Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз отв квалим в маш.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82.14 Кб
Скачать

Экзаменационный билет №__1__

1. Понятие «Качество продукции». «Өнім сапасы» жайында түсінік

Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.

Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б.

2. Экономические показатели продукции. Өнімнің экономикалық көрсеткіштері

Экономикалық көрсеткіш өнімінің сапасын көрсетпей, тек оны жасауға кететін шығындармен сипатталады. Өнімнің параметрлерін жоғарылатуға жұмсалады. Сонымен қатар бұйымды эксплуатауиялауда экономикалық жағынан тиімділігін сипаттайды.

Экономикалық көрсеткішке: өнімнің өзіндік құны немесе жоғары сапаны қамтамасыз ететін машинаның жұмысына жұмсалатын құны, жұмысшылардың жалақысы тұтынатын электрэнергияның құны, аммортизацияға бөлетін қаржының соммасы және т.б. жатады.

Қарастырылған көрсеткіштер бойынша кез келген бұйымды барлық жағдайда экономикалық көрсеткішке баға беруге болады.

Бұйымды іске асыруға, қолдануға немесе пайдалануға және қалпына келтіруге (жөндеу) жиі қолданатын келесі көрсеткіштер өнімнің сапасын бағалауға жоспарлайды:

- өнімнің өзіндік құны;

- өнімнің бағасы;

- бір бұйымға жұмсалған шығындар;

- өнім сапасының салыстырмалы экономикалық көрсеткіші.

Экономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерге бөлінеді. Бірінші жағдайда олар өнімнің көлемі сияқты шаманы (құндық немесе заттық тұлғада) немесе пайдаланылатын ресурстың, мыс., жердің көлемін сипаттайды, екіншісінде еңбек өнімділігі (бір жұмыскерге шаққандағы өнім көлемі), пайдалылық (тиімділік) қордың бір өлшеміне шаққандағы пайда, өнім өлшемінің өзіндік құны сияқты шаманы сипаттайды. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен тәжірибесінде көрсеткіште (оны қарапайым көрсеткіш деп те атайды) мынадай құрылым: сандық мән (негіздеме) және оның көрсеткіштің бірегейлендіргіші деп аталатын мазмұндық белгілерінің жиыны анықталады. Деректерді бірегейлендіргіштермен өңдеу кезінде қисындық операциялар, негіздемелермен өңдеу кезінде арифметикалық операциялар жүргізіледі.

3. Методы измерения показателей качества. Сапа көрсеткіштерін өлшеу әдістері

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:

1. объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);

2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.