Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отын жагудын арнайы сурактары лекция(2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
12.69 Mб
Скачать

14 Дәріс – Органикалық отынды жағу әдістері – 1 сағат

Жоспар:

  1. Қабаттық жағу

  2. Төмен температуралы жағу

  3. Қайнаған қабатта жағу

  4. Бақылау сұрақтары

1. Қабаттық жағу

Қабаттық ошақта жағу сипаттамасы. Қабаттың ошақтар-кесектері 100 мм-ге дейін қатты органикалық отынды қылыңдығы 300 мм-ге дейін қабатта, торлы оттыққа жағуға арналған құрылғы. Торлы отыққа қажетті пропорцияда кесекті отын мен ауа беріледі. Отын торға, эәдітте үстінен, сирек – бүйірінен немесе астынан беріледі. Ал ауа әрқашан астынан арнайы тесіктер арқылы беріледі. Тесіктердің қимасы 5-15 пайыз және жоғары болады. Отынның негізгі, ал жанатын газдар – қабатта және ошақтың қабат үстіндегі кеңістігінде. Сөйтіп келесі теңдікті жазуға болады

(6.5.1)

мұнда - ошақта, қабатта және құтында бөлініп шыққан жылу мөлшері.

Қабаттық ошақты жану қарқындылығы екі көрсеткішпен сипатталады: жану бетінің көрінулі жылулық кернеуімен Q/R3, МВт/м2. Жану бетінің нағыз жалулық кернеуімен Q/Vт, МВт/м2. Жану бетінің нағыз жылулық кернеуі Q/Rзр, МВт/м2 көрінулі кернеуден кем болады, себебі қабатта бүкіл жылу бөлінбейді. Тор бетінің шектік өлшемдері және жану бетінің меншікті жылулық жүктемесі қалыпты жағдайда қабаттық ошақтың бу өнімділігін 14-21 кг/с (50-75 т/сағ) жоғары көтеруге мүмкіндік бермейді.

а) б)

а – қозғалымды қабатта, б – қозғалмайтын қабатта

1 – бункер, 2 – ауажүргіш, 3 – решетка қозғалтқышы, 4 – салу терезесі, 5 – колосниктер, 6 – оттықтың қабырғасы, 7 – тіреу балкалары.

Сурет 6.5.1 Қабатта жану процестерінің түрлері

Түсіндісіз тізбектегі торлар

Қабатты ошақта үш негізгі операция жасалады: отынды жүктеу, қабатты бақылау және қожшығару. Бұл процестерді автоматтандыру барысында жартылай механикалық, оларда оерацияның бірі (әдетте отынды жүктеу. Механикалық, ал қалғаны қолмен немесе жартылай механикалық іске асырылады, және механикалық, оларда үш операция қимасы берілген.

Шахталы ошақтар

Шахталы ошақтар Ресейде 19-шы ғасырда жоғары ылғалды шамтезекті жағу үшін жасалады.

а – торф жағу үшін, б – ағаш жағу үшін

1 – бункер, 2 – қақпақ жүкпен, 3 – шахта, 4 – свод, 5 – кірпіштен жасалған арашалар, 6 – шиберлер мен қалтқылар.

Сурет 6.5.2 – Шахталы ошақтар отынның жылжуымен

2. Төмен температуралы жағу

Шаңды шығудың кезкелген белсенді жану аймағында Vm=1500-17000C күлді жоғары температуралы өңдеу болады, яғни отынның минералды бөлігі сұйық күйге өтеді, ал температура төмендегенде пластикалық күйге. Бұл күйде ол ошақ қабырғасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл себептен минералды қалдықтар барлық ошақтан қатты күйде өтетін жағу тәсілі ыңғайлы болады.

Сондықтан 70-ші жылдары көмірді төмен температуралы жағу ошақтың салу және тексеру басталады. Осында белсенді жану аймағында максималды температура t2 (50-1000C)-ден аспайды. Осындай температураны алу және ұстау қиынға соғады. Бұл үшін төмен қыздыру, жоғары ауа артықшылығы және ошаққа түтіндік газдарды жіберу қажет (кцир=30%).

Жану аймағында экономайзер аймағынан 300-400 0С дейін суытылған түтіндік газдар жібереді. Олар жану температурасын қажетті деңгейге дейін төмендетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]