
- •Экзаменационный билет №__1__
- •Экзаменационный билет №__2__
- •Экзаменационный билет №__3__
- •Экзаменационный билет №__4__
- •Экзаменационный билет №__5__
- •Экзаменационный билет №__6__
- •Экзаменационный билет №__7__
- •Экзаменационный билет №__8__
- •Экзаменационный билет №__9__
- •3. Контрольные карты. Бақылау карталары .
- •Экзаменационный билет №__10__
Экзаменационный билет №__4__
1. Показатели надежности продукции. Өнімнің сенімділік көрсеткіштері
Беріктік (өнімге) деп уақыт бірлігінде эксплуатациялық көрсеткіштерін сақтай отырып, өзінің берілген функциясын орындау қасиетін (сипатын) айтады.
Беріктік көрсеткіштің басты көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- мүлткісіздік (безотказность);
- ұзаққа шыдамдылық (долговечность);
- жөндеуге жарамдылық (ремонтопригодность);
- сақталатындық (сохраняемость).
Мүлтіксіздік—бұйымның (машина, агрегат және т.б.) экспулатациялық көрсеткіші берілген аумақта қажетті уақыт аралығында немесе қажетті жұмыс өніміндегі сипатын айтады.
Мүлтіксіздіктің көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- мүлтіксіз жұмыс істеудің ықтималдығы;
- бірінші тоқтауға дейінгі орташа жұмыс көлемі;
- тоқтаудың қарқындылығы;
- жұмыс жасауға сенімділік.
Ұзаққа шыдамдылық—алғашқы күрделі жөндеуге, жаңартуға және есептен шығаруға дейінгі физикалық және моралдық тозуды ескергендегі жұмыс істеу мерзімін сипаттайды.
Ұзаққа шыдамдылық көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- қор (ресурс);
- орташа жұмыс істеу мерзімі;
- алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс істеу мерзімі;
- жөндеуаралық жұмыс істеу мерзімі;
- есептен шығаруға дейінгі мерзімі;
- алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс қоры (ресурс)
Жөндеуге жарамдылық—ақаулықтарге, ескертулерге, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге бейімділігін айтады.
Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- берілген уақыт ішінде қалпына келтіру ықтималдығы;
- қалпына келтірудің орташа уақыты;
- техникалық қызмет көрсетудің меншікті және орташа еңбек сиымдылығы;
- жөндеудің орташа еңбексиымдылығы;
- техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің салыстырмалы және орташа құнының көрсеткіші.
Сақталатындық—техникалық құжаттамада көрсетілген, берілген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау, тасымалдау мерзімінде және мерзімнен кейінгі уақыт аралығындағы өнімнің сақталуының сипатын айтады.
Сақталатындық көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- сақталатындық мерзімі;
- орташа сақталатындық мерзімі.
2. Показатели транспортабельности продукции. Өнімнің тасымалдау көрсеткіштері
Тасымалдылық көрсеткіші—өнімнің тасымалдауға икемділігін айтады.
Тасымалдылық көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- өнімді тасымалдауға дайындаудың орташа уақыты;
- өнімді тасымалдауға жұмсалатын орташа еңбексиымдылығы;
- тасымалдаудың анықталған түріне өнімді орнықтырудың орташа уақыты;
- тасымалдауда өнімнің орын алуының коэффициенті;
- тасымалдаудың анықталған түрінен өнімді түсірудің орташа уақыты
Тасымалдауға жіберер алдында буып-тию, герметизация, тиеу, амортизация, орнытқтыру, бекіту және т.б. жұмыстары жүргізіледі.
Тасымалдылықты бағалау үшін, келесі тасымалдау процесін сипаттайтын бастапқы деректер қажет: масса және бірлік өнімнің көлемі, физикалық-механикалық сипаттамасының көрсеткіштері, бұйымның габаритті өлшемдері, өнімнің сақталатындық көрсеткіші, тасымалдағыштың шекті жүру жылдамдығы, шамадан инерциялық жүк тиеу және т.б. жатады.
3. Причинно- следственная диаграмма Исиковы. Исикаваның себеп - салдары
1953 ж. Токио университетінің профессоры Каору Исикава бір зауыттың сапасын талқылай отырып, бірнеше инженерлердің ой-пікірлерін бір диаграммаға қосып, нәтижесі мен жайын алған. Бұл «Исикава схемасы» деп аталып кетті. Жапон әдебиеттерінде бұл диаграмманы формасының пішініне сәйкес «балықтық сүйегі» немесе «балықтың қаңқасы» деп атап кеткен.
Әдістің тағайындалуы: Өнімді үздіксіз жетілдіруде және жобалауда қолданылады. Исикава диаграммасы—мәселенің пайда болуының нақты дәлелін анықтауға жүйелік тәсілді қамтамасыз ететін құрал.
Әдістің мақсаты (нысаны): зерттеп білу, суреттеу (анықтау), қарастырылған мәселені тиімді шешуге нақты ізденістердің технологиясымен қаматамсыз ету.
Әдістің мәні: себеп-тергеу диаграммасы—пайда болған мәселені шешудің бір жолы, кілті. Диаграмманың көмегімен потенциалды мәселелерді қарапайым және қол жетімділік түрде жүйелеп, ең маңыздылығын ерекшелейді.
Іс-әрекеттің жоспары: Парето принципі бойынша, көптеген потенциалды мәселелердің ішінде олардың тек 2-3уі ғана ерекше маңызды болады. Сол маңызды мәселелерді ізденуге ұйымдастырылады. Ол үшін келесі шаралар жүргізіледі:
- зерттеліп жатқан мәселеге әсерін тигізіп жатқан себептерді жинақтау және жүйелеу;
- себептерді мағынасы бойынша, себеп-тергеу блогы бойынша топтастыру;
- әр блокта оларды саралау;
- алынған көріністі анализдеу.
Себеп-тергеу диаграммасы (балық қаңқасы)