық;
- физиологиялық және психофизиологиялық;
- психологиялық.
Гигиеналық көрсеткіштер өнімнің санитарлы-гигиеналық ұсыныстар пен нормаларға сәйкес сипатталады. Гигиеналық көрсеткіштер құрамына келесі дәрежелер деңгейлер:
- температура;
- қысым;
- ылғалдылық;
- шаң-тозаңдық;
- жарықтандыру;
- сәулелендіру;
- магниттік және электр өрісінің кернеулігі;
- діріл;
- шу және т.б.
Антропометрлік бұйымның адам пішініне сәйкес сипатталуы. Құрамына келесі көрсеткіштер кіреді:
- адам денесінің өлшемі;
- адам денесінің пішіні;
- адам салмағының үйлестірілуі.
Физиологиялық және психофизиологиялық бұйым құрылымы адамның сезу мүшесіне немесе басқа физиологиялық элементтерінің қасиетіне сәйкес сипатталады. Физиологиялық көрсеткішке келесі көрсеткіштер жатады:
- күші;
- жылдамдығы;
- энергетикалығы.
Психофизиологиялық көрсеткіштердің қатарына келесі көрстекіштер жатады:
- көру;
- есту;
- сезу;
- дәм сезу;
- иіс сезу.
Психологиялық көрстекіштер бұйым адамның ерекшеліктеріне және психологиялық қабілеттеріне сәйкес сипатталады. Оған келесі критерийлерді жатқызуға болады:
- адамның икемі қалыптасқан немесе қалыптасу барысында;
- адамның ақпаратты өңдеу және қабылдау мүмкіншілігі.
Қазіргі таңда бұйымның құрылымы күрделі болған сайын, эргономикалық көрсеткіштерге көп көңіл болуде.
2. Планирование качества продукции с использованием коэффициентов сортности. Сұрыптау коэффициенттерін қолданып өнім сапасын жоспарлау
Салалық
өндірістердегі (химиялық, жеңіл, тамақ
өнірістерде) өнеркәсіптер өнімнің
сапасын сұрыптылық коэффициентімен
сипаттайды. Егер шығарылған өнім
номенклатурасы түрлі болғса, онда
сұрыптылық коэффициенті өнімнің әр
түріне жеке анықталады.
Сұрыптылық коэффициентін анализдеуде және жоспарлауда барлық шығарылған өнім құнының берілген өнім түрінің шартты бағасының көлеміне қатынасында бірінші сұрыпта есептейді.
мұнда
—өнеркәсіпке
бекітілген, берілген өнім сұрыптарының
саны;
—берілген
уақыт ішінде, берілген өнімді өнеркәсіпте
нақты мөлшерде i-ші
сұрыптың шығару көлемі;
—берілген
өнім түрінің i-ші
сұрыптың бірлік құны, теңге;
—
берілген өнім түрінің бірінші сұрыптың
бірлік құны, теңге
3. Диаграмма Парето. Парето диаграммасы
Өнеркәсіптің күнделікті өмірінде болатын өндірістік ақаулар, несиелік соммалардың айналым қиыншылықтары, жаңа тапсырыс қабылдаудың игерілуі сияқты түрлі мәселелер туындайды. Бұл мәселелердің шешімін іздеу оның жеке факторлары бойынша классификацияларынан бастайды. Көп шығын кететін факторларға Парето диаграммасы құрылады, сосын оның анализдерін жүргізеді.
Парето диаграммасы қолданғанда анализ жүргізіліп жатқан құраушылар үш топқа біріктіріледі: А,В,С.
Бірінші топқа үш факторды біріктіреді. Олар маңыздылығының мөлшері басқаларға қарағанда үлкенірек болады және оларды кему бағытында орналастырады.
Екінші топқа келесі 3 факторды кіргізеді. Әр қайсысы кему бағытында В тобына жатқызылады.
Үшінші топқа қалған факторларды енгізеді, яғни құрамдаушыларға бөлінбеген факторларды «басқа факторлар» тобына жатқызады.
Егер құндық талдау жүргізсек, онда А тобына 70-80% шығын кетеді, ал С тобына 5-10%. Аралық В тобында жұмыс барысында болатын ақауларды ескеретін 10-25% шығын болады.