
- •Экзаменационный билет №__1__
- •Экзаменационный билет №__2__
- •Экзаменационный билет №__3__
- •Экзаменационный билет №__4__
- •Экзаменационный билет №__5__
- •Экзаменационный билет №__6__
- •Экзаменационный билет №__7__
- •Экзаменационный билет №__8__
- •Экзаменационный билет №__9__
- •3. Контрольные карты. Бақылау карталары .
- •Экзаменационный билет №__10__
Экзаменационный билет №__3__
1. Показатели назначения продукции. Өнімнің тағайындалу көрсеткіштері
Тағайындалу көрсеткіші деп өзінің басты функциясын қай бағытта және қай салада қолданатын өнім ерекшелігінің сипаттамасы.
Тағайындалу көрсеткіші келесі көрсеткіштерге ие:
- функционалды және техникалық тиімділікті (машинаның жұмыс өнімділігі, матаның беріктігі және т.б.)
- құрылымдылық (габаритті өлшемдері, құрастыру коэффициенті, өзара ауыстырымдылық коэф.)
- құрамы және құрылымы (бір заттың басқа затта проценттік мөлшері, қорытпаларда, ерітінділерде қоспалардың концентрациясы)
Тағайындалу көрсеткіші өнім сапасының техникалық көрсеткішінің тобындағы эксплуатациялық көрсеткішке (техникалық дәреженің көрсеткіші) жатады. Тағайындалу көрсеткіші бұйымның тағайындалуын, құрылымдылық орындалуын, сыртқы ортадағы әсерге орнықтылығын (механикалық, жылулық, климаттық және т.б.) сипаттайды.
Өнімнің тағайындалу көрсеткіші оның сапасын анықтайтын басқа да көрсеткіштермен тығыз байланысты. Олар: экономикалық, эргономикалық, эстетикалық, қауіпсіздік және т.б. көрсеткіштері.
Өнімнің тағайындалу көрсеткішінің номенклатурасын алуда келесілерді ескереді:
- өнімнің сапасын бағалау мақсаты (нысаны);
- өнімнің тағайындалуы;
- өнімді эксплуатациялау (пайдалану) шарасы
2. Экологические показатели продукции. Өнімнің экологиялық көрсеткіштері
Экологиялық көрсеткіштер—өндірісте пайда болатын немесе бұйымды эксплуатациялауда қоршаған ортаға кері әсерін тигізу дәрежесін анықтайтын көрсеткіш.
Экологиялық көрсеткіштерге:
- қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қоспалардың құрамы;
- сыртқы ортаға шығарылу мүмкіншілігі максималды концентрациясынан аспайтын зиянды бөлшектердің, газдар мен сәулеулердің дәрежесі.
Экологиялық көрсеткіш сапа көрсеткішінің ең басты көрсеткіштерінің бірі.
Өнімнің нақты экологиялық көрсеткіштерге:
1) машина қозғалтқышында жаңғыш қоспаның құрамында зиянды қоспаның мөлшері (элементтер, тотықтар, металдар және т.б.);
2) атмосфераға, суға, жерге (жер қыртысын қосқанда) сонымен қатар химилық, тау-кен өндіріс, металлургиялық, энергетикалық және басқа өндірістерге зиянды заттардың бөліну;
3) Атом электр станцияларында және басқа обьекттерде атом энергиясын зерттеуде, пайдалануда радиоактивтілік мөлшері;
4) машиналар және басқа тасымалдау түрлерінің діріл мен шудың, энергетикалық әсерінің дәрежесі.
3. Влияние на результаты экспертизы состава экспертов. Эксперттер құрамын сараптама нәтижесіне тигізетін әсері
Сараптама құрамын құру алдында тестілеу, сарапшылардың өзарабағалауы және ой-пікірлерінің бірыңғайлылығын тексеру жүргізіледі.
Тестілеу тест жүргізушінің қолдауымен жүргізіліп, белгісіз шешімнің мәнін Фишер гипотезасының критериі бойынша тексеріп, бір бағаға тиістілігін анықтайды.
Өзарабағалау сарапшылар белгілі бір уақыт ішінде арнайы құрылған анкетаға жауап беру арқылы жүргізіледі. Бұл сынақты компьютерде жүргізіп, «баллдық» баға алады. Сарапшылар бір-бірін бағалауға мүмкіншілігі бар, бірақ ол үшін қоршаған орта сенімді жағдайда болып, тәжірибе бірлескен болу қажет. Сарапшылардың ой-пікірінің келісушілігі конкордация коэффициентінің мөлшерімен анықтауға болады:
;
мұнда S—орта мәніне байланысты сараптау обьектісінің әр бір рангінің барлық ауытқулардың квадраттарының қосындысы;
n—сарапшыларды саны;
m—сараптау обьектілердің саны.
Конкординция коэффициенті 0<W<1 арасында өзгереді. Егер, 0-толық келіспеушілік; 1-толық келісушілік.