
Қорытынды тест в-7
1.Стомалгия бұл:
А. Тіл және ауыз қуысының шырышты қабық аймағының тұрақты дерлік ауру сезімі және парестезиясы
Б. Тіл және ауыз қуысының шырышты қабық аймағының сирек ауру сезімі және парестезиясы
В. Ауыз қуысының шырышты қабық аймағының тұрақты дерлік ауру сезімі және парестезиясы
Г. Тістердің тұрақты дерлік ауруы
Д. Тіл аймағының кезекті ауру сезімі және парестезиясы
2. Беттің бұлшықет-фасциальді аурулық дисфункциясының себебі болуы мүмкін:
А. Ревматизм
Б. Шайнау бұлшықеттеріне күштеме
В. Созылмалы синусит
Г. Мойын остеохондроз
Д. Полимиозит
3. Әдетте блефороспазмнан басталатын симметриялық тоникалық тырысуларға тән:
А. Беттік гемиспазм
Б. Оппенгейм хореясы
В. Беттік параспазм
Г. Жазбалы спазм
Д. Сиденгам хореясы
4. Беттік нервтің перифериялық салдануында байқалады:
А. Белл феномені
Б. Жан-жақты қылилық
В. Гиепракузия
Г. Тілдің артқы 1/3-де дәм сезудің жоғалуы
Д. Тілдің артқы 1/3-де гипогевзия
5. Дисфагия, дизартрия, дисфония, тілдің атрофиясы байқалады?
А. Бульбарлық салдану
Б. Псевдобульбарлық салдану
В. VII жұптың зақымдануы
Г. Тек XII жұптың зақымдануы
Д. Тек IX жұптың зақымдануы
6. Менингеальді синдром жиі байқалады?
А. Субарахноидальді қан құйылу
Б. Пневмония
В. Миокард инфаркты
Г. Мидың инфаркты
Д. Өкпенің инфаркты
7. Субарахноидальді қан құйылу үшін тән:
А. Түссіз ликвор
Б. «Ет жуындысына» түстес ликвор
В. Ликворда нейтрофильді плеоцитоз
Г. Ақуызды-жасушылық диссоциация
Д. Ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз
8. Ишемиялық инсультке патогенетикалық терапия тағайындаңыз:
А. Антибиотика
Б. Камфора
В. Клексан
Г. Викасол
Д. Дицинон
9. 25 жастағы науқас В.-да беттің сол жақ жартысында ұстама тәрізді ауру сезімі. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін, ұстаманың ұзықтығы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ үстіңгі ерін аймағынан басталады, ол шайнағанда, жуынғанда, қырынғанда қоздырылады. Ауру гиперемиямен, сол жақтық жас ағумен қатар өтеді. Клиникалық диагноз қойыңыз:
А. Варолиев көпірінің ісігі
Б. Сол жақ үшкіл нервінің ІІ тармағының невралогиясы
В. Қанат-таңдай түйінінің невралогиясы
Г. Бет нервісінің нейропатиясы
Д. Сол жақ үшкіл нервінің І тармағының невралогиясы
10. 65 жастағы науқас А.-да бас ми қантамырларының атеросклероз фонында сол жақ аяқ-қолында әлсіздік, мимикалық бұлшықеттердің және тілдің орталық парезі, сол жақтың гемигипестезиясы дамыды. Ликвор-түссіз, мөлдір, цитоз-5 лимфоцит. Берілген мәліметтер қай ауруға тән?
А. Энцефалит
Б. Субарахноидальді қан құйылу
В. Ишмениялық инсульт
Г. Жедел гипертониялық энцефалопатия
Д. Жедел жұлын инсульті